5В050300 «Психология» мамандығының студенттеріне арналған


Психологиялық диагностика



бет15/35
Дата17.04.2024
өлшемі0.55 Mb.
#498999
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
1. Психологиялық диагностика.
Топты психологиялық зерттеу, жекелік психодиагностика патогенді және эмоционалды күйлері (ең алдымен қобалжу және қысым), жекелік-психологиялық ерекшеліктерді және бала дамуына белгілі бір қиындықтар тудыратын және психикалық саулық бұзылысының негізгі факторы ретіндегі көріністерді анықтайды. Психологиялық диагностика нәтижесі психологтың алдағы коорекциялық жұмысын “Баланың жеке басын дамыту мектебі” және “Ата-аналар мектебі” тақырыптарында бала және ата-ана, топпен, тұтас отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, кеңес шараларының тиімділігін нақтылауда қажет.
2. Психологиялық коорекция.
Психологиялық коррекция психологиялық-педагогикалық кешен ретінде бір жағынан бала мен ата-ананың тұлға ішілік және тұлғааралық қақтығыстарды, тұлғалық қасиеттердің ауытқуы және теріс эмоционалды күйлерді жоюға, екінші жағынан психологиялық процестерді жетілдіру ата-ана мен баланың үйлесімді дамуын ықшамдау.
Психологиялық коорекция және психотерапия әдістерін қолдану бала мен ата-ана және отбасы жағдайында болатын өзгеріске қалыпты бейімделу ерекшеліктерін қолдайды.
3.Психологиялық ағарту.
Тұлғалық қалыптасуға бағытталған сабақтарда отбасы мүшелерін психологиялық ағарту, психологиялық білім және дамыта оқыту жұмыстар жүргізіледі. Психологиялық сабақтарды: оқытушы, дамытушы, қалыптастырушы, коорекциялық және терапевтік қызметтер атқарады. Ол бала мен ата-ана ішкі әлеміне үңіле отырып бүтіндік тұлғаға бағдарлануы, өзіндік сана және тиімді копингтік мінез-құлық қалыптасуын белгілі бір уақыт аралығында психологиялық қолдау көрсетуді көздейді.
Ата-анада психологиялық сауаттылықты дамыу, баланың жас және жекелік-психологиялық ерекшлеіктерін, психикалық саулығын сақтау туралы білімдер ұсынылады. Ата-анамен жүргізілетін ағарту жұмыстары нәтижесінде отбасы жағдайының сақталуын жауапкершілікті сезіну маңызды.
4.Психологоиялық кеңес беру – психолог шағымданып келген бала мен ата-ана мәселесін шешуге көмек береді, бағыттар ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет