5В050300 «Психология» мамандығының студенттеріне арналған


тақырып. Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері



бет26/35
Дата17.04.2024
өлшемі0.55 Mb.
#498999
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
17 тақырып. Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері.
Жоспары:
1. Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері.
1.Көптеген пікірлер бойынша отбасында жүргізілетін түзету және психотерапия процесі алғашқы сұхбаттасу процесінен басталады. Шын мәнінде ол маманның қандай да бір отбасы мүшесімен алғашқы кездесуінен-ақ басталып кетеді. Олардың біреуі, яғни отбасы мүшесі мектеп психологі, дәрігер, достары немесе қандай да бір таныстарының сілтеулері бойынша көмекке жүгінеді. Отбасы мүшесінде көмек алуға келместен, қандай түрдегі көмек алғысы келетіні туралы белгілі бір түсініктері қалыптасқан. Көп жағдайларда көмек сұраушы отбасылық мәселенің шешілуі үшін өзіне көп жауапкершілік алатын адам болып табылады.
Отбасының қай мүшесін бірінші сессияға шақыруды анықтау, өте үлкен маңызға ие. Мұны психолог көмек сұрауға келген отбасы мүшесінің берген мәліметтері негізінде анықтайды. Бірінші әңігмелесу барысында, психолог отбасы құрамы туралы сұрастырып, қай мүшесін мәселе көбірек толғандыратынын анықтауға кіріседі.
Жалпы, бірінші кездесуді белгілеу және жұмысты бастау қажеттігін шешуден бұрын, ең алдымен маман негізгі мәліметтерді алуы қажет:
1.Отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің немесе олармен бірге тұратын бақа да адамдардың жасы, жынысы).
2.Осыған дейін отбасы мүшелерімен қандай да бір психологиялық (түзету, жеке кеңес алу) жұмыс түрлері жүргізіледі ме, жүргізілсе қандай түрде және қашан?
3.Осы немесе басқа мәселеге қатысты отбасының қай мүшесінің мазасыздануы жоғары және қайсысында оның байқалуы басым?
4.Тағы кімнің осы мәселеге қатысы бар?
5.Бұл мәселе қай уақыттан басталды?
6.Отбасының қай мүшесі психотерапияға қатысуға дайын?
Бірінші сессияға кімді шақыру керектігін анықтауда, бұл деректер маман үшін қажетті ең қарапайым мәлімметтер ретін құрайды.
Ереже бойынша, түрлі нұсқаулар мүмкін болса да, жұмыс ата-аналармен және балалармен жүргізіледі. Қазіргі уақытта араласа отбасылар саны өсуде, онда ата-аналарының алғашқы некелерінен, сол сияқты жаңа некелерінен де балалары бар. Ажырасулар санының көбеюі бойынша және норма мен құндылықтар жүйелерінің өзгерулеріне байланысты, психолог жұмысы қандай да бір отбасының қалай ұйымдастырылғанын білемін деп ойлауына болмайды. Алғашқы болып келген отбасы мүшесінен отбасы құрамы туралы сұрауөте маңызды – бұл психологиялық көмекті кімнен бастау қажетттігін түсінуге мүмкіндік береді.
Алғашқы әңгіме барысында психолог оған келген отбасы мүшесінің үрейін жеңуге көмектесуі қажет. Егер де маман көмек сұрауға келген отбасы мүшесінің негізгі мәселесіне келіспеушілік білдіретін болса, оның үрейі күшеюі мүмкін. Мәселенің сол көзқарас бойынша анықталуын негізге ала, содан кейін оны түсінудің шекарасын бірнеше кеңейтуге ұмтылған орынды. Мәселе көбінесе отбасының түрлі мүшелері бастарынан кешіріп отырған дистресспен байланысты. Егер де көмекке жүгінген отбасы мүшесінің өзі мәселе қандай да бір мүшесімен байланысты деп есептегеннің өзінде, ол осыдан отбасы мүшесінің барлығының қандай да бір деңгейде тұтастай зардап шегетіндерін түсінеді.
Көмекке жүгінген отбасы мүшелерінің мінез-құлық ерекшеліктері, олардың психикалық қысымды жеңуге деген талпыныстарын көрсетеді. Жұмыстың алғашқы кезеңдерінде отбасы және барлық мәселелерін отбасының бір мүшесімен байланыстыру талпыныстары өте жақсы байқалады. Көмекке жүгінген отбасы мүшесі мәселені белгілі бір түрде шешу қажет деп есептеген жағдайда, психолог оның отбасындағы ролін және оның басқа да мүшелерімен өзара қарым-қатынасының қандай екендігін ескеру қажет. Психотерапияның ең басындағы отбасы мүшелерінің мінез-құлықтары, олардың өзара қарым-қатынастарын қаншалықты өзгертуге дайындықтарын білдіреді.
Бірнеше алғашқы сессиялар үшін отбасы мүшелерінің өз жеке мәселелерін басқа бір мүшесімен байланыстыру әрекеттері тән. Бұл өзінің бар зейінін қандай да бір нақты мәселеге шоғырландырып, үрейді анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар өзара қарым-қатынаста тепе-теңдікті ұстануға мүмкіндік береді. Отбасы мүшелерінің өздерінің өзара қарым-қатынас сипатына қатысты мазасыздануларының күштілігі және өздеріне сенімсіздіктің басым болуына орай олардың өз қажеттіліктері мен қызығушылықтарын анықтау күрделірек болады. Психотерапевт отбасы мәселелерін жүйелі тұрғыда бағалуы қажет және сонымен қатар отбасы мүшелеріне олардың тұлғалық өсулерін және дербестіліктерін қолдауға әрқашанда дайын екендігін білдіріп отыруы қажет.
Отбасы мүшелері психологқа шағымданып келетін алты негізгі топ мәселелері туралы айтуға болады. Олардың барлығы отбасы жүйесіндегі белгілі бір бұзылыстарды және отбасы өз дамуын қалай тұрақтандыратынын білдіреді.
1.Жеке мәселелер: отбасының ересек мүшесі өз күйімен мазасыздануы мүмкін, яғни үрей, депрессия, бүтін емес өзін сезінуі;
2.Ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер: ата-ананың баласымен (немесе бірнеше балаларымен) өзара қарым-қатынастарына көңілі толмайды;
3.Тікелей баламен байланысты мәселелер: оның құрбыларымен қарым-қатынастарындағы қиындықтар, оқу үлгерімінің төмендігі және т.б.
4.Сиблингтердің өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер: сиблингтер әрқашанда қақтығысады және ата-аналар оларға ешқандай ықпал ете алмайды.
5.Кеңейген отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынас мәселелері: кеңейген жанұя мүшесінің қандай да бір науқастануы немесе нуклеарлы отбасы үшін қиындықтар туындатады.
6.Ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер;
Мәселелер сипаты кімді бірінші сұхбатқа шақыру қажеттігін анықтайды. Егер де көмекке жүгінген отбасы мүшесі мәселенің негізі өзімен байланысты деп есептесе және жеке жұмыс жүргізу ниетін білдірген жағдайда, психолог отбасының барлық мүшесін алғашқы бірнеше сессияларға шақырудан бас тартуына болады. Сонымен қатар, психотерапевтік жұмы барысында отбасы мүшесінің мінез-құлқында болатын өзгерістер кейде оның жақындары тарапынан жағымсыз әсерленулер тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда әрі қарайғы психологиялық жұмысқа олардың қатысу қажеттігі пайда болады. Егер де мәселелер бала мен ата-ананың өзара қарым-қатынастарына байланысты болатын болса, бірінші сұхбаттасуға ата-аналардың екеуін де шақыру қажет. Келешекте психолог үшін баланың да қатысуы да қажет болады. Егер балада мектепте немесе құрбыларымен өзара қарым-қатынаста мәселелер туындаса, алғашқы сессияда ата-аналардың қатысуы, ал кейінірек отбасының басқа да мүшелерінің қатысулары қажетті. Практикалық тұрғыда баланың барлық мінез-құлықтық және эмоционалды бұзылыстары әрқашанда оның жақындарымен өзара қарым-қатынастарында көрініс табады. Егер де мәселе отбасы өзара қарым-қатынастарына қатысты болатын болса, психотерапияның алғашқы кезеңінен отбасының барлық мүшесінің қатысуын қамтамасыз ету қажет болады. Жиі жағдайларда сиблингтер арасындағы қақтығыстар белгілі бір түрде ата-аналардың өзара қарым-қатынастарымен байланысты.
Мәселе отбасы мүшесінің біреуіне қатысты болса, мақсатты түрде оның басқа да мүшелерін шақру қажет. Белгілі болғандай, мұдай түрдегі мәселелер, жекеше алғанда, отбасының қарт мүшелерінің денсаулық жағдайлары немесе отбасы өміріне шектен тыс араласумен шарттасады, қандай жағдай болмасын, мұның салдары үш ұрпақ өкілдерінде де көрініс табады. Психотерапевтік процесске қатыса отырып, үлкен кісілер өздерін отбасының маңызды ресурсы ретінде көрсетеді және оның мүшелеріне жауапкершілікті бөлісуге көмектеседі.
Егер де ата-аналар өз қарым-қатынастарын жақсартуға мүмкіндіктерді қарастыратын болса, психотерапевтік процесске балаларының қатысуы қажет болмайды. Олардың мақсатқа жетуі отбасының басқа да мүшелерінен көрініс табады және отбасы хал-ахуалының өзгеруі бала мінез-құлқының жағымды өзгерістеріне негіз болады (сонымен қатар Фримен пайымдауынша, жұмыстың алғашқы кезеңінде, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастары туралы толық түсінік алу үшін, психотерапевтің бір рет болса да барлық отбасы мүшелерімен кездесуі қажет).
Мұндай ыңғай, яғни психолог отбасының барлық мүшелерімен қатар жұмыс жасайтынына әдеттенген кейбір отбасы мүшелерін ыңғайсыздандыруы мүмкін. Шын мәнінде, кейде бақа құрамда жұмыс жүргізу мәнді болса да, көп жағдайларда бұл өте маңызды. Жүйелі ыңғай тұрғысынан, бүкіл жүйеге әсер ету арқылы, отбасының жеке мүшелерінің мінез-құлықтарын өзгерту мүмкін болады. Көбінесе отбасылық жүйеде және тұтас алғанда ата-аналар өзгерістер нәтижелерін анықтайтын маңызды жүйешікті құрайды. Егер олар баланы айыптай отырып, қарым-қатынасты тұрақтандыруға ұмтылыстар жасайтын болса, олардың мәселелері балада шынайы көрініс таба бастайды. Егер да ата-аналар жеке қарым-қатынастарында дағдарыс күйінде болса, онда міндетті түрде балада шынайы эмоционалды және мінез-құлықтық бұзылыстар пайда болады. Онда балалардың психологиялық процеске қатысулары қажет бола бастайды, өйткені мұнда психологтың басты міндеті баланы қақтығыстарға қатыстырмай-ақ, ата-аналарды қалайша өзара қарым-қатынас мәселелерін шешуге болатынына оқыту. Егер маман оларды осыған үйретсе, бала мінез-құлқы тұрақты сипатқа ие бола бастайды және оның психологиялық жұмыстарға қатысуы қажет болмайды.
Тағы бір ерекшелейтін жағдай, отбасы татулығын сақтау бойынша психологиялық процеске отбасының қандай мүшелерін қатыстыруды анықтауға мүмкіндік беретін, ешқандай да бір қатаң ережелер жоқ. Кейбір мамандардың пікірлерінше, бүкіл отбасы мен жұмыс жасау тиімді; ал кейбіреулерінің пайымдауынша, мәселе кімдермен жұмыс жасауда емес, қандай ыңғайлар мен стратегиялар қолданылуында. Жүйелі ыңғайдың ұстанымының бірі: бүкіл жүйенің өзгеруіне қол жеткізу үшін, оның маңызды жүйешіктеріне ықпал ету қажет.


7.Тәжірибе сабақтарының (семинар, зертханалық, студиялық, жеке) жоспары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет