50 – бал Паренхимиялық дистрофия кезінде мүшеде болатын өзгерістер


Өлiмiнiң табиғи, зорлық-зомбылық және ауруға байланысты түрлерi. Клини-калық және биологиялық өлiм. Өлiмнен кейiнгi өзгерiстер, олардың морфоло-гиялық сипаттамасы



бет22/42
Дата03.10.2023
өлшемі167.86 Kb.
#479592
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
001-3

21.Өлiмiнiң табиғи, зорлық-зомбылық және ауруға байланысты түрлерi. Клини-калық және биологиялық өлiм. Өлiмнен кейiнгi өзгерiстер, олардың морфоло-гиялық сипаттамасы.


Табиғаттағы тірі жан-жануарлардыңбэрі де өз тіриіілігін өліммен аяктайды, яғни, мэйітке айналады. «Өмір сүру — өлу деген сөз» деп Ф. Энгельс бекерге айтпаған. Өлу заңдылыктарын, оның себептерін жэне өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды. Адам өлімін бүкіл организмнің өлімі деп карау керек. Бірак әр түрлі зерттеулер аркылы кейбір ағзалардың, тіндердің өз тіршілігін организм өлгеннен кейін де біраз уакытка дейін сактай алатындығы аныкталған. Осыған байланысты өлген адам ағзаларын, тіндерін трансплантация үшін пайдалану мүмкіншілігі туды. Казіргі кезде бүйректерді, жүректі өлген адамнан ауру адамға көшіріп отырғызу тәжірибеде кең жол алған. Кейінгі уакытта тек жеке ағзаларды ғана емес, ағзалар кешенін (мысалы, өкпе-жүрек, бауыр-үйкы безі) көшіріп отырғызу мүмкіншіліктері бар. Ағзаларды трансплантацияға дайындамастан бұрын кенеттен қайтыс болған адамның анык өлгендігіне көз жеткізу керек. Бұл жағдайда өлім жөніндегі корытындыны эдетте сот медицинасының сарапшылары береді. Бірак өлім белгілерін білу, өлім себептерін аныктау барлык дэрігерлер үшін, әсіресе, патологоанатомдар үшін аса кажет. Патологоанатом тек аурухана жағдайында кайтыс болтан наукасты ашып көріп, өзінін корытынды сөзін, өлімнің кайсы ауру салдарынан болғанын, онын пайда болу механизмдерін ашып береді. Өлу үдерісі өте күрделі болып, бірнеше сатылардан түрады. Оларға: жанталас алды күйі, жанталас (агония) жэне клиникальіқ өлім түсініктері кіреді. Өлімнің эрбір сатысының ұзактык мерзімі эр түрлі, мысалы, агония бірнеше минуттан бірнеше сағатка немесе тэулікке созылуы мүмкін. Клиникалык өлім әдетте 5—6 минуттан сон биологияіық өлімге өтеді. Бұл кезде орталык жүйке жүйесінде, кейінірек баска ағзаларда кайтымсыз өзгерістер дамиды. Осы кезден бастап кана организмді мэйіт деп атауға болады. Өлімнің себептеріне карай табиғи (физиологиялык), зорлык-зомбылык нәтижесінде жэне ауруға байланысты түрлерін ажыратады. Табиғи өлім адам әбден картайып, ағза кызметтерінің бірте-бірте элсіреп барып, токтауымен, сөнуімен байланысты. Ддам өмірінін ұзактығы ғалымдардың болжауы бойынша 160—180 жас, бірак көптеген себептерге байланысты бұл жаска осы күндері жекелеген адамдар ғана жетіп отыр. Зорлык-зомбылык нәтижесінде өлімді сот медицинасы зерттейді. Әр түрлі аурулар салдарынан өлу себептерін негізінен патологоанатомдар тексереді. Ауру аскынып кеткенде, мысалы, миға кан кұйылғанда, жүрек инфарктында, өкпе артериясының тромбоэмболиясында, колка жарылып кеткенде, адам кенеттен, кейде бірнеше минуттар ішінде де өліп кетуі мүмкін. Ал көптеген созылмалы аурулар нәтижесінде пайда болатын өлімді дәрігерлер клиника жағдайында бакылап, оларды өлімнен алып калу үшін реанимация (латынша reanimatio — кайта тірілту) шараларын кенінен колданады. Биологиялық өлімнен кейін біршама уакыттан сон өлімнің морфологиялык белгілері жэне өлімнен кейінгі өзгерістер дамиды. Бүл өзгерістерді анык білу жэне зерттеу, кейбір жағдайда кездесетін жалған өлімді аныктауда аса кажет. Сол үшін мэйітті клиникада кемінде екі сағат сактап, өлімнің алғашкы белгілері байкалғанда тана патологиялык анатомия бөлімдеріне көшіреді. Өлімнің алғашкы белгілеріне: • мэйіттін сууы; • мэйіттің сіресіп калуы; • мэйіттің кебуі; • канның кайта бөлінуі; • мэйіт дактары кіреді. Мәйіттің сууы өлгеннен сон организмдегі зат алмасу үдерісінің токтауына байланысты. Дене жылуы бірте-бірте азайып, айналадағы температурадан 0,5—1 °С төменірек дәрежеге дейін түседі. Орташа есеппен мэйіт температурасы сағатына 1 °С төмендейтіні аныкталған. Бірак кейбір ауруларда (сіреспе, сепсис, бөртпелі сүзек) мэйіт температурасы бірнеше сағатка дейін бұрынғыдан да жоғары болуы мүмкін. Мәиіттің сіресіп қалуы дене бұлшыкеттерінің катайып, тартылып калуына байланысты. Бүл өзгерістердің негізіндегі биохимиялык үдерістер жатады. Тірі организмдегі бұлшыкеттердің белгілі бір тонуста тұруы аденозинүшфосфат (АҮФ) кышкылының бүлшыкеттермен байланысты болуымен түсіндіріледі. Өлгеннен соң АҮФ-тын бір бөлігі бүлшыкеттерден бөлініп шығып, олардың 2-4 сағат бойында босап калуына себеп болады. АҮФ-тың бірте-бірте жойылуына байланысты жэне сол жерде сүт кышкылының, кальцийдін жиналып калуы себепті бұлшыкеттер кайтадан тартылып, сіресіп калады. Мэшттің сіресуі жак, бет, мойын бүлшыкеттерінен басталып, бүкіл денете тарайды, бір тәуліктен кейін барып олар кайтадан босай бастайды. Мэйіттің сіресуін жасанды түрде жою үшін біраз күш жүмсау керек. Мэйіттің сіресу күші көптеген себептерге байланысты. Дене жаттыктырумен шүғылданатын адамдарда, кейбір наукастарда (холера, сіреспе ауруларында, стрихнинмен уланғанда) ол жаксы байкалса, ал кәрі кісілерде, жас балаларда, сепсистен кейін сіреспе күші өте әлсіз болады. Мәиіттің кебуі — өлгеннен кейін денедегі сүйыктыктардың кұрғап жэне буланып кетуінің нәтижесі. Бүл үдеріс өлгеннен соң бірнеше сағаттан кейін басталып, терінің, шырышты кабыктардың кеуіп калуына алып келеді. Көздің мөлдір кабығы күңгірттеніп, акшыл кабығы өз реңін жоғалтып, сарғыш сұр түсті болады. Еріннің шырышты кабығы, терінің жүка жерлері қатып, бүрісіп, коңыр-кызыл түс алады. Канның қаі/та бөлінуі. Өлгеннен сон артерия кан тамырының кыскаруы нәтижесінде кан тамырларға өтеді жэне өзінің салматына байланысты дененің төменде жайғаскан бөліктерінде жинала бастайды. Жүректе жэне ірі кан тамырларында кан ұйып калады. Егер жанталас уакыты үзакка созылған болса, кан үйындылары акшыл-сары түске кіріп, оның кұрамы негізінен фибрин жіпшелерінен түрады, ал ауру тез кайтыс болғанда үйынды кұрамында барлык кан элементтері болғандыктан оның түсі кызыл болады. Кейбір жағдайларда — мысалы, ауру түншығып өлгенде (асфиксия) кан тіпті, үйымай, сүйык күйде калады. Осы ұйындылардың түсі өлу механизмін (танатогенезді) аныктаушы морфологиялык белгілердің бірі болып есептеледі. Мәіііт дақтары өлген соң 2—4 сағаттан кейін пайда болады. Олар мэйіттің төменгі бөліктерінде көкала-кызыл немесе коңыр-күлгін түсте көрінеді. Қолмен басканда олардың рені актандактанып барып, аз уакыттан соң өз реңіне кайта кіреді. Бүл белгі мэйіт дактарын тірі кезіндегі канталаулардан ажыратуға жәрдем береді. Мэйіт дактарының келіп шығуы канның кайта бөліну механизмімен түсіндіріледі. Кан өз ауырлык күшімен дененін төменгі жаткан бөліктеріне жиналады (гипостаз). Мәйіттін өз салмағы түсіп тұрған жерлерде (мысалы, ауру шалкасынан жатып өлгенде күйымшак, жауырын сүйектері аймағында) мэйіт дактары болмайды. Жалпы мэйіт дактарының орны аурудың өлер кезде калай жаткандығына байланысты, сондыктан да мэйіт дактарын жан-жакты зерттеу сот медицинасы саласында зор манызға ие, бірінші тэуліктің екінші жартысында кандағы эритроциттер гемолизге үшырап, плазма кан тамырларынан шыға бастайды. Осы плазманын айналада тіндерге сіңу үдерісін имбибиция деп атайды. Бүл кезде мэйіт дактары бір жерге орнығып, колмен басып көргенде өз ренін өзгертпейді. Өлімнің кейінгі белгілеріне аутолиз жэне шіру үдерістері кіреді. Аутолиз үдерісі гидролиздеуші ферменттері белсенділігінін күшеюімен байланысты. Сол үшін аутолиз ферменттер көп өндірілетін ағзалардан басталады. Ұйкы безінде, бүйрек үсті безінде, бауырда аутолиз үдерісі баска ағзаларға карағанда күштірек көрінеді. Асказан-ішек жолында өзін-өзі корыту үдерісі кұрамында пепсин, трипсин жэне баска ферменттер бар асказан-ішек сөлінің әсерінде өтеді. Соның нэтижесінде асказан-ішек шырышты кабығы еріп, жас балаларда тіпті, асказан кабырғасы тесіліп кетуі мүмкін. Асказанішек сөлі өнешке өткенде немесе аспирация жолымен тыныс ағзаларына түскенде осы ағзалардың өзін-өзі корытуына (эзофагомаляция, пневмомаляция) соктырады. Мэйіттің шіруі осы аутолиз үдерістерінін күшеюімен жэне оған шірітуші бактериялар эсерінін косылуымен түсіндіріледі. Шіру үдерісінін жылдамдығы коршаған ортаның температурасына байланысты. Үй температурасында (18—20 °С) шірудін бірінші белгілері 2—3-ші күні-ак көріне бастайды. Өлгеннен соң шірітуші бактериялар тез көбейіп, өздерінен гидролиздеуші ферменттерді бөліп шығарады, нэтижесінде органикалык заттардын бэрі ыдырай бастайды. Сонымен катар, тіндерде өте жағымсыз иіс пайда болып, олар сарғыш-жасыл түске кіреді. Бүл өзгерістер шіріген тіндерде күкіртсутегі жэне баска газдардын пайда болуына байланысты. Күкіртті сутек гемолизге ұшыраған эритроциттер күрамында темірмен косылып темір сульфатын түзеді. Тіндер осы химиялык зат эсерінде каракошкыл, жасыл ренге боялады. Газ түзуші бактериялар өте көбейіп кеткенде газ бүкіл денеге тарап, мәйіт эмфиземасы пайда болады. Бірте-бірте организмдегі барлык органикалык заттар іріп-шіріп жойылып, тек сүйектердін бейорганикалык заттары ғана үзак мерзімге сакталады. Бүл үдерісті уакытша кідірту үшін мэйітті салкын жерде сактау немесе бальзамдау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет