жеткіліксіз эмоционалды қатынас жасалса, қолайсыз бейімделу өтеді. Мұндай жағымсыз
психоэмоционалды жағдай үш
айдан алты айға дейін созылып, бүлдіршін өзін жайсыз сезініп,
жабырқаулы көңіл-күйде болып, топ балаларымен белсенді ойнамай, жылап, тәрбиеші сөзіне,
балабақша ережелеріне бейжай қарауы мүмкін.
Бейімделу мәселесінде тәрбиеші ата-анаға баланың күн тәртібін балабақшаның күн тәртібіне
жақындастыру керектігінен бастау керек. Әр баланың ерекшелігін ата-анасынан сұрап, оны ескеріп,
қарым-қатынас жасаған жөн. «Бала жылап-жылап қояды» деген жаңсақ пікірден алшақ болып, балада
балабақша туралы теріс пікір қалыптаспауын қамтамасыз ету керек. Оны болдырмау үшін:
Топта эмоционалды қолайлы атмосфера тудыру керек.
Ата-анамен тығыз қарым-қатынас орнату қажет.
Бейімделу кезінде ойын іс-әрекетін дұрыс ұйымдастырып, «бала-ересек», «бала-бала»
арасындағы эмоционалды қарым-қатынасты жақсартқан абзал.
Балабақшаға әр бала әртүрлі үйренеді, сондықтан біртіндеп күн
Баланың балабақшаға
бейімделуінде маңызды орынды отбасы алады, себебі ата-анасына тым бағынышты балалардың жаңа
ортаға тез бейімделіп кетуі екіталай. Ата-ана зейін көрсетіп, қолдау жасауға, уақытында баладан
алшақтай алуға, жайсыздықта керек сөзді тауып уатуға, қажет болғанда талап қойып, оны орындатуға,
шыдамдылық танытып, байсалдылық көрсетуге дайын болғаны жөн.
Бөбекжай-бақшаның педагог-психологы сәбилер тобындағы балаларды күнделікті қадағалап,
бейімделу үрдісін байқайды.
Барлық жастағы балаларға мектепке дейінгі мекемелерге бару өте қиын. Балалардың
әрқайсысы балабақшаға бейімделу кезеңінен өтеді. Осы кезеңде оның бүкіл өмірі түбегейлі өзгереді.
Баланың отбасындағы әдеттегі өміріне өзгерістер еніп кетті: туыстары мен достарының болмауы, күн
тәртібінің анықтығы, басқа балалардың үнемі болуы, бейтаныс ересектерге бағыну және оларға бағыну
қажеттілігі, жеке зейінінің азаюы.
Баланың
қажеттілігін қанағаттандыру, оған жағымды қарым-қатынас жасау, мейірімділікке
бөлеу, күнде жаңа ойындар ойнап, қызықтыру – баланың балабақшаға тез бейімделуіне оң қадам.
Балабақша – бүлдіршін үшін ұжымдық қарым-қатынастың бірінші тәжірибесі. Әр баланың
мүмкіншілігі, қабілет-қарымы әртүрлі болуына қарай бейімделуі де түрліше өтеді, сондықтан алдымен
баланың жағымды ішкі эмоционалды жағдайын қолпаштау керек. Балаға жайлы және жақсы болғанда
ғана ол ортаға тез үйреніседі, үйлесімді дамиды. Бүлдіршін ата-анасы сұрамай-ақ балабақшада
жаттаған тақпағын көңілдене айтып берсе, күні бойы болған топ оқиғаларын өзі баяндаса – бұл оның
бейімделгенінің бірінші белгісі. Ата-ана
мен педагогтар бірлесіп, балаға
оң психологиялық ахуал
тудыра алса ғана бала тұлғасы қалыптасып, жан-жақты дамиды.
Балабақша мен бейімделу көбінесе ажырамас ұғымдар болып табылады, сондықтан мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарына тәуелділікті қандай-да бір абсолюттік зұлымдық пен жағымсыздық
ретінде қабылдауға болмайды. Керісінше, мұндай процесс бала үшін өте пайдалы,
өйткені ол оны
болашақ өмірдегі өзгерістерге - мектепке, институтқа, отбасылық қатынастарға дайындайды.
Әдетте, бала екі айдың ішінде балабақшаға үйренеді. Бірақ егер баланың жағдайы уақыт өте
келе тұрақталмаса және жаңа психологиялық проблемалар туындаса (агрессия, мазасыздық,
гиперактивтілік), сіз психологпен келіспеушіліктер туралы міндетті түрде сөйлесуіңіз керек.
Балабақша – бүлдіршін үшін ұжымдық қарым-қатынастың бірінші тәжірибесі. Әр баланың
мүмкіншілігі, қабілет-қарымы әртүрлі болуына қарай бейімделуі де түрліше өтеді, сондықтан алдымен
баланың жағымды ішкі эмоционалды жағдайын қолпаштау керек. Балаға жайлы және жақсы болғанда
ғана ол ортаға тез үйреніседі, үйлесімді дамиды. Бүлдіршін ата-анасы сұрамай-ақ балабақшада
жаттаған тақпағын көңілдене айтып берсе, күні бойы болған топ оқиғаларын өзі баяндаса – бұл оның
бейімделгенінің бірінші белгісі. Ата-ана мен педагогтар бірлесіп, балаға оң психологиялық ахуал
тудыра алса ғана бала тұлғасы қалыптасып, жан-жақты дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: