5В050300 «Психология» мамандығының студенттеріне арналған


Психологиялық алдын-алу жұмыстары



бет16/35
Дата17.04.2024
өлшемі0.55 Mb.
#498999
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
5.Психологиялық алдын-алу жұмыстары. Психологиялық алдын-алу жұмыстарының негізгі ұстанымдары:
- балаға жекелік (оның жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына, ақыл-ой даму деңгейіне, үлгерімі т.б. тәуелсіздігіне) ықпал ету;
- баланың ең алдымен жас ерекшелігін, қалыптасушы тұлға типін және қасиеттерін есепке алу;
- ең алдымен қалыптасып келе жатқан тұлға типтерін, оның жекелік ерекшеліктерін, баланың өмір сүру жағдайында “қиындықты” түсінуі және білім мазмұны, патогенді жағдайдың және тұлғалық белгінің өршуіне негіз болатын көзқарасты ескеру;
- баланың жеке абс дамуында зияндық сипат: психлогиялық қорғану механизмі және копингтік мінез-құлық ерекшелігін ескеруді қажет етеді;
Алдын алу жұмыстарының түрлері:
-Тікелей оқыту, бала мен ата-ананың білім мен дағдыны меңгреуі психикалық бұзылыстың алдын алуға негіз болады.
-Стресс жағдайының пайда болуы, тұрақты және қолайлы хал-ахуал жасау мүмкіндіктерін төмендетеді;
“Отбасы татулығы қызметінің” мазмұны осы әдістемелік құралдың 4 тарауында толық көрсетілген.
Отбасы татулығы қызметін құру қажеттігі
соңғы жылдары баланың құқықтық сауаттылығына қатысты мәселелер көптеп қарастырылуда. Олардың көпшілігі ата-ананың құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған ақпартты-ағартушы әрекет түрінде жүргізіледі. Ата-ана мен баланың психологиялық сауаттылығын дамыту мақсаты, қолайсыз отбасының қалыптасуын алдын-алуда маңызды және өзекті жұмыс болып табылады.
Отбасы татулығы қызметі осы мәселелерді үш бағытта шешеді:
1. Баланы психологиялық қолдау;
2. Ата-анамен психологиялық ағарту жұмыстары;
3. Отбасы татулығын сақтау жұмыстары;
Аталған бағыттар тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты базасында “Баланың жеке басын дамыту мектебі” және “Ата-аналар мекебі” және Шымкент қаласындағы отбасына қолдау көрсету психологиялық орталықтарының негізгі қызметі болып табылады.
1. Мақсаты және міндеттері;
-Бала және отбасының үйлесімді дамуын қолдауға бағытталған қызметтер сапасын көтеру арқылы, бала және отбасы өмір сүру деңгейін жақсарту;
-Отбасында психологиялық сауаттылық мақсаты ақпараттық-ағарту ұйыммен азаматтық қоғам құрылымдары арасында серіктестік қарым-қатынас орнату;
-Биологиялық отбасында баланы психологиялық қолдау арқылы тиімді дамуына жағдай жасау;
-Баланың биологиялық отбасында нәтижелі дамуын қамтамасыз ету және психологиялық жол көрсетілу негізі ата-анамен әріптестік деңгейде қарастырылады;
-Отбасы жұмысына негізделген ұстанымдар нақты “Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы” еңбегінде қарастырылған.
Отбасы жұмысында қажетті жаңалықтар:
Отбасы-бала дамуы мен қалыпты өмір сүруіне тиімді жалғыз мүмкіндік орын;
Бала үшін туған отбасы, діңгек болып табылады, сондықтан отбасындағы негізгі жұмыс сәтсіздікті жоюға, алдын алуға бағытталады;
Әрбір жағдайдың бірегейлігі кез-келген ойдан хабар береді, соындықтан көмек беруге икемділік қажет;
Серіктестік - өзара әрекеттестіктің барлық жағының негізгәі ұстанымы;
Қызметтің мобильділігі – отбасымен жұмы жасаудың бірінші нәтижесі;
“Баланың жеке басын дамыту мектебі” және “Ата-аналар мектебінде” психологтың негізгі этиклық қалыптарына келесілер кіреді:
- құзырлылық – психолог маман иесі отбасында, әдіс тәсілдерді қолдану арқылы көмектеседі. Стандарта бала және ересекті қорғау үшін қарастырылған сналы пікір мен іс-шараларды мұқият қолдану;
- нақтылық және кәсіби жауапкершілік. өз іс-әрекетінде психолог әділ, құштарлы және жауапты маман болып табылады. Кез-келген адамға құрметпен қарайды. Атқаратын әлеуметтік ролдерін нақты ажыратып, соған сәйкес қызмет атқарады.
- адам құқығы және абыройын құрметтеуі. Психолог индивидтің жеке құқығын, өзіндік анықтауын және автономиясын құрметтейді. Диагностикалық және коорекциялық шараларды жүргізер алдында, ол бала мен ата-ананың нақты келісімдерін алады. Психолог клиенттердің мәдени, жекелік және ролдік ерекшеліктеріне түсіністікпен қарайды және осы факторлармен байланысты түсініспеушліктерді жедел анықтап отырады.
- айналаның қолайлы сипатына қамқоршы. Өз іс-әрекетімен психолог әрекетке түсетін бала мен ересек өміріне қолайлылық енгізуге ұмтылады. Туындаған қақтығысты жауапты түрде шешеді. Шынайы түрде басқа адамның ерекшелігіне мұқият қарайды.
- әлеуметтік жауапкершілік. Адамның қолайлы өмір сүруіне өз үлесін қосуда, маман психологиялық білімді көтеруді жариялайды.
Аталған ұстанымдары ескерілуі “Баланың жеке басын ждамыту” және “Ата-аналар мектептерінде” жұмысты тиімді ұйымдастыру, сонымен қатар отбасы татулығына бағытталған маңызды психологиялық жағдайлардың бірі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет