5В050300 «Психология» мамандығының студенттеріне арналған



бет23/35
Дата17.04.2024
өлшемі0.55 Mb.
#498999
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
3.Қайта құру кезеңі. Бұл кезең топтық пікірде өтеді, ол отбасы мәселелеріне немесе бір отбасын жеке алып, сондай-ақ қарама-қарсы топтағы ұқсас мәселемен оның туыстарымен алмастыра қарастыруға болады. Бұл топта мінез-құлықтық тренинг өткізілумен қатар, талас сөзді ереже бойынша құрастыруды меңгертеді.
4.Қолдау көрсету кезеңі. Отбасылық терапияда жағдайға байланысты ролдік мінез-құлықтың кеңейтілген өрісін табиғи түрде пайдалануды меңгертеді және алдыңғы кезеңдерде қалыптастырған эмпатиялық қарым-қатынас дағдыларын бекіту болып табылады. Кеңес беру мен түзету жұмыстарында шынайы өмірде қолданатын қарым-қатынас дағдыларын меңгертеді. Отбасы терапиясы бойынша бөлінген кезеңдер процесті құрылымға келтіреді, диагностикалық көрсеткіштердің мақсаты мен көлеміне байланысты, психотерапиялық әдістердің жүйелі қолдануы негізделеді.
Отбасы психотерапиясында жиі қолданылатын тәсілдер:
1) Үнсіздікті мәнді пайдалану;
2) Тыңдай білу қабілеті;
3) Сұрақтар көмегімен меңгерту;
4) Қайталау;
5) Жинақтау және түйіндеу;
6) Аффект бейнесін нақтылау (ашып түсіндіру);
7) Конфрантация ерлі-зайыптыларда саналы меңгерілмеген белгілер, қатынас және мінез-құлық таптуарындарын қайта өңдеу мен саналы меңгеруге мақсатталған;
8) Ролдерде ойнау;
9) „Жанды скульптура” жасау;
10) Видеотүсіруді талдау;
2.1. Пало Алто мектебі.
Пало Алто мектебінің өкілі Джей Хейли, „мәселені шешу терапиясы” әдісінің авторы. Ол М.Эриксон бірнеше тәсілдерді бірге қарастырды. Хейли айтуынша отбасы қатынасына ерлі-зайыптылардың отбасы мүшелерінң арасын бақылау деңгейіндегі күрес болып табылады. Нышаны – қоршаған орта мінез-құлқын бақылау тәсілі. Джей Хейлидің пікірінше психотерапия міндеті әсер етудің басқа тәсілін қолдануына адамдарға мүмкіндік беру.
2.Психоаналитикалық от басы терапия. Психоаналитикалық отбасы терапиясының мақсаты – қастысушылардың өткен қатынастағы саналы түсінбнеуі емес, бүгінгі шындық негізінде бүтін сау тұлға деңгейінде өзара әрекетке түсу жағдайы, жеке басының өзгеруі болып табылады. Психоаналитикалық бағыттағы терапевттер басқаларға қарағанда олар да директивке жақын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет