5В010800 Дене шынықтыру және спорт мамандық (тарының) студенттеріне арналған Дене шынықтыру және спорт биохимиясы



бет2/3
Дата12.07.2016
өлшемі441.5 Kb.
#192788
1   2   3

Көмірсулар алмасуы

Көмірсулардың химиялық құрамы, биологиялық маңызы, жіктелуі. Ағзаға қажетті көмірсулар көзі. Ағзадағы көмірсуларды пайдалану жолдары. Ас қорыту жолдарында көмірсулардың қорытылуы, қанға сіңуі. Қандағы қант деңгейі.

Көмірсу алмасуының реттелуі. Жасуша деңгейінде көмірсулардың алмасуы: гликогеннің ыдырауы, гликолиз.

Көмірсулардың аэробты тотығуы. Пирожүзім қышқылының декорбоксилдене тотығуы және А- ацетил коферментінің түзілуі. Үшкарбон қышқыл цикліндегі субстратты фосфорлану. Үшкарбон қышқыл циклінің сутегін оттегіне тасымалдайтын жүйелермен және медиаторлы фосфорланумен байланысы. Көмірсулар тотығуының пентозды тізбегі және янтар қышқылының анаэробты түзілуі туралы жалпы түсініктер.

Көмірсулардың пластикалық алмасуда қолданылуы.

Гетерополисахаридтердің химиялық қүрамы және қүрылымы туралы түсінік. Гетерополисахаридтердің ағзадағы маңызы. Глюконеогенез туралы жалпы түсініктер. Дене қызметі кезіндегі көмірсулар алмасуы.



Липидтер алмасуы

Липидтердің химиялық құрамы, жіктелуі, биологиялық маңызы. Майларға тәуліктік қажеттілік. Ас қорыту процесіндегі майлардың қорытылуы, қорытылған өнімдердің сіңуі. Өт қышқылдарының маңызы. Ішек қабырғасы жасушаларында ағзаға тән липидтердің түзілуі. Май қышқылдары түзілуі туралы жалпы түсінік. Липопротеидтердің түзілуі, олардың ағзадағы липидтер тасымалдануы және майлардың қор түрінде жинақталуы жасуша мембраналары құрылымдары қалыптасуындағы, маңызы.

Қордағы майлардың жүмсалуы. Липолиз және оның реттелуі. Глицериннің тотығуы. Майлы қышқылдардың бета- тотығуы, осы процесте А — ацетилкоферментінің түзілуі. А - ацетилкоферментінің ары қарайғы өзгерістері: үшкарбон қышқылдар тізбегінде тотығу, кетонды денелер түзілуіне қатысу; холестерин түзілуі. Бауырда кетонды денелердің түзілуі. Липидтер алмасуының реттелуі. Майлар тотығуы қуатының тиімділігі. Кетонды денелердің бұлшық ет ұлпаларындағы қуат көзі ретінде қолданылуы. Фосфолипидтердің, гликолипидтердің, стероидтардың құрьшымы, биологиялық маңызы және жасуша аралық айналымы туралы жалпы түсініктер.

Белоктар және нуклеин қышқылдарының алмасуы

Белоктардың химиялық құрамы және биологиялық маңызы.


Тағамдағы құнды және құнсыз белоктар туралы түсінік. Белоктардың
ерекшелігі. Белоктардың құрылысы. Бұлшық ет жүмысын

орындауға қатысатын белоктар: жиырылу, ұлпалар, оттегін тасымалдайтын белоктар сипаттамасы. Ас қорыту процесіндегі белоктардың химиялық өзгерісі. Осы процеске қатысатын

ферменттер, олардың әсер ету жағдайлары. Белоктар қорытылуының соңғы өнімдері. Қорытылмаған белоктар айналымы.

Аминқышқылдарының метаболиттік жинақ қоры туралы түсінік. Амиқышқылдарының ағзадағы қолданылу жолдары.

Белоктың жасушада түзілуі. Белок түзілуіндегі нуклеин қышқылдарының маңызы. ДНК - белоктардың қүрылысы туралы ерекше хабардың сақтаушысы. Генетикалық кодтың биохимиялық негіздері. Түқым қуалаушылық қасиеттің берілу процестеріндегі РНК-ң маңызы. Белок түзілуіндегі аминқьппқылдар белсенділігі. Рибосомалардағы белокты молекулалардың жинақталуы. Белок молекулаларының кеңістікті құрылымының пайда болуы. Белок түзілуінің реттелуі.

Аминқышқылдарының катаболиттік өзгерістері.

Амиқышқылдарынан амин тобын кетоқышқылдарға тасымалдау,
декарбоксилдену реакциялары. Алмастырылатьш

аминқышқылдарының және олардан биологиялық белсенді

туындысының түзілуі. Аминқышқылдары өзгерістерінің үшкарбон қышқылдар тізбегімен байланысы.

Аминқышқылдары және азотты негіздерден амин тобы бөлінуі кезінде-гі аммиактың түзілуі. Аммиак тасымалдануы. Мочевина түзілуінің орнитинді тізбегі — аммиакты жоюдың негізгі жолы.

Нуклеопротеидтер, хромопротеидтер құрылысы және алмасуы туралы түсініктер. Несеп қьгшқылының түзілуі. Дене жұмысы кезіндегі белок алмасу ерекшеліктері.

Су және минералды заттар алмасуы

Ағзадағы судың мөлшері, оның кейбір үлпалар арасындағы таралуы. Судың ағзадағы маңызы. Ағзаның маңызды сулы - дисперсті жүйелері: қан, лимфа, несеп, сілекей және т.б. олардың химиялық құрамы.

Адамның суға деген сұранысы және оны қанағаттандыру жолдары. Экзогенді су. Зат алмасу реакцияларындағы эндогенді судың түзілуі. Судың қорға жиналуы. Судың жасуша мембранасы арқылы тасымалдану ерекшеліктері. Судың ағзадан шығарылуы. Ағзада су тепе- теңдігін реттеудің биоимиялық механизмдері, дене жұмысы кезіндегі су тепе- тендігінің өзгерісі.

Адам ағзасындағы макро-, микро- және ультрамикроэлементтер мөлшері. Иондардың жасуша құрылымдары түзілуіндегі және биополимерлердің кеңістікті конформациясын ұстауға қатысуы. Иондардың мембрандық потенциал түзілуіне, осмостық қысым және ағзаның сұйық ортасының белсенді реакциясын реттеуге қатысуы.

Ағзаның буферлік жүйелері. Ағзаның сұйық ортасының қышқыл-сілті тепе-тендігін реттеу.

Ағзаның әртүрлі минералды қоспаларға қажеттілігі және оның сыртқы орта жағдайларына, қызметтік күйіне байланысты өзгерістері. Иондар тасымалдануының ерекшеліктері және олардың ұлпалармен, мүшелермен таралуы. Иондардың термен және несеппен шығарылуы. Минералды алмасу реттелуінің биохимиялық механизмдері. Дене жұмысы кезіндегі минералды заттар алмасу ерекшеліктері.

Адам ағзасындағы зат алмасу процестерінің өзара байланысы және реттелуі

Көмірсулар, майлар және белоктар алмасуларының өзара байланысы; аралық өнімдердің түзілуі; басты метаболиттер айналымының бірдей жалпы жолдары; әртүрлі қосылыстардың өзара айналулары. Әртүрлі қосылыстар метаболизміндегі А— ацетилкоферменттің орталық маңызы. Химиялық реакциялар жылдамдығы -негізгі реттеуші фактор.

Ағзаның маңызды реттегіш жүйелері: жасуша деңгейіндегі өздігінен реттеу жүйесі, эндокринді жүйе, жүйке жүйесі, жасушалы ажырату жүйесі.

Реттегіш әсерлердің жасуша деңгейінде жүзеге асу жолдары.


Қызметті салмақтың әсер ету заңы бойынша реттеу. Реакция
жъілдамдьіғьін субстраттар және кофакторларға қолайлы өзгерістер
есебінен реттеу. Жасуша мембраналарының және жасушааралық
құрылымдардың зат алмасуды реттеуге қатысуы. Фермент
белсенділігін реттеу. Реттегіш ферменттер туралы түсінік.

Жасушадағы ферменттер мөлшерінің реттелуі; ферменттер түзілуінің индукциясы және репрессиясы.

Заттар алмасуының эндокринді реттелуі. Гормондардың химиялық
табиғаты жайында жалпы түсініктер: гормондар-белоктар;

гормондар-аминқышқылдарының туындылары, стероидты гормондар. Гормондар рецепторлары. Тізбекті АМФ, ГМФ және кальций иондарының гормондар мен ферменттер белсенділігі өзгеруіндегі маңызы. Гормондардың мембрана өткізгіштігіне әсері. Гормондардың ферменттер түзілуінің индукциясындағы және репрециясындағы маңызы.

Заттар алмасуының жүйкелік реттелуі. Заттар алмасуының жүйке ұлпасындағы ерекшеліктері. Медиаторлар түзілуі, олардың жасуша деңгейінде өздігінен әсер ету механизмі мен химизмі.

Спорттық биохимия. Бұлшық еттер және бұлшық ет жиырылуы биохимиясы

Бұлшық еттердің химиялық құрамы. Бұлшық еттегі судың,


белоктардың, көмірсулардың, липидтердің және минералды

заттардың мөлшері. Бұлшық еттегі макроэргтік қосылыстар, олардың концентрациясы және бұлшық ет талшығында таралуы. Бұлшық еттің маңызды белоктары: миозин, актин, тропонин, тропомиозин, саркоплазма белоктары, ядро белоктары, олардың қасиеттері және бұлшық ет талшығындағы құрылымды бірлігі. Миофибриллдердің молекулярлық құрылысы.

Бұлшық ет жиырылуы кезінде химиялық реакциялардың реті. Бұлшық ет жиырылуының ацетилхолинмен белсендірілуі. Бұлшық ет жиырылуы процесіндегі кальций иондары және молекулалық белоктардың маңызы. Миозиннің АҮФ-лық белсенділігі және оның бұлшық ет жиырылуы қызметіндегі маңызы. Жиырылу процесіндегі актиннің және миозиннің өзара әсері. Бұлшық ет босаңсу кезіндегі химиялық реакциялар. АҮФ-ның бұлшық ет қызметіндегі екі кезенді маңызы.

Бұлшық ет қызметі кезіндегі қуат көздері

АҮФ-ы концентрациясының тұрақтылығы - бұлшық еттердің жиырылу өрекетінің қажетті шарты. Бұлшық ет қызметі кезінде АҮФ-ы қайта түзілуінің анаэробты және аэробты жолдары. Осы процестердің сипаттамасы: қуаттылығы, метаболиттің сыйымдылығы, қуаттың тиімділігі, жылжымалы жылдамдылығы.

АҮФ-ң креатинфосфокиназа реакциясында қайта түзілуі. Дене
жүктемелері кезіндегі креатинфосфокиназды реакциялар

жылдамдығын реттеу ерекшеліктері. Бұл реакцияның бұлшық ет қызметін қуатпен қамтамасыз етудегі маңызы.

АҮФ-ң гликолиз процесінде қайта түзілуі. Бұлшық етқызметі кезінде гликолитті процесті реттеу ерекшеліктері. Бұлшық ет қызметі кезінде сүт қышқыльшың зат алмасуға әсері. Янтарь қышқылының анаэробты түзілуіндегі АҮФ-ң қайта түзілуі.

Миокиназды реакция, жүмыс жасап түрған бұлшық еттердегі АҮФ-ы концентрациясының тұрақтылығын сақтаудағы және қуат алмасу ферменттерінің белсенділігін реттеудегі маңызы.

АҮФ-ң тотықтыра фосфорлану процесінде қайта түзілуі; оның бұлшық ет қызметін қамтамасыз етудегі маңызы. Әртүрлі сипатты дене жүктемелері кезінде тотығу және фосфорлану деңгейінің өзгерістері.

Бұлшық ет қызметі кезіндегі адам ағзасында болатын биохимиялық өзгерістер динамикасы. Шаршаудың биохимиялық негіздері

Жұмыс кезіндегі оттегі қолданылуы. Оттегі тасымалдануының биохимиялық негіздері және оның бұлшық етте қорға жиналуы. Қанның және ұлпалардың химиялық құрамы және температурасы өзгерістерінің оттегін тасымалдаушы белоктармен химиялық байланысу процестеріне әсері. Бұлшық ет жұмысы кезіндегі тұрақты күй және оттегі қолданылуы туралы түсінік. Оттектік мұқтаждық және оттектік борышқа әкеп соғатын биохимиялық процестер. Жаттығу қуатының қүндылығы және оттетік қажеттілік.

Әртүрлі сипатты бұлшық ет қызметі кезінде қуат көздерін пайдалану ерекшеліктері. Бұлшық ет қызметі кезіндегі қуат алмасуының реттелуі.

Әртүрлі сипатты бұлшық ет қызметі кезінде қаңқа бұлшық еттеріндегі, қандағы, миокардтағы, бауырдағы, мидағы биохимиялық өзгерістер. Жұмыстың қарқыны және ұзақтығына байланысты дене жаттығуларын жіктеудің биохимиялық белгілері.

Шаршаудың дамуына әкеп соғатын биохимиялық өзгерістер: қуат көздері қорларының төмендеуі, ағзаның ішкі ортасының гомеостаз қызметін пластикалық қамтамасыз етудің бұзылуы; „ жұмысшы" алмасу өнімдерімен ферментативті белсенділіктің төмендеуі; зат алмасу процестерінің жүйкелі және гормоналді рттелуінің өзгерістері. Шаршаудың дамуындағы орталық және шеткі факторлар маңызы. Шаршаудың әртүрлі көріністерінің биохимиялық сипаты. Шаршау күйінің биохимиялық белгілері.

Бұлшық ет қызметінен кейін тынығу кезеңіндегі ағзадағы биохимиялық өзгерістер

Бұлшық ет қызметінен кейін тынығу кезеңіндегі биохимиялық процестер барысының ерекшеліктері. Оттектік борышты „өтеудегі" биохимиялық процестер. Бұлшық ет жұмысы кезіндегі түзілген зат алмасудың аралық өнімдерін жою. Оттектік борыш көлемінің жұмыс кезіндегі анаэробты өзгерістер мөлшерімен ара қатынасы.

Зат алмасудың анаболиттік сатысы. Ыдырау және қайта түзілу процестерінің өзара байланысы. Қайта қалпына келудің біркелкі болмауы. Бұлшық ет жүмысы кезінде ыдырайтын заттардың қайта түзілу реті. Қайта қалпына келу процестері үшін липидтерді қуат көзі ретінде қолдану. Белоктар түзілуін күшейту. Шектен тыс қайта қалпына келу (суперкомпенсация) құбылысы. Шектен тыс қалпына келу сатысындағы биохимиялық процестер реттелуінің ерекшеліктері.

Спорттық жаттығу процесіне бейімделудің биохимиялық
заңдылықтары

Жаттығудың „жедел", „кешіктірмелі " және „кумулятивті " тиімділігінің биохимиялық көріністері. Жедел биохимиялық өзгерістердің жаттығу кезінде дене жүктемелері сипатына (қарқынына, ұзақтығына, жұмыс тәртібіне, жұмысқа қатысқан бүлшық еттер санына және т.б.) тәуелділігі. Дене жүктемелері түрлерінің ағзадағы биохимиялық өзгерістер бағыты бойынша жіктелуі. Тынығу кезеңінің әртүрлі сатыларында дене жүктемелерін қайталай орындау кезіндегі био-химиялық процестердің өзара әрекеті. Жүйелі жаттығу және жаттығу әсері төмендеу нәтижесінде жұмыс қабілетінің өсу негізіне жататын бейімделген биохимиялық өзгерістер, олардың даму заңдылықтары. Жүйелі жаттығу кезіндегі биохимиялық өзгерістер реттілігі. Шамадан тыс жаттығу кезінде ағзадағы биохимиялық өзгерістер.



Спортшы қимыл сапаларының биохимиялық сипаты және
оларды дамыту әдістері

Спортшының күш-шапшаңдық сапаларының биохимиялық негіздері. Бұлшық ет күші және жиырылу жылдамдығы көріністерін анықтайтын биохимиялық және құрылымдық факторлар. Жиырылудың күші, жылдамдығы және қарқыны арасындағы байланыстың биохимиялық негіздері.

Спортшының шапшаңдық - күш қасиетін дамыту кезінде бұлшық еттер және жүйке талшықтарындағы биохимиялық және құрылымдық өзгерістер.

Спортшы бұлшық етінің максималды күшін, бұлшық ет салмағын және жылдамдық қасиетін арттыруға бағытталған шынығу әдістерінің биохимиялық ерекшеліктері.



Спортшы төзімділігінің биохимиялық негіздері. Спортшылардың төзімділігін анықтайтын биохимиялық факторлар. Төзімділіктің алактатты, гликолитті және аэробты компоненттері. Төзімділіктің ерекше көрінісі. Спортшы төзімділігінің әртүрлі белгілерін дамытуға бағытталған шынығу әдістерінің биохимиялық ерекшеліктері.
4.4. Студентің өздік жұмысының мазмұны.

4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі (күндізгі оқу түрі)


№ р/н

СӨЖ-дің түрі

Бақылау формасы

Бақылау түрі

Сағат саны

1

2

3

4

5

1

Дәріс сабақтарына дайындық




сабақтарға қатысу

15*1=15

2

Практикалық жұмыстарға дайындалу

Зертханалық жұмыстардың кестелерін дайындау және т.б.

Зертханалық жұмысты істеу үшін рұқсат алу.

0,5*15=7,5

3

Аудиториялық сабаққа кірмеген қосымша материалдарды оқу, өңдеу

Конспект және т.б.


Коллоквиум және т.б.


1*8=8

4

Үй жұмысын орындау

Конспект

Семинар

20



5

Бақылау шараларға дайындалу межелік бақалауға дайындалу




Барлығы'>МБ1 және МБ2, коллоквиум және т.б.

9,5

Барлығы

60

СӨЖ түрлерінің тізімі (сырттай оқу түрі)


№ р/н

СӨЖ-дің түрі

Бақылау формасы

Бақылау түрі

Сағат саны

1

2

3

4

5

1

Дәріс сабақтарына дайындық




сабақтарға қатысу

0,5*6=3

2

Практикалық жұмыстарға дайындалу

Зертханалық жұмыстардың кестелерін дайындау және т.б.

Зертханалық жұмысты істеу үшін рұқсат алу.

0,5* 6=3

3

Аудиториялық сабаққа кірмеген қосымша материалдарды оқу, өңдеу

Конспект және т.б.


Коллоквиум және т.б.


38

4

Үй жұмысын орындау

Конспект

Семинар

30

5

Бақылау шараларға дайындалу межелік бақалауға дайындалу




МБ1 коллоквиум және т.б.

4

Барлығы

78



Қорытынды түрлердің өтпелі үлгерім кезіндегі баллдарды бөлу




Бақылау түрі

Баллдардың максимальды саны

Рейтинг 1

Рейтинг 2













Өтпелі бақылау, соның ішінде:

100

100

1

Сабаққа қатысу, дайындалу және топта жұмыс

16

14

2

Зертханалық жұмысты әзірлеу және қорғау

48

42

3

Қосымша материалды дайындау

20

20

4

Реферат

16

24


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет