5В 050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы үшін


Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесінің құрылымы



бет2/9
Дата11.06.2016
өлшемі1.31 Mb.
#128494
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесінің құрылымы



Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесі

Жалпымемлекеттік қаржылар

Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржылары

Халықтың қаржысы

Мемлекеттік бюджет

Бюджеттен тыс қорлар

Мемлекеттік несие

Матер. өндіріс сферасының қаржысы.

Матер. емес өндіріс сферасының қаржысы.

2. Қаржы жүйесі терминінің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орынын негіздей отырып қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған.Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі келесідей үш бөлікті қамтиды:

1.қаржы қатынастарының жиынтығы.

2.ақша қорларының жиынтығы.

3.басқарудың қаржылық аппараты.
3.Қаржы жүйесін құрудың негізі мына принциптерге негізделген:

1.Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі;

2.Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау;

3.Қаржы жүйесінің бірлігі;

4.Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функционалдық арналымы;
Тақырып 3. Қаржылық саясат және қаржылық механизм.


  1. Әлеуметтік–экономикалық процестердегі қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағыттары.

  2. Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы.

  3. Қаржыны басқару ұғымы.

  4. Қаржылық жоспарлаудың мазмұны, міндеттері, принциптері мен әдістер, қаржы жоспарларының жүйесі және қаржылық көрсеткіштер.

  5. Қаржылық-құқықтық қатынастар және қаржы заңдылығы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық нормалар мен актілер.

  6. Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны, оның жіктелуі және қаржылық бақылау әдістері.


1.Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саясат ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе несие, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.

Қаржылық саясат – бұл мемлекеттің өз функцияларын және міндеттерін атқару үшін қаржылық қытынастарды қалыптастыру және пайдалану бойынша мемлекеттік шаралар жиынтығы. Қаржылық саясат жалпы экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады.

Қаржылық саясат өзіне бюджет, салық, ақша, несие, баға және кеден саясатын қамтиды. Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекеттің қаржылық саясаты қаржылық стратегия және қаржылық тактика болып бөлінеді.

Қаржылық стратегия экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржылық саясаттың ұзақ мерзімді курсы.

Қаржылық тактика қаржы байланытарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржылық ресурстарды қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелелрін шешуге бағытталған.

Қазіргі жағдайда қаржылық саясаттың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

1) шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының сферасында нарықтық қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;

2) дағдарысты жағдайды жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;

3) халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.

Қаржылық саясаттың бағыттары фискалдық және экономикалық сасат болып табылады. Фискалдық саясат ең маңыздысы мемелекеттік бюджет болып табылатын орталықтандырылған мемлекеттік қорларды толықтырумен, экономикалық саясат экономикалық процестерді реттеумен байланысты.

Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Қаржылық саяаттың басты субьектісі мемлекет болып табылады.

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:

1) экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жағдайы, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;

2) экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау;

3) белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі арқылы із жүзінде жүзеге асыру.

Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржылық ресурстардың неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;

ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылық секторлар арсында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;

б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.

Қаржы саясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктрін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру.

Қаржылық саясатты жүргізгенде оның келесідей принциптерін жүзеге асырудың аса маңызы бар:

-қолда бар нақты қаржылық ресурстарды негіздей отырып, бюджеттерді қалыптастыру, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтрадың мүдделерін сақтау;

-қаржылық қатынастардың жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

-қаржылық жүйенің барлық сфераларында шығындар мен табыстарды теңестіру;

-қаржылық резервтерді құру;

-мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субьектілердің арасында қаржылық ресурстарды тиімді бөлу;



2. Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыларды ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлдерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады.

Қаржылық механизм – экономикалық және әлеуметтік даму үшін жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы.

Жалпы шаруашылық механизм сияқты қаржылық механизмнің де өзіне тән ішкі құрылымы бар, ол айтарлықтай күрделі.


Қаржылық механизмнің жүйесі


ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМ (ЖҮЙЕ)

ҚОСАЛҚЫ ЖҮЙЕЛЕР

ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМ

ҚАРЖЫ ТҰТҚАЛАРЫ МЕН ЫНТАЛАНДЫРМАЛАРЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМ

БЛОКТАР

Қаржылық әдістер

Қаржылық тұтқалар

Құқықтық қамтамасыз ету

Нормативтік қамтамасыз ету

Ақпараттық қамтамасыз ету

Жоспарлар, болжамдар, өзін өзі қаржыландыру инвестициялық бағдарламалар, несие беру, бағалы қағаз-дар шығару, салық салу, есеп-қисап жүйелері, жалдау, сақтандыру, кепілдікті операциялар, траст, факторинг, лизинг, трансферттер

Табыс (пайда), амортизациялық аударымдар, қаржы санкциялары, баға, жалдау ақысы, дивиденттер, пайыздық мөлшерлеме, дисконт.

Құқықтық актілер, заңдар, жарғылар, Үкімет қаулылары, Қаржы министрлігінің, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бұйрықтары, өкімдері, хаттары.

Нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулар.

Компьютерлік бағдарламалар, бугалтерлік есеп берушілік, статистикалық есеп берушілік, оперативтік есеп берушілік


3.Қаржыны басқару – бұл қаржыны және әлеуметтік-экономикалық жүйелерді жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жүмыс істеуіне жетуді және осының негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы.

Қаржылық басқару келесідецй негізгі принциптерге негізделеді:

1)басқарудағы демократизм;

2)қаржылық мәсілілірге саяси көзқарас;

3)басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістерінің оңтайлы үйлесуі.

4)басқарудың ғылымдылығы;

5)орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;

6)басқарудағы жауапкершілік;

7)шаруашылық шешімдердің сабақтастығы.

Бұл буынның қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, концерндердің, ассоциациялардың, қоғамдардың, серіктестердің қаржы департаменті мен бөлімдері, шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы службалары жүзеге асырады.

Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары басқарады.

Қаржыны басқарудың стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады.Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары Президент аппараты, Праламент; Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.



4.Қаржылық жоспарлау мәні, мақсаттары, принциптері және әдістері.Қаржылық жоспарлау- бұл қаржылық механизмнің ішкі жүйесі және әлеуметтік- экономикалық жоспарлаудың маңызды құрамдас бөлігі. Қаржылық жоспарлау ерекшелігі өндірістің материалдық- заттық элементтеріне қарағанда ақшалай қаржылар қозғалыстың салыстырмалы ерекшелігіне негізделген құндық формада іске асырылады. Қаржылық жоспарлаудың тікелей обьектісі болып табыстарды және жинақтарды тарату, қалыптастыру, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қаржылар қорларын қалыптастыру және пайдалану табылады. Сонымен қаржылық жоспарлау- ақшалай табыстарды қалыптастыру, тарату және қайта тарату, экономикалық процестерді жоспарлы басқару болып табылады. Қаржылық жоспарлау мақсаты келесілер:

-қаржы ресурстарын қалыптастыру қайнар көздерін анықтау;

-орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында,халық шаруашылық және әкімшілік территориялық бөлімшелер арасында қаржыларды таратудың тиімді пропорцияларын бекіту;

-ресурстарды нақты бағытта пайдалануды анықтау және қажетті резервтерді құру.

Қаржылық жоспарлау халық шаруашылығын басқарудың маңызды функциясы болып табылады. Ол мемлекеттік үкімет және басқару органдарымен,сонымен қатар барлық кәсіпорындармен, бірлестіктермен, ұйымдармен, мекемелермен іске асырылады.

Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау көпшілік мөлшерде шаруашылық жүргізудің соңғы нәтижесіне әсер ететін факторлардың анықталмағандығымен байланысты болжау ретінде жүргізіледі.Индикативтік, яғни нұсқаушы жоспарлау қолданылады.Ол ақпараттық, координациялық роль атқарады және экономикалық ретттеушілер арқылы қаржылық қызмет субъектілеріне жанама әсер етеді.Халық шаруашылығын болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау маңызды роль атқарады.

Қаржылық жоспарлау халық шаруашылығын жоспарлаудың маңызды принциптеріне негізделген.Қаржылық жоспарлау принциптері:

-орталықтандырылған және орталықтандарылмаған қатынастардың үйлесуі;

-біртұтастық;

-үздіксіздік;

Бірніші принцип екі негіздің органикалық үйлесуін білдіреді, яғни орталықтандырылған қаржылық жоспарды құру кезінде жергілікті инициативаны максималды дамыту. Орталықтандырылған қаржылық жоспар мемлекеттік біртұтас қаржылық саясатты жүргізуге мемлекеттік масштабта қаржылық ресурстарды тарату, қайта таратуды мақсатты басқаруға мүмкіндік береді.

Біртұтастық принципіне қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлануымен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте айқындалады. Мұндай қаржылық жоспарлар негізінде экономикалық және әлеуметтік дамудың жоспарлары мен болжаулар көрсеткіштері жатады. Сонымен бірге қаржылық жоспарлау барысында халық шаруашылығы дамуының белгіленген параметрлері нақтыланады, экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының жекеленген элементтері және бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі.Қаржылық жоспарлаудың біртұтастығы қаржылық жоспарлаудың барлық түрлерінің тығыз байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржылық жоспарларының көрсеткіштері ішкі ведомствалық кәсіпорындардың жоспарлық жобалануынан тұрады. Ал мемлекеттік деңгейде құрылатын қаржылық жоспарлар жергілікті басқару органдары кәсіпорындарының және ұйымдардың қаржылық жоспарларында базаланады.

Жоспарлаудың үздіксіздік принципі перспективалық және жылдық қаржылық жоспарлардың тығыз байланысын көрсетеді. Қаржылық жоспарлаудың үздіксіздігі ағымдағы және перспективалық жоспарлар арасындағы үзілісті жоюға, шаруашылық ұйымдарды дымытудың нақты перспективаларын анықтай отырып оларды неғұрлым жақсы ориентирлеуге, реттеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық жоспарлауда келесідей әдістер қолданылады:

1.экстрополяциялық (коэффициенттік) әдіс- қаржылық көрсеткіштерді, олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтаудан тұрады. Есептер, есептік жетістіктер және оларды салыстырмалы тұрақты өсу қарқынына корректировкалау базасында жүргізіледі. Мұндай реттің келесідей жетіспеушіліктері болады. Ішкі шаруашылық резервтерді айқындауды ынталандырмайды. Өйткені жоспарлы тапсырмалардың артық орындалуы жоспарланатын периодта олардың автомматты түрде ұлғаюына әкеледі. Материалдық және ақшалай ресурстардың пайдалануына кері әсер етеді.

2. Нормативтік әдіс.Бұл әдістің көмегімен жоспарлық қаржылық көрсеткіштер бекітілген нормалар мен нормативтер негізінде анықталады.

3.Баланстық әдіс-шығындардың оларды жабу қайнар көздерімен байланысына қаржылық жоспардың барлық бөлімшелерінің, сонымен қатар өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара байланысына негізделген. Қаржылық баланс талаптарын сақтау шығындар мен кәсіпорын, ұйым, барлық халық шаруашылығы арасындағы диспропорцияны болдырмауға халық шаруашылығын дамыту пропорцияларын және қажетті темптерін анықтауға мүмкіндік жасайды.

4.Бағдарлама-мақсаттық әдіс-әртүрлі деңгейде іске асырылатын ғылыми-техникалық бағдарлама базасында қаржылық болжаудың әдістерінің бірі ретінде іске асырылады.

5.Экономикалық-математикалық әдіс. Мұнда ұзақ периодқа болжаулар жасау үшін ЭВМ және әртүрлі есептеу варианттары қолданылады.

Қаржылық жоспарды құру этаптар бойынша іске асырылады.

1.жоспарлаудың бірінші этапыпда есептік мерзімге қаржылық көрсеткіштерді орындаудың экономикалық талдауы жүргізіледі. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен байланыста өткізіледі. Жоспарлық түсімдерді және шығындарды іс жүзіндегі өндірістік көрсеткіштермен салыстыру қаржылардың толық пайдаланылмау себептерін айқындауға, оларды пайдалану тиімділігі деңгейін анықтауға ішкі шаруашылық резервтерді айқындауға мүмкіндік береді.

2-ші этапта әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары, көрсеткіштері негізінде жоспарланатын жылға табыстар мен шығындардың нақты түрлерінің есептері жүргізіледі.



5.Қаржы құқығы – бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін заң нормаларының жиынтығы.

Қаржы құқығында қаржы-құқықтық нормалар –құқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгілеген және қаржы қатынастарындағы мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады.

Қаржы – құқықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылық және уәкілеттілік болып бөлінеді.

Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау , бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс-әрекет ететін сан қырлы функцияларынан көрінеді.Мемлекеттің қаржылық қызметі мына факторларға:

-мемлекеттің іс-қимыл етуінің нақтылы кезеңдеріндегі оның міндеттеріне;

-қаржы құқығы субьектілерінің қызметі негізделген меншіктің нысандарына;

-мемлекет кірістерінің көздеріне;

-ақша қаражаттарын пайдалану мақсаттарына;

-мемлекеттің қарамағына түскен қаражаттар мен оларға деген қажеттіліктердің ара салмағына байланысты әртүрлі әдістермен жүргізіледі.

Қаржы-құқықтық актілер дегеніміз қарастырылған нысанда қабылданған және заңдық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының олардың құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдер. Қаржы-құқықтық актілердің жиынтығы қаржы заңнамасын құрайды.

Қаржы-құқықтық актілер заңдылық негіздері бойынша нормативтік және жеке, заңнамалық және қосалқы, жоспарлы-қаржылық болып бөлінеді.

6.Қаржылық бақылау- қаржы жүйесінің баорлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдалану негізділігі тексеруге бағытталған спецификалық қызмет.

Қаржылық бақылаудың ерекшелігі оның ақша нысанында жүзеге асырылатынында.Қаржылық бақылаудың функциялары:

-қаражаттардың жұмсалуын тексеру;

-қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығ мен толымдылығын тексеру;

-есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.

Бақылаудың негізгі принциптері: бақылаудың реттілігі, біртұтастығы, әмбебаптылығы, оның алдын алу сипаты, әрекеттілігі, нақтылығы, жариялылығы, тәуелсіздігі

Қаржылық тәртіп-бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің , оның шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қорларына жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.

Қаржылық бақылау Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субьектілердегі айырмашылықтарға , бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне негізділегн.


Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы:


Қаржылық бақылау

Мемлекеттік

Қоғамдық

Жалпымемлекеттік

Ведомстволық

Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақтардың, партиялардың, жастардың, бұқаралық қозғалыстардың, ғылыми-техникалық, мәдени-ағартушылық, спорт, шығар-машылық, ардагерлердің, түрлі қорлардың бақылауы




Ішкішаруашылық

Парламенттік (депутаттық) бақылау

Аудиторлық бақылау

Мерзіміне қарай қаржылық бақылау алдын-ала, ағымдағы және кезекті болып болып бөлінеді.


Тақырып 4. Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржыларының

қызмет ету негіздері.


  1. Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржыларының негіздері.

  2. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің сыныптамасы.

  3. Негізгі ұйымдық құқықтық нысандарының шаруашылық жүргізуші субьетілері қаржысының ерекшеліктері.

  4. Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы.

  5. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы.

1.Шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржысы - бірыңғай қаржы жүйесінің қүрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін қүрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі болігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет корсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, үлттық табысты және ұлттық байлықты — халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғам-дық пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг жөне басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралык,, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен болатын мынадай топтарға бірілендірілген ақша қатынастарына саяды: басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен өзінің еңбек ужымымен,, мемлекетпен, банктермен, сақтық органдарымен, жоғары ұйымдармен, қүрылтайшылармен

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бүл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:

1.қаржы қатынастарының көпқырлылыгы, олардың нысанда-
ры мен мақсатты арналымының сан алуандығы;

2.өндірістік қүралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар — бұл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құн нысандарының түрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез келген


мезетінде өндірістік қүралдар материалдық-заттай және ақша нысанында болуы мүмкін;

3.жоғары белсенділік, шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;

4.шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады.

Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс, қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.

3.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қүрамына материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негіздерінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігі кіреді

Шаруашылық жүргізуші субъектілер — кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар жөне басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін .

Межелеудің ең жалпы белгісі кәсіпорындар меп ұйымдарды қызмет сфераларының біріне — материалдық немесе материалдык, емес (өндірістік емес) сфераға жатқызу болып табылады. Қызметтің материалдық сферасының кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Бүл сферада жасалғаи өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік түтынудың онімдері) түтынылады, басқа бөлігі түпкілікті түтынуға, соның ішінде өндірістік емес сфераға да бағытталады. Өндірістік емес сфера қызметінің нөтижелері қызметгердің нысанын қабьщдайды, қызметгерді жасаудың процесі, әдеттегідей, оларды түтыну процесімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпайды1.

Сыныптаманың басқа белгісі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің сипаты — коммерциялық және коммерциялық емес қызметі болып табылады.

Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіре алмайтын (коммерциялық үйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушылар үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңи тұлға бола алады

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңи тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңи тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, түтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң күжаттарында көзделген опс дс нысанда қүрылуы мүмін және ол кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.

Сыныптаудың бүл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті қамтамасыз етудің түрлі қағидаттарына: коммерцияяық есепке немесе белгілі бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажеттіліктерін жабатын бюджеттік қаржыландыруга есептелген. Егер мекеме коммерциялық және коммерциялық емес қызметті ұштастыратын (үйлестіретін) болса, онда бүл қызмет тиісті қаржылық зардаптарға ұшыратады: мұндай қызметтің өзін-өзі қаржыландырылуын үйымдастыру, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу, алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.

Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді.

Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым коммерциялық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет табыс (пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс-қимылдарды орындауға бағытталған.

Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың маңызды белгісі меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі (қатыстылығы) болып табылады. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардың және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері ретіңде болады, жеке меншіктің айырықша турі ретінде қоғамдық ұйымдардың меншігі болады.

Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып ажыратылады.

1.Мемлекеттік меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, соның ішінде:

республикалық — Қазақстан Рсспубликасының экономикалық және әлеуметтік дамуының жалпы мемлекеттік міндеттерін шешу үшін;

коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар — тиісті аумақтың халқының әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағынышта болады.

2.Заңды тұлғалардың жеке меншігіне негізделген көсіпорындар: әр түрлі тұрпаттағы шаруашылық серіктестіктері, соның ішінде акционерлік қоғамдар, кооперативтік кәсіпорындар мен үйымдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет