5В050504 «Журналистика» мамандығына арналған



бет5/7
Дата17.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#141806
1   2   3   4   5   6   7

Бақылау сұрақтары:

1.Радиотілдің ерекшеліктері.

2.Радионың өзіндік ерекшеліктері.

3.Радиотілдің бүгінгі табысы.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Зарва М. Произведение в радио и телевизионной речи.- М., 2006.

2.Омашов Н. Қазақ радиожурналистикасы. А., 1993.

3.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиялары. А., 1998.

4.Әбжанов Қ. Телевизиялық фильмдер. А.,2003.
27-28 -Дәрістер. Әдеби тіл нормасы және оның радиохабарларындағы сипаты.

Әдеби тіл талай ғасырлардан бері пайда болып, дамып келе жатқан линвистика саласы. Оның қалыптасуы да бірден бола қалмаған және алдағы уақытта да жалғаса беретін процесс. әдеби тілдің пайда болу көздерін тіл зерттеуші ғалымдар былайша жүйелейді. 1. Ауызекі әдеби тілден. 2. Ауыз әдебиетінен. 3. Орхон-Енисей-Талас ескерткіштері жазуларынан. 4. Түркі тілдері жазуларының қыпшақ тобынан.

Қазақ әдеби тілінің қалыптаса бастауы ХY – ХYІ ғасырлардағы Қазақ хандығы құрылып, өз алдына мемлекет болуынан профессионал-кәсіби дәрежеге ұштасты. Алғашқы қазақ хандары басқа елдермен қарым-қатынаста жазбаша құжаттар мен хат-хабарлар алмасып тұрған. Мемлекеттік жарлықтар, заңдарды жазуға түсірген. Осылардың бәрінде әдеби тілдің көптеген белгілері бар еді. Арменияға Матенадарда қыпшақ жазулары сақталған.

Ал әдеби тілді қалыптасьыруда, әсіресе, ақын-жыраулар поэзиясы ерекше рөл атқарады. Сонау ХY- ХYІІІ ғасырлардағы Шалкиіз, Асанқайғы, Доспамбет, Қазтуған, Бұқарлардың өлең-жырларында әдеби тіл қолданылды, көркемдік бояулар айқын көрінді.

Жалпы қай халықтың болса да әдеби тілі дамуы үшін жазудың орны ерекше, жазу арқылы жазба әдеби тіл қалыптасады.

Зерттеушілер әдеби тілдің қалыптасу жолдары мен кезеңдерін бірнешеге бөледі. Алайда солардың ішінде көкейге қонатыны – ұлт болып қалыптасқанға дейінгі және ұлт болып қалыптасқаннан кейінгі әдеби тіл туралы ұғым. Әрбір халықтың өзіндік ұлттық әдеби тілі болу керек. Оның өзге тілдерден ерекшелігі айқындалған болуы тиіс.

Қазақ әдеби тілі, әсіресе, ХІХ ғасырда Ы.Алтынсарин мен А.Құнанбаевтың творчествосына байланысты жаңа сатыға көтеріліп дамыды. Бұл кезде тұңғыш ғалымымыз Шоқанның да жазбаларының әжептәуір әсері болды.

Осы ХІХ ғасырдың екінші жартысында, яғни, 1870 жылы жарық көрген «Түркістан уалаятының газеті» мен 1888 жылы жарық көрген «Дала уалаяты газеті» әдеби тілді дамытуға зор үлес қосты. Бұл газеттерде әдеби, ғылыми, публицистикалық материалдар, шығармалар жарияланып тұрды, әдеби тіл кеңінен қолданылды.

Әдеби тіл әдеттегі жай тіл емес, ол халық тілінің әбден сұрыпталған, іріктелген, елеп-екшелген, таңдап-талғанған түрі. әдеби тілдің белгілі бір заңдылықтары мен нормалары бар. Мәселен лексикалық нормалар, грамматикалық нормалар, орфографиялық және орфоэпиялық нормалар сақталып отыруы тиіс.

Сонымен бірге әдеби тілдің мәдени нормалары да ұмтылмауы қажет. Сөздердің мәдени маңызы мен мәні, сипаты әрқашан ескерілгені жөн. Бұл орайдағы әдеби тіл мәдениетінің жауапкершілігін әрбір журналист ескеруі керек. Хабарлар дайындалғанда, материалдар жазғанда қалам иелері өз творчествосында әдеби тілдің інжу-маржанын пайдаланады. Шығарманы немесе хабарды тілдік бояулармен көркемдеуде, безендіруде, суреттеуде, бейнелеуде - әдеби тілдің алатын орны шексіз. Ал оны шеберлікпен, тапқырлықпен қолдана білу жазушы мен журналистің өзіне көп байланысты. Яғни, әдеби тіл көркемдік бейнелеу құралдары үшін өте қажет категория.

Ал радиохабарларында әдеби тілді қолдану сипаты қандай десек, мына жайларды айтып өткен жөн. әдеби тіл - әдеби-драмалық хабарлардың бояуын арттырады. Қандай хабарлардың болса да тартымды, қызықты тілмен берілуін қамтамасыз етеді. Хабарлардың тілінің құрғақ шықпауына көмектеседі. Яғни, хабарлардың, материалдардың, текстердің творчестволық сапасын көтереді.

Сондай-ақ, әдеби тіл радио тыңдаушының көңіл-күйіне, сезіміне әсер ету құралы ретінде аса пайдалы. Нәзік нақышты, астарлы ойлы, сырлы сазды фразалар мен тіркестер құруға мүмкіндік береді. Әдеби тілдің тағы бір эфирдегі қажетті сипаты – ұнамды тіл оралымдары мен сауатты да, мәдени сөйлеуге және жазуға әсер ететіндігі. Демек, әдеби тілді орнымен қолдану радиохабарларын дайындауда табысқа жеткізетін жолдардың бірі.

Ауызша әдеби тіл мен жазбаша әдеби тілді радиохабарларда шеберлікпен пайдалана білудің жөні бөлек.

Әдеби тіл өмірдің, қоғамның барлық салаларында бүгінде кеңінен қолданылып келеді. Саяси, ғылыми, экономикалық, мәдени және әдебиет пен өнер саласында әдеби тілсіз іс атқарылмайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрлерінде әдеби тіл күнделікті әрі үздіксіз пайдаланылады. Сонымен бірге әдеби тіл халықпен бірге жасасып, болашақта да өсіп-өркендеп, дами береді.

Ғұмыр жасы жүздеген жылмен өлшенетін, заман өзгеріп жатса да, байырғы қалпын бұзбайтын құрылымдар тіл жүйесінің дыбыс, лексика, морфема, синтаксис деңгейлерінде ерекше орын алады. Сондай-ақ тілде өзгерте беруді қаламайтын ежелден қалыптасқан стереотиптер, этикеттік формулалар, эталондар т.б. орнықты сөз орамдары болады.

Амандық-саулық сұрасу, қоштасу, құттықтау т.б. ұлттық стереотиптердің арнайы тілдік таңбалары (құралдары) және олардың «кім-кімге», «қашан», «қай жерде» деген принципке бағынатын қолдану жүйесі бар. Әсіресе тілдік дайын үлгілерді, яғни амандасу, қоштасу формулаларын әркім өз қалауынша өзгерте алмайды. Этикеттік сөздер осы қасиетімен құнды.

Алайда этикеттік таңбалардың осы қасиетінен бейхабар сөйлеушінің бүйректен сирақ шығарып алуы оңай. Мысалы, соңғы жылдары тыңдарман эфирден құрметті достар, қадірлі ағайын тәрізді этикеттік қаратпаны жиі еститін болды. Тыңдарманды құрметтеу нышаны, әрине, мақұлдарлық жайт, бірақ радиохабар аудиториясының әлеуметтік құрамы әр алуан болатынын ескеру аса қажет. Тыңдарман қатарында мектеп оқушысы да, зейнеткер де, қоғам, ғылым, өнер қайраткерлері, мектеп мұғалімдері тәрізді зиялы қауым өкілдері мен шаруа баққан ауыл тұрғындары болуы да ықтимал. Олардың жас шамасы әртүрлі болатыны да белгілі. Сондықтан «достар» деген этикеттік қаратпаны әркім әртүрлі қабылдауы ықтимал. Бұл жерде «ақ самайлы ана, ақ шашты ата «достар» деген қаратпаны қалай қабылдар екен?» деп ойлануға тура келеді.

80-жылдары жастарға арналған «Ұшқын» тәрізді арнайы радиохабарларда құрметті достар, замандастар, құрбылар тәрізді этикеттік қаратпалар орынды қолданылатын. Сондай-ақ балдырғандарға арналған радиохабар бағдарламаларында жас достар, менің қымбатты жас достарым тәрізді этикеттік сөздер айрықша интонациямен айтылып, жас тыңдармандарды баурап тұратын. Мұндай жағымды жайттар қазір де үлгі болуға тиіс. Сондықтан достар қаратпасын радиобағдарламаның мазмұнына келсін-келмесін тықпалай беру орынды деп есептелмейді.

Радиохабарлар бағдарламалары көбіне-көп көріскенше күн жақсы, эфирдегі келесі кездескенше, эфирдегі келесі ұшырасқанша, көгілдір экранда амандықпен жүздескенше, эфирдегі амандықпен көріскенше т.б. тәрізді қоштасу ритуалын білдіретін формалармен аяқталып жатады. Алайда бірқатар тыңдаушы, көрермен көріскенше деген нұсқаны жылы қабылдамайды, өйткені олардың санасында көрісу сөзі өзгеше мазмұндағы ритуалмен ассоциацияланады. Сондықтан тәжірибелі журналист басқаша ассоцация тудыратын тілдік таңбалардан тартынғанды мақұл көреді. Байырғы кездегі радиохабарларда көріскенше деген сөзді қолдана бермейтіні байқалатын.

Телехабарлар бағдарламасының спорт хабарында қоштасудың жеңісті күндері жүздескенше деген нұсқасы тыңдармандар үшін жағымды әсер қалдыратын этикеттік формула деуге болады. Қоштасу ритуалын бай болайық тәрізді тілекпен аяқтап жүретін журналистің «тапқырлығы» естір құлаққа кезінде тосын, ерсі көрінгені белгілі. Өзге әріптестерінің бұл «жаңалықты» іліп әкетпей, іркіліп қалғаны мақұлдарлық болды.

Сөз этикетіндегі орнықтылық, тұрақтылық, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып отыратын сабақтастық – өркениетті қоғамға, мәдениеті гүлденген халыққа тән қасиет. Қазақ сөз этикеті де осындай қоғамдастықта қалыптасып, тұрақталған. Ал оның қалыптасқан тілдік-мәдени дүниесіне жоқ жерден эксперимент жасау жаңсақтыққа саяды
Бақылау сұрақтары:

1.Ауызша сөзді радиосөзге айналдыра білу де – журналистік өнер.

2.Сөз де, сөйлеу де, әңгімелесу, сұхбат құру, үндік музыкалық қолданыстар да – түптеп келгенде радиотілді құрайды.

3.Сөз радиода негізгі қызмет атқарады.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Зарва М. Произведение в радио и телевизионной речи.- М., 2006.

2.Омашов Н. Қазақ радиожурналистикасы. А., 1993.

3.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиялары. А., 1998.

4.Әбжанов Қ. Телевизиялық фильмдер. А.,2003.

29-30 -Дәрістер. Радиохабарларын тілдік бейнелеу және акустика.

Радиохабарларын тілдік бейнелеу оның бұқаралық өзгеше ақпарат құралы екендігімен тығыз байланысты. Әдетте тілмен безендіру, бейнелеу тек баспасөзде ғана емес, элекронды ақпарат құралдары радио мен телевидениеге де қатысты болып келеді. Радиода тілдік безендіру, бейнелеу, ажарлау, мәнерлеу хабарлардың сапасын арттырып, көркемдігін күшейтеді. Бұл орайда лингвистиканың теңеу, эпитет, метафора сияқты бейнелеу құралдарын кеңінен әрі жан-жақты қолдану тиімділікке жеткізеді. Ойдың логикалық әсерін пайдалана отырып, тыңдарманның немесе көрерменнің назарын аудару, қызықтыру, тартымды сөйлеу секілді компоненттерді орнымен әрі қажетіне қарай қолдану табысқа жеткізбек.

Тілдік безендіру-радиохабарларының көркем шығуына қызмет ететін фактор. Сондықтан тіл бояуларының тартымды шығуына күш салып, ізденістер жасау лазым. Хабар көркемдігі сапалы болса, тыңдаушыға да оның берер әсері зор болмақ. Бұл орайда лиризмнің орны ерекше екенін ескерген жөн. Лиризм – адамның көңіл-күйі мен ой-сезіміне қозғау салады. Ал, бұл жағдай радиотыңдаушы үшін аса қажет. өйткені дәл осындай ара қатынас орнату, тыңдаушы мен жүргізушінің немесе автордың, радиожурналистің арасында белгілі бір байланыс орната білу де таптырмайтын қасиет.

Кез келген хабарды құрғақ тілмен жүргізу табысқа жеткізбейді. Сондықтан эфирде сөйлеу мәнерінің мән-маңызын ұмытпау керек. Мәнерлі де, айшықты тіл болмай адамның назарын аудару мүмкін емес. Бұл ретте тек сөздің жылтырақ сыртқы әсерін ғана көздемей, оның маңыздылығына басым зер салған жөн. Аз сөзбен көп мағына беру, ойдың ұтымды болуын ойлау, сөздердің астарлы, мәнді шығуын байыптау қажет. Сөз дәл, анық, айқын рөл атқарып, тыңдаушы ұғымына сай келуін қарастыру абзал. Сонда берілетін әрбір хабар түрлерінің немесе жанр түрлерінің тілдік бояулары өздеріне тән, лайықты жағдайында көрініс береді. Саяси хабар мен көркем хабардың өз орны бар. Бұларда тілдік бояуларды қолдану бірдей емес. Саяси хабарды тым көркемдеп жіберу де жараспайды. Сондықтан әрбір хабар түрлерінің өз табиғатын ескеріп отыру талабы туындайды. Тіл – ойдың көрінісі.

Ал радиохабарларын безендіру үшін тағы да бір жол – акустика болмақ. Акустика радио мен телевидениеде ерекше рөл атқарады. Акустика – тіл әуезі туралы ілім. Ол гректің «естілу» деген сөзінен шыққан термин. Акустика термині физикада да қолданылады. Бірақ радио мен телевидениедегі акустиканың орны мен қызметі бөлек. Ол – хабарлардың дұрыс жасалуына әсер ететін фактор. Акустика арқылы дыбыстардың бөлмеде немесе далада қалай естілетінін байқаймыз. Ал мұның өзі микрофон қолданылатын, дыбыс, сөз жазылатын және эфирден берілетін ақпарат құралдары үшін ескертуді қажет ететін жәйт. Сөз дыбыстары мен табиғатта кездесетін заттар қақтығысынан туатын жаңғырықтар болып жатады.

Радиода хабарларды акустикалық безендіру құралдары – сөз дыбысы, шу, музыка, монтаж болып есептеледі. Яғни, хабар ішінде әртүрлі дыбыстарды дұрыс жазып алудың реті бар. Адам сөзін өзінің әуезімен немесе әуенімен таспаға жазу, керек жерінде хабарға музыканы пайдалану, тағы бірде хабарға егінжайдан естілген комбайнның моторы дыбысын немесе завод цехындағы станоктар мен ұста-пресс балғаларының шуын жазу хабарлар үшін қажетті екені белгілі. Бұл жәйттер сол жерден дайындалған хабарларға нанымдылық, деректілік, табиғилық дарытады. Сонымен бірге, хабарлардың эфирге тән талап-шарттарын орындауға мүмкіндік береді. әрі бұған қоса эфир хабарларын безендіру болып шығады. Онсыз радио, телевидениенің мәні толық дәрежесінде көрінбеген болар еді.

Акустиканың кейбір белгілері мынандай:


  1. Дыбыстың күші – мұнда дыбыс дірілінің қарқыны рөл атқарады.

  2. Дыбыстың ырғағы – мұнда дыбыстың дірілінің санына байланысты айқындалады.

  3. Дыбыстың әуені – мұнда дыбыстың естілу толқынына байланысты болып келеді.

  4. Дыбыстың созылмалылығы – мұнда дыбыс ұзақтығы мен қысқалығы ескеріледі.

Міне, осылайша радиода акустиканың айрықша орын алатынын байқау қиын емес. Өйткені, радио хабарлары дыбыстарға негізделіп жасалатыны белгілі.

Радиода тілдік безендіру фонетика мен орфоэпияның заңдылықтарын ескере отырып жасалады. Және оған акустика заңдылықтары қоса пайдаланады.


Бақылау сұрақтары:

1.Радиохабарлардың тілі мен стилі.

2.Радиохабарлардың тілі мен стилі өзіндік ерекшеліктері.

3.Әрбір аудиторияға терминнің түсінікті түрін ескерту.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Зарва М. Произведение в радио и телевизионной речи.- М., 2006.

2.Омашов Н. Қазақ радиожурналистикасы. А., 1993.

3.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиялары. А., 1998.

4.Әбжанов Қ. Телевизиялық фильмдер. А.,2003
3 Практикалық (семинар) сабақтар
Тәжірибелік (семинар) сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау: Семинарлар, олардың жоспарларында көрсетілген тақырыптың қамтитын мәселелері пәннің оқу бағдарламасындағы теориялық және практикалық материалдарды студенттердің ғылыми тұрғыда өз бетімен іздене отырып, терең де жан-жақты игерулерін мақсат етеді. Ол үшін студент ең алдымен семинар тақырыбы бойынша көрсетілген пайдаланатын әдебиеттерді алып, мұқият оқып шығып, тақырып жоспарындағы әр сұрақтың мәнін ашатындай конспекті жазу қажет. Одан соң сол сұрақтардың айналасындағы айтылған әр түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, дәріс материалдарын басшылыққа ала отырып, түйінді ой тұжырымдарды қағаз бетіне түсіріп, осы мәселе төңірегіндегі әдеби-ғылыми материалдар, дәрісте оқылған және баспасөздерде жарияланған тың деректерге сүйеніп, өз тұжырымын дәйектеу керек. Әрбір семинарда алдынғы өткен сабақтарда қарастырылған материалдарды репродуктивтік, зерттеушілік сипатта жаңа тақырыппен байланыстыру талап етіледі.

1-семинар

тақырыбы: Баспасөз тілі-жазба тіл.
Сабақтың мақсаты: Баспасөз тілін жасаудың негізгі әдістері туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

1.Тіл және оның даму тарихы.

2.Жалпыхалықтық тіл мен публицистикалық стиль.

Бақылау сұрақтары:

1.Жазба тілдің баспасөз стилін қалыптастырудағы рөлі.

2.Стиль – өнер ерекшелігі.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Телерадиохабарларын жасаудағы негізгі басшылыққа алынатын қағидалар, хабар жасауда халық мүддесінің қорғалуы.

2. Хабар жасаудағы негізгі тұжырымдар мен зерттеулер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Баялиева Д. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұлттық, мәдениет, салт-дәстүр және тіл мен стиль мәселелері. Қарағанды, 1999.

2. Былинский.К. Язык газеты. МГУ. М., 1996.

3. Қабдолов З.Сөз өнері. ., 1992.

4. Исаев С. Мерзімді баспасөзде ұшырасатын стильдік қателер туралы.122-б. Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 2002.

2-семинар

тақырыбы: Стиль-өнер ерекшелігі
Сабақтың мақсаты: Тікелей эфирді жүзеге асыру тәртібі туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:


  1. Тікелей эфир дегеніміз не?

  2. Тікелей эфирге тән ерекшеліктер.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық.

  2. Диктор – сөз шебері немесе жүргізуші журналистке қойылатын талап.

  3. Тікелей репортаждың өзіндік белгілері.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Тікелей эфирді жүзеге асыру тәртібінің бүгінгі таным тұрғысынан зерттелуі.

2. Тікелей эфирге тән ерекшеліктер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Баялиева Д. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұлттық, мәдениет, салт-дәстүр және тіл мен стиль мәселелері. Қарағанды, 1999.

2. Былинский.К. Язык газеты. МГУ. М., 1996.

3. Қабдолов З.Сөз өнері. ., 1992.

4. Исаев С. Мерзімді баспасөзде ұшырасатын стильдік қателер туралы.122-б. Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 2002.
3-семинар

тақырыбы: Сұхбаттың стильдік ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Сценарийлік жобаға жан бітіру әдістері туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:


  1. Сценарий ұғымы.

  2. Сценарийде әдеби және экрандық белгілер болуы тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1. Автор сценарийді жазу кезінде нені басшылыққа алады?

2. Сценарийлік жобаға жан бітіру әдістері.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Сценарийлік жобаға жан бітіру әдістерінің журналистика тарихындағы орны.

2. Сценарий ұғымының, жинақталуы, зерттелуі мен ғылыми бағалануы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

3. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998



4-семинар

тақырыбы: Репортаж жанрының тілі мен стилі
Сабақтың мақсаты: Микрофон және оны меңгеру тәсілдері туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Микрофон және оны меңгеру тәсілдері.

  2. Микрофонның аса сезімтал құрал екендігі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазіргі заманғы микрофондар және оларға арналған тіреулер.

  2. Микрофондарды басқарудың 3 тәртібі.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Қазіргі заманғы микрофон және оны меңгеру тәсілдерінің журналистика тарихындағы орны.

2. Микрофондар - акустикалық тербелісті электрлі тербеліске айналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радио хабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі - гректің «микро» - аз, шағын, «фоне» - дыбыс деген сөзінен шыққаны этимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналға айналдыратын бірден-бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегі электр тоғына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарының әсерінен тербеліске түсетін жұқа диафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады. Иидукцияланған ток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттік үнтаспаға түсіріледі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

2. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998

3. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997


5-семинар

тақырыбы: Очерктің тілдік, стильдік артықшылықтары
Сабақтың мақсаты: Телепублицистиканың зерттелуі туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Публицистика термині.

  2. Публицистика туралы осындай алуан түрлі түсінік.

Бақылау сұрақтары:

1. Тележурналистиканың басты міндеті.

2. Монологтық жанрдағы қандай бағдарламаларды білесіз?

3. Жалпы теледидар хабарларын неше топқа бөлеміз?



Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Телепублицистиканың зерттелуі туралы журналистика ғылымындағы көзқарастар мен ой-тұжырымдар.

2. Телепублицистиканың зерттелуіндегі бүгінгі күнгі көзқарастар мен тұжырымдар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Баялиева Д. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұлттық, мәдениет, салт-дәстүр және тіл мен стиль мәселелері. Қарағанды, 1999.

2. Былинский.К. Язык газеты. МГУ. М., 1996.

3. Қабдолов З.Сөз өнері. ., 1992.

4. Исаев С. Мерзімді баспасөзде ұшырасатын стильдік қателер туралы.122-б. Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 2002.
6-семинар

тақырыбы: Сатиралық жанрлардың тілі мен стилі
Сабақтың мақсаты: Алғашқы ұлттық хабарлар туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:


  1. Алғашқы ұлттық хабарлар.

  2. Журналистика тарихында алғашқы ұлттық хабар «Айтыс».

Бақылау сұрақтары:

  1. Алғашқы ұлттық хабарларлардың мазмұны.

  2. Хабар жасау жолдары.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

  1. Телепублицистиканың міндеті – тек болған оқиғаны тіркеу ғана емес, жетістіктің де, кемшіліктің де сырын ашу, соған азаматтық көзбен қарап, қоғамдық пікір ұйымдастыру.

  2. Алғашқы ұлттық хабарлар туралы ғылыми тұжырымдар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Баялиева Д. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұлттық, мәдениет, салт-дәстүр және тіл мен стиль мәселелері. Қарағанды, 1999.

2. Былинский.К. Язык газеты. МГУ. М., 1996.

3. Қабдолов З.Сөз өнері. ., 1992.

4. Исаев С. Мерзімді баспасөзде ұшырасатын стильдік қателер туралы.122-б. Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 2002.

7-семинар

тақырыбы: Талдамалы-публицистикалық жанрларда жазылған материалдардың тілдік, стильдік табиғаты
Сабақтың мақсаты: 70-80 жылдардағы телепублицистика туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:


  1. Қазақ теледидарындағы 70-80 жылдардағы хабарлар.

  2. Хабарларлардың мазмұны.

Бақылау сұрақтары:

  1. Алғашқы ұлттық хабарларлардың мазмұны.

  2. Хабар жасау жолдары.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Алғашқы ұлттық хабарларлардың мазмұны, оған бүгінгі бәсекелестік тұрғысынан баға беру.

2. Бұл жылдардағы хабарларда өмірдегі көкейтесті сауалдардың келелі топта әңгіме арқауына айналуы, ол хабарлар туралы зерттеулер, оларды тарихи тұрғыдан бағалау.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. – А., 1998
8-семинар

тақырыбы: Радиохабардағы стиль мәселесі
Сабақтың мақсаты: Қайта құру жылдарындағы телепублицистика туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:


  1. Қайта құру жылдарындағы телепублицистика.

  2. Авторлық бағдарламалар табтғаты.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ теледидарындағы тың туындылар.

  2. Ұлттық телехабарларды дамыту перспективалары.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Қайта құру жылдарындағы телепублицистиканың зерттелуі мен ғылыми бағалануы.

2. Қайта құру жылдарындағы телепублицистикаға бүгінгі күнгі жаңаша көзқарастар мен тұжырымдар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. – А., 2011

2. Омашев Н.О. Радиожурналистика. – А., 2005

3. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - А.,1997


9-семинар

тақырыбы: А.Байтұрсыновтың әсерлеуге берген анықтамасы
Сабақтың мақсаты: Телехабарлардағы ұлттық бояулар туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Теледидардың ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі.

  2. Қазақ теледидары және өнер мәселелері.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қайта құру жылдары хабарларындағы ұлттық дәстүр.

  2. Ұлттық құндылықтарымызды теледидар арқылы насихаттау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет