5В050900 «Қаржы» мамандығы үшін «Корпоративтік қаржы» пәнінің оқу-әдістемелік жинағы



бет6/7
Дата12.06.2016
өлшемі0.75 Mb.
#129082
1   2   3   4   5   6   7

Бақылау жұмысының сұрақтары:


1. Қаржылық жоспарлаудың экономикалық мәні

2. Кірістер және шығыстар, табыстар және шығындар жоспары

3. Қарыздың және пайыздардың негізгі көлемін қайтаруды жоспарлау

4. Кірістер және шығыстардың шахматты балансы, оның құрылымы және

бағытталуы

5. Ақша қорларының ағымдарын жоспарлау.


Әдістемелік нұсқаулар: міндетті түрде заңды-нормативті базаны жаттау және осы курс бойынша базалық әдебиетті қолдану керек, сабақ сұрақтары ауызша сұрауға арналған, бақылау жұмысының сұрақтарын жазбаша түрде практикалық сабаққа арналған дәптерге жазу керек.

Тапсырмалар

1. Егер табыс 300 000 теңгені, өнімнің өткізілген құны 160 000 теңгені, кезең шығындары 40 000 теңгені құраса, есепті кезеңдегі табысты анықта. Негізгі емес қызметтен шығындар – 20 000 теңге.

2. Талданатын кезеңге өнім рентабелділігінің жалпы өзгерісін анықта, егер базистік кезеңдегі табыс 900 000 теңге. Өндіріске және өнімді өткізуге шығындар – 25 000 теңге, ал есепті кезеңде табыс 50 000 теңге, ал шығыстар 40 000 теңгені құраса.

3. Талданатын кезеңдегі табыс өзгерісінің рентабелділігін өзгеріске әсерін анықта. Базистік кезеңде табыс 40 000 теңгенң, шығыстар 25 000 теңге, ал есептік кезеңде сәйкесінше табыс 60 000 теңге, шығыстар 50 000 теңгені құрады, ал рентабелділік өсім 21%.

4. Кәсіпорынның таза табысын анықтаңыз, мұндағы:

- өнімді өткізуден түскен табыс – 20 000 теңге

- өнімнің өзіндік құны – 12 000 теңге

- кезең шығындары – 3 000 теңге

- негізгі емес қызметтен табыс - 4 000 теңге

- табыс салығының ставкасы 30 %

5. Өнім рентабелділігін анықта. Өнімді өткізуден табыс – 100 000 теңге, өткізілген өнімнің өзіндік құны 60 000 теңге, кезең шығындары 15 000 теңге.
Әдебиеттер:

1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. А., 2004 -512с.

2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие – Семипалатинск, 2005 – 96с.

3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий М., 1999.

7. Шуляк В.Д. Финансы предприятий М – 2001.


Тақырып 11. Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары

Сабақтың мақсаты: қаржылық нәтиженің теориялық базасын білу және қаржылық талдау жүргізуді білу, қаржылық нәтижені талдау және кәсіпорынның рентабельдідігі әдістемесі бойынша теориялық және практикалық білім алу, Кәсіпорынның қаржылық жағдайының рентабельділік төлем қабілеттілігі және отімділігінің теориялық және практикалық анықтамалық түсініктемелерін ұғыну, Корпорацияның қаржылық сұрақтарын қарастыру, АҚ ның қаржылық тұрақтылығына жету жолдарын анықтай білу.
Сабақтың барысы:

  1. Ауызша сүрау.

  2. Есептерді шығару.


Сабақтың мазмұны.

  1. Қаржылық талдаудың аудиторлық қызметтегі орны және ролі.

  2. Қаржылық және өндірістік талдаудың байланысы.

  3. Кәсіпорынның қаржылық есептілігі қаржылық талдаудың ақпараттық базасы ретінде.

  4. Баланс бойынша қаржылық жағдайын бағалау сапасы.

  5. Қаржылық талдаудың әдістері.

  6. Талдау тапсырмалары және ақпараттың қайнар көздері

  7. Өнімді өткізуден табыстың факторлық талдауы. Табысты пайдаланудың талдауы және бағалануы.

  8. Рентабельділік көрсеткіштерді факторлық талдау.

  9. Өнімнің өзіндік құнының көрсеткіштерін есептеу және бағалау немесе оның факторлық талдауы.

  10. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі және оларды анықтау әдістері.

  11. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы және оны қалыптасырушы факторлары.

  12. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және оны анықтау әдістері.

  13. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін нығайту бойынша шаралар.

  14. Кәсіпорынның рентабельділігінің көрсеткіштер жүйесі.

  15. Кәсіпорынның өтімділігі, оның көрсеткіштері, есептілік негізіндегі оны анықтау әдістері.

  16. Корпорацияның қаржылық жағдайының анықтамасы.

  17. Компания қызметіндегі қаржылық стратегияның негізгі принциптер және тапсырмалары.

  18. Корпорацияның қаржылық тұрақтылығына жету жолдары.


Студенттердің өздік жұмыстарына арналған сұрақтары

  1. Қаржылық талдау-басқару шешімдерін қабылдаудың негізі ретінде.

  2. Басқарушылық талдау сипаттамасы

  3. Қаржылық-экономикалық талдаудың сандық әдістері

  4. Пайда көрсеткіштерінің деңгейі мен динамикасын талдау және бағалау

  5. Шығындалу және өндіріс (айналыс) көлемі, өзіндік құн мен пайданың өзара байланысы

  6. Корпорациялардың қаржылық талдауы және оның қаржылық саясат стратегиясындағы мәні

  7. Ресей мен Қазақстаннның қаржы-өнеркәсіптік топтарының қаржыларын ұйымдастыруды талдау

  8. Қаржылық талдауда қолданылатын негізгі көрсеткіштер.

  9. Халықаралық тәжірибедегі корпорациялардың қаржылық талдауын жүргізу әдістемелері

  10. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың экономикалық мәні.

  11. Өнім, жұмыс және қызметтер рентабельділігінің түсінігі және түрлері

  12. Кәсіпорын өтімділігінің негізгі көрсеткіштері

  13. Компанияның төлем қабілеттілігіне талдау

  14. Корпорацияның қаржылық жағдайын нығайту қорлары мен жолдары

  15. Корпорациялардың қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу жолдары

  16. Компанияның қаржылық есеп берушілігі – маңызды ақпараттық негіз ретінде

  17. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау жүйесін жетілдіру

  18. Пайда көрсеткіштерінің деңгейі мен динамикасын талдау және бағалау

  19. Корпорациялардың қаржылық талдауы және оның қаржылық саясат стратегиясындағы мәні

  20. Қаржылық талдауда қолданылатын негізгі көрсеткіштер.

  21. Халықаралық тәжірибедегі корпорациялардың қаржылық талдауын жүргізу әдістемелері

  22. Компания қызметіндегі қаржылық стратегияның негізгі қағидалары мен міндеттері

  23. Корпорациялардың қаржылық тұрақтылығына қол жеткізу жолдары

  24. Корпорациялардың өндірістік және әлеуметтік дамуын өзі қаржыландыруы

  25. Корпорациялардың қаржылық стратегиясының мәні мен мазмұны

  26. Корпорациялардың жағдайына салық жүйесінің әсері

  27. Корпорациялардың дағдарысқа қарсыластық басқару стратегиясы

Бақылау жұмысына сұрақтар:

  1. Қаржылық талдау басқару шешімдерін қабылдаудың базасы ретінде.

  2. Басқарушылық талдау мінездемесі.

  3. Қаржылық-экономикалық талдаудың сандық әдістері.

  4. Табыс көрсеткіштерінің деңгейі мен динамикасын талдау және бағалау.

  5. Өндіріс көлемі, өзіндік құны және табыстың көлемінің арақатынасы және шығындарының тәртібін талдау.

  6. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы экономиканың негізі.

  7. Өнімнің қызмет көрсетудің рентабельділігі мен түсінігі және түрлері.

  8. Кәсіпорынның өтімділігінің негізгі көрсеткіштері.

  9. Компания төлем қабілеттілігін талдау.


Әдістемелік нұсқаулар: берілген курс бойынша базалық әдебиеттерді пайдалану қажет, ауызша жауап үшін арналған сұрақтар мазмұнына белгіленген бақылау жұмыстарына сұрақтарды және тапсырмаларды жазбаша түрде сарамандық сабақтар үшін дәптерге жазу керек
Тапсырмалар:

  1. Меншікті капиталдың үлесін анықтаңыз? Таза табыс бойынша экономикалық рентабельділік 18 % құрайды, таза табыс бойынша қаржылық рентабельділік 21% құрайды.

  2. Егер критикалық өнімділік коэфиценті 1,3 екені белгілі болса, тура өнімді акивтердің мөлшерін анықтаңыз. Ағымдағы міндеттемелер 150мың тг., ал дебиторлық қарыздың 110мың тг.

  3. Меншікті капиталдың рентабельділігін анықтаңыз. Мұндағы өнімнің рентабельділігі 30%, капитал айналымдылығы 110%, жалпы капиталдың және меншікті капиталдың қатынасы 1,4 ке тең.

  4. Егер сату рентабельділігі 14%ке төмендесе, капитал рентабельділігі бұрынғы қалпында қалу үшін, капитал айналымдылығын неше ретте көбейту қажетілігін анықта.

  5. Компанияның қаржылық ресурстарының пайдалануындағы интенсивті және тиімділік коэффиценттерін есепте:

а) капитал айналымдылық коэф.

б) капитал сиымдылық коэф.

в) жыл ішіндегі капитал айналымының ұзақтығы.

г) капитал рентабельділігі.

д) жиынтық пайдаланылатын капитал рентабельділігі.

е) қарыздық капитал рентабельділігі .

Есептеуге мәліметтер:


    • жыл ішіндегі өткізуден табыс (жанама салықтарды алғанда 9099392 тг.)

    • есепті кезеңнің табысы 737890 тг

    • кәсіпорында қарастырылмаған шығындар болған жоқ.

    • мүлік құны жыл басына 908380 тг., жыл аяғына 4148534 тг.

    • ұзақ мерзімді несиелер сомасы 1000000 тг.

    • қысқы мерзімді несиелер сомасы 500000 тг.

  1. Келесі мәліметтер бойынша 19.02.2003 жағдай бойынша несиелік қарыздың орта өсімін есепте.

Жеткізушілер

Шот фактура мерзімі

Мерзім, күнмен.

1. ААҚ №1

13.12.02.




2. ААҚ №2

17.11.02.




3. УАҚ №3

29.11.02




4. ААҚ №4

15.01.03




5. ЖАҚ №5

12.10.02




Барлығы







Кредиторларға төлемді ұзартудың орташа мерзімі-20күн.

  1. 2002 ж-дың бухалтерлік баланстың мәліметтері бойынша жыл басындағы несиелік қарыздың дебиторлық қарыздан неше ретке асып отыр (1 қосымша ны қараңыз).

  2. Бухгалтерлік баланс бойынша (1 қосымша) 2002 ж-ғы жалпы табыс бойынша барлық активтердің рентабельділігн анықтаңыз.

  3. Келесі мәліметтер бойынша 2002 ж-дағы негізгі қорларды пайдаланудың коммерциялық тиімділік көрсеткіштерін есепте:

    • жыл ішіндегі бөлшек сауда айналымы-7300 мың тг.

    • табыстың жылдық нормасы-тауар айналымына қатысты 2,5%

    • негізгі қорлар орта жылдық 840мың тг.

    • 31.12.2002 жылға байланысты амортизация бөлулерінің сомасы 110мың тг.


Әдебиеттер:

1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. Учебник – Алматы , 2004 -512с.

2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие – Семипалатинск, 2005 – 96с.

3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий Учебное пособие М 1999.

7. Шуляк В.Д. Финансы предприятий М – 2001.



Тақырып 12. Корпорацияның қаржылық дәрменсіздігі және қаржылық сауықтыру
Сабақтың мақсаты: Берілген тақырып бойынша теориялық білім баянды ету.
Сабақтың барысы:

  1. Ауызша сүрау.

  2. Есептерді шығару.


Сабақтың мазмұны:

  1. Баланстың жағымсыз құрылуы бағаланатын критерилер жүйесі.

  2. Кәсіпорынның қалыптаспауы: олардың қайта қалыптасуы және жойылуы, оларға мемлекеттік көмек көрсетудің шаралары.

  3. Қазақстанда банкроттық процедурасын жүргізудің заңдылық базасы. Банкроттық туралы ҚР заңы.

  4. Банкроттықтың түсінігі белгілері және принциптері.

  5. Компанияның қызметінің кризистік факторлары.

  6. Банкроттық формалары.

  7. Қайта қалыптастыру процедураларын жүзеге асырудың түрлері және тәртібі.

  8. Байқаулық өндіріс.


Студенттердің өздік жұмыстарына арналған сұрақтары

  1. Фирманың дағдырыс жағдайының пайда болу механизмі.

  2. Кәсіпорының төлемқабілеттілігін қалпына келтірудің нақты мүмкіндіктерін бағалау мен талдау.

  3. Қаржылық тұрақтылықсыздығы мен инвестициялық артықшылығы деңгейіне қарай компаниялардың сыныптамасы.

  4. Корпорациялардың каржылық тұрақтылықсыздығы: пайда болу себептері мен жеңу.

  5. Корпорациялардың каржылық тұрақтылықсыздығы және шаруашылық жүргізуді сауықтандыру жолдары.



Бақылау жұмысының сұрақтары:

  1. «Банкроттық туралы» ҚР заңдағы компанияның банкроттық процедурасының негізгі кезеңдерін ашу.

  2. Фирмадағы кризистік жағдайдың пайда болуы механизмі.

  3. Кәсіпорынның төмен қабілеттілігін қалыптастырудың нақты мүмкіндіктерін талдау және бағалау.

  4. Қаржылық тұрақсыздығы және инвестициялық өсімі,



Әдістемелік нұсқаулар: берілген курс бойынша базалық әдебиеттерді пайдалану қажет, ауызша жауап үшін арналған сұрақтар мазмұнына белгіленген бақылау жұмыстарына сұрақтарды және тапсырмаларды жазбаша түрде сарамандық сабақтар үшін дәптерге жазу керек
Тапсырмалар:

  1. Кәсіпорын өзінің төлем қабілеттілігін қайта қалыптастыра алатындығын анықтаңыз, егер тоқсан басындағы ағымдағы өтімділік коэф. 2,1, ал аяғында 1,9 болса айнымалы қорлардың меншікті айналым қорлары мен қамтамасыз етілу коэф. 0,3 тең.

  2. Егер өнеркәсіптік өндіріс 14%ға төмендесе, кәсіпорынның табысы бұрынғы қалпында қалу үшін өнімнің қаржылық өндірістік қалай өсіру қажеттігінің %ын анықтаңыз.

  3. Кәсіпорын өзінің төлем қабілеттілігін қайта қалыптастыра алатындығын анықтаңыз, егер тоқсан басындағы ағымдағы өтімділік коэф. 1,1 , ал аяғына 0,9 болса. Айнымалы қорлардың меншікті айналым қрлары мен қамтамасыз етілу коэф. 0,5 ке тең.


Әдебиеттер:

1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. Алматы, 2004 -512с.

2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие – Семипалатинск, 2005 – 96с.

3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий М., 1999.

7. Шуляк В.Д. Финансы предприятий М – 2001.


СТУДЕНТЕРІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ ТІЗБЕСІ

  1. АҚ қайта құру және таратудың қаржылық сұрақтары.

  2. Лизингтік бизнес және оның ҚР-ғы даму жолдары.

  3. Корпорацияның өндіріске және өнімді өткізуге кеткен шығындарды жоспарлау

  4. Корпорация табыстарына салық салу

  5. Корпорация табыстарын қалыптастыру, тарату және пайдалану, оларды ұлғайту резервтері

  6. Корпорацияның негізгі капиталын пайдаланудың тиімділігі

  7. Корпорация табыстарын жоспарлау және тарату

  8. Корпорацияның айналым активтерінің қажеттіліктерін анықтау

  9. АҚ қаржылық жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері.

  10. Корпорация қаржысын дағдарысқа қарсы басқару. Банкроттық ықтималдығын болжау.

  11. Корпорация резервтері және рентабелділікті жоғарлату.

  12. Корпорацияның негізгі капиталы, айналымнан тыс активтері. Оларды қайта өндіру қайнар көздері.

  13. Корпорацияның өндірістік және әлеуметтік дамуын өзін өзі қаржыландыру.

  14. Корпорацияның айналым активтерін пайдалануды жақсартудың жолдары.

  15. Корпорация қорлары, олардың қалыптасуы мен пайдалануы.

  16. Корпорацияның негізгі капиталына және айналымнан тыс активтеріне инвестициялар.

  17. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қаржысын ұйымдастырудың ерекшеліктері.

  18. Корпорацияның инвестициялық қызметінің қаржылық аспектілері.

  19. Корпорация қаржысы: мазмұны, қызметтері, ұйымдастыру принциптері мен басқарылуы.

  20. Факторинг – корпорацияның айналым құралдарын несиелендірудің әдістерінің бірі ретінде

  21. Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар және басқа да шығындар.

  22. Корпорация қызметіндегі меншікті капиталдың ролі.

  23. Өнімді өткізуден түскен табыс, өсу факторлары мен оларды жоспарлау.

  24. Корпорацияның қаржылық жоспарлауы мен қаржылық бақылауы.

  25. Қарыздың капиталды тарту саясаты.

  26. Корпорацияның қаржылық жоспарының негізгі көрсеткіштері және оларды анықтау әдістері.

  27. Корпорацияның инвестициялық саясаты және оның негізгі капиталды жақсартудағы ролі.

  28. Қазақстан мен Ресейдің қаржылық өндірістік топтарының қаржыларын ұйымдастыруды талдау.

  29. Корпорацияның қаржылық стратегиясының мәні мен сипаты.

  30. Корпорацияның амортизациялық саясаты және оның негзігі капиталды жақсартудағы ролі.

  31. Корпорация қызметін қаржыландыру қайнар көздері: олардың құрамы, құрылымы және негізгі сипаттамалары.

  32. Қаржылық жоспарлар мен жобаның бизнес-жоспарларын есептеуді компьютерлік қамтамасыз ету.

  33. Кәсіпорынның айналым активтері: қалыптасуы, ұйымдастырылуы және айналым капиталын басқару саясаты.

  34. Меншіктің және шаруашылықтың әртүрлі формасындағы кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері.

  35. Негізгі қорлардың амортизациясын анықтау әдістері және олардың корпорацияның негізгі капиталын жаңартудағы ролі.

  36. Корпорацияның қаржылық қызметтері: олардың міндеттері, қызметтері мен жұмысының әдістері.

  37. Корпорацияның тура инвестициясын қаржыландыру қайнар көзін талдау.

  38. Корпорацияның қаржылық жағдайына салық жүйесінің әсері.

  39. Лизинг корпорацияның инвестицияны тарту формасы ретінде.

  40. Корпорацияның қаржылық қызметі инвестициялық қызметтің субьектісі мен обьектісі ретінде

  41. Күрделі құрылыс қаржыларын ұйымдастыру.

  42. Өндірістік кәсіпорынның қаржылық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану тиімділігі

  43. Қазақстандағы инвестициялық процестің пайда болуы мен қалыптасуы және қазіргі кезеңдегі оларды қаржыландыру қайнар көздері.

  44. Корпорацияның резервтері және қаржылық жағадайын нығайту жолдары

  45. Нарықтық жағадайдағы корпорацияның негізгі қорларын бағалау және қайта бағалау

  46. Корпорацияның қаржылық жоспарлаудағы қаржылық математиканың ролі

  47. АҚ табыстарын қалыптастыру және тарату

  48. Корпорацияның айналым активтерін қаржыландыру қайнар көздері және оларды пайдаланудың тиімділігін арттыру жолдары

  49. Корпорацияның қаржылық тұрақсыздығы, пайда болу себептері және олардың алдын-алу

  50. Корпорацияның қаржылық талдауы және қаржылық саясат стратегиясындағы ролі.

  51. Корпорацияның қаржылық тұрақсыздығы және олардың алдын-алу жолдары

  52. Кәсіпорын ақша қаражаттары мен ондағы есептеуді ұйымдастыру

  53. Корпорацияның қаржылық жағдайын жобалау және қаржылық тұрақтылығына қол жеткізу жолдары

  54. Корпорацияның күрделі салымдарын пайдалану тиімділігі

  55. Капитал құнын бағалау әдістері

  56. Компанияны қаржыландырудың қысқа мерзімді қарыздық қайнар көздері

  57. Корпорацияны дағдарысқа қарсы басқару стратегисы.


ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ:

1. Негізгі қорлардың орта жылдық құнын анықтаңыз, кезең басындағы қорлардың құны 700 000 теңге, 2 тоқсанда 40 000 теңгеге негізгі қорлар шығып қалды, ал 3 тоқсанда 80 000 теңгеге түсті.

2. Амортизация нормасын анықта, мұндағы құралдың алғашқы құны 830 000 теңге, өтімділік құны 70 000 теңге, пайдалану мерзімі 6 жыл. Құралдың құны біркелкі шығарылады.

3. Келесі мәліметтер негізінде жоспарланған жылға сатып алынған жартылай фабрикаттар, материалдар және шикізаттар бойынша айнымалы қорлардың нормативін анықтаңыз.



Материалдар

Көліктік қор күнмен

Дайындалған қор күнмен

Ағымдағы қор күнмен

Сақтандыру қоры күнмен

А

2

1







Б

1

0,5






Материалдар тең түрде шығындалады және жеткізулер күнделікті жүзеге асырылады. А материалы бойынша тоқсанына 6 рет, ал Б бойынша 5 рет. Базистык тоқсанда А материалы бойынша шығындар 270 000 теңгені, Б материалы бойынша 360 000 теңгені құрады. Жеткізу – қамтамасыз ету нүктелері жоқ.

4. Есепті кезеідегі аяқталмаған өндірістегі айналым қорларының нормативтік келесі мәліметтер бойынша есептеңіз.


Өнім топтары

Өнімдік циклдің ұзақтығы күнмен

Жалпы көлемдегі топтың шекті мөлшері %

1

8

30

2

10

70

Базистік тоқсандағы өнімді шығару 810 000 теңгені құрады. Шығындардың өсу коэффициенті – 0,8, ал тамызда 60 000 теңгеге негізгі құралдар шықты.

5. Шығындар өсімнің коэффициентін анықта. Бір уақыттылы шығындар 30 000теңгені, кезекті 80 000теңгені құрайды.

6. Негізгі қорлардың орта жылдық құнын анықтаңыз, мұндағы кезең басындағы қорлар құны 600 000 теңгені құрады, 1 тоқсанда негізгі қорлар 60 000 теңгеге түсті, 4 тоқсанда 150 000 теңге қызметтен шықты.

7. Құралдар бойынша амортизациялық бөлулер нормасын анықта, мұндағы алғашқы құн 1 200 000 теңге жыл сайынғы амортизациялық бөлулер 400 000 теңгені құрайды.

8. Аяқталмаған өндіріс бойынша есепті кезеңдегі айналым қорлардың нормативтігін анықта, келесі мәліметтер бойынша:



Өнімнің тобы

Өндірістік циклдық ұзақтығы, күнмен

Жалпы көлемдегі топтың шекті көлемі %

1

7

40

2

9

60

Базистік кезеңдегі өнімді шығару 710 000 теңгені құрайды. Шығындардың өсу коэффициенті 0,7.

9. Келесі мәліметтер негізінде жоспарланған жылға сатып алынған жартылай фабрикаттар, материалдар және шикізаттар бойынша айнымалы қорлардың нормативін анықтаңыз.

Материалдар


Көліктің қор күнмен

Дайындалған қор күнмен

Ағымдағы қор күнмен

Сақтандыру қор күнмен

А

4

2







Б

3

1







Материалдар тең түрде шығындалады және жеткізушілері күнделікті жүзеге асырылады, А материал бойынша тоқсанына 6 рет , ал Б бойынша -5 рет. Базистік тоқсанда А материал бойынша шығындар 370 мың теңгені , Б материалы бойынша 520 мың теңгені құрады. Жеткізу – қамтамасыз ету нүктелері жоқ.

10. Ағымдағы активтердің мөлшерін анықтаңыз. Мұндағы:

- материал және шикізат қоры 15 000 теңге

- аяқталмаған өндіріс – 10 000теңге

- дайын өнім – 30 000теңге

- дебиторлық қарыздар – 40 000теңге

- несиелік қарыз – 30 000теңге

- банктің қысқа мерзімді несиелері – 25 000теңге

- ақша қаражаттары – 35 000теңге

11. Айналым капиталының айналым санын және айналымдылық ұзақтылығын анықтаңыз. Табыс – 360 000 теңге, айналым капиталы – 90 000 теңге. Есепті кезең – 90.

12. Жоспарланған кезеңге дайын өнім бойынша айналым қорларының нормативін анықтаңыз, келесі мәліметтер негізінде.

Өнім тобы

Ассортимент бойынша таңдау күнмен

Жинақтау күнмен

Талдау күнмен

Түсіру күнмен

Шекті көлемі %

I

1

0,3

1

1

40

II

2

0,5

0,5

2

60

Базистік жылдың 4 тоқсанында өнімді өткізу 180 000 теңгені құрады.

13. Талданатын кезеңдегі айнымалы капиталдың айналымдылығын жеделдету есебінен айналым капиталдың экономиясын анықтаңыз. Егер базистік кезеңдегі табыс – 650 000 теңге, айнымалы капитал 100 000 теңге, ал есепті кезеңдегі табыс – 550 000 теңге, айнымалы капитал – 110 000 теңге болса.

14. Берілген кезеңдегі кәсіпорын капиталының бағасын анықта, егер дивиденттер 150 000 теңге мөлшерінде төленсе, меншікті капиталдың мөлшері 600 000 теңге пайыздар бойынша шығындар 80 000 теңге, қарыздың капитал мөлшері 400 000 теңгені құрайды.

15. Есепті кезеңдегі табысты анықта, мұндағы табыс 300 000 теңге, өткізілген өнімнің өзіндік құны 160 000 теңге, кезең шығындары 40 000 теңге, негізгі емес қызметтен шығын 20 000 теңге.

16. Егер табыс 300 000 теңгені, өнімнің өткізілген құны 160 000 теңгені, кезең шығындары 40 000 теңгені құраса, есепті кезеңдегі табысты анықта. Негізгі емес қызметтен шығындар – 20 000 теңге.

17. Талданатын кезеңге өнім рентабелділігінің жалпы өзгерісін анықта, егер базистік кезеңдегі табыс 900 000 теңге. Өндіріске және өнімді өткізуге шығындар – 25 000 теңге, ал есепті кезеңде табыс 50 000 теңге, ал шығыстар 40 000 теңгені құраса.

18. Таладанатын кезеңдегі табыс өзгерісінің рентабелділігін өзгеріске әсерін анықта. Базистік кезеңде табыс 40 000 теңгенң, шығыстар 25 000 теңге, ал есептік кезеңде сәйкесінше табыс 60 000 теңге, шығыстар 50 000 теңгені құрады, ал рентабелділік өсім 21%.

19. Кәсіпорынның таза табысын анықтаңыз, мұндағы:

- өнімді өткізуден түскен табыс – 20 000 теңге

- өнімнің өзіндік құны – 12 000 теңге

- кезең шығындары – 3 000 теңге

- негізгі емес қызметтен табыс - 4 000 теңге

- табыс салығының ставкасы 30 %.

20. Кәсіпорынның таза табысын анықтаңыз, мұндағы:

- өнімді өткізуден түскен табыс 20 000 теңге

- өткізілген өнімнің өзіндік құны 12 000 теңге

- кезең шығындары – 3 000 теңге

- негізгі емес қызметтің нәтижесі - 4 000 теңге көлеміндегі табыс

- табыс салығының ставкасы 10 %.

21. Талданатын кезеңдегі өнім рентабелділігінің жалпы өзгерісін анықта. Егер базистік кезеңдегі табыс 900 000 теңге, өндіріске және өнімді өткізуге шығындар 500 000 теңге, есепті кезеңдегі табыс – 1 000 000 теңге, шығындар 650 000 теңгені құраса.

22. Кәсіпорынның таза табысын анықтаңыз, мұндағы өнімді өткізуден түскен табыс 20 000 теңге, өткізілген өнімнің өзіндік құны 12 000 теңге, кезең шығындары 3 000 теңге. Негізгі емес қызметтің табысы – 4 000 теңге мөлшеріндегі табыс. Табыс салығының ставкасы - 30%.

23. Өнім рентабельділігін анықта. Өнімді өткізуден табыс 100 000 теңге, өткізілген өнімнің өзіндік құны 60 000 теңге, кезең шығындары 15 000 теңге.

24. Меншікті капиталдың рентабельділігін анықта, егер өнім рентабельділігі 30%, капитал айналымдылығы 110%, жалпы капиталдың және меншікті капиталдың қатынасы 1,4.



25. Капитал рентабельділігі тұрақты болатындай, 14%-ға - сауда рентабельділігі төмендесе капитал айналымдылығын қана пайызға өсіру керектігін анықтаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет