5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша


Дәріс беруші: Аубакирова Ж.К. - аға оқытушы



бет54/74
Дата16.06.2016
өлшемі4.85 Mb.
#138509
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74

Дәріс беруші: Аубакирова Ж.К. - аға оқытушы


Курстың мақсаты:

“Информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы“ курсын оқытудың мазмұны, мақсаты, әдісі, құралдары мен ұйымдастыру түрлерін зерттейтін біртұтас жүйе ретінде қарастыру; жеке тұлғаны жан жақты дамытуды қалыптастыруда информатика курсының орны мен мәнін түсіндіру, мектеп информатикасын оқытудың мақсаттарын түсіндіріп, меңгерту; информатиканы оқытудың негізгі тұжырымдамаларын үйрету; әр түрлі деңгейлерде мектеп информатикасын оқытудың мазмұндық және әдістемелік әдістерін үйрету; мұғалімнің информатика сабағын ұйымдастыру, жоспарлау және қамтамасыз етуге үйрету; оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін, оқушылардың ойлау іс әрекетін басқарып, сабақты ұйымдастырудың түрлерін меңгерту; әр түрлі жас топтарындағы оқушыларда пәнге деген қызығушылықты дамыта отырып, информатикадан сабақты ұйымдастыруға үйрету.



Деректемелері/Пререквизиттері:

Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін қолданбалы программалар мен программалау тілдерін жақсы меңгеру қажет.



Курстың/пәннің мазмұны:

Информатиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде; мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері; компьютерлік сауаттылық, білімділік, ақпараттық мәдениет; информатиканы оқытуға қажетті құжаттар; мектептегі информатика пәні тарауларының мазмұны мен құрылымы; бастауыш мектепте информатиканың кіріктіріліп оқытылуы; мектептің жоғары буынында информатиканы саралап оқыту; мектептің информатика курсы бойынша бағдарламалар мен оқулықтарға талдау жасау; информатика кабинетінде оқушылардың жұмысын ұйымдастыру; информатика курсы бойынша оқу процесін жоспарлау және іске асыру; сабаққа педагогикалық талдау жасау; оқушыладың сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастыру; оқыту нәтижесін тексеру мен бағалауды ұйымдастыру.



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Халықова К. Информатиканы окыту әдiстемесi, Алматы, 2000ж.

  2. Бидайбеков Е.Ы., Абдулкаримова Г.А. Информатика и средства инорматики в начальной школе, Алматы, 2002ж.

  3. Лапчик М.П. и др. Методика преподавания информатики, Москва, 2001 ж.

  4. Софронова Н.В. Теория и методика обучения информатике, Москва, 2004 ж.

  5. Информатика пәнiнен Мемлекеттiк бiлiм беру стандарты

  6. Информатика, физика, математика журналының басылымдары

  7. Информатика негiздерi журналының басылымдары

Сабақ беру әдістері: лекциялық және практикалық сабақтар, интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интернет-ресурстар, электронды оқулықтар, материалдық база, кітапхана қоры
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: SQL тілінің негіздері

Пәннің коды: STN 3213

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 3-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 4

Дәріс беруші оқытушы: аға оқытушы.

Курстың мақсаты: студенттерге мәліметтер базасын жобалаудың теориялық негіздерін, жобалау әдістерін, жалпы принциптерін игеруге; ДҚБЖ-н қолдануды және ДҚ архитектурасын меңгеруге үйрету.

Деректемелер/пререквизиттері: Информатика, Программалау, Объектіге-бағытталған программалау

Курстың/пәннің мазмұны: Деректер қорының архитектурасы. ДҚБЖ архитектурасының дамуы. Файлдық сервер архитектурасы. Мәліметтер базасы репликациясы. SQL құрылымдық сұраныс тілі. SQL тілінің командалары мен деректерінің типтері. Жолдық және сандық типтер. Дата мен уақытты бейнелейтін типтер. Деректер базасының объектілерін басқару. Кестелерді құрастыру, модификациялау (жаңарту) және жою. Кестелермен жұмыс істеуге арналған операторлар. Шектемелер қою. Индекстер. Концептуалды мәліметтер моделі. Концептуалды модель терминдері мен анықтамалары. МБ-ң концептуалды моделін жобалау. Реляциялық мәліметтер базасын SQL көмегімен басқару. МБ жобалау мәселелері. Жобалауды автоматтандыру–Rational Rose, Case технологиялары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Александровский Г., Шубан А., «Delphi для профессионалов». – Москва ДМК, 2000.

  2. Архангельский А.Я. «Язык SQL в Delphi5». – Москва, ЗАО «Издательство Бином», 2000

  3. Баженова И.Ю., «Delphi6. Самоучитель программиста». – Москва, «Кудиц - образ», 2002.

  4. С. Бобровский, «Delphi5: учебный курс» - СПб: Издательство «Питер», 2000-640с.

  5. В.Гофман, А.Хомоненко, «Delphi5. В подлиннике» – СПб.: БХВ-Санкт-Петербург, 2000-800с.

  6. Гофман В., Хомоненко А. «Delphi6». СПб.: ВХV Петербург, 2002.

  7. Епанешников Д.Д., «Delphi5. Базы данных» - Москва, «Диалог-Кифа», 2000.

  8. Жуков А. Изучаем Delphi. – СПб.: Питер, 2002

  9. Кандзюба С.П., Громов В.И. Delphi6.Базы данных и приложения. Лекции и упражнения. – К., ДиаСофт,2001.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, зертханалық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; компьютермен жұмыс; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Берілген қорының теориясы



Пәннің коды: ВКТ 3213

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 3-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 4

Дәріс беруші: Жүсіпбек Б. информатика магистрі, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Деректер қорын құру теориялық негіздерін, қазіргі кездегі деректер қорын басқару жүйелерінің мүмкіндігін, компьютерлік жүйелерде ақпаратты қолдану, өңдеу және пайдалану технологиясын меңгеруді үйрету болып табылады.

Деректемелері/Пререквизиттері: Информатика. Программалау технологиясы .

Курстың/пәннің мазмұны:

ДҚ жүйелерінің белгіленген және негізгі құраушылары. ДҚ қазіргі заманғы басқару жүйесінің көрінісі. ДҚ көрсету деңгейлері. Схема және ішкі схема ұғымы. Деректер моделдері: иерархиялық, желілік және деректердің реляциондық моделдері. Схема қатынасы. Реляциондық модель үшін деректерді манипуляциялау тілі, реляциондық алгебра және SQL тілі;реляциондық деректер қорларын жобалау; функциональдық, транзитивтік және декомпозициялық тәуелділік; ақиқат-байланыс әдісін қолданумен жобалау; қазіргі заманғы деректер қорларын басқару жүйесін(ДҚБЖ) таңдау арқылы үйрену; ДҚ құру және модификациялау; ДҚ іздеу, сорттау және индексалау; формаларды және есептерді құру; ДҚ физикалық ұйымдастыру; хешировалау және индексалау файлдары; ДҚ қорғау; ДҚ тұтастығы және қорғау.



Ұсынылатын әдебиет:

1. Дейт Карнеги . Введение в системы баз данных.

2. Диго С.М. Проектирование и использование баз данных.-М.:ФиС,1995

3. Когаловский М.Р. Технология баз данных на персональных ЭВМ.-М.:ФиС,1992

4. Бойко В.В., Савинков В.М. Проектирование баз данных информационных систем.-М.:ФиС,1989

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Бұлтты технологияларға кіріспе



Пәннің коды: ВТК 3213

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 3 –ші оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Айтимов М.Ж -аға оқытушы.

Курстың мақсаты: Курста бұлтты есептеудің пайда болуы, дамуы және пайдалану технологиясы жайлы мәліметтер айтылған. Курста, бұлтты есептеудегі қызмет ету мүмкіндіктерінің негізгі моделдері қарастырылған. Microsoft, Amazon, Google сияқты бастаушы вендерлердің шешімі шығарылады. Сонымен қоса, бұлтты технологиялардың негізгі артықшылықтары талданады және бұлтты есептеу моделінің кемшіліктері және оларды шешу жолдары ұсынылады.

Деректемелері/Пререквизиттері: Бұл пәнді жетік түрде оқып үйрену үшін информатиканың базалық ұғымдарын, ЭЕМ және программалау, тілдер теориясы мен ЭЕМ архитектурасын, программалау тілдерін, желі негіздерін және желілік байланыс құралдарын жақсы білу керек. Курстың/пәннің мазмұны: Аппараттық қамсыздандырудың дамуындағы негізгі жаңа тенденциялар, инфрақұрылымға негізгі талаптар қарастырылады. Инфрақұрылымдық шешімдердің дамуындағы бұлттық концепцияның пайда болуына ықпал еткен қазіргі технологиялар қарастырылады. Аппараттық қамсыздандырудың дамуы. Жаңа инфрақұрылымды шешімдер. Блейд-жүйенің пайда болуы. Жүйенің пайда болуы және мәліметті сақтау желілері. SAN топологиясы. ИТ инфрақұрылымының бірігуі. Виртуализация технологиялары. Серверлердiң виртуализациясы. Виртуализацияның платформаларына қысқаша шолуы. Vmware. Citrix (Xen). Microsoft. Негізгі бұлтты есептеулер. Бұлтты есептеулердiң түрлері. «Инфрақұрылым тәрізді сервис» (IaaS) PaaS сервисі секілді платформа. Сервис секілді (SaaS) программалық қамтамасыз ету. Бұлтты есептеулердің артықшылықтары. Бұлтты есептеулердің кемшіліктері және проблемалары. Бұлттағы веб-қызметтер. Windows Azure SDK өңдеушiлерге өңдеу үшiн қажеттi қосымшалардың программалауын интерфейсі. Windows Azure-де жазу және масштаб жасалатын сервистердi басқару. Windows Azure платформасы. Windows Azure Storage. Azure Table Services. Azure Blob Services. Azure Queue Services. Microsoft® .NET Services. Microsoft® .NET Service Bus. Microsoft® .NET Access Control Service. Microsoft® .NET Workflow Services. Microsoft бұлтты сервисінің мысалдары. Office Live Workspace. Google сервисінің мысалдары. Google Apps. Google App Engine.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Клементьев Илья Павлович, Устинов Владимир Алексеевич. Введение в Облачные вычисления. Изд. УГУ . 2009 г.

  2. Eric A. Marks, Bob Lozano. Executive’s Guide to Cloud Computing. 2010.

  3. Риз Дж. Облачные вычисления. – СПб.: БХВ-Петербург, 2011. – 288 с.

  4. Фингар П. Dot.Cloud: облачные вычисления – бизнес-платформа XXI века. – М.: Аквамариновая Книга, 2011. – 256 с.

  5. http://www.cloudzone.ru.

  6. http://www.vmware.com.

  7. http://habrahabr.ru/blogs/Azure/60100/

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интернет-ресурстар, электронды оқулықтар, материалдық база, кітапхана қоры
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Мультимедиялық оқыту программалары

Пәннің коды: MOP 3214

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 3-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 4

Дәріс беруші: Бейсенбаева Ж. - информатика магистрі, оқытушы

Курстың мақсаты: Мультимедиалық құралдардың техникалық және программалық жабдықтарының жұмыс принципін білу, мультимедиалық оқыту программаларын жасауда оларға қойылатын талаптарды білу, мультимедиалық құралдарды сабақ түріне байланысты кешендеуде басшылыққа алатын принциптерді білу, компьютерлік презентациялар мен WEB –қосымшаларды құру, мәтінмен, дыбыспен, графика және анимациямен жұмыс жасау құралдары.

Деректемелері/ пререквизиттерi: Информатика, Ақпараттық технологиялар.

Курстың/пәннің мазмұны:

Мультимедиалық технологияларды пайдаланудың шарттары мен аспектілері. Мультимедиа түсінігі. Мультимедиа жүйесі. Техникалық құралдар, алгоритмдер және программалар: ақпаратты енгізу, сақтау, бейнелеу, өзгерістер енгізу және шығару. Компьютердің мультимедиалық құрамы. Мультимедиалық оқыту программаларының ерекшеліктері. Оқыту программаларына қойылатын талаптар. Оқыту программаларын әзірлеу принциптері мен технологиясы. Мәтіндерді көруге арналған программалар. Гиперсілтемелік әдіс негізінде оқыту программаларын жасау. Графикамен жұмыс. Кескіндерді генерациялау әдістері( пиксельді және векторлық графика, ANSI-графика, дайын графикалық бейнелерді қолдану), Графикалық редакторлар. Графикалық бейнелер кітапханасы. Графикалық форматтар және оларды түрлендіру. Демонстрация жасауға арналған программалар. Дыбыспен жұмыс. Дыбысты ендіру және редакторлеу жүйесі, дыбыстық әсерлерді жасау. Анимациялық құралдар. Анимацияны құру негіздері. Анимациялық файлдар форматтары және оларды түрлендіру. Анимациялық файлдарды ойнату. Мультимедиа жүйесінің даму бағыттары. Виртуальды шынайылық. Виртуальды кеңістік элементтері. Виртуальды кеңістік класстары.



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Б.А.Досжанов. Білім берудегі мультимедиалық технологиялар Алматы, 2008 ж. 100 б.

  2. Досжанов Б. «Мультимедиа және оның техникалық құрамы», Қызылорда,2006

  3. Вернер И. Все о мультимедиа. Уч.пособие.-Киев:ВНV, 1996.-157 с.

  4. Мультимедиа в школе: Справочник.-Калуга,1994.-196 с.

  5. Радзишевский А.Ю. «Основы аналогового и цифрового звука», 288 стр., М., Вильямс, 2006.

  6. Питер Кирн «Цифровой звук. Реальный мир», 720 стр., М., Вильямс, 2007.

  7. Найджел Чепмен, Дженни Чепмен «Цифровые технологии мультимедиа», 624 стр., М., Диалектика, 2005.

  8. А.П.Пятибратов, Л.П.Гудыно, А.А.Кириченко “Вычислительные системы, сети и телекоммуникации”, 2изд., М., Финансы и статистика, 2003.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Көппроцессорлы ЭЕМ-дер архитектурасы

Пәннің коды: KEA 3214

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 3-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 4

Дәріс беруші: Тұрғанбаева Ә.Ж. - информатика магистрі, оқытушы

Курстың мақсаты: Қазіргі заманғы компьютерлердің архитектурасын, көппроцессорлы есептеуіш жүйелерге арналған параллельдік бағдарламалаудың әдісі мен технологиясын, параллельдік бағдарламалау облысында жақсы жұмыс істей алуға үйрету. Курстың міндеті студенттерді параллельдік бағдарламалау әдісін және конструкциялаудың негізгі әдісін үйрету, параллельдік алгоритмдердің интерпретациясын және оларды қолдана білуге үйрету. Параллельдік әр түрлі кесте құрудың негізгі принциптерін студенттерге жетік түсіндіру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Есептеуіш жүйелердің архитектурасы, Схемотехника негіздері

Курстың/пәннің мазмұны: Кіріспе, көппроцессорлы есептеуіш жүйенің қолдану облысы және өндірістік бағалау тәсілдері. Есептеуіш жүйенің архитектурасы. Берілгендерді өңдеудің параллельдік архитектурасының классификациясы. SMP және MPP архитектурасы. Гибридтік архитектура. PVP архитектурасы. Кластрлы архитектура. Коммуникациялық құралдарының құру принциптері. Жоғары деңгейлі өндірістік процессорлардың ұйымдастырылу тәсілдері. Ассоциативті процессор. Конвейерлі процессор. Матрицалық процессор. Клеткалық және ДНК – процессор. Коммуникациялық процессор. Берілгендер қоры процессоры. Нейронды процессор. Көпдеңгейлі логикалық процессор. Көппроцессорлы есептеуіш жүйелерге арналған коммутаторлар. MBC компоненттеріне қойылатын талаптар. Әр түрлі өндірістегі кластерлер және массивтік-параллельдік жүйе.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Богданов А.В., Корхов В.В., Мареев В.В., Станкова Е.Н. Архитектуры и топологии многопроцессорных вычислительных систем. Интернет-университет информационных технологий - ИНТУИТ.ру, 2004

  2. Новиков Ю.В., Скоробогатов П.К. Основы микропроцессорной техники. БИНОМ. Лаборатория знаний, Интернет-университет информационных технологий - ИНТУИТ.ру, 2008

  3. Гуров В.В., Чуканов В.О. Основы теории и организации ЭВМ. Интернет-университет информационных технологий - ИНТУИТ.ру, 2006

  4. Иванова О.В. Применение ассоциативной конвейерной памяти для организации. Доклады МК "Информационные средства и технологии", том 2. М.: Изд-во "Станкин", 2000. - с.106-109.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Мобильдік құрылғыларға арналған қосымшаларды құру



Пәннің коды: МКАКК 3214

Пәннің типі: Таңдау пәні

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 3-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 4

Дәріс беруші:

Курстың мақсаты: Мобильді шешімдерді өңдеу құралдары мен мобильді құрылғылар ерекшеліктерін ұсынуды құру. Мобильді қосымшаларды жобалау қадамдары мен әдістерін, сонымен бірге оларды өңдеуге арналған инструментальды құралдардың негізгі мүмкіндіктерін білім алушылардың игеруі.

Деректемелері/Пререквизиттері: Берілгендер қорының теориясы. Компьютерлік желілер. Java, VB Script, басқарудың әдістері мен модельдері.

Курстың/пәннің мазмұны: Компьютер ғылымының көзқарасы бойынша мобильді байланыстың әртүрлі аспектілері. Шекті жүйелердің мобильділігін және сымсыз енуді қолдайтын стационарлы желілер үшін қосымшалар мен қызметтер интеграциясы. Мобильді байланыс құралдары, желілік технологиялар және стационарлық желі. Мобильділікті қолдау, мобильді транспорттық деңгей, мобильді желілік деңгей, сымсыз локалды желілер, спутниктік жүйелер, телекоммуникация жүйелері, ортаға енуді басқару, сымсыз берілу.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Амелин К.С., Граничин О.Н., Кияев В.И. «Суперкомпьютеры или мобильность: кто кого?// Суперкомпьютеры», 2010г.;

  2. Граничин О.Н., Павленко Д.В. «Рандомизация получения данных// Автоматика и темеханика», 2010г.;

  3. Воеводин В.В. «Научный сервис в сети Интернет: суперкомпьютерные центры и задачи», 2010г.

Граничин О.Н., Кияев В.И. «Информационные технологии в управлении», 2008г

Сабақ беру әдістері: демонстрация, баяндау, тренинг

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интернет-ресурстар, электронды оқулықтар.
Курстың/пәннің/юниттің атауы - Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

Пәннің коды - ТZhTA3301

Пәннің типі - кәсіптендіру, міндетті компоненті

Курс/пән деңгейі - 3 курс

Оқу жылы –3-оқу жылы

Оқу семестрі - 4семестр

Кредиттер саны – 2 кредит

Дәріс берушінің аты-жөні - Майгельдиева Ш.М., п.ғ.д. профессор.

Курстың мақсаты: Сынып жетекшісі қызметін жүзеге асыру мен ұйымдастыруда тәрбиенің дәстүрлі және қазіргі жаңа технологиялары бойынша болашақ мұғалімдердің теориялық білімді меңгеруі болып табылады.

Деректемелері/Пререквизиттері: Педагогикалық мамандыққа кіріспе, Педагогика, Этнопедагогика, Адамзат тарихындағы мектеп және педагогикалық ойдың дамуы.

Курстың/пәннің мазмұны: Тәрбие жұмысының мақсаты, міндеті, мәні туралы, мектеп қоғамының тәрбие жүйесі туралы, сынып жетекші іс-әрекетінің бағыттары мен жүйесі туралы, балалар ұйымының ерекшелігі туралы, тәрбие жұмысының технологиясы мен ұжымдық шығармашылық ісі туралы, оқушылардың тәрбие деңгейінің диагностикасы туралы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы “Дарын” 2004.

2. Гликман И.З. Теория и методика воспитания. – М.”Владос Пресс” 2002.

3. Қалиев С., Майгаранова Ш., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. – Алматы “РБК” 1999.



4. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. – М.: Асадема 2003.

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы

Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, интернет, интерактивті тақта.
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Анимациялық технологиялар негіздері

Пәннің коды: ATN 3303

Пәннің типі: Кәсіптендіру пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 3-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Кенесары А.Б. - информатика магистрі, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Курсты оқыту мақсаты студенттерге өндіріс пен жаңа технологияларды пайдалануды меңгертіп, анимация жасаудың негіздерін үйрету.

Деректемелері/ пререквизиттерi: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін Компьютерлік графика пәні бойынша материалдарды білу керек.

Курстың/пәннің мазмұны: Macromedia Flash программасының интерфейсі. Панельдермен жұмыс. Macromedia Flash программасында сурет салу. Веекторлық графикамен танысу. Сурет салу иинструменттері. Бояуды пайдалану. Macromedia Flash программасында растрлық беейнелерді пайдалану. Импорттау, трассировкалау, жіктеу, сығу. Macromedia Flash программасында мәтінмен жұмыс жасау. Text инструменті. Мәтін параметрлері. Macromedia Flash фильмінің элементтерімен жұмыс жасау. Символдар, экземплярлар. Библиотека элементтері. Macromedia Flash программасындағы видео. Видеоны интеграциялау. Импортталған видеомен жұмыс. ActionScript тілімен жұмыс. Actions панелі. Айнымалыларды, берілгендерді және берілгендер типтерін басқару.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Гурвиц Майкл, Мак-Кейб Лора. Использование Macromedia Flash MX. Специальное издание.: Пер. с англ. — М.: Издательский дом "Вильяме", 2003. — 704 с.: ил. — Парал. тит. англ.


  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет