2.Несиелік тәуекелді азайту әдістері.
Банктер кредит нарығында таралған ақпараттың сапасын төмендегі факторлардың есебінен жақсартады:
-
банк пен клиенттің арасында қалыптасқан қатынастар, клиенттің кредиттік тарихы жағымды болған жағдайда ол қаржы делдалдарына инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Тек банк қана клиенттер туралы мәліметтерді пайдалана алады, ал мұның өзі капитал нарығында бәсекелестер мен кредиторлар алдында оған артықшылық берілуін қамтамасыз етеді;
-
кәсіпорынның банк кредитіне қол жеткізуі нарыққа оның қаржылық жай-күйін және даму келешегін жариялау болып табылады;
-
қарыз берушілерді бақылауды жүзеге асырғанда банктердің сараптама жүргізуі капиталдар нарығымен салыстырғанда олардың осы салада да артықшылыққа ие болуын қамтамасыз етеді.
Кредиттік тәуекелді төмендетуде ықтимал қарыз алушылардың қаржылық жай-күйі мен кредиттік тарихтары туралы мәліметтер бар, шетелде кеңінен таралған дерекқорлардың маңызы зор. Кредиттік талдау үшін кәсіпорындар бойынша кешенді анықтамалар дайындайтын кредиттік бюро маңызды ақпарат көзі болып табылады. Ақпараттық компаниялар осы тектес қызметтер көрсетеді, сондай-ақ олар рейтингтер жасап, оларды жариялайды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Несиеліктәуекел дегеніміз не?
2. Несиелік тәуекелдің пайда болу себептері?
3. Несиелік тәукелдерін азайту тәсілдеріне не жатады?
4. Несиелеу лимиттерін белгілеу дегеніміз не?
5. Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Шаяхметова К.О. Банк тәуекелдері: Оқу құралдары.-Алматы: Қазақ унирверситеті, 2004. -78 бет.
|
2. Шелекбай Ә.Д., Әлмерепов Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практикасы, Казақстан тәжирибесі: Оқу құралы. Алматы: Экономика., 2007.- 208 бет.
|
8 Тақырып. Тәуекелді азайтуға байланысты банктің стратегиясы
1.Банктік тәуекелдерді басқару стратегиялары.
2. Тәуекелді бағалау әдістері.
1.Банктік тәуекелдерді басқару стратегиялары.
Банктердің тәуекелдерін басқару банк қызметінің негізгі қызметі болып табылады. Банк қызметінің тәуекелдерінің негізінде банк қабілеттілігі түсіндіріледі:
-
біріншіден, банктің өзіне алатын тәуекелділік көлемін дұрыс бағалау;
-
екіншіден, кез-келген уақытта өзіне алынған тәуекелділік көлемін дұрыс бағалау;
-
үшіншіден, қабылданып алынған несиелік тәуекелдің көлемін жоспарланған көлемде ұстап тұру және оны қажет кезінде көлемін өзгерту.
Мықты банкті құрудың алдын – ала шарты тәуекелді басқару процесінің тиімділігін құру болып табылады. Тәуекелді басқарудың негізгі мақсаты келесі міндеттерден тұрады:
-
тәуекелді басқарудың жақсы жетілдірілген саясатын және шараларын қалыптастыру;
-
жақсы және оңтайлы басқару;
-
тәуекелді тиімді бақылау;
-
жоғары білікті қызметкерлер құрамының болуы.
Активтердің сапасы басқару сапасын көрсететін болса да, оған басқа факторлар да әсерін тигізеді.
Банктердің тәуекелділігі сыртқы (экономикалық ортаның жай – күйімен, коньюктурасымен) және ішкі (банктің өзінің қателескен іс-әрекетімен байланысты) факторларға тәуелді болады.
Сондай – ақ тәуекелді басқару қабілеті банк басшылығының біліктілігіне және оның несиелік нақты жобаларды таңдап алумен айналысатын, сондай – ақ несиелік өзара келісімге келу шартын жасайтын қызметкерлерінің біліктілігіне байланысты болады. Банктердің алдында тәуекелді басқару ісінде көптеген қиыншылықтар тұр. Саясаттағы ішкі және сыртқы жағдайлардың қысымы, өндірістегі қиыншылықтар, қаржылық шектеу, нарықтың жаңылысуы, қаржы әлеміндегі тұрақсыздық клиенттер жағдайын әлсіретеді.
Сондай – ақ қаржылық ақпарат әрдайым сенімді емес, алынған қарызды уақытында қайтару міндетіне құқықтық құрылымның араласпауы да әсерін тигізеді. Сондай – ақ сыртқы қиыншылықтар ішкі әлсіздіктермен ұштасып, әрі қарай активтердің әлсіреуіне әкеліп соқтырады.
Банктердің көпшілігінің тәуекелді басқарудың дамытылған іс-қимыл мүмкіншілігі болмайды. Көп кездесетін кемшіліктердің ішінде төмендегілерді атап көрсетуге болады:
-
тәуекелді басқару процедурасының және жазбаша саясаттың көрсетілуінің болмауы;
-
портфельдің концентрациясына шектеудің болмауы;
-
банктердің тәуекелдігін үстірт талдау;
-
клиентпен жеке байланыстың жетіспеушілігі;
-
тәуекелділікті бақылаудың жетіспеушілігі;
-
тәуекелділіктің іс-қағаздарының нашар бақылануы;
-
тәуекелді аудиттеу және жүйелі бақыланбауы;
-
тәуекел іс-қағаздарының толық болмауы.
2. Тәуекелді бағалау әдістері.
Банктік мекемелердің және банк қызметінің тәуекел деңгейін басқарудың келесідей төмендегі негізгі тәсілдерін көруге болады:
-
банктің өз қызметі туралы нақты статистикалық және динамикалық ақпараттары талдау әдісін қолдану арқылы банктің қанша жоғалтулары болатының болжамдап соңғы баға қоюға болады. Осы мақсатқа жету үшін коммерциялық банктер маркетиг жүйесін басқаратын және тәуекел деңгейін талдайтын және оларды төмендетуде әр түрлі әдістерді қолданатын бөлімдерді құру керек;
-
пайыздық ставкалардың динамикасы олардың дәрежелерінің жоғарлауы кезінде тәуекел деңгейі де өседі және де керісінше; банкаралық нарықтағы операциялар мен пассивті операциялардың савкалары клиенттің несиелік және активті операцияларына ставкалар-дан төмен; ұзақ мерзімділер қысқа мерзімділерге қарағанда баяу өзгереді; қымтамасыз етілген несие ставкалар мен қысқа мерзімді операциялар бойынша ставкалары қамтамасыз етілмеген және қысқа мерзімді операцияларға қарағанда төмен;
-
несиелерді сақтандыру, яғни ол жаман жағдай кезінде кепіл ретінде болады;
-
хеджирлеу, яғни тәуекелдерді сақтандыру;
-
үлкен тәуекел болған кезде қарызгердің ұсынысын қабыл алмау;
-
тәуекелдерді диверсификациялау;
-
несие шарттарын қарастыру және т.б.
Банк тәуекелдерін хеджирлеу
Банк қызметінде көптеген тәуекелдер болып отырады.Оларды төмендетудің бір тәсілі ол – хеджирлеу.Хеджирлеу – әр бір тәуекелді мәмілеу үшін өтеуші валюталық позицияны құры.Басқаша айтқанда бір валюталық тәуекелді табыстар мен шығыстарды басқа тәуекелмен өтеу жүзеге асады.
Хеджирлеу (хеджирлеу мәмілесі) – белгілі бір шетел валютасында активтерді және міндеттемелерді сатып алу барысында бағамдық айырманың пайда болуымен байланысты мүмкін болар зияндардан қорғау (сақтандыру) тәсілі болып табылады.
Хеджирлеу шетел валютасындағы қарсылық талаптар мен міндеттемелерді болжайды.Валюталық т/лдердің төмендеуі үшін әр түрлі жағдайларда хеджирлеудің төмендегідей әдістері қолд-ды:
1.Бірінші жағдайда – ұлттық валютаның бағамының төмендеуі күтіледі.Бұл жағдайда:
-ұлттық валютаны сатып, мәміледегі екінші валютаны тандап алу қажет
-ұлттық валютадағы құнды қағаздарға қатысты опер/рлардың көлемін, сонымен бірге ақшаның көлемін қысқарту
-ұлттық валютадағы несиелік қарызды төлеуді кейнге қалдыру
-ұлттық валютадағы қарызға алуды арттыру
-тұрақты валютадағы өнімдердің импортын арттыру және жеделдету
-еңбекақы, дивидендтерді, сыйақыларды төлеуді жеделдету
-импортерларға ұлттық валютамен және экспортерларға шетел валютасымен шот жіберу
2.Екінші жағдайда – ұлттық валютаның бағамының өсу мүмкіндігі.Бұл жағдайда банк 1-жағдайларда көрсетілген іс-әрекетке қарама-қарсы әрекеттер жасауы тиіс.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Тәуекел дегеніміз не?
2. Банк тәуекелдерін азайту жолдары?
3. Тәукелдер бағалау тәсілдеріне не жатады?
4. Банктік тәукелдерді басқару стратегияларына не жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Шаяхметова К.О. Банк тәуекелдері: Оқу құралдары.-Алматы: Қазақ унирверситеті, 2004. -78 бет.
|
2. Шелекбай Ә.Д., Әлмерепов Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практикасы, Казақстан тәжирибесі: Оқу құралы. Алматы: Экономика., 2007.- 208 бет.
|
3. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ – бұл оқу сабағының формаларының бірі, ол оқушыларының дербестік әрі өздігінше дамуына және іскерлік пен дағдыларды алуға бағытталады.
Практикалық (семинар) сабақтардың тақырыптар тізімі
Тақырып 1. Банктік тәуекелдер. Банктік тәуекелдерінің жіктелуі.
1.Банктік тәуекелдер үғымы және мәні.
2.Коммерциялық банктің тәуеклдерінің жіктелуі.
3.Банктік тәуекелдері басқару әдістері мен принциптері.
Тақырып 2. Сыртқы реттелмейтін тәуекелдерді басқару
1.Коммерциялық банктің сыртқы тәуекелдердің жалпы сипаттамасы
2.Елдік тәуекелдердің деңгейін бағалайтын негізгі көрсеткіштері.
3.Елдік тәуекелді азайту әдістері.
Такырып 3. Валюталық тәуекелдер және оларды азайту жолдары.
1.Валюталық операциялардың жалпы сипаты.
2.Валюталық тәуекелдердін пайда болу себептері.
3.Валюталық трансляциялық тәуекелдерді баскару әдістері.
Такырып 4. Банктердердің ішкі тәуекелдері. Банктің клиентіне байланысты тәуекелдер. Пассивтік операциялар тәуекелі.
1.Коммерциялық банктердің ішкі тәуекелдердің сипаттамасы.
2.Ішкі тәуекелдердің жіктелуі.Банк түріне байланысты тәуекелдер.
3.Банктің ішкі тәуекелдерін азайту тәсілдері.
Такырып 5. Пайыз тәуекелі және оны азайту әдістері.
1.Пайыз тәуекелі және оның пайда болу себептері.
2.Пассивтік операциялар бойынша пайздық тәуекелдер.
3.Пайыздық тәуекелдерді азайту тәсілдері.
Такырып 6. Активтік операциялар тәуекелдері. Портфелдік тәуекелдер.
1.Активтік операциялар тәуекелдерінің жалпы сипаты.
2.Портфелдік тәуекел және оның түрлері.
3.Тәуекелді рейтингтік бағалау.
Тақырып 7. Несиелік тәуекелдерді басқару. Несиелік тәуекелдерді талдау әдістері.
1.Несиелік тәуекел және оның пайда болу себептері.
2.Несиелік тәуекелді азайту әдістері.
3.Шетел тәжірибесінде қабылданған несиелік тәуекелді бағалау әдістері.
Тақырып 8. Тәуекелді азайтуға байланысты банктің стратегиясы.
1.Банктік тәукелдерді басқару стратегиясы
2.Тәукелдерді бағалау әдістері:статистикалық, экспорттық, нормативтік, комплекстік.
3. Банктік тәукелдерді басқару стратегиялары
4.ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
1.Банктің ссудалық (қарыз)портфелін басқару
2 .Несиелік тәуекел қуралдары
3.Валюталық тәуекелді бақылау
4.Функционалдык тәуекелдер (стратегиялық, технологиялык тәуекел,
операциялық және жаңа өнімдерді енгізу тәуекелдері)
5.Банк менеджментінің тәуекелін талдау
6.Банкаралық тәуекелдерін талдау
7.Балансталмаған өтімділік тәуекелдері
8.Банктік тәуекелдерді басқару әдістері
9.Қарыз алушының несие қабілетін бағалау.
10. Банк тәуекелдерінің тусінігі мен мәні
11. Банк тәуекелдерінің түрлері
12.Банк тәуекелдерін топтастыру
13.Сырткы тәуекелдері мен олардың сипаттамасы
14.Банктердің ішкі тәуекелі
15.Банк тәуекелдерін басқару әдістері мен кағидаларьг
16.Банк түрімен байланысты тәуекелдер
17.Банк операциялар сипатымен байланысты тәуекелдер
18. Банкі ішкі тәуекелдерін төмендету тәсілдері
19.Лизинг операцияларының тәуекелдерін басқару
20.Қаржыльтқ тәуекел және оның топтастырылуы
21.Банк өтімділігін басқару әдістері
22.Банктік тәуекелдерді басқару әдістері
23.Қарыз алушының несие қабілетін бағалау.
24.Банктегі тәуекелдерді баскару стратегиясының тужырымдамасы
25.Портфельді тәуекелді өлшеу әдістері
26.Активтер сапасының рейтингісін анықтау
27.Пайыз тәуекелін басқару тұжырымдамалары
28.Тәуекелдерді баскару процесін ақпараттық қамтамасыз ету
29.Бағалык тәуекелдер (пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі,
нарықтық тәуекел, валюталық тәуекел)
30.Функционалдык тәуекелдер (стратегиялық, технологиялык тәуекел,
31.Балансталмаған өтімділік тәуекелдері
32.Банктік тәуекелдерді басқару әдістері
33.Қарыз алушының несие қабілетін бағалау.
34.Банктердегі тәуекелдерді басқаруды уйымдастыру
35.Банктік жуйе тәуекелдерін реттеу
36.Лизинг операцияларының тәуекелдерін басқару
37.Банктік депозиттерді сақтандыру.
38.Бағалы қағаздармен операцияларды сақтандыру
39.Өтімділік тәуекелдері
Өздік жұмыстарының тақырыптары 2 кестеде көрсетілген.
Кесте 2
Тегінің бірінші әрпі
|
ОӨЖ 1
|
ОӨЖ 2
|
ОӨЖ 3
|
ОӨЖ 4
|
А Ә Б В Г Ғ
|
1.Банк менеджментінің тәуекелін талдау
2.Сырткы тәуекелдері мен олардың сипаттамасы
|
1. Қаржылық тәуекел және оның топтастырылуы
2. Саяси жоне жалпы экономикалық тәукелдер.
|
1.Несиелік тәуекел қуралдары
2.Қарыз алушының несие қабілетін бағалау.
3. Тәуекелдерді баскару процесін ақпараттық қамтамасыз ету
|
1.Лизинг операцияларының тәуекелдерін басқару
2.Банк өтімділігін басқару әдістері
|
Д Е Ж З И К
|
1. Валюталық тәуекелді бақылау
2. Банктік тәукелдердің пайда болу себептері, тәукел деңгейіне ықпал етуші факторлар.
|
1. Активтер сапасының рейтингісін анықтау
2. Үзақ мерзімді рейтингтер.
3. Банкаралық тәуекелдерін талдау
|
1.Өтімділік тәуекелдері
2.Елдік тәукелдердің деңгейін бағалайтын негізгі көрсеткіштері.
Елдік тәукелді азайту әдістері.
|
1.Лизинг операцияларының тәуекелдерін басқару
2.Шетел тожірибесінде қабылданған, несиелік тәукелді бағалау әдістері.
|
Қ Л М Н О Ө
|
1. Банк тәуекелдерінің түрлері
2. Портфелдік тәукел және оның түрлері
|
1. Депозиттік тәукелдер және оны бағалау әдістері.
2.Балансталмаған өтімділік тәуекелдері
|
1. Балансталмаған өтімділік тәуекелдері
2. Банктік жуйе тәуекелдерін реттеу
|
2.Банктің ішкі тәуекелдерін төмендету тәсілдері
|
П Р С Т У Ұ
|
1.Банк тәуекелдерін басқару әдістері мен кағидалары
2. Функционалдык тәуекелдер (стратегиялық, технологиялык тәуекел, операциялық және жаңа өнімдерді енгізу тәуекелдері)
|
1. Банк түрімен байланысты тәуекелдер
2. Функционалдык тәуекелдер: стратегиялық, технологиялык тәуекел
|
1.Портфельді тәуекелді өлшеу әдістері
2. Банк тәуекелдерінің түрлері
|
1.Банктегі тәуекелдерді баскару стратегиясының тужырымдамасы
2.Бағалы қағаздармен операцияларды сақтандыру
|
Ү Ф Х Ц Ч Ш Щ Ы І
Э Ю Я
|
1.Банктің ссудалық (қарыз)портфелін басқару
2. Банктердің ішкі тәуекелі
|
1.Пайыздық тәукелдерді азайту тәсілдері.
2.Пассивтік операциялар тәукелдері, олардың пайда болу себептері
|
1. Қарыз алушының несие қабілетін бағалау.
2.Банктік тәуекелдерді басқару әдістері
|
1.Банк менеджментінің тәуекелін талдау
2.Банктік депозиттерді сақтандыру.
|
Емтихан сұрақтары
-
Пассивті операциялар бойынша пайыз тәуекелдері
-
Активті операциялар тәуекелдері
-
Пассивті операциялардың пайыз тәуекелін төмендету әдістері
-
Активті операциялардың пайыз тәуекелін төмендету әдістері
-
Банк тәуекелдерінің түсінігі мен мәні
-
Пайыз тәуекелін басқару тұжырымдамалары
-
Банк тәуекелдерінің түрлері
-
Банк тәуекелдерін топтастыру
-
Пайыз тәуекелін жоспарлау және болжау
-
Сыртқы тәуекелдер мен олардың сипаттамасы
-
Активті операциялар бойынша пайыз тәуекелі
-
Пайыз тәуекелінің деңгейін басқару тәсілдері
-
Пайыз тәуекелін басқару әдістері
-
Банктердің ішкі тәуекелі
-
Пайыз тәуекелін басқару стратегиясы
-
Лизигтік тәуекел
-
Акциялар тәуекелі және оларды бағалау әдістері
-
Банк тәуекелдерін басқару әдістері мен қағидалары
-
Инфляция тәуекелі
-
Балансталмаған өтімділік тәуекелдері
-
Банк тәуекелдерін сақтандыру
-
Облигациялар тәуекелі және оны бағалау әдістері
-
Банктік тәуекелдерді басқару әдістері
-
Портфельдік тәуекел және оның түрлері
-
Банк тәуекелдерін хеджирлеу
-
Қарыз алушының несие қабілетін бағалау
-
Банк тәуекелдерін әртараптандыру
-
Банктегі тәуекелдерді басқару стратегиясының тұжырымдамасы
-
Елдік тәуекелжәне оның сипаттамасы
-
Банктің ссудалық (қарыз) портфелін басқару
-
Форфейтирлеу тәуекелдері
-
Елдік тәуекел деңгейін бағалау әдістері
-
Факторингтік тәуекел
-
Несиелік тәуекел құралдары
-
Жалпы нарықтық бағалардың төмендету тәуекел
-
Елдік тәуекел деігейін бағалаудың негізгі көрсеткіштері
-
Валюталық тәуекелді бақылау
-
Елдік тәуекелдерді төмендету әдістері
-
Инвестициялық тәуекелді бағалау әдістері
-
Инвестициялық тәуекел түрлері
-
Несиелік тәуекелді төмендету әдістері
-
Табиғи апаттар (форс-мажорлық жағдайлар) тәуекелдері
-
Несиелік тәуекел және оның пайда болу себептері
-
Саяси және жалпы экономикалық тәуекелдер
-
Бағалық тәуекелдер (пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі, нарықтық тәуекел, валюталық тәуекел)
-
Банк өтімділігін басқару әдістері
-
Валюталық операциялар мен олардың сипаттамасы
-
Лизинг операцияларының тәуекелдерін басқару
-
Банктік жүйе тәуекелдерін реттеу
-
Несиелік тәуекел көрсеткіштері
-
Валюталық тәуекелдерінің топтастырылуы
-
Банктік тәуекелдерді басқару стратегиясы
-
Банктік депозиттерді сақтандыру
-
Шетел тәжірибесіндегі несиелік тәуекелді басқару әдістері
-
Валюталық тәуекелдерді басқару әдістері
-
Қаржылық тәуекел және оның топтастырылуы
-
Транслициялық валюталық тәуекелдерді басқару әдістері
-
Коммерциялық банктердегі несиелік тәуекелді басқару
-
Банк клиентінің ерекшелігімен байланысты тәуекелдер
-
Банк өтімділігін бағалау әдістері
-
Бағалы қағаздармен операцияларды сақтандыру
-
Пассивті операциялар тәуекелдері
-
Банктік депозиттерді сақтандыру
-
Операциялық тәуекел (валюталық операциялар)
-
Өтімділік тәуекелдері
-
Банктің ішкі тәуекелдерінің топтастырылуы
-
Инвестициялық тәуекел және оның топтастырылуы
-
Тәуекелдер талдауы (инвестициялық жобалар тәуекелдерінің сапалық талдауы)
-
Жаңа технологиялар мен өңімдерді еңгізу тәуекелі
-
Банк түрімен байланысты тәуекелдер
-
Инвестициялық жобалар тәуекелдерін сандық талдау
-
Банк операциялар сипатымен байланысты тәуекелдер
-
Тәуекелдерді басқару процесін ақпараттық қамтамасыз ету
-
Функциалдық тәуекелдер (стратегиялық, технологиялық тәуекел, операциялық және жаңа өнімдерді еңгізу тәуекелдері)
-
Банктің ішкі тәуекелдерін төмендету тәсілдері
-
Бағалық тәуекелдер (пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі, нарықтық тәуекел, валюталық тәуекел)
-
Капиталды қалыптастырумен байланысты тәуекелдер
-
Банк активтерінің сапасының көрсеткіштері
-
Банк активтерінің сапасының рейтингісін анықтау
-
Депозиттік тәуекел (салымдық)
-
Банк менеджменінің тәуекелін талдау
-
Активтер сапасының рейтингісін анықтау
-
Портфельді тәуекелді өлшеу әдістері
-
Депозиттік тәуекелді төмендету әдістері
-
Активті операциялар тәуекелдерін басқару әдістері
-
Банкаралық тәуекелдерін талдау
-
Капиталды қалыптастырумен байланыстыты тәуекелдерін бағалау
-
Инвестициялық тәуекел және оның топтастырылуы
-
Пайыз тәуекелілі және оның туындау себептері
-
Шетел тәжірибесіндегі несиелік тәуекелді бағалау әдістері
Достарыңызбен бөлісу: |