№58 қазан педагог



Pdf көрінісі
бет13/56
Дата19.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#496113
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56
мамырова пед

2 тәсіл. 
Қағазға манкамен сурет салу-бұл қызықты әрекет. Манка парақта қалу үшін, ПВА желімін 
қолдану қажет. Алдымен қағазға қарындашпен сурет салу керек.ПВА желімінің көмегімен суреттің 
сүлбасын сызыңыз, жағылған желімінің үстіне манканы шашыңыз. Суретініз дайын. 
Тағы бір әдісі: Қағазға сурет салып,оның үстін желімдеп манканы себелейміз.Бұл әдіс 
жұмысты жеңілдетеді. 
3 әдісі. Түсті сурет салу. 
Ол үшін манканы әр түрлі түске бояу керек. 
1.Түрлі-түсті қарындаштардың графитің алып, ұсақтап, қағазға жағамыз. Содан кейін оған 
манканы құйып, араластырамыз. Манка түрлі-түске айналады.. 
2.Түрлі-түсті борды алып,үгітіп, манкамен араластырамыз, нәзік реңктер аласыз. 
3. Сонымен қатар манканың түсін өзгерту үшін, табаға салып аздап қуырамыз. 
4. Манканы зеленка, йод, гуаш бояумен де бояуға болады. Бірақ су мөлшерін аздап алу қажет, 
әйтпесе ботқаға айналу мүмкін. Қоспа ретінде спирты бар заттарды алу жөн. 
Дайын сурет немесе өзіңіз салған суретті алуға болады. Бастысы суреттің ұсақ бөлшектеріне 
назар аудару. Ұсақ бөлшектерден бастаған жөн. Бөлшекті желіммен желімдеп,түрлі -түсті манканы 
себеміз. Содан кейін үлкен бөлшектерге көшеміз. 
Балаларға манкамен сурет салу ұнайды. Жұмыс түрі ешқандай қиындық туғызбайды. Бірақ 
бала бір жерде отырмайды, сол себептен әр қайсына жеке назар аудару қажет. 
Кейбір балалар сурет салғанды ұнатпайды, бірақ мұндай дәстүрден тыс әдіс балаларды 
қызықтырады. Манкамен суреттерді ғана емес, әріптер, сандар, геометриялық фигураларды 
бейнелеуге болады.
Біз баланы тек манкамен сурет салуға ғана емес, сонымен қатар білім алуға қажет негізгі 
білімді бекітеміз. 
Жұмыс барысында балалар топқа бөлініп жұмыс жасауды және ойлары мен заттармен 
бөлісуді үйренеді. Балалар ұжымда жұмыс істеген кезде,жинақы бола бастайды. Бір бала екіншісіне 
қарап, одан да жақсы жасауға тырысады.
Балалармен дәстүрден тыс сурет салумен айналысыңыздар. Балалар қағазбен жұмыс
жасаудың әдіс-тәсілдерін одан әрі жақсарта бастайды, қиялы, табандылығы және шыдамдылығы 
дамиды. Мұндай дағдылар болашақта пайдалы болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет