5В010801 Дене шынықтыру және спорт Анатомия, спорт морфологиясының негіздері



бет9/18
Дата25.05.2023
өлшемі378.5 Kb.
#474261
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
10 Тақырып Ішкі секрециялық мүшелер
Ішкі секрециялық мүшелердің жалпы көрінісі және жіктелуі, қан жөне жүйке жүйелерімен қызметгік байланысы. Гормондар олардың адам организміне әсері. Эпифиз, гипофиз, қалқан безі, қалқан маңы бездері, үйқы безінің эндокриндік бөлігі, бүйрек үсті бездері, олардың орналасуы, құрылысы және атқаратын қызметі. Хромаффиндік жүйе.
Жыныс бездерінің ішкі секреторлық бөлігі. Аталық безі және аналық бездерінің ішкі секрециялық маңызы. Организмнің жалпы қызметін реттеуде ішкі секрециялық бездердің мәні. Тура және кері байланыстары.
11 Тақырып Жүйке жүйесі
Жүйке жүйесінің жалпы көрінісі. Организмнің өмір сүру әрекетіндегі жүйке жүйесінің аткаратын манызы. Рефлекторлық доға-рефлекстік материалдық негізі. Оның анатомиялық құрамы. Жүйке жүйесін талдау. Орталық, шеткі, соматикалық және вегетативтік (автономдық) жүйке жүйесі құрамы. Жүйке жүйесінің дамуы.
Орталық жүйке жүйесі. Жұлын. Орналасуы, пішіні, құрылысы. Жұлынның сегменті және оның құрамдық элементтері: түбірлер, түйіндері, жұлын тармақтары. Жұлын тармақтары, жуандаулары, салалары, жұлынның ақ затының бауы. Жұлындағы сұр зат, оның ядролары, олардың жергіліктері қызметтері. Орталық канал. Жұлынның түйіндері және жұлынның тармақтары. Жұлынның қабыршықтары: қатты, тор, тамырлы. Қабыршық арасындағы кеңістіктер және олардың сипаттамасы. Жұлынды байлаттыру аппараттары.
Бас ми. Мидың жалпы көрінісі. Ми бөліктері. Ми діні.
Сопақша ми. Оның ораласуы, ақ және сүр заттардың құрылыстары. Ромб тәрізді шүңқыр. Сопақша мидың негізгі ядролары, олардың жергіліктері және аткаратын қызметтері.
Артқы ми. Оның бөліктері. Ми көпірі, оның құрылысы, орналасуы, атқаратын қызметі. Ми көпірдің ядролары. Мишық, оның орналасуы, құрылысы және басқа жүйке жүйенің бөлімдерімен анатомиялық байланысы. Мишықтың ядролары және олардың қызметтік маңызы. Мидың төртінші қарыншасы.
Ортаңгы ми. Оның бөлімдері, олардың орналасуы, құрылысы, байланыстары. Ортаңғы мидың төбесі және оның қызметінің мәні. Ми сабақтардың ядролары және олардың қызметтері. Мидың суағары.
Аралық ми. Оның бөлімдері. Таламус, эпиталамус, метаталамус және гипоталамус, олардың орналасуы, құрылысы және атқаратын қызметінің мәні. Мидың үшінші қарыншасы және оның қатынастары. Ми діні мен жүлынның ретикулярлы формациясы туралы түсінік. Оның кызметтік мәні.
Шеткі ми. Үлкен мидың жарты шарлары, олардың кабығы. Мидың иіс сезу бөлігі. Жарты шарлардың сыртқы беттерінің көрінісі: бөлімдері, салалары, катпарлары. Жарты шарлардың сүр және ақ заттары. Жарты шарлардың қыртысы және құрылысы. Ми қыртысындағы анализаторлардың қыртыстық шеттердің жинақты орындары және олардың қызметтік мәні. Ми негізінің базальдік ядролары, олардың орналасуы және қызметтік мәні. Мидың бүйір қарыншалары, олардың қатынасулары. Қарыншалардың тамырлы өрімдері. Жұлын ми сүйықтығы. Сүйелді дене.
Ми қабықтары: қатты, торлы, тамырлы. Бас мидың қатты қабы. Мидың қатты қабының тамырлары. Торасты кеңістіктер, цистерналары. Жүлын-ми сүйықтықтың айналмалуы. Жұлынның кабылары,олардың оналасу ерекшеліктері.
Орта жүйке жүйесінің өткізгіш жолдары және олардың рефлекторлық доға құрауына қатынасуы. Өткізгіш жолдардың топтастырылуы. Ассоциативтік, комиссуральдік және жобалық жолдары. Қысқа және ұзын жобалық өткізгіш жолдары. Өрлеу жолдары: латеральды жұлынталамус жолы, жіңішке және сыңарлы бұталары, артқы және алдыңғы жолдары. Төмендеген жолдары: латеральды және алдыңғы қыртыс-жүлын (пирамидалық) жолдары. Нейрондық құрамы, ядролардың жинақтығы (нейрондардың денелері) және олардың қызметтік маңызы. Экстрапирамидалық жүйе. Қызыл ядро- жүлын ми жолы, оның нейрондық құрамы, ядролардың жинақтығы және қызметтің маңызы.
Шеткі жүйке жүйесі. Бас мидың тармақтары (қиян жүйкелері). Бас сүйек жүйкелерінің сипаттамасы. Жүлын мен бас сүйек жүйкелерінің үқсастықтары мен айырмашылықтары. Сезім мүшелерінің дамуындағы ерекше сезімталдығы қиян жүйкелерінің иіс сезу (1), көз көру (11) және кіреберіс - қүрыш (VI11) ерекшелік құрылыстары. Қозғалтқыш бас сүйек қиян жүйкелердің: көз қимыл (111), блок төрізді (1 V), әкеткіш (VI), бет (VII), қосымша (XI) және тіласты (XII) құрылыстардың ерекшеліктері. Ядролардың орналасуы, мидың негізінен, бас сүйек қысымынан шығу орындары және жүйкелендіру орындары жөне жүйкелендіру орындары. Аралас қиян жүйкелер: үшкіл (V), тіл жүтқыншақ (IX), кезбе (X), олардың сипаттамасы, ядролары, жүйкелендіру орындары. Ill, V, V11,1X,X киян жүйкелердің вегетативтік жеке жүйесімен байланыстары. Қиян жүйкелердің бас және мойын жоғарғы қабатына жобалануы.
Жүлынның жүйкелері. Олардың қүрылуы, орналасу жағдайы, жүйке талшықтары мен тармақтарының құрамы. Жұлын жүйкелерінің артқы тармақтары, олардың жолдары және жүйкелендіретін орындары. Жұлын жүйкелерінің алдыңғы тармақтары. Жүйке өрімдері.
Мойынның жүйке өрімі, құрылуы, орналасу жағдайы, негізгі тармақтары мен жүйкелендіру аймақтары. Адам денесінің жоғарғы қабатындағы мойын өрімдері тармақтарының жобалануы.
Иық жуйке өрімі. Оның құрылуы, бөліктері мен орналасу жағдайы. Бұғана үстіңгі бөліктің тармақтары жөне олардың жүйкелендіру аймақтары. Бұғана асты бөліктің тармақтары: қолтық асты, ортаңғы, шыбық , шынтақ, тері- бұлшық ет жүйкелері, олардың жолдары және жүйкелендіру аймақтары. Қолдың бұлшық ет жеке топтарының жөне аймақтарының жүйкелері. Қол жүйкелерінің адам денесінң жоғарғы қабатына жобалануы.
Кеудедегі жүлын жуйкелерінің алдыңғы тармақтары (қабырғааралық жүйкелері) олардың жолдары мен жүйкелендіру аймақтары.
Белдің жүйке өрімі. Оның кұрылуы, орналасу жағадайы, негізгі тармақтары (мықын-құрсақ асты, мықын-шат, сан-жыныс, сан, жапқыш, санның сыртқы терлік жүйкесі), олардың жолдары мен жүйкелендіру аймақтары.
Сегізкөз жүйке өрімі. Оның құрылуы, орналасу жағдайы, тармақтары (бөксе, жыныстық, санның артқы терілік, отырғыш), олардың жолдары және жүйкелендіру аймақтары. Отырғыш жүйкенің бұтақтары: үлкен жіліншіктеренді, кіші жіліншік және жалпы беттегі, олардың жолдары мен жүйкелендіру аймақтары. Құймышақ жүйке өрімі. Аяқ бұлшық ет жеке топтарының және тері аймақтарының жүйкелендірілуі. Аяқ жүйкелерінің адам денесінің жоғарғы қабатына жобалануы.
Рефлекторлык, доға-рецепторлар, өткізгіш жолдары, дененің жеке бөлімдерінің проприорецептивтік анализаторлар. Афферентік, орталық (қыртыс асты, қыртыс) эфференттік бөлімдері.
Вегетативтік (автономдық) жүйке жүйесі. Вегетативті жүйке
жүйенің жалпы сипаттамасы, оның бөліктері. Вегетативті жүйке
жүйенің (симпатикалық, парасимпатикалық) соматикалықтан құрылыс-қызыметінің айырмашылығы. Вегетативті жүйкесінің жоғарғы бөліктері. Вегетативті жүйке жүйенің бас мида және жүлында шеткі орталықтары. Вегетативтік жүйке жүйенің омыртқа аралықтағы мен мүшелердің ішіндегі (интрамуральды) түйіндері.
Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігі. Симпатикалық жүйке жүйесінің орталық және жеткі бөліктері. Симпатикалық діні, оның орналасу, құрылысы, түйіндері және бөлімдері. Ішкі үйқы, жүрек және ішкі мүшелердің жүйкелері. Симпатикалық жүйке жүйенің құрсақ (сәулелі) қолқа, жамбас және тағы басқа өрімдері, жоғарғы және төменгі шажырқай түйіндері. Симпатика жүйесінің рефлекторлық доғасы.
Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігі. Вегетативті жүйке жүйенің парасимпатикалық бөлігінін, ортаңғы-ми және сопақша ми бөліктері бас ми діні бөліктің вегетативтік ядролары және жұлындағы ядросы, олардың жинақты орындары және қызметтері. Парасимпатикалық жүйке жүйенің шеткі бөлігі. Парасимпатикалық талшықтары: көз қозғалтқыш, бет, тіл-жүтқыншақ, кезбе және жамбас жүйелер, олардың жұптасқан орны және қызметтік маңызы. Вегетативті жүйке жүйенің бейімделу - трофикалық қызметі, оның спортшыларға тиісті маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет