5В050900 «Қаржы» мамандығЫ Үшін «банктік тәуекелдер»



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#125370
1   2   3   4

Тәуекелді елдер- елдегі өзгерісің ағымдағы және болашақтағы тәуекел, саяси және экономикалық жағдайлардың өзгеруіне, елдің мүмкіншілігіне жаман әсерін тигізеді, фирма және басқа қарыз алушыларға сыртқы міндеттемелерге жауапты. Тәуеклді елдер кей-кездері кейбір банктерге және банктік емес фирмаларға тура және жанама сыртқы саудада және инвестицияда әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, банк өз клиенттерін яғни корпорациялық деңгейдегі, өнімді көп мөлшерде экспорттайтын белсенді түрде қатысатын және несие мүмкіншілігіне ие болатын клиенттерді тәуекелді елдер ескеруі керек.

Қорытындыға тәуекелді елдер фактордың саны және сапасына көңіл аударады, сонымен қатар саяси және экономикалық жағын да құр қалтырмайды. Банктер несие мүмкіншілігіне қорытындыны жақсы дамыта бағдарлама жасаған және кең көлемде ақыл-ойлы тәуекелді елдер-өзінің меншік шоты немесе жанама, клиенттің шотына- несие рейтингін жиі күрделі жүйені енгізеді. Жүйелердің бірі- ол құрамдас рейтингтердің жүйесі, яғни әрбір ел бөлек құрамдас рейтинг 1-ден 9-ға дейінгі шкала бойынша алады. Рейтингті негізінен несиені бағалауда қолданады. Рейтингтер сақтандыру Комитетімен қалыптасады, аналитик-елтанушылардың көмегімен негізделеді.

Тәуекелді елдерді болжау анализдің құрылысына және мемлекет құрылымының сапалы мінездемесіне сүйену болып табылады.

Саяси тәуекел рейтингтерін қалау және саяси мүмкіншіліктер үкімет сыртқы міндеттері төлейді. Рейтинг сонымен қатар үкіметтің тұрақтылығын бағалауда және оның сыртқы қарызды төлеуге қатыстары.

Сытқы тәуекелдерге: банктің қызметімен байланыссыз немесе оның контактілік аудиториясымен сыртқы тәуекелдердің сатысына өте үлкен сандық факторлар әсер етеді:социалдық, саясаттық, әлеуметтік, т.б табылады. Ішкі тәуекелдерге жататындар: банктің талқыланған қызметі, оның тұтынушылары, соның сатысына сыртқы активті басқаруы банкке әсерін тигізеді, оптималдық маркетингілік стратегияны таңдауы.Саясаттың және техниканың және т.б. факторлар. Елдердің болжамды тәуекелі анализдік структурасын сапалы мінездемесіне мемлекеттігіне қарау керек. Саясаттың рейтингілік тәуекелділігі тілекпен өлшенеді және саясаттың амалы берілген басқарудың сыртқы міндетті төлеуі. Рейтинг деп сонымен сақтандыру болып табылады.




Рейтинг тәуекелі

Түсіндірме

PR-1

Қысқы мерзімді, орта және ұзақ мерзімді тәуекел периодта білінбеуі де мүмкін. Елде ситуация өте тұрақты және өте жақсы сыртқы қарызды төлеу қатынастары қалыптасқан, орындалмауы екіталай.

PR-2

Қысқа мерзімді және орта мерзімді тәуекел периодта болады. Ұзақ мерзімді тәуекелді анықтау қиын, бірақ перспективалар жаман емес. Саяси тәуекелді ойлауға көп жеткілікті уақыт бар.Жақсы қатынас, яғни сыртқы қарызды төлеу, орындалмауы екіталай.

PR-3

Қысқа мерзімді және орта мерзімді тәуекелдің жоспарда білінбейді. Ұзақ мерзімді перспективалар түсініксіз, бірақ жақсы. Әлі де көп уақыт мерзімі бар, саяси тәуекелді көруге сыртқы қарыздарды төлеу қатынасы жақсы, бірақ өзгеруі мүмкін.

PR-4

Қысқа мерзімді және орта тәуекел периодта білінбейді, бірақ ұзақ мерзімді период потенциалды түрде жаман болуы мүмкін.Орта мерзімді тәуекелді ойлауға жеткілікті уақыт бар. Сыртқы міндетті төлеу ұзақ өзгеруі мүмкін, бірақ мүмкін жақсы жаққа өзгеруі мүмкін.


PR-5

Қысқа мерзімді тәуекел периодқа аз белгілі, жеткілікті уақыт бар, оны қорғауға. Орта мерзімді және ұзақ мерзім периоды түсініксіз, бірақ ол жаман болуы мүмкін. Сыртқы міндеттерге қатынас жақсы емес.

PR-6

Қысқа мерзімді тәуекелі аз белгілі жоспарда, бірақ аз уақыт оны қорғауға. Орта мерзімді және ұзақ мерзім тәуекел перспективалары кері көрініс береді. Сыртқы міндетті төлеу белгісіз.

PR-7

Қысқа мерзімді және орта мерзімді тәуекел жоспарда болуы мүмкін. Ұзақ мерзім тәуекел Үкіметтің үзілісте жақсаруына немесе қарым-қатынастың өзгеруі сыртқы міндетті тудырады.

PR-8

Тәуекел әр уақытта болуы мүмкін,ондай рейтингпен тұрақты емес және жайлы емес қаьынас.

PR-9

Тәуекел толығымен анықталады,ешқандай мүмкіндік үкіметің ауысуы немесе сыртқы қарыздарға қарым-қатынас.



Экономикалық тәуекел рейтингін ұзақ мерзімді жалпы экономикалық елдің дамуы және оның потенциал, елдің мүмкіндікті бағалау жағдайлары сыртқы қарызға қызмет көрсету деңгейін айтуға болады.

Оған келесідей факторлар әсер етеді:



  1. Экономикалық басқару елдері

  2. Экономиканың құрылымы

  3. Институционалды структура

  4. Ресурстық байланыс

  5. Мемлекеттің инфляциялық емес тұрақты өсуін ұстады



Экономикалық тәуекел рейтингтері



Рейтинг тәуекелі

Түсіндірме

ER-1

Несие мүмкіншілігі экономикалық көзқараспен алғанда өте жоғары. Экономикалық диверсификациялық, саяси және институционалдық құрылым шетел займдарын алуға мүмкіншілігі мол. Елді халықаралық деңгейде қаржылық жағдайы тұрақты; өте аз қысқа және ұзақ мерзімді несиелер тәуекелін береді. Елде ең ірі өнеркәсіп ЖІӨ береді; жоғары деңгейде ЖІӨ тұрғындардың көңілінен шығады, инфляцияның экономикалық өсуін жақсы басқарады

ER-2

Елдер өте қолайлы экономикалық және қаржылық тәуекел жақсы мүмкіншілігі бар және проблемалары болиайтын сыртқы қарыз қызмет көрсететін деңгейі болып табылады. Жаңа индустриялы елдер жақсы даму деңгейіндегі, экономикалық даму этапында негізделген және де олардың осы сатыда бүгінгі күні тұруы табылады

ER-3

Экономикалық және қаржылық тәуекелі қанағаттандырарлық және адекваттық мүмкіншілігі қарызды өтей алатын елдер. Ұзақ құрылымды экономикалық проблемасы бар,экономикасы диверсификациялық емес. Көптеген дамушы елдер жиі осы категорияға қосылуда.

ER-4

Экономикалық тәуекел деңгейі тиімді және де проблема болуы мүмкін осы жағдайда. Жоғары, бірақ тұрақты емес өсу, инфляция орташадан жоғары, әрдайым ағымдағы балансқа дефицит, яғни шетел несиелерінің шоттарын қаржыландыруда. Экономика жеткілікті түрде диверсификациялық емес және ішкі жағдайдың туындайтын дүрігудің болуы.

ER-5

Дамушы елдер, алғашқы өндірістен шектеулі түрде жасауда, яғни ауыспалы этапты тұрғандар.Қарыз төлеу мүмкіндігі- минималды өтей алатын,төлеу графигінде қате жіберуі бар тәуекел.Экономикасы үлкен емес, жіңішке базасы бар, өсу деңгейі товар бағасынан білінеді, бірақ сонымен қатар, елдер группаларынан көруге болады.

ER-6

Елдер,периодтық сыртқы міндеттерге қайта қарастыру жасайтындар. Қарыздарын төлеу кей кездері белгісіз болады.Бұл кезеңде экономика әлсіз, алғашқы өндіріс, әрқашанда басқарушы жаман, әлде белгілі тәуекел орын алады. Шетелдің көмегіне тәуелді болып табылады.

ER-7

Елдердің аз мөлшерінде қарызын төлей алу мүмкіндігі бар, әрқашан қаржылық қиындықтарда болады. Жоғары сыртқы деңгейі бар, экономикалық басқаруы өте әлсіз. Төлей алмау және несие жоғары болып қарастыру жағдайының болмауы орын алған.

ER-8

Кішкентай елдер алғашқы өндірушілер шетел мемлекетінен көмек сұрайды. Елде сыртқы қарызды төлеу мүмкіншілігі жетіспейді.Шетел қарызын төлемейді.

ER-9

Елде банкрот.Шетел қарызын төлеуден бас тарту;өткен қарыздарды төлеуді қаламау.


Ауыстыру тәуекелі - субкатегория экономикалық тәуекелдің ликвидті төленуімен белгіленеді.Елдің балансы қолма-қол әдісі конвертициялық валютамен және оның қысқа мерзімді қарызбен сыртқы бойынша. Ауыстыру тәуекелі- мүмкіншілікті тоқтату қызмететудің қарызы үшін, проблемасы, ликвидті, сыртқы саудамен инвестицияның байланысы.
Ауыстыру тәуекелінің рейтингі



Рейтинг тәуекелі

Түсіндірме

TR-1

Минималды мөлшердегі тәуекел, валюталық шектеуді аз мөлшерде жүргізу мүкіншілігі бар. Сыртқы және ішкі өсу және төмен инфляция, халықаралық жағдайын елдің резервтерінің жағдайын көрсетеді.

TR-2

Көп мөлшердегі тәуекел емес, валюталық бағалау немесе капитал қозғалысына бақылауды жүргізудің мүмкіндігі бар. Халықаралық активтер тиімдірек, бірақ олардың размері өзгереді, экономика жеткілікті мөлшерде диверсификациялық кең мөлшерде емес, инфляциялық тенденциялар бар,төлеу балансы бойынша проьлемалар кездесуі мүмкін.

TR-3

Көп мөлшердегі тәуекел емес, валюталық шектеулерді аз мөлшерде жүргізу мүмкіндігі бар. Елдің адекваттық халықаралық резервтері жоғары.

TR-4

Тәуекел мөлшері орташа мөлшерден жоғары, ағымдағы операцияларға немесе капитал қозғалысына периодтық шектеуді қолданады. Экономикалық өсу тұрақты емес.

TR-5

Тәуекел мөлшері менеджменттің көзқарасын талап етеді. Елдің халықаралық резервтері стандарттарын әлдеқайда төмен. Экономикалық база әлсіз экономика сыртқы факторға әсерін тигізеді.

TR-6

Басқа ауыстырудың проблемалары және белгілі проблемалары елдің сыртқы міндеттерін жоюға мүмкіндік бермейді. Қарыздар жиналады, оның қайта қарауға уақыт керек.

TR-7

Тәуекел ортадан жоғары жеткіліксіз мөлшерде, капитал қозғалысына шектеу көп мөлшерде және валюталық бақылау. Елдің қарыз қызметін төлемеу міндеті қарыздардың жиналуы, қарыз құрылымын қайта қарау немесе мерзімін ұзарту. Ел банктік-кредитормен немесе үкіметтік-кредитормен уақыт мерзімінің өзгеру жолдарының тиімділігіне пікірталас тудырмады және бұл жағдай жақын болашақта өзгеруі екіталай.

TR-8

Тәуекел анықталды, қарыз құны көбейді.Елде қарыз жиналған(төленбеген % 6 ай немесе одан көп мөлшердегі)жақын болашақта қарызды төлеуге ешқандай перспективалар жоқ..

TR-9

Елде қызметті төлеу, несиені болашақта өтемеу орын алды және оның құны өте аз болғандықтан, банк активі ретінде ұстау мүмкін емес.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Елдік тәуекел дегеніміз не?

2. Сыртқы тәуекелдерінің түрлері?

3.Экономикалық тәуекелдерге не жатады?

4.Ауыстыру тәуекелі рейтингі?

5.Саяси тәуекел дегеніміз?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Шаяхметова К.О. Банк тәуекелдері: Оқу құралдары.-Алматы: Қазақ унирверситеті, 2004. -78 бет.

2. Шелекбай Ә.Д., Әлмерепов Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практикасы, Казақстан тәжирибесі: Оқу құралы. Алматы: Экономика., 2007.- 208 бет.


4 Такырып. Банктердердің ішкі тәуекелдері.
1.Банктің клиентіне байланысты тәуекелдер.

2.Банктік операциялар сипатына байланысты тәуекелдер.

3.Банктің ішкі тәуекелдерін азайту тәсілдері.
1.Банк клиентіне байланысты тәуекелдер

Банк – бұл коммерциялық ұйым. Барлық тәуекелдердің түрлерін төмендету принципі және банктің аз шығынмен көп табыс түсіру принципі банк-клиент қарым-қатынасының негізгі принципі болып табылады. Банк өзінің капиталымен тәуекелге ұшырауы мүмкін, бірақ клиенттің капиталымен емес ал клиенттің табысымен.



Банк клиенттерінің құрамы

Банк клиенттерінің құрамының тәуекелдігі банктік қызмет маркетингпен, қоғаммен қарым-қатынас жасаумен байланысты. Кіші, орта және ірі клиенттердің талаптарының әр түрлілігі сол тәуекелдің деңгейін анықтайды, яғни ұсақ қарыз алушы ірі қарыз алушыға қарағанда нарықтық экономиканың кездейсоқ жағдайларына көбірек тәуелді болады. Сонымен қатар бір қарыз алушылар тобына, салаға және аймаққа немесе мемлекетке берілген үлкен несиелер көп жағдайда банктің банкротқа ұшырауының негізгі себебі болады.

Клиенттің құрамына байланысты әр банк тәуекелді есептеудің әдісін және тәуекел дәрежесін анықтайды. Осының нәтижесінде банк клиенттеріна байланысты тәуекелдердің толық құрылымын анықтауға болады. Кәсіпорынның көлеміне байланысты клиенттерлі кіші, орта және ірі деп үш топқа бөлуге болады.

Кіші және орта қарыз алушылар немесе клиенттер нарықтағы өзгерістерге тез бейімделеді. Олардың құрылымы өте қарапайым болып келеді, сондықтан мұндай кәсіпорындар жоғары табыс алу мақсатында кәсіби бағытын жедел өзгерте алады. Бірақ мұндай кәсіпорындардың меншікті капиталы аз болады, олар саяси немесе экономикалық өзгерістерге, қатаң бәсекеге төтеп бере алмай, банкроттыққа ұшырайды. Ал, ірі кәсіпорындар керісінше, нарықтағы сұраныстың өзгеруіне өте жайбейімделеді және өздерінің кәсіби бағыттарын мүлдем өзгертпейді. Бірақ мұндай кәсіпорындардың меншікті капиталы үлкен болады, сондықтан олар нарықтағы жағымсыз экономикалық өзгерістерге төтеп бере алады.

Банктің түрлі клиенттерінің әртүрлі салаларға тәуелділігі (салалық тәуекел)

Тәуекел теориясына байланысты негізгі признагы кәсіпорынның қай саласына жататыны оның қай тауарды өндіргеніне байланысты. Бірінші сферадағы кәсіпорындар, оларға ауылшаруашылық кәсіпорындар жатады; екінші сферадағы кәсіпорындар (өнеркәсіптік), олардың өздері өндіруші және қайта өндіруші болып бөлінеді, үшінші сферадағы кәсіпорындар, әр түрлі қызмет көрсететіндер (банктер, сақтандыру компаниялары, аудиторлық, консультациялық компаниялар және т.б.) және өткізу (көтерме

және бөлшек сауда) сферасындағы өз қызметін атқарушылар.

Салалық тәуекелді төмендету үшін банк әр түрлі айыл шаруашылық салаларға байланысты клиенттерге қызмет көрсету керек.Осылай тәуекелді төмендетуге мүмкін болады, инфляциянын тәуекелі, валюталық тәуекелдер, форс-мажордық тәуекелдердер сақтандырылуға болады.

Салалық тәуекел саланын экономикалық және қаржылық динами-касымен тығыз байланысты. Егер сала динамикалы болса, онда тәуекел тәуекел дәрежесі де жоғары болады.

Салалық тәуекелге әсер ететін факторлар келесідей топтастырылады:



  • Белгілі бір уақыт мезетіндегі саланын альтернативті қызметі. Талдау - орта квадратуралардың деңгейі негізіндегі ерекше талдау арқылы жүргізіледі.

  • Сала ішіндегі бәсеке, яғни бағалы және бағасыз бола алады, ол бәсекелес фирмалардың жаңа тауарды шығарумен байланысты, тауарды-ауыстыратын тауарлардың болуымен немесе керісінше, сатып алушылардың нарықтық күшімен, делдалдар мен жабдықтаушылардың рейтингісіне байланысты.

Салалық тәуекелдің деңгейін өлшеудің негізгі бір түрі ол – β коэффициентің алу болып табылады. Бұл коэффициент тәуекелдің өзгеру деңгейін бақылайды.

2.Банктік операциялар сипатына байланысты тәуекелдер.

Операциялық тәуекел – қызметкерлердің және ақпарат жүйелерінің немесе сыртқы оқиғалардың алшақ немесе қате іс-әрекеттері, ішкі үрдістері нәтижесінде шығын туындау тәуекелі.

Операциялық тәуекелді минималдандыру мақсатында Банкте қолданылатын негізгі шаралар:



  • Банктің сайма-сай ұйымдастырушылық құрылымын, ішкі нормативтік құжаттарды, операциялық тәуекелдің мүмкін факторларын минималдандыру мақсатында банктік операциялар мен мәмілелер жасау процедураларын әзірлеу;

  • жүргізілетін банктік операциялар және басқа мәмілелер бойынша өкілеттік пен есептілікті бөлу принциптерін сақтау;

  • жүргізілетін банктік операциялар және басқа мәмілелер бойынша белгіленген шектердің сақталуын бақылау;

  • жүргізілетін банктік операциялар және басқа мәмілелер бойынша құжаттар мен шоттарды жүйелі түрде салыстыра отырып тексеру;

  • Банктің материалды активтеріне және ақпаратына рұқсаттың белгіленген тәртібін сақтау;

  • одан ары болдырмау үшін жүйелік қателерді сараптау;

  • қызметкерлерді сапалы іріктеу;

  • қызметкерлердің біліктілігін үнемі көтеріп отыру.

3.Банктің ішкі тәуекелдерін азайту тәсілдері.

Меншіктік қатысына байланысты банктің клиенттері немесе кәсіпорындар мемлекеттік, жеке, акционерлік, кооперативтік деп бөлінеді. Меншіктік қатысына байланысты әр түрлі кәсіпорындарда тәуекелдің деңгейі де әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан банк клиенттерге қызмет көрсетпес бұрын немесе несие берместен бұрын клиент портфелінің сапасын тексереді. Осылайша банк өз өтімділігін сақтау үшін және рентабельділігін белгілі бір деігейде ұстау үшін үнемі клиент портфелінің сапасын тексере отырып, нақты және потенциалды клиенттердің артықшылықтарын анықтайды.

Тәуекелдерді төмендету мақсатымен банк келесідей қызметтерді орындау керек:


  • өз клиенттерінің портфелін девирсификациялау, бұл тәуекелдердің барлық түрін девирцификациялауға әкеледі, яғни оны бөліп жайғастыруға;

  • клиенттердің үлкен санына ұсақ сомалар түрінде көбірек несиелер пайдалануына беруге талаптану;

  • консорционалды негізде клиенттерге үлкен сомаларды пайдалануға беру және т.б.

Банк клиенттерінің топтастыру тәсілдерінен біреуін қарап шығамыз, қайсының арқасында банкілік тәуекелдердің барлық түрлерінің деңгейі төмендеуі мүмкін.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Ішкі тәуекел дегеніміз не?

2. Банк клиентіне байланысты тәуекел?

3. Банктің ішкі тәукелдерін азайту тәсілдеріне не жатады?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Шаяхметова К.О. Банк тәуекелдері: Оқу құралдары.-Алматы: Қазақ унирверситеті, 2004. -78 бет.

2. Шелекбай Ә.Д., Әлмерепов Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практикасы, Казақстан тәжирибесі: Оқу құралы. Алматы: Экономика., 2007.- 208 бет.

3 Такырып. Валюталық тәуекелдер және оларды азайту жолдары.

1.Валюталық операциялардың жалпы сипаты.

2.Валюталық тәуекелдердің пайда болу себептері. Валюталык тәуекелдердің жіктелуі.

3.Валюталык трансляциялық тәуекелдерді басқару әдістері


1.Валюталық операциялар мен олардың сипаттамасы

Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.



1.Ағымдық операцияларға жататындар:

  • Тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт – импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

  • 180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;

  • салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивиденттерді, сыйақыларды және өзгк де табыстарды алу және аудару;

  • гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа сомаларды аудару;

  • осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:

  • инвестицияларды жүзеге асыру;

  • интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;

  • мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік құқығына төлеуге аударымдар;

  • тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт – импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

  • 180 күннен асатын мерзімге несиелер беру және алу;

  • өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банкілерінде және өзге де қаржылық ұйымдарға салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;

  • зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар;

  • жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.

Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілеттігі банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.

Валюталық операциялардың жіктелуі



1.Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу

Бұл операция мынадай түрлерден тұрады:



  1. заңды және жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге) валюталық шот ашу;

  2. шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;

  3. овердрафт (банктің жетекшілерінің шешімімен ерекше клиенттерге) несиелерін беру;

  4. операция жасалуына қарай шоттың көшірмелерін беру;

  5. кез келген уақыт аралығына шот архивін рәсімдеу;

  6. клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды орындау (клиенттер есебінен шетел валютасын сатып алу және сату);

  7. экспорттық – импорттық операцияларды бақылау жасау.

2. Сауда емес операциялар

Сауда емес операцияларға клиенттерге тауар және қызметтер экспорты мен импорты және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсетулер үшін есеп айырысуларға байланыссыз операциялар жатады.

Өкілетті банктер мен сауда емес сипатта мынадай операцияларды жасауы мүмкін:


  1. қолма – қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сату;

  2. шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау;

  3. шетел банктерінің жол чектерін сатып алу (төлеу);

  4. ақшалай аккредитивтерді төлеу.

3. Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату

Халықаралық есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:

1. НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) – банк- корреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот.

2. ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) – коммерциялық банкте банк – корреспонденттің атына ашылған ағымдық шот.



4. Конверсиондық операциялар

Конверсиондық операциялар – сол елдің қолма – қол және қолма – қолсыз ұлттық валюталарына қолма – қол және қолма – қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.

Конверсиондық операцияларға мынадай валюталық мәмілелер жатады:


  • СПОТ мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.

  • ФОРВАРД (мерзімді, аутрайт) мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле күннен кейінгі 2 банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.

  • СВОП мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға сәйкес, яғни екі қарама – қарсы операциядан тұратын банктік мәміле.

    • Аутрайтпен жасалатын мәміле – белгілі бі күнге валютамен жабдықтау шартын білдіреді.

    • Опционмен жасалатын мәміле – валютамен жабдықтаудың күні белгіленбеген шартын сипаттайды.

5. Халықаралық есеп айырысу бойынша операциялар

Сыртқы саудада есеп айырысудың мынадай формалары қолданылады: құжатталған аккредитив, құжатталған инкассо, банктік аударым.



Құжатталған аккредитив – аккредитивте көрсетілген құжаттарға қарсы экспорттың (бенефициарға) пайдасына өзінің бұйырушы – клиенттің (импортердің) өтініші бойынша жасайтын аккредитив ашушы банктің (эмитент – банктің) міндеттемесін білдіреді.

Құжатталған инкассо – эмитент – банктің, сенім білдірушінің берген құжаттарын төлеушіге (импорттарға) төлеу үшін ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзіне алған міндеттемесі.

Банктік аударым – банктік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негізінде барлық есеп айырысудағы валюталық түсімдердің өкілетті банктердің шотына есепке алынуын білдіреді.

6. Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операциялары.

Мұндай операцияларға мыналар жатады:



  1. депозиттерді тарту:

    • жеке тұлғалардан;

    • заңды тұлғалардан, соның ішінде банкаралық депозиттер;

2) несиелер беру:

  • жеке тұлғаларға;

  • заңды тұлғаларға;

  1. банкаралық нарықта несиелерді орналастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет