5В010801 Дене шынықтыру және спорт Анатомия, спорт морфологиясының негіздері


№5 Зертханалық сабақ Жүрек қан тамырлар жүйесі



бет16/18
Дата25.05.2023
өлшемі378.5 Kb.
#474261
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
№5 Зертханалық сабақ Жүрек қан тамырлар жүйесі
Сабақтың мақсаты: жүректің құрылысын, қанмен қамтамасыз етілуін және жүйкелендірілуін, үлкен және кіші қан айналымдағы тамырларды зерттеу.
1 Жүректін пішіні, орналасу жағдайы, жоғарғы қабаты, шеттері, шекарасы. Жүректің құрылысы: эндокард, миокард, эпикард, перикард. Жүректің қақпақшалары. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі және жүйкелендірілуі. Жүректің өткізу жүйесі және атқаратын қызметінің мәні.
2 Үлкен қан айналымдағы тамырлар. Қолқа. Оның бөліктері мен орналасу жағдайы. Қолқа доғасының бұтактары. Артериялар. Үйкы артерия, бүғана асты артерия, қолдағы артериялар, қолтық асты, қар, шынтақ, шыбық, қол бас. Төмендеген қолқаның бөліктері: кеуде қолқа жөне құрсақ қолқа.Аяқтағы артериялар. Веналар.
3 Кіші қан айналымдағы өкпе тамырлар. Өкпе діңі, өкпенің артериялары мен өкпе веналары.
4 Адам өміріндегі жүрек қан тамырлар жүйесінің манызы туралы қорытынды жасау.
Әдебиеттер [1-11]


№6 Зертханалық сабақ Жүйке жүйесі
Сабақтың мақсаты: бас мидың бөлімдерінің орналасуын, құрылысын және атқаратын қызметтерін зерттеу.
1. Сопақша ми. Оның ораласуы, ақ және сүр заттардың құрылыстары. Ромб тәрізді шүңқыр. Сопақша мидың негізгі ядролары, олардың жергіліктері және аткаратын қызметтері.
2 Артқы ми. Оның бөліктері. Ми көпірі, оның құрылысы, орналасуы, атқаратын қызметі. Мишық, оның орналасуы, құрылысы және басқа жүйке жүйенің бөлімдерімен анатомиялық байланысы. Мишықтың ядролары және олардың қызметтік маңызы. Мидың төртінші қарыншасы.
3. Ортаңгы ми. Оның бөлімдері, олардың орналасуы, құрылысы, байланыстары. Ортаңғы мидың төбесі және оның қызметінің мәні. Ми сабақтардың ядролары және олардың қызметтері.
4 Аралық ми. Оның бөлімдері. Таламус, эпиталамус, метаталамус және гипоталамус, олардың орналасуы, құрылысы және атқаратын қызметінің мәні. Мидың үшінші қарыншасы және оның қатынастары. Ми діні мен жүлынның ретикулярлы формациясы туралы түсінік. Оның кызметтік мәні.
5 Ми қабықтары: қатты, торлы, тамырлы. Бас мидың қатты қабы. Мидың қатты қабының тамырлары. Торасты кеңістіктер, цистерналары. Жүлын-ми сүйықтықтың айналмалуы. Жұлынның кабылары,олардың оналасу ерекшеліктері.
Әдебиеттер [1-11]

7 Зертханалық сабақ Сезім мүшелері


Сабақтың мақсаты: дәм және иіс сезу мүшелерінің құрылысын зерттеу; терінің құрылысын және тері рефепторларды қарастыру.
1 Дәм сезу мүшесі. Тілдің шығыршықты қабықшасы, тілдің дөм сезу бүрлері, олардың орналасулары. Дәм сезу анализаторлардың рецепторлары, өткізгіш жолдары жөне орталығы.
2 Иіс сезу мүшесі. Мұрын құрылыстарының тыныс алу жөне иіс бөлімдері. Иіс сезу жүйке және оның шеткі аппараты. Иіс сезу рецепторлары, өткізгіш жолдары, қыртыс асты жөне қыртыс орталықтары.
3 Дененің жалпы сыртқы қабаты. Тері, оның құрылысы, атқаратын қызметі. Эпидермис, нағыз тері (дерма). Тері астырғы қабаты. Терінің қосымшалары: шаш, тырнақ жөне май шығару бездері. Терінің қан тамырлары. Тері рецепторлары, олардың қыртыс асты жене қыртыс орталықтары.
Әдебиеттер [1-11]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет