5В050800 -есеп және аудит Қарағанды – 2011-2012



бет2/5
Дата11.07.2016
өлшемі0.68 Mb.
#190596
1   2   3   4   5

Таңдау бойынша курс 1

Кооперативтік қозғалыс теориясы мен тарихы

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Философия

Постреквизиттері: Саясаттану.

Мақсаты: Студенттердің бойында кооперативтік қозғалыс теориясы мен тарихының негіздері, кооперациялар және кооперативтік қозғалыстар туралы, олардың философиялық - әлеуметтік саяси және экономикалық мәні туралы ғылыми түсініктер жиынтығы туралы қажетті білім қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Курс кооперативтік қызметтің негізгі ұйымдық – саяси және экономикалық принциптерін, кооперативтердің алуан түрлерінің жалпы сипаттары мен белгілерін, олардың өзіндік ерекшеліктерін, әлемдегі өзге қоғамдық және экономикалық ұйымдармен ұқсастығын және айырмашылықтарын, кооперативтерді жіктеудің ғылыми негіздерін, халықаралық кооперативтік қозғалыстың негізгі үрдістерін оқытып үйретеді.

Кооперативтік қозғалыс үдерісінде қалыптасатын, адамдардың қоғамдық - өндірістік қатынастары курс пәні болып саналады.

Күтілетін нәтижелер: Студент:


  • кооперативтік қозғалыс тарихын;

  • кооперацияның әлеуметтік – экономикалық мәні мен табиғатын;

  • қазіргі кезеңдегі дамыған елдердегі кооперативтік қозғалысты;

  • Қазақстан Республикасының кооперативтік қозғалысын білуі тиіс.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Адамбекова С.М.
Әлеуметтік – саяси ілімдер және кооперативтік қозғалыс теориясы мен тарихы

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Философия

Постреквизиттері: Саясаттану.

Мақсаты: Студенттердің бойында әлеуметтік-саяси ілімдер және кооперативтік қозғалыс теориясы мен тарихының олардың философиялық – социологиялық саяси және экономикалық мәнінің қажетті негіздерін қалыптастыру.

Қысқаша сипаттама:

Кооперациялар мен кооперативтік қозғалыстар туралы, олардың философиялық – социологиялық, саяси және экономикалық мәні туралы ғылыми түсініктердің жиынтығы Қызметтердің алуан үдерісі мен адамдардың экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, мәдени және өзге өзара – байланыстарымен қалыптасатын қатынастар. Кооперативтік қызметтің негізгі ұйымдық – құқықтық және экономикалық принциптері.

Әлеуметтанудың құрылымы мен функциялары. Әлеуметтану пәні. Қоғамның жекелеген қырларын, сипатты функцияларын бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін, теориялық зерттеу және жинақтау нәтижесі.

Мемлекет пен саяси партиялардың рөлі, кез келген мемлекеттің жұмыс істеуінің аса маңызды мәселелері.

Саяси биліктің мәні, биліктің функциялары, субъектілері мен объектілері, саяси жүйенің типтері мен формалары. Мәдениеттің анықтамасы, оның құрылымы, материалдық және рухани мәдениет. Мәдениетті анықтауға әртүрғыдан келу, қоғамдық өмірдің осы феноменінің көріну көпқырлығы. Мәдениет дамуының қысқаша тарихы (Ежелгі Египет, Индия, Қытай, Ежелгі Греция, Ортағысырлар және Қазіргі заман). Қазақстан халықтары мәдениетінің пайда болуы мен дамуы.

Күтілетін нәтижелер: Студент:


  • әлеуметтік-саяси ілімдер теориясының тарихын;

  • кооперацияның әлеуметтік-экономикалық мәні мен табиғатын білуі тиіс.

Саяси құқықтық ілімдер тарихы

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Философия

Постреквизиттері: Экономикалық теория.

Мақсаты: тарихи дамудың жалпы заңдылықтарын меңгеруде, өз елінің өткеніне терең құрметпен қарау, әлемдік өркениетке оның қосқан үлесін заңды мақтаныш ету сезіміне тәрбиелеуде, студенттерге көмек көрсету.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы адамзаттың тарихи мәдениетінің аса маңызды бөліктерінің бірі болып саналады. Мемлекет пен құқықтың көпғасырлық тарихы уақытында өте көп саяси-құқықтық ілімдер пайда болды. Көптеген ойшылдар туындатқан теориялық трактаттар, философиялық шығармалар, саяси памфлеттер, конституциялардың жобалары белгілі бір әлеуметтік топтардың қатынасын көрсетеді. Саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы жалпыадамзаттық және әлеуметтік құндылықтар. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәні және теориялық проблемалары. Ежелгі әлемдегі саяси және құқықтық ілімдер. Ортағасырлар Еуропасындағы саяси және құқықтық ілімдер. Ортағасырлар дәуіріндегі Араб Шығысы, Орта Азия және Закавказье елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдер. Федолизмнің пайда болу кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары және бірорталыққа бағынатын орыс мемлекетінің құрылуы. Қайтаөрлеу дәуіріндегі батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. ХVII-XVIII ғасырлардағы Голландиядағы және Англиядағы саяси және құқықтық ілімдер. XVIII-ХІХ ғасырдың басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер. Тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер. XVIII-ХІХ ғасырдың басындағы Германиядағы саяси және құқықтық ілімдер. ХІХ ғасырдағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси және құқықтық ойлар. ХХ ғасырдағы Еуропа елдері мен АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер. КСРО-ның өмір сүруі мен ыдырауы кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлар (1920-1990 жылдардың басы).

Күтілетін нәтижелер: Аталған курсты тыңдаған студент:


  • оның дүниеге көзқарас негіздерімен, теориялық мазмұнымен және бағдарламалық талаптарымен бірліктегі саяси-құқықтық идеалогиялардың дамуын;

  • саяси-құқықтық идеалогиялар дамуының заңдылықтарын білуі;

  • мемлекеттердің неғұрлым маңызды және ықпалды тұжырымдамаларының және өткен дәуірлер құқықтарының мазмұны мен тарихын білуі;

  • саяси және құқықтық ілімдер тарихының дереккөздерін тану және тарихын тану базасын;

  • саяси және құқықтық ілімдер тарихының тарихи хронологиясын білуі тиіс.

Таңдау бойынша курс 2

Мәдениеттану

Пререквизиттері: Философия, Қазақстан тарихы

Постреквизиттері:

Мақсаты: Негізгі мәдениеттану тұжырымдамаларын, мәдени – тарихи үдерісті және оның негізгі заңдылықтарын, мәдениеттің тарихи топтарын білу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Әлеуметтік – гуманитарлық және жаратылыстану ғылыми білім жүйесіндегі мәдениеттану. Негізгі мәдениеттану тұжырымдамалары. Мәдени – тарихи үдеріс және оның негізгі заңдылықтары. Мәдениеттің тарихи типтері. Мәдени – тарихи даму үдерісіне формациялық және өркениет тұрғысынан келу. Алғашқы қауымдық мәдениет және оның ерекшеліктері. Ежелгі Шығыс мәдениеті. Ежелгі Греция мен Римнің антикалық мәдениеті. Орта ғасырлар мәдениетінің ерекшеліктері. Қайта өрлеу және жаңа кезең мәдениеті. Мәдениет тарихындағы 21ғасыр. Қазіргі заманғы мәдениет және оның негізгі проблемалары. Қазақ ұлттық мәдениетінің проблемалары. Көпшенділік – мәдениет типі ретінде. Қазақ мәдениеті дамуының тарихи кезеңдері. Қазіргі заманғы көпұлтты қазақ мәдениетінің проблемалары.

Күтілетін нәтижелер:

Мәдениеттану курсын оқып үйренген студент:



  • мәдениет феноменін, адамның тіршілігіндегі оның рөлін түсіне білуі және түсіндіре білуі;

  • қоғамның мәдени өмірінің әртүрлі аспектілерін талдай білуі;

  • олардың маңыздылығы жоғары және төмен деп бөлуге болмайтын, моральдық, діни, көркем және өзге де феномендердің ажырағысыз бірлігі ретінде түсіндірілетін мәдениетке біртұтас тұрғыдан қарай білуі;

  • ұлттық және әлемдік мәдени мұраларды сақтау мен молайтуға қамқорлық таныта білуі;

  • кәсіби қызметтің әлеуметтік, экономикалық және адамгершілік салдарларын топшылай білуі;

  • диалогтық қатынастар орнатып, ақылмен ымыраға келе білуі тиіс.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Мусаева Э.А.
Өзіндік таным

Пререквизиттері: Адамның дамуы

Постреквизиттері: Бухесеп тарихы

Мақсаты: Рухани және материалдық құндылықтарды білу, адамдармен қарым-қатынас жасау, коммуникатив­тілікті үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Рухани және материалдық. Менің құндылықтарым. Менің мұраттарым (идеалдарым) мен қарсы мұраттарым. Рухани және тән саулығы. Менің байлығым. Коммуникативтілік. Өзаратүсіністік – иллюция (елес) немесе ақиқат. Сүйіспеншілік. Дау-дамай, кикілжің кезеңдегі адам. Жұмыс және жұмыс беруші. Адамзаттағы адам. Мәдени мұралар. Табиғат тағдыры – біздің тағдырымыз. Сенімді және дінді уағыздауды таңдау. Ақиқатты іздеу.



Күтілетін нәтижелер: Рухани және материалдық құндылықтар туралы, мұраттар (идеалдар) және қарсы мұраттар туралы түсініктерге ие болу.

Әлемдік мәдениет теориясы мен тарихы

Пререквизиттер: Философия, Қазақстан тарихы

Постреквизиттер: Бухесеп тарихы

Мақсаты: Әлемдік мәдениет теориясы мен тарихын білу.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Әлемдік мәдениет теориясы. Әлемдік мәдениеттану тұжырымдамалары. Мәдени – тарихи үдеріс және оның негізгі заңдылықтары. Мәдениеттің әлемдік типтері. Мәдени – тарихи даму формациялық және өркениет тұрғысынан келу. Алғашқы қауымдық мәдениет және оның ерекшеліктері. Орта ғасырлар мәдениетінің ерекшеліктері. Қайта өрлеу және жаңа кезең мәдениеті. Қазіргі заманғы әлемдік мәдениет және оның негізгі проблемалары. Ұлттық мәдениеттердің проблемалары. Әлемдік мәдениеттің дамуының тарихи кезеңдері. Қазіргі заманғы көпұлтты мәдениетінің проблемалары.



Күтілетін нәтижелер: Пәнді қоқыған студент мынадай дағдылар алады:

- әлемдік мәдени мұраларды сақтау мен молайтуға қамқорлық таныта білуі;

- кәсіби қызметтің әлеуметтік, экономикалық және адамгершілік салдарларын жіктей білуі;

- қазіргі заманғы көпұлтты мәдениетінің проблемаларын білу.
Таңдау бойынша курс 3

Адам дамуы

Пререквизиттері: Философия, Экология және тұрақты даму, Әлеумет­тану

Постреквизиттері: Статистика, Макроэкономика.

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы және шет елдегі адам дамуының жағдайы мен перспективалары, адам дамуы тұжырымдамасының маңызы туралы білімдерді қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Адам дамуы теориясының тарихы, оның мүдделері үшін тиімді бақаруды ұйымдастыру және адам дамуын өлшеу жүйесі, оның компоненттері, орнықты дамудың демографиялық тендерлік және экологиялық аспектілері, экономикалық өсумен және жұмыспен қамту мен кедейшілікті өлшеу және қысқарту мәселелерімен, халықты әлеуметтік қорғау мүмкіндіктерімен адам дамуының өзарабайланысы.

Адам дамуы тұжырымдамасының негіздері, адам дамуы туралы ПРООН-ның бүкілдүниежүзілік Баяндамалары және адам дамуы туралы ПРООН-ның ұлттық есептері. Қазақ сарапшылары адам дамуы туралы. Адам дамуы тұжырымдамасының маңызы, Қазақстан Республикасындағы және шет елдегі адам дамуының жағдайы мен перспективалары туралы білімді қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер: Студент:


  • адам дамуы теориясының тарихын;

  • адам мүдделерін тиімді басқаруды ұйымдастырудың;

  • адам дамуын өлшеу жүйесі мен оның компоненттерін;

  • орнықты дамудың демографиялық, тендерлік және экологиялық аспектілерін;

  • адам дамуының экономикалық өсумен және жұмыспен қамтумен, кедейшілікті өлшеу және оны қысқарту мәселелерімен, халықты әлеуметтік қорғау мәселелерімен өзара байланысын білуі тиіс.

Коммуникациялар психологиясы

Мақсаты: Студенттерді адамдармен логикалық қарым-қатынас жасауға қол жеткізуге, кері ақпарат алуға, коммуникативтік арналарды білуге және өз қызметінен жақсы нәтижелер алу үшін адамдарға көмектесуге үйретуі тиіс.



Курстың қысқаша сипаттамасы:

Қарым-қатынас және басқару қызметі: психологиялық сипаттамасы. Менеджердің кәсіби шеберлігінің коммуникативтік негіздері.

Менеджердің коммуникативтік мәдениеті.

Басқару қызметіндегі коммуникативтік біліктілік пен дағдылар. Іскерлік әңгіме – коммуникативтік өзарабайланыс түрі ретінде: психологиялық аспектілері. Кеңес – басқару қарым-қатынасының түрі ретінде. Коммуникативтік мәдениет және этика. Келіссөздерді ұйымдастыру және өткізу. Клиенттерге әсер етудің коммуникативтік техникасы. Менеджердің біліктілік мәдениетін өзін-өзі жетілдіру әдістемесі. Коммуникациялардағы қиындықтар мен кедергілер. Менеджердің коммуникативтік мәдениетін өзін-өзі жетілдіру әдістемесі. Коммуникативтік таныстырылым. Коммуникативтік таныстырылымның басты бөліктері.



Күтілетін нәтижелер: курсты тыңдаған студент:

  • оның дүниеге көзқарас негіздерімен, теориялық мазмұнымен және бағдарламалық талаптарымен бірлікте саяси - құқықтық идеологияны дамытуды;

  • саяси – құқықтық идеалогияның даму заңдылықтарын;

  • мемлекеттің неғұрлым маңызды және ықпалды тұжырымдамалары мен өткен дәуірлері құқықтарының мазмұны мен тарихын;

  • коммуникациялар психологиясының деректану және тарихын тану базасын білуі тиіс.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: Малаев Д.Б.
Экономикалық психология

Пререквизиттері: Философия, Экология, Әлеуметтану

Постреквизиттері: Статистика, Еңбек нарығы экономикасы, Макроэкономика

Мақсаты: Мәні туралы білім қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Экономикалық психология – бұл шаруашылық қатынастары субъектісінің психологиясы. Өндіргіш күштерге сүйенетін шаруашылық қатынастары және еңбек аясын қамтитын өндірістік қатынастар мен басқару, кәсіпкерлік, тауар-ақша айырбасы, осы қатынастардың субъектіленген формасын білдіретін бөлу мен тұтыну және меншік құқықтары.

Экономикалық психология курсы психологиялық басты бөліктерді ескере отырып, экономикалық құбылыстарды неғұрлым терең және қазіргі тұрғыдан игеруге, кейбір экономикалық – психологиялық заңдылықтарды пайдалану дағдыларын үйренуге оң ықпал етеді. Экономикалық тәртіп модельдерінің көпнұсқалығы. Шаруашылық қызметі аясындағы психологиялық заңдылықтар.

Күтілетін нәтижелер: Студентер курсты игергеннен кейін:


  • экономикалық тәртіп модельдерінің көпнұсқалығын ескеріп, түсіндіре алады; психологиялық заңдылықтарды қолдана алады;

  • өзінің экономикалық тәртібіне ұсынымдар мен алған білімін қолдана алады.


ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР

Пән

циклі


Пән коды

Пәннің аты

Кредит саны

Семестр







2 курс










Таңдау бойынша курс 1

2

4

КВ 2.2

BET 2206
Бухгалтерлік есептің тарихы










KBED 2206

Қазақстанда бухгалтерлік есептің дамуы










BEXA 2206

Бухгалтерлік есептің халықаралық аспектілері










Таңдау бойынша курс 2

3

4




MTIG

2204


1. Мемлекеттік тілде іс жүргізу










IQIK 2204

2. Іс жүргізу және іскерлік қарым-қатынас










KKE 2204

3. Қызметтік қатынастар этикасы








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет