Дәрісті бекіту сұрақтары:
-
Журналистің құқықтары.
-
Журналистің міндеттері.
-
Журналист алынатын ақпараттың дұрыстығын тексерудің кезеңдері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995
-
Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.
-
Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы // Заң, 13 қазан, 1994.
-
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң // Егемен Қазақстан, 6 тамыз, 1999.
-
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң. – Алматы, 1996.
13-14 – дәріс
тақырыбы: БАҚ және жарнама
Дәріс мақсаты: Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарнама таратудың ерекшеліктерін талдап, түсіндіру.
Дәрістің жоспары:
-
Газеттегі жарнама.
-
Телерадиодағы жарнама.
-
Жарнама туралы заңның негізгі ерекшеліктері.
Нарықтық қоғамда жарнама актуальді түрде кеңінен пайдаланылады. Тапсырыс пен сұраныс экономикада шешуші рөл атқарады. Тауар жөніндегі ақпарат тұтынушылар үшін үзбей дайындалып, жарнама арқылы жұртшылыққа жарияланып отырады.
Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдары жарнама беруде зор рөл атқарады.
Газеттегі жарнама тақырыптық, идеялық, мәтіндік, көріністік элементтерді құрайды. Мұндағы жарнама бірден көзге түсетіндей болуы керек. Бірақ онда берілетін мәліметтерді тым көбейтіп жібермеген жөн, өйткені көпсізділікке ұрынған жарнаманы жұртшылық оқи бермейді. Сондықтан жарнама мәтіні қысқа да анық, ұғымды шатыстырмайтын, тек негізгі айтпақ нәрсені ғана арқау етуі керек. Сенімді де, дәлелді болуы тиіс. Газеттер жарнама бергенде мәтінге қоса тауарлардың суретін де беруі мүмкін, сосын тақырыпқа, одан кейін мәтінге қарайды, көз жүгіртеді. Сонымен бірге жарнама тақырыбы ірі әріптермен берілсе, бірден көзге түсетіні белгілі. Бұған қоса жарнама мәтініндегі ең негізгі айтылмақ мәселе де ірілеу әріптермен терілсе, назар аударуға қолайлы болмақ.
Ал телерадиодағы жарнаманың өз орны бөлек. Телевидение жыл сайын 30 мың жарнамалық роликтерді бере алады. Телевидениенің жарнама беру эффектісі жоғары деуге болады. Себебі, телевидениенің өз ұтымдылықтары бар. Егер газет жарнамасы дәлелдеуге, сендіруге тырысса, телевидение әртүрлі көрініспен, музыкамен, сөзбен баурап әкетеді. Бұл процесс адамның психологиясына тез әсер етеді. Сондай-ақ экрандағы қозғалыстың да себі әжептәуір.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
-
Жарнама туралы заң.
-
Газеттегі жарнама.
-
Телерадиодағы жарнама.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995
-
Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.
-
Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы // Заң, 13 қазан, 1994.
-
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң // Егемен Қазақстан, 6 тамыз, 1999.
-
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң. – Алматы, 1996.
15-16 – дәріс
тақырыбы: Журналистерді тіркеу
Дәріс мақсаты: Журналистерді тіркеу ерекшеліктері мен талаптары туралы түсінік.
Дәрістің жоспары:
-
Журналистерді тіркеу.
-
Телерадиодағы журналистерді тіркеу тәртіптері.
БАҚ мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың келісімі бойынша олардың жанында өз журналистерін тіркей алады. Журналист тіркелген мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар оны өткізілетін отырыстар, кеңестер және өзге шаралар жөнінде оған алдын ала хабарлауға, стенограммалармен, хаттамалармен және өзге де құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Жабық шара өткізу туралы шешім қабылданған жағдайларды қоспағанда, тіркелген журналистің өзін тіркеген мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар өткізетін отырыстарға, кеңестерге және басқа да шараларға қатысуға құқығы бар.
Егер журналист тіркеу ережелерін бұзса не өзін тіркеген мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратса, оның тіркелуі күшін жоюы мүмкін. Журналистерді тіркеу ережелерін уәкілетті орган белгіленген тәртіппен бекітеді.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
-
Журналистерді тіркеу ережелерінің бұзылуы.
-
Телерадиодағы журналистерді тіркеу тәртіптері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995
-
Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.
-
Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы // Заң, 13 қазан, 1994.
-
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң // Егемен Қазақстан, 6 тамыз, 1999.
-
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң. – Алматы, 1996.
17-18 – дәріс
тақырыбы: БАҚ туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік
Дәріс мақсаты: Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін журналистердің БАҚ туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылу себептері мен талаптары туралы түсінік.
Дәрістің жоспары:
-
БАҚ туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік.
-
Азаматтар мен ұйымдар туралы жалған мәліметтерді таратудағы жауапкершілік.
Азаматтардың немесе ұйымдардың, мемлекеттік органның, азаматтардың қоғамдық шығармашылық ғылыми, діни не өзге де бірлестігін және заңды тұлғалардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді тарату, БАҚ арқылы сотқа ықпал жасау ҚР Заң актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
БАҚ туралы заңдарды бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың оған кінәлі лауазымды адамдары, сондай-ақ БАҚ иесі, таратушысы, бас редакторы таратылған хабарлар мен материалдардың авторлары жауапты болады. Журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі жасау болады. Журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі жасау ҚР заңдардарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
-
БАҚ туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік.
-
Азаматтар мен ұйымдар туралы жалған мәліметтерді таратудағы жауапкершілік.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995
-
Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.
-
Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы // Заң, 13 қазан, 1994.
-
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң // Егемен Қазақстан, 6 тамыз, 1999.
-
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң. – Алматы, 1996.
19-20 – дәріс
тақырыбы: Авторлық құқық
Дәріс мақсаты: Авторлық құқықтың ерекшеліктерін саралап таныту.
Дәрістің жоспары:
-
Авторлық құқық.
-
Авторлық құқықтың объектісі.
-
Авторлық құқық объектісі болмайтын туындылар.
Авторлық құқық мақсаты, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет, өнер және публицистика туындыларына қолданылады. Авторлық құқық объектісі: 1. Жазбаша болуы мүмкін. Мысалы, қолжазба немесе машинкаға басылған текст. 2. Ауызша – бұл көпшілік алдында айтылған сөз. 3. Үнжазба немесе бейнежазбалар.
Ал нақты атағанда мынадай туындылар авторлық құқық объектілері болады. Әдеби туындылар, сценарийлер, дыбыс-бейнежазу туындылары, соның ішінде телетуындылар. Сонымен бірге туынды шығармалар: мәселен аудармалар мен өңделген дүниелер.
Ал авторлық құқық объектісі болмайтын туындылар мыналар: ресми құжаттар, заңдар, сот шешімдері, әкімшілік және дипломатиялық мақсаттағы мәтіндер. Халық шығармашылығы туындылары, оқиғалар мен фактілер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар. Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге асуы үшін туындыны тіркеу өзге де арнайы рәсімдеу немесе әлдебір шарттылықтың орындалуы талап етілмейді. Ал айрықша авторлық құқықтардың иесі өзінің құқықтарын хабарлау үшін авторлық құқық қорғау белгісін пайдалануына болады. Ол белгі туындының әр данасына қойылады және мынадай үш элементтен тұрады:
-
Қоршауға алынған @ әрпі.
-
Айрықша авторлық құқықтар иесінің есімі.
-
Туындының алғаш жарияланған жылы.
Өзге дәлелдер болмаған жағдайда туындының түпнұсқасында немесе данасында автор ретінде көрсетілген адам туындының авторы деп саналады. Автордың туынды құқығына қатысты жасалған шарттарды куәландыру үшін оны кез келген уақытта ресми тізімдерге тіркей алады.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
-
Мына белгілер нені білдіреді:
Қоршауға алынған @ әрпі.
Айрықша авторлық құқықтар иесінің есімі.
Туындының алғаш жарияланған жылы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995
-
Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.
-
Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы // Заң, 13 қазан, 1994.
-
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң // Егемен Қазақстан, 6 тамыз, 1999.
-
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң. – Алматы, 1996.
21-22 – дәріс
тақырыбы: БҰҰ-ның адам құқықтары жалпыға ортақ Декларациясы және журналистика
Дәріс мақсаты: БҰҰ-ның адам құқықтары жалпыға ортақ Декларациясы туралы түсінік.
Дәрістің жоспары:
-
Біріккен Ұлттар Ұйымы.
-
Декларацияда жарияланған барлық құқықтар.
Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттердің ынтымақтастықта, адамның құқы мен негізгі бостандықтарының сақталып, құрметтелуіне қол ұшын беруге бел буғанын ескере отырып, осы жолдағы міндеттемені толық жүзеге асыруды ұшан-теңіз маңызы бар деп есептейді. Сөйтіп Бас Ассамблея осынау жалпыға бірдей Декларацияны жариялайды. Адамзат әулеті ұрпағының бәрінен тән ар-абыройын әрі олардың терезесі тең ажырамас құқы бостандық пен әділеттіліктің, баршаға бірдей бейбітшіліктің негізі болып табылатынын ұдайы назарда ұстап, міндеттемелерін орындауға барша халықтар мен мемлекеттер, әрбір адам мен қоғам талпынуы тиіс.
Әрбір адамның өмір сүруге, еркіндікке және қол сұғылмайтын дербестікке құқы бар. Әрбір адам нәсіліне, түсіне, жынысына, дініне, саяси және басқа сеніміне, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, дүние-мүлкіне, атақ-дәрежесіне қарамастан осынау Декларацияда жарияланған барлық құқықтар мен бостандықты пайдалануы тиіс. Оның үстіне саяси, құқықтық немесе елдер мен аймақтардың халықаралық мәртебесі арасында ешқандай айырмашылық ескерілуге тиіс емес. Барлық адам заң алдында тең. Ешкім де азаптауға, қатыгездікке, ар-намыс аяққа тапталатындай жәбірлеу мен жазалауға тап болмауы тиіс. Әрбір адам құғындалған жағдайда басқа елдерден пана сұрап, қорғануына құқы бар.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
-
Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы реферат әзірлеңіз.
-
Декларацияда жарияланған негізгі құқықтар.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995
-
Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.
-
Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы // Заң, 13 қазан, 1994.
-
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң // Егемен Қазақстан, 6 тамыз, 1999.
-
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң. – Алматы, 1996.
23-24 – дәріс
тақырыбы: Авторлық құқық туралы шарттар
Дәріс мақсаты: Авторлық құқық және оның негізгі шарттары туралы талдап, түсіндіру.
Дәрістің жоспары:
-
Авторлық құқық.
-
Авторлық құқықтың объектісі.
-
Авторлық құқықтық қолданылу мерзімі.
Автор – шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға. Туындыны жариялау – яғни, автордың келісімімен жариялау, көпшілік алдында орындау, қандай да болмасын өзге бір әдіспен эфирге беру арқылы туындыны жалпы көпшілікке алғаш рет жеткізетін іс-әрекетті жүзеге асыру, эфирге беру – туындыны эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымның хабарларын радио немесе теледидардан беру арқылы жалпы көпшілікке тарату.
Авторлық құқықтық қолданылу мерзімі – автордың бүкіл өмір бойы және қайтыс болғаннан кейін елу жыл бойы күшін сақтайды. Автор құқын, оның есімінің құқын және автордың беделін қорғауға шек қойылмайды. Өсиетті орындаушы тағайындайтын тәртіп бойынша автор өзі қайтыс болғаннан кейін өзінің авторлық құқын, есімнің құқын және өзінің беделін сақтайтын құқын қорғауды жүктейтін адамды көрсетуге құқылы. Ол адам өз өкілеттігін өмір бойы атқарады.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
-
Мына белгілер нені білдіреді:
Айрықша авторлық құқықтар иесінің есімі.
Туындының алғаш жарияланған жылы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995
-
Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.
-
Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы // Заң, 13 қазан, 1994.
-
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң // Егемен Қазақстан, 6 тамыз, 1999.
-
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң. – Алматы, 1996.
25-26 – дәріс
тақырыбы: Сабақтас құқықтар
Дәріс мақсаты: Жалпы журналистикада кездесетін сабақтас құқықтар туралы талдап, түсіндіру.
Дәрістің жоспары:
-
Сабақтас құқық.
-
Сабақтас құқықтың объектісі.
-
Сабақтас құқық объектісі болмайтын туындылар.
Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограмммаларға, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларына қолданылады. Фонограмма жасаушы, хабар таратушы ұйым фонограммаға жазылған эфирде немесе кабель бойынша берілетін туындыны орындаушымен және оның автормен жасалған шарт бойынша алған құқықтары шегінде жүзеге асырады.
Орындаушы туынды авторларының құқықтарын сақтайды. Фонограмма жасаушы және орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшін фонограммманың әр данасында және оның әрбір қорабында көрсетілетін, үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгісін пайдаланады.
Қоршауға алынған латынша “р” әрпі.
Айрықша сабақтас құқықтар иесінің есімі.
Фонограмманың алғаш жарияланған жылы.
Эфирлік немесе кабельдік хабар хабар тарату ұйымның құқықтары заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ресми тұрғылықты жері бар болса және хабарларын Қазақстан аумағында орналасқан хабар таратқыштар көмегімен жүзеге асырса танылады, мойындалады.
Ал шетелдік орындаушылар мен фонограмма жасаушылардың эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымдарының құқықтары Республика аумағында Қазақстанның халықаралық шарттарына сәйкес қорғалады. Эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымына оның хабарына қатысты хабарларды кез келген нысанда пайдалануға және мұндай рұқсат бергені үшін сыйақы алу құқын қоса есептегенде, хабарды пайдалануға айрықша құқықтар беріледі.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
-
Мына белгілер нені білдіреді:
Қоршауға алынған латынша “р” әрпі.
Айрықша сабақтас құқықтар иесінің есімі.
Фонограмманың алғаш жарияланған жылы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995
-
Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.
-
Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы // Заң, 13 қазан, 1994.
-
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң // Егемен Қазақстан, 6 тамыз, 1999.
-
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң. – Алматы, 1996.
27-28 – дәріс
тақырыбы: Мүліктік-интеллектуалдық құқықтарды басқару этикасы
Дәріс мақсаты: Мүліктік-интеллектуалдық құқықтар туралы түсіндіріп, талдау.
Дәрістің мазмұны:
-
Мүліктік-интеллектуалдық құқықтар.
-
Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару.
Ғылым, әдебиет, өнер және публицистика туындыларының авторлары, орындаушылар, фонограмма жасаушылар немесе өзге де авторлық және сабақтас құқықтар иелері өздерінің мүліктік құқықтарын іс жүзінде асыру мақсатында олардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар құруға құқылы. Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқаруға өкілеттікті тікелей авторлық және сабақтас құқықтар иелері жазбаша шарттар негізінде ерікті түрде, сондай-ақ осындай құқықтарды қарайтын шетелдік ұйымдармен жасалған тиісті шарттар бойынша беріледі.
Аталған басқару ұйымның жарғылары заң талаптарына сай келетін ережелерден тұруға тиіс. Бұл ұйымды тіркеуден бас тарту заң тәртібіне қайшы келген жағдайда ғана болады. Аталған ұйымның қызметіне басшылықты мүліктік құқықтарын оның өзі басқаратын авторлық және сабақтас құқық иелері жүзеге асырады. Сый ақының мөлшеріне және пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу ережелеріне, жиналған сыйақыны бөлу және төлеу әдісіне, сондай-ақ мұндай ұйым қызметінің өзге де принциптің мәселелеріне қатысты шешімдер қабылдауды тек қана авторлық және сабақтас құқық иелері жалпы жиналыста алқалы түрде жүзеге асырады.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
-
Мүліктік-интеллектуалдық құқықтарға не жатады?
-
Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995
-
Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.
-
Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы // Заң, 13 қазан, 1994.
-
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң // Егемен Қазақстан, 6 тамыз, 1999.
-
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң. – Алматы, 1996.
29-30 – дәріс
тақырыбы: БАҚ және тіл туралы заң этикасы
Дәріс мақсаты: Тіл туралы заңның маңызы мен БАҚ-қа қатысты ережелері туралы түсінік беру.
Дәріс мазмұны:
-
Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заңы.
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заң Конституцияға негізделеді. Тіл заңы Қазақстандағы тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. Республикада қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру республиканың әрбір азаматының парызы.
Ал мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында – орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
-
Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заңының орындалуы.
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің бүгінгі жай–күйі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995
-
Қазақстанның тіл туралы заңы // Егемен Қазақстан, 15 шілде. 1997.
-
Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы // Заң, 13 қазан, 1994.
-
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң // Егемен Қазақстан, 6 тамыз, 1999.
-
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң. – Алматы, 1996.
3 Тәжірибелік (семинар) сабақтар
Тәжірибелік (семинар) сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау: Семинарлар, олардың жоспарларында көрсетілген тақырыптың қамтитын мәселелері пәннің оқу бағдарламасындағы теориялық және практикалық материалдарды студенттердің ғылыми тұрғыда өз бетімен іздене отырып, терең де жан-жақты игерулерін мақсат етеді. Ол үшін студент ең алдымен семинар тақырыбы бойынша көрсетілген пайдаланатын әдебиеттерді алып, мұқият оқып шығып, тақырып жоспарындағы әр сұрақтың мәнін ашатындай конспекті жазу қажет. Одан соң сол сұрақтардың айналасындағы айтылған әр түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, дәріс материалдарын басшылыққа ала отырып, түйінді ой тұжырымдарды қағаз бетіне түсіріп, осы мәселе төңірегіндегі әдеби-ғылыми материалдар, дәрісте оқылған және баспасөздерде жарияланған тың деректерге сүйеніп, өз тұжырымын дәйектеу керек. Әрбір семинарда алдынғы өткен сабақтарда қарастырылған материалдарды репродуктивтік, зерттеушілік сипатта жаңа тақырыппен байланыстыру талап етіледі.
1-семинар
тақырыбы: Қазақстан Конституциясы және БАҚ пен этика
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен БАҚ туралы заңның маңызы туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.
Семинар мазмұны:
-
Журналистикаға қатысты тұжырымдар.
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі.
-
Сөз бен шығармашылық еркіндігі.
Бақылау сұрақтары:
-
ҚР Конституциясындағы БАҚ-қа, журналистикаға қатысты
тұжырымдарды жазыңыз.
-
Цензураға тыйым салу дегеніміз не?
Әдістемелік нұсқаулықтар:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясының халық мүддесін қорғауы, оның маңызы.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесінің түзілімі, жариялануы мен зерттелуі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995
2. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.
2-семинар
тақырыбы: Конституцияның маңызы
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызы туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.
Семинар мазмұны:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы.
-
Қазақстан Республикасының Конституциясының журналистикаға қатысты баптары.
Бақылау сұрақтары:
-
Сөз бен шығармашылық еркіндігі.
-
Қазақстан Республикасының Конституциясының журналистикаға қатысты баптарына назар аударыңыз.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясының журналистикаға қатысты баптарының бүгінгі таным тұрғысынан зерттелуі.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясының жариялануы, оқытылу тарихы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995
2. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.
3-семинар
тақырыбы: Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдар негізгі ұғымдар
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдар негізгі ұғымдар туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.
Семинар мазмұны:
-
Журналистикаға қатысты ұғымдар.
-
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдағы негізгі ұғымдар.
Бақылау сұрақтары:
-
БАҚ өнімнің таратудағы негізгі ерекшеліктер.
-
БАҚ редакциясын кім басқарады?
Достарыңызбен бөлісу: |