5В010801 Дене шынықтыру және спорт Анатомия, спорт морфологиясының негіздері


Тақырып Жүрек қан тамырлар жүйесі



бет8/18
Дата25.05.2023
өлшемі378.5 Kb.
#474261
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
9 Тақырып Жүрек қан тамырлар жүйесі
Тамырлар жүйесінің жалпы көрінісі. Қан өткізу жүйесінің қызметі. Тамырлардың топтастырылүы. Қан тамырлар қабырғаларының құрылысы. Артерия мен вена тамырларының айырмашылығы. Бұлшық етті және эластикалық артериялар. Мүшелердің сыртындағы және ішіндегі тамырлар.
Капиллярлар. Қан микроциркуляторлық жолдары: артериялар, капиллярлар, соңғы капиллярлар және венулалар. В.В.Купряновтың мектебі, соның әдісімен шағын айналымындағы қан ағысын зерттеу. Қан айналым шеңберлері: үлкен, кіші және жүректің. Артерия тамырлардың зандық жалпы қалыптасуы. Вена арнасының қуысы. Мүшелердің ішкі қан айналымы. Ғажап торы. Веноздық қойнаулары (синустары). Анастомоз және коллатераль қан айналымы туралы түсініктер. В.Н. Тонковтың жұмыстары және оның коллатеральдік қан айналымы туралы мектебі.
Жүрек. Пішіні, орналасу жағдайы, жоғарғы қабаты, шеттері, шекарасы. Жүректің фиброздық құрамы. Жүректің құрылысы: эндокард, миокард, эпикард, перикард. Жүрек бөліктері: жүрекшелер, қарыншалар, олардың құрылысы мен аткаратын қызметі. Оң жақ және сол жақ жүрекше-қарынша саңылаулары. Жүректің қақпақшалары, олардың құрылысы, орналасуы және атқаратын қызметі. Жүректің емізік бұлшық еттері мен сіңірлі шектері. Жүректен қанды алып шығатын тамырлар (қолқа, өкпе тамыр), жүрекке қан алып келетін тамырлар (жоғарғы жөне төменгі қуысты веналар). Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі және жүйкелендірілуі. Жүректің өткізу жүйесі және атқаратын қызметінің мәні.
Үлкен қан айналымдағы тамырлар. Қолқа. Оның бөліктері мен орналасу жағдайы. Қолқаның өреу бөлімінің тарамдары. Қолқа доғасының бұтактары: иық-бас күретамыры, жалпы оң және сол жақ жалпы үйқы артериялар, олардың жолдары және қамтамасулары. Сыртқы үйкы артерия және оның негізгі тарамдары. Ішкі үйқы артерия оның орналасуы, жолы, негізгі тарамдары, қамтамасыз ету аймақтары. Үлкен ми негізіндегі қан айналымы. Бүғана асты артерия, оның орналасу жағдайы, тарамдары, қамтамасыз ету орындары. Қолдағы артериялар: қолтық асты, қар, шынтақ, шыбық, қол бас, олардың жолдары және олардың қамтамасулары. Төмендеген қолқаның бөліктері: кеуде қолқа жөне құрсақ қолқа. Қолқаның кеуде бөлігі, оның париетальді және висцеральді тарамдары. Қолқаның құрсақ бөлігі, оның париетальді жөне висцеральді тарамдары. Жалпы мықын артериялар, олардың ішкі жөне сыртқы тамырларға бөлінуі. Ішкі мықын артерияның қамтамасыз ету аймақтары. Сыртқы мықын артерияның бұтақтары, аяқты қамтамасыз етуі.
Аяқтагы артериялар: сан, тізе асты (тақым) артериялар, үлкен жіліншіктің артқы және алдыңғы артериялар, аяқ бастың артериялары.
Веналар. Жоғарғы қуысты вена, орналасуы мен ағысы. Мойын мен бас вена тамырлары. Бүғана асты вена. Қолдың сыртқы және терең веналары. Төменгі қуысты вена, орналасуы мен ағысы. Қақпа венасы. Терең және сыртқы аяқ веналары.
Кіші қан айналымдағы өкпе тамырлар. Өкпе діңі, өкпенің артериялары мен өкпе веналары.
Иммуногенез мүшелер мен лимфатикалық жүйе. Лимфатикалық жүйе және оның жалпы көрінісі. Лимфа капиллярлар, тамырлар, лимфа сабақ және лимфа өзегі, олардың құрылысы, ерекшеліктері және атқаратын қызметтері. Лимфаның құрамы. Шеткі, аралық және орталық лимфалар. Массаждың теориясы мен тәжірибесі үшін лимфалық жүйе бойынша білімнің маңызы.
Иммуногенез мүшелері. Айырықша безі, оның орналасуы, құрылысы, атқаратын қызметі. Қызыл сүйекті ми. Талақ, оның орналасуы. Сыртқы жөне ішкі құрылысы. Қанмен қамтамасыз етілуі және оның қызметі. Бадамша бездері, топтастырған және жеке лимфалық түйіндері, олардың орналасқан жерлері, құрылысы мен атқаратын қызметі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет