5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған



Дата10.06.2016
өлшемі198.46 Kb.
#126969

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейдегі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК 042 -18-15-1.27/02-2014




«Публицистік шығармашылық шеберханасы» пәнінің студентке арналған оқу-әдістемелік кешені

28.08. 2014 жылғы

№ 2 басылым







5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған

«Публицистік шығармашылық шеберханасы » пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ-2014

КІРІСПЕ
1 ҚҰРАСТЫРҒАН

Құрастырушы: Тілеубердиев Дәулетхан Рамазанұлы,

Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының

аға оқытушысы


2. КЕЛІСІЛДІ

2.1 Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №1 «02» 09.2014 жыл.
Кафедра меңгерушісі: _______________ Жұмағұлова Ә.М.

2.2 Гуманитарлық-заң факультеттің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №1 «09» 09.2014 жыл.
Төраға_________________ Тойкин С.Х.

3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді.

Хаттама №1 «11» 09.2014 жыл.


Оқу жұмысы жөніндегі проректор_________________Искакова Г.К.


4.  «____» __________ шыққан ПОӘК-нің

№ 2 БАСЫЛЫМЫ



Мазмұны

1. Жалпы ережелер

2 Пән мазмұны және сағаттарды сабақ түріне шағу.

3. Пәннің оқу-әдістемелік нұсқаулары

4. Курс форматы

5. Курс саясаты

6. Бағалау саясаты

7. Әдебиет

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Оқытушы туралы жалпы мәлімет:

Дәулетхан Рамазанұлы Тілеубердиев

Кафедра: Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасы

Кафедраның мекен-жайы: Глинки,20; 913- бөлме

Ақпараттық қатынас: телефон : 44-29-30

Кафедрада болатын уақыты:

Сабақ өтетін орын: 801 аудитория

Кредит саны: 3


1.2. Пәннің қысқаша мазмұны

а) Басты мәселе:

Бұл пәнді оқыту барысында студенттерге бірінші кезекте шығармашылық ойлау және оны іске асыру жолдары түсіндіріледі. Қазақ журналистикасының бүгінгі мәселелері жеке публицистер шығармасы арқылы баяндалып, олардың жас журналистерді тәрбиелеу мектебіндегі ерекшелік сипаттары анықталады. Сондай-ақ, бүгінгі басылымдардың жанрлық, тақырыптық өзгешеліктер, әдеби басылымдардың ұлттық сана сезім мен ұлттық мінез-құлықты қалыптастырудағы рөлі, әдеби басылымдардағы жастар шығармашылығы қамтылады.

Қазіргі қазақ басылымдарының күнделікті сандары бойынша журналистік шеберлік әдістерін терең меңгеру үшін студенттерге жеке тапсырмалар беріледі. Шығармашылық байланыс жүйесінің қалыптасуы үшін студенттер мекемелерге немесе өндіріс орындарына интервью алуға жіберіледі. Интервьюде қойылатын сұрақтар жобасы алдын-ала дайындалады. Бұл ретте. Журналистің коммуникативтік рөлінің артуы үшін қолданылатын диалог формасындағы шеберлікті дамытып, қайымдасу (полемика), публицистік идеялар жүйесі, нақты ой, факті, деректік негізге құрылған өмір көрінісі оқырманға жеткізу жолдары қарастырылады. Аудиториямен белгілі-бір тақырып арқылы жүздесу, авторлық «Мен» және т.б. журналистік ізденістердің түрлерін жетілдіруге үйрету басты бағыт алады.


1.3. Осы курстың мақсаты:

«Публицистік шығармашылық шеберханасы» пәнін студенттерге оқытудағы негізгі мақсат:



  • Белгілі публицистердің шығармашылық шеберлігімен таныстыру;

  • Публицистика жанрларының даму тенденциясымен таныстыру;

  • Бүгінгі қазақ журналистикасының бет-бейнесі;

  • Журналист шеберлігіне қойылатын талаптар мен міндеттермен танысу;

- Журналистердің кәсіби шеберлігін арттырып, өзіндік творчестволық шыңдалуға жеткізу.
1.4. Курстың негізгі міндеттері:

Студенттердің мазмұндық жеке жазу стилі мен ойлау қабілеттілігін жоғары дәрежеге жеткізіп, творчестволық даму үрдісін жетілдіруге бағыттау;

Бүгінгі таңдағы жаңа методологиялық ізденістерге толы журналистика саласын қазіргі кезеңге сай шебер журналистермен толықтыруға бірден-бір үлес қосу. Сол мақсатта қазіргі қоғамдағы шебер журналистердің жазу ерекшеліктері үңіле отырып, олардың шығармашылық даралық әдісі мен шеберлігін арттыру формаларына назар аудару;

Студенттерді қазіргі қазақ журналистерінің ғылым, өнер, әдебиет, экономика тақырыптарына жазған мақалаларын жинақтап, талдап, стиль даралығы тұрғысынан бағалау. Әсіресе сараптамалық тұрғыда жазылған мақалаларға ерекше көңіл бөлу;

Саяси тақырыптарға жазылған мақаларларға сараптама жасау;

Журналистік шығармашылықтың проблемалық-тақырыптық ерекшеліктерін анықтау.


1.5. Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:

Нәтижесінде студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен орнықтыру. Яғни пәнді өту барысында студенттер түрлі хрестоматиялық мәні бар әдебиеттерді міндетті түрде оқып, конспектілеумен қоса, өздері де бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері бойынша туындылар жазып, оны талдауға тартылатын болады.

ә) Білім, машық, дағды және компетенция тізбегі.

Теория мен практикада байланыс болмаса істің нәтижесіне нұқсан. Шетел журналистерінің озық тәжірибелерін, телерадиохабарлары материалдарын талдай отырып, студентгер өз бетінше ізденіп, арнайы тапсырма алады. Пәннің табиғатына сай материал жасауға пайдаланады


1.6. Курстың пререквизиттері

«Журналистика бойынша шеберлік сыныбы»


1.7. Курстың постреквизиті:

Мамандыққа баулу


2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТТАРДЫ САБАҚ ТҮРІНЕ ШАҒУ

2 Кесте – Пәннің мазмұны. Сағаттарды сабақ түріне шағу




Тақырыптың атауы

Дәріс

Тәжір

Баға.к. (балл)

СӨЖ

1

2

3

4

6

Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуі

1

2

5




Әр журналист, қаламгердің шығармашылыққа келу жолындағы ерекшеліктері

1

2

3

0.5

Журналист шеберлігіне қойылатын талаптар мен міндеттер

1

2

5




Қоғамдық мәселелерді айқындаудағы журналистік көзқарас

1

1

3

0.5

Әдеби сын мен көркем шығарма

1

1

5




Қаламгер шығармашылығы мен шеберлігінің әдеби сынға әсері

1

1

5




Әдеби басылымдар және көркем әдебиет мәселелері

1

1

5




«Қазақ әдебиеті» газетінің әдеби жарияланымдары мен тұрақты айдарлары

1

1

5




көркем туынды идеясының жалпы көрінісі

1

1

5




Көркем шығарма мен тақырыптың өзара байланысы

1

1

4




Әзілхан Нұршайықовтың публицистикалық шығармашылығы

1

1

4




Ә.Нұршайықовтың күнделік,хаттарының тәрбиелік мәні

1

1

4

0.5

Сапар Байжановтың редакторлық шеберлігі

1

2

4




С.Байжановтың «Лениншіл жас» газетіндегі журналистік қызметі

1

2

3

0.5

Камал Смайыловтың публицистикалық шеберлігі

1

2

4




К.Смайыловтың «Оянған ойлар» еңбегіндегі тарих, мәдениет және ана тілі мәселелерінің ұлттық сана-сезімге әсері

1

2

3




Шерхан Мұртазаның редакторлық, басшылық қызметі




2

3

0.5

Ш.Мұртазаның «Қазақстан» телерадио компаниясындағы басшылық қызметі




2

2




Сейдахмет Бердіқұловтың спорт журналистикасындағы қолтаңбасы




2

2




Сейдахмет Бердіқұловтың спорт тақырыбындағы өзіндік қолтаңбасы




2

2

0.5

Олжас Сүлейменов публицистикасындағы азаматтық болмысы




2

2




1960ж. О.Сүлейменов шығармаларының негізгі тақырыбы




2







Оралхан Бөкеев шығармаларының көркемдік деңгейі




1

2




О.Бөкеев публицистикасының бастаулары




1







Сағат Әшімбаев – публицист, сыншы




1

2

0.5

С.Әшімбаевтың алғашқы публицистикалық мақалалары




1







Сауытбек Абдрахманов публицистикасының сырлы сипаты




1

2




С.Абдрахмановтың алғаш қалам тартқан жанры




1







Жанболат Аупбаевтың журналистік шеберлігі




1

3

0.5

Ж.Аупбаевтың журналистикаға келу жолдары




1







Барлығы:



45

161

9,5



2.1. ОСӨЖ ЖӘНЕ СӨЖ МАЗМҰНЫ

3-Кесте ОСӨЖ және СӨЖ жоспарлары




ОСӨЖ

СӨЖ

Аудиториялық

Аудиториядан тыс

1. Әзілхан Нұршайықов очерктерінің көркемдік сипаты

1. Ә.Нұршайықовтың журналистік пайымдарындағы шындықтың көрінуі

1. Қазақ журналистерінің шығармашылыққа келу жолдары

2. Сапар Байжановтың журналистік шеберлік мектебі

2. С.Байжанов очерктерінің тақырыптық, мазмұндық, проблемалық ерекшеліктері

2. Бүгінгі жастар поэзиясындағы жаңашылдық және БАҚ

3. Камал Смайылов публицистикасының тілі мен стилі

3. К.Смайыловтың «Жолданбаған 27 хатының» саяси астарындағы қоғамдық, ұлттық мүдде

3. Қазақ баспасқзінде тәуелсіздік пен демократия мәселелерінің жазылуы

4. Шерхан Мұртазаның редакторлық шеберлігі

4. Ш.Мұртазаның «Жұлдыз», «Жалын» журналдарындағы редакторлық шеберлігі

4. Бүгінгі жас журналистердің шығармашылық ерекшеліктері

5. Сейдахмет Бердіқұловтың спорт журналистикасындағы қолтаңбасы

5. С.Бердіқұловтың «Жұмыр жерде теңбіл доп», «Мұңайып оянған қала», «Үшінші подьезд», «84 жылдың теңдессіз 16 күні» публицистикалық шығармаларындағы стиль даралығы

5. Қазақ әдеби сыны және баспасөз

6. Сағат Әшімбаевтың сыни публицистикасы


6. Сағаттың қазақ теледидарындағы басшылық қызметі

6. Бүгінгі және кешегі әдеби басылымдардың жанрлық ерекшеліктері

7. Оралхан Бөкеев көркем шығармаларындағы публицистикалық сарын

7. Оралханның «Құм мінезі» очеркінің стильдік ерекшелігі

7. Журналист шеберлігі және оқырман

8. Олжас Сүлейменовтың публицистикасындағы дәуір үні

Олжастың «Ази Я», «Сөз төркіні», «Тарихқа дейінгі түркілер» зерттеулерінің ғылыми сипаты

8. Бүгінгі жаһандану дәуіріндегі БАҚ-тың рөлі

9.Сауытбек Абдрахмановтың саяси публицистикасы

8. САбдрахмановтың әдебиет, өнер тақырыбындағы публицистикасы

9. Қазақ журналистерінің шеберлік мектебінің қалыптасуына негіз болған басты критерилер

10. Жанболат Аупбаевтың журналистік шеберлігі

10. Ж.Аупбаевтың публицистикалық мақалаларының тақырыптық, стильдік ерекшеліктері

10. Журналистік зерттеу мен сараптама жүргізу тәсілдері


3. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

(СӨЖ)

1. Қазақ журналистерінің шығармашылыққа келу жолдары

2. Бүгінгі жастар поэзиясындағы жаңашылдық және БАҚ

3. Қазақ баспасқзінде тәуелсіздік пен демократия мәселелерінің жазылуы

4. Бүгінгі жас журналистердің шығармашылық ерекшеліктері

5. Қазақ әдеби сыны және баспасөз

6. Бүгінгі және кешегі әдеби басылымдардың жанрлық ерекшеліктері

7. Журналист шеберлігі және оқырман

8. Бүгінгі жаһандану дәуіріндегі БАҚ-тың рөлі

9. Қазақ журналистерінің шеберлік мектебінің қалыптасуына негіз болған басты критерилер

10. Журналистік зерттеу мен сараптама жүргізу тәсілдері


4. ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

Студент «Публицистік шығармашылық шеберханасы» пәнінде тәжірибе жүзінде кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген тілді талдаудың негізгі әдістерін білуі қажет. Ғылыми ой-өрісті қалыптастыруда тіл білімі тарихының ғылыми білім ретінде пайда болуы ерекше роль атқарады. Лингвистика ілімі қазіргі теорияның тіл білімі ғылымының әр сатысындағы философиялық дүниетаныммен және ғылыми методологиялық таныммен терең байланысын, тіл теориясының әр түрлі мектептерге, бағыттарға және концепцияларға тән процестерге тәуелділігін түсінуге мүмкіндік береді. Лингвистика ілімі тарихы әр кезеңдегі ғылым алдына қоятын қоғамдағы әлеуметтік-мәдени шарттардың шектес ғылымдармен және олардың практикалық шешімдерімен тікелей байланысы постулатын түсінуге көмектеседі.


5. КУРС ФОРМАТЫ

Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып. жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы,кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу міндеті , өтілген материалды меңгеру деңгейі тест, жатқа жазу,бақылау түрінде тексеріледі.Себепсіз сағат босатсаңыз қосымша шығармашылық жұмыс беріледі.Сабақтан екі рет кешігу бір рет сабақ босатқанға теңгеріледі.


6. КУРС САЯСАТЫ

Курсты оқу барысында алынған барлық ұпайлар жинақталып, бір-біріне қосылады. Осы курстан алған ақтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма мен аралық және қорытынды бақылаудан алынған баға және емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа ұпай есептеледі. Барлық тапсырмаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемі ұлғайтылады. Тапсырмалар оқытушы тағайындаған уақытта қабылданады. Емтиханға келмесеңіз, орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет жіне осы мәселеге қатысты университет саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алдын-ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау т.б.); Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет.


7. БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

«Публицистік шығармашылық шеберханасы» пәні бойынша ұпайларды бөлу

Апта

Бақылау түрі

Барлық ұпай

Ескерту

1

2

3

4




1-аптадан 7-апта аралығында дәріске қатысу

30




1

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

12

6

10






2

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

12

6

10






3

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

12

6

10






4

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

12

6

10






5

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

12

6

10






6

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

12

6

10






7

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

Межелік бақылау



12

6

10



74







1-7 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша қорытынды ұпай

300







8-15 апта аралығында дәріске қатысу

30




8

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

12

5

9






9

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

12

5

9






10

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

12

5

9






11

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

12

5

9






12

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

12

5

9






13

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

12

5

9






14

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

12

5

9






15

Семинар

ОЖСӨЖ


СӨЖ

Межелік бақылау



12

5

9



62




8-15 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша қорытынды ұпай

300




Емтихан бойынша қорытынды ұпай

400




Академиялық кезең бойынша қорытынды ұпай

1000





8 ӘДЕБИЕТТЕР
8.1.1. Негізгі әдебиеттер:

8.1.2 Жақсылықбаева Р. Публицистің шығармашылық шеберханасы. Оқу құралы, Алматы «Қазақ университеті» 2011

8.1.3 Жақып Б. Публицистикалық шығармашылық негіздері. Алматы, «Қазақ университеті, 2007

8.1.4. Амандосов Т. Публицистика – дәуір үні. – Алматы: Қазақстан, 1974.

8.1.5. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – Алматы: Қазмембас. 1964.

8.1.6. Нұршайықов Ә. Таңдамалы шығармаларының он томдығы. Т.2.-Алматы: Қазығұрт,-2005.225б.

8.1.7. Елеукенов Ш.Р. Замандас парасаты. – Алматы: Жазушы, 1977.

8.1.8. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Жазушы, 1976

8.1.9. Жақып Б.Ө. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. – Алматы: Білім, 2004

8.1.10. Майтанов Б. Суреттеу және мінездеу. – Алматы: Қазақ университеті, 1991.

8.1.11. Бекжігіт С. Камал Смайылов – публицист. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. филол.ғыл.канд. дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. авторефераты.

8.1.12. Жұмалиев Қ. Әдебиеттер теориясы. – Алматы: Мектеп, 1969.

8.1.13. Смайылов К. Үш томдық шығармалар жинағы. Т.3. – Алматы,98б

8.1.14. Майтанов Б. Көркемдік нәрі. Романдағы психологизм арналары. – Алматы: Жазушы, 1983. 46-47 бб.

8.1.15. Серғалиев М. Сөз сарасы. – Алматы, 1989. – 134 б.

8.1.16. Сүлейменов О. АЗ и Я.-Алматы,-1975. 161б.

8.1. 17. Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар.-Алматы: Жазушы.1994

8.1.18. Әшімбаев С. Парасатқа құштарлық. Алматы: Жазушы.-1985.19б.



8.2. Қосымша әдебиеттер

8.2.1. Байтұрсынов А. Ақ жол. Өлеңдер мен тәржімелер, публицистикалық мақалалар және әдеби зерттеу. – Алматы: Жалын, 1991.

8.2.3. Қожакеев Т. Көксеңгірлер. – Алматы, 1992.

8.2.4. Жақып Б.Ө. М.Әуезов – публицист. – Алматы: Ана тілі, 1997.

8.2.5. Шәріпов А.С. Қожанұлы - әдебиетші. – Алматы: Ердәулет Қазақстан, 1994.

8.2.6. Абдрахманов С. Елдік сыны.Алматы: Қазығұрт,-2003.183б.

8.2.7. Аупбаев Ж. Елім менің ертегі. Астана:Елорда,-2003. 150б.

8.2.8. Нұршайықов Ә. Мен журналиспін.-Алматы:Қазақстан.-1979,154б.

8.2.9. Нұрмаханов Х. Сөз бен шеберлік.-Алматы:Ғылым,-1987.130б.

8.2.10. Қаратаев М. Шеберлік шыңына.- Алматы: Қазмем.-1963.21б.

8.2.11. Елеукенов Ш. Замандас парасаты.-Алматы:Жазушы,-1973.151б.

8.2.12. Өмірге өкпесі жоқ адам.-Алматы: Жібек жолы,- 2000,33б.

8.2.13. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік.-Алматы:Жазушы.-1993.

8.2.14. Әбдірахманов С. Тәуелсіздік шежіресі.- Астана:Елорда.185 б.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет