5В070200 «Автоматтандыру және басқару»


Тақырыбы: Өнеркәсіптік меншік нысандарын



бет4/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#131906
1   2   3   4   5   6   7

Тақырыбы: Өнеркәсіптік меншік нысандарын

пайдалануға ерекше құқық
Дәріс жоспары:

1 Патент иеленушiнiң ерекше құқығы мен мiндеттерi

2 Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушылық болып танылмайтын әрекеттер

3 Бұрын пайдалану құқығы және уақытша құқықтық қорғау

4 Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға құқық беру

5 Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу


1 Патент иеленушiнiң қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауынша пайдалануына ерекше құқығы болады.

Патент иеленушi қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға айрықша құқықты осы қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер ресми бюллетеньде жарияланған күннен бастап қорғау құжатының қолданылу кезеңiнде жүзеге асырады.

Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi бар өнiмдi дайындау, қолдану, жеткiзу, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзге де енгiзу немесе осы мақсатпен сақтау, сондай-ақ қорғау әдiсiн қолдану өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану болып танылады.

Егер өнiмде оны пайдалану күнiне техниканың осы саласындағы белгiлi формуланың тәуелсiз тармағында келтiрiлген өнертабыстар, пайдалы модельдердiң әрбiр белгiсi немесе соларға теңдес белгiлер пайдалану әдiсi болса, өнiм қорғалатын өнертабыс немесе пайдалы модель деп танылады, ал қорғалатын әдiс қолданылған деп табылады.

Тiкелей осындай әдiспен дайындалған өнiмдi азаматтық айналымға енгiзу не осы мақсатпен сақтау өнiм алудың қорғалатын әдiсiн пайдалану деп танылады.

Егер өнiмде бұйымның ұсынылған кескiндерiнде (макетiнде) көрсетiлген және негiзгi белгiлерiнiң тiзбесiнде келтiрiлген барлық негiзгi белгiлерi болса, қорғалатын өнеркәсiптiк үлгiсi бар болып танылады.

Патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға мiндеттi.

Қорғау құжаты бiрнеше адамға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану жөнiндегi өзара қатынастар олардың арасындағы келiсiммен айқындалады. Ондай келiсiм болмаған жағдайда патент иеленушiлердiң әрқайсысы қорғалатын объектiнi өз қалауынша пайдалана алады, бiрақ өзге патент иеленушiлерiнiң келiсiмiнсiз басқа адамдарға лицензия немесе қорғау құжатын беруге құқығы жоқ.

Патент иеленушi қолданылып жүрген өнеркәсiптiк меншiк объектiсi патенттелгендiгiн көрсететiн ескерту таңбаларын пайдалана алады.

Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер алғаш рет жарияланғаннан кейiн өнеркәсiптiк меншiк объектiсi сондай өтiнiш берiлген күннiң алдындағы кез келген төрт жыл iшiнде үздiксiз пайдаланылмаса, патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсi пайдаланбаған және тиiмдi коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан ретте, кез келген адам өзiне күштеп ерекше емес лицензия алып беру туралы сотқа өтiнiш жасауға құқылы. Егер патент иеленушi пайдаланбауын дәлелдi себептерге байланысты екенiн дәлелдемесе, сот аталған лицензияны пайдалану шегiн, төлем мөлшерi мен тәртiбiн белгiлеп, табыс етедi. Төлем мөлшерi қалыптасқан практикаға сәйкес белгiленген лицензияның рыноктық бағасынан төмен болмауға тиiс.

Кез келген күштеп лицензия алып беру бiрiншi кезекте Қазақстан Республикасы iшкi рыногының қажеттерiн қамтамасыз етуге тиiс.

Күштеу лицензиясы берiлген адам аталған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығын басқа адамға тек осы объект пайдаланылатын тиiстi өндiрiспен бiрге беруi мүмкiн.

Күштеу лицензиясы оны беруге себеп болып табылатын мән-жай әрекетi доғарылған реттерде сот арқылы тоқтатылуға тиiс.

Егер патент иеленушi тиiмдi коммерциялық жағдайларда лицензиялық шарт жасасудан бас тартқан өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн қорғау құжатының басқа иеленушiсiнiң құқықтарын бұзбай пайдалана алмайтын болса, Қазақстан Республикасы аумағында өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға ерекше емес күштеу лицензиясын беру туралы сотқа арыз беруге құқылы.

Аталған лицензияны беру кезiнде қорғау құжаты басқа адамға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану шектерiн, төлем мөлшерiн, мерзiмiн және тәртiбiн сот белгiлеп беруге тиiс. Төлем мөлшерi бұл орайда қалыптасқан практикаға сәйкес белгiленген лицензияның рыноктық бағасынан төмен болмауға тиiс.

Осы тармақ негiзiнде алынған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану құқығы бұл құқық берiлген осы өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты берiлген кезде ғана берiлуi мүмкiн.

Патент иеленушi алған қорғау құжатын кез келген жеке немесе заңды тұлғаларға бере алады. Беру туралы шарт уәкiлеттi органда мiндеттi түрде тiркелуге тиiс.

Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне қорғау құжаты және (немесе) оны алу құқығы мұрагерлiк немесе құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен берiледi.

Патент иеленушi қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн жыл сайын ақы төлеп тұруға мiндеттi.

2 Мыналар патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу деп танылмайды:

1) конструкциясында қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бар құралдарды немесе басқа елдердiң көлiк (теңiз, өзен, әуе, жер бетiндегi және ғарыштағы) құралдарын пайдаланған кезде, аталған құралдар Қазақстан Республикасының аумағында уақытша немесе кездейсоқ тұрған және көлiк құралдарының мұқтаждары үшiн пайдаланылып отырған жағдайда қолдану. Егер көлiк құралдары Қазақстан Республикасы көлiк құралдарының иелерiне осындай құқық беретiн елдердiң жеке немесе заңды тұлғаларына тиесiлi болса, мұндай әрекеттер патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушылық болып танылмайды;

2) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсi бар құралға ғылыми зерттеу немесе эксперимент жүргiзу;

3) төтенше жағдайлар (табиғи зiлзалалар, апаттар, iрi авариялар) кезiнде мұндай құралдарды кейiннен патент иеленушiге дереу хабарлай отырып және патент иеленушiге мөлшерлес өтемнiң ақысын төлей отырып қолдану;

4) мұндай құралдарды табыс таппай жеке мақсатына қолдану;

5) қиын-қыстау жағдайларда дәрiгердiң рецептi бойынша дәрiханада бiр жолғы дәрi дайындау;

6) егер бұл құралдар Қазақстан Республикасында заңды жолмен азаматтық айналымға енгiзiлсе, қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi бар құралдарды қолдану.

3 Өнеркәсiптiң меншiк объектiсiнiң басымдық алған күнiне дейiн Қазақстан Республикасының аумағында оның авторына тәуелсiз жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне ұқсас шешiмдi адал пайдаланған немесе бұған қажет дайындықтар жасаған тұлға мұндай пайдалану көлемiн ұлғайтпай оны өтеусiз пайдалану құқығын (бұрын пайдалану құқығын) сақтайды.

Бұрын пайдалану құқығы басқа адамға ұқсас шешiмдi пайдалану орын алған немесе оған қажеттi әзiрлiк жасалған өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн.

Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн басымдық берiлген күннен бастап, бiрақ өнертабысқа инновациялық патент, патент, өнеркәсiптiк үлгiге патент немесе пайдалы модельге патент беру туралы мәлiметтер ресми жарияланған күнге дейiн пайдалана бастаған адамдар патент иеленушiнiң талап етуi бойынша одан әрi пайдалануын тоқтатуға тиiс. Алайда мұндай адам патент иеленушiнiң осындай пайдалану нәтижесiнде тартқан шығынын орнына келтiруге мiндеттi емес.

Ресми немесе ресми танылған халықаралық көрмеге экспонат ретiнде қойылған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне оны көрмеге қойған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей осы объектiге өтiнiм берiлген жағдайда, көрмеге қойылған күннен бастап қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердiң алғашқы жариялануына дейiн уақытша құқықтық қорғау берiледi.

Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген мерзiмде өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдаланушы адам патент иеленушiге қорғау құжаты берiлген соң ақшалай өтемақы төлейдi. Өтемақы мөлшерi тараптардың келiсiмдерiмен белгiленедi.

4 Патент иеленушi болып табылмайтын кез келген адам қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн патент иеленушiнiң рұқсатымен ғана лицензиялық шарт негiзiнде пайдалануға құқылы.

Лицензиялық шарт лицензиатқа:

1) лицензиардың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiн және басқа адамдарға лицензия (қарапайым, ерекше емес лицензия) беру құқығын сақтай отырып, оны пайдалану құқығын;

2) лицензиардың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiн сақтай отырып, бiрақ оны пайдалану құқығын басқа адамдарға лицензия (ерекше лицензия) беру құқығынсыз;

3) лицензиардың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiн сақтамай және басқа адамдарға лицензия (толық лицензия) беру құқығынсыз пайдалану құқығын берудi көздеуi мүмкiн.

Егер лицензиялық шартта лицензия түрi көзделмесе, ол ерекше емес, қарапайым болып табылады.

Лицензиаттың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану ерекше емес лицензияны (қосалқы лицензиялық шарт) басқа адамға (қосалқы лицензиатқа) беру туралы шарт лицензиялық шартта қарастырылған жағдайларда ғана жасалуы мүмкiн.

Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиаттың әрекеттерi үшiн лицензиар алдында лицензиат жауапты болады.

Өнеркәсiптiк үлгiнi, өнертабысты, пайдалы модельдi пайдалануға арналған лицензиялық шарт пен қосалқы лицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалады және ол уәкiлеттi органда тiркелуге тиiс. Жазбаша нысанды немесе тiркеу туралы талапты сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.

Патент иеленушi уәкiлеттi органға кез келген адамға өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға лицензия (ашық лицензия) алу құқығын беру туралы арыз бере алады.

Көрсетiлген лицензияны сатып алуға тiлек бiлдiрушi адам патент иеленушiмен төлемдер туралы шарт жасасып, оны мiндеттi түрде уәкiлеттi органда тiркетуге тиiс. Шарт талаптары бойынша даулар сотта қаралады.

Ашық лицензия құқығын беру туралы патент иеленушiнiң өтiнiшi ашық лицензиялар туралы бюллетеньде мәлiметтер жарияланған күннен бастап үш жыл бойына күшiн сақтайды. Көрсетiлген мерзiм шегiнде қорғау құжаттарын күшiнде ұстағаны үшiн төлем ашық лицензиялар туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiнгi жылдан бастап 50 процентке азаяды.

Лицензиялық шарт жасалған жағдайда, қорғау құжатын күшiнде ұстау ақысы осы шарт жасалған жылдан кейiнгi жылдан бастап толық көлемде жүргiзiледi.

Елде төтенше жағдайлар болғанда немесе басқа да өте қажеттi мән-жайларда Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн патент иеленушiнiң келiсiмiнсiз пайдалануға құқығы бар, бiрақ оған дереу хабарлап және тиiсiнше өтем төлейдi. Өтем мөлшерi туралы дауларды сот шешедi.

5 Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн осы Заңға қайшы пайдаланушы кез келген адам патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушы (қорғау құжатын бұзушы) болып есептеледi.

Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалана отырып жасалған өнiмдi рұқсатсыз дайындау, қолдану, жеткiзу, сақтау, сатуға ұсыну, сату және азаматтық айналымға өзгеше енгiзу, сондай-ақ тiкелей қорғау әдiсiмен дайындалған өнiмдi қолдану немесе азаматтық айналымға енгiзу патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу (қорғау құжатын бұзу) болып танылады. Бұл орайда жаңа өнiм өзге де дәлелдемелер болмаған жағдайда қорғалатын әдiспен алынған деп есептеледi.

Патент иеленушi:

1) қорғау құжатын бұзуды тоқтатуды;

2) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап, бұзушының келтiрген шығындардың орнын толтыруын және моральдық залалын өтеуiн;


3) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап, қорғау құжатын бұзушы алған пайданы шығындардың орнын толтырудың орнына өндiрiп алуды;

4) қорғау құжатын бұзушының заңдарда белгiленген оннан елу мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш сомасында өтемақы төлеуiн талап етуге. Шығындардың орнын толтыру немесе пайданы алып қою орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi;

5) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап, азаматтық айналымға енгiзiлген немесе осы мақсатта сақталған және қорғау құжатын бұзушы деп танылған өнiмдердi, сондай-ақ қорғау құжатын бұзуға арнайы арналған қаржыларды өз пайдасына алып қоюға;

6) кiмнiң құқығы бұзылғаны туралы мәлiметтер енгiзiлген құқық бұзушылықты мiндеттi түрде жариялауға құқылы.

Егер бұл лицензиялық шартта көзделсе, қорғау құжатын бұзушыға талаптарды лицензиаттың да қоюы мүмкiн.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Патент иеленушiнiң ерекше құқығы мен мiндеттерiн атап шығыңыз.

2 Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушылық болып танылмайтын әрекеттерге қандай әрекеттер жатады?

3 Бұрын пайдалану құқығы және уақытша құқықтық қорғауды қалай түсінесіз?

4 Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға құқық беру тәртібі қалай жүргізіледі?

5 Патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу үшін қандай жауаптылыққа тартылады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 ҚР патент заңы (1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданды)
№ 12 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Лицензиялық келісім
Дәріс жоспары:

1 Лицензиялық келісімнің түрлері

2 Лицензиялық кампанияны жүргізу кестесі

3 Лицензияланған келісімнің шарттары

4 Лицензияланған келісім-шарттың құрылымы

1 Патентиеленуші өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауы бойынша қолдануға ерекше құқыққа ие.

Қорғауға алынған өнеркәсіптік меншік объектісі кіретін өнімді жасау, пайдалану, енгізу, сатуға ұсыну, басқа жолмен азаматтық айланысқа енгізу немесе осындай мақсаттарда сақтау, сонымен қатар қорғалатын әдісті пайдалару өнеркәсіптік меншік объектісін қолдану деп аталады.

Кез келген патентиеленуші болып табылмайтын тұлға қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісін қолдану үшін лицензиялық келісім негізінде патент иеленушінің рұқсатын алу арқылы қолдана алады.

Лицензиялық келісім бойынша лицензиардың (лицензияны сатушы) шығындарын лицензиатпен (лицензияны сатып алушы) орнын өтелуі қарастырылады.

Лицензияланған келісім патенттік ведомствода тіркелуі қажет.

Лизцензиялық келісім деп ғылыми техникалық білім иесінің (лицензиар) өз контрагентіне (лицензиатқа) лицензия-рұқсат беру келісімін айтады. Лицензиялық келісімде лицензиардың ерекше құқығын лецензиатпен қолдану көлемі және мерзімі шектеледі.

Лицензияның тақырыбы болып өнертабысқа, өнеркәсіптік меншіктің басқа түрлеріне, ноу-хауға құқық табылады.

Лицензияның объектісі болып техника объектісі (технология) табылады.

Лицензиялық келісімде ноу-хау ретінде көбінесе коммерциялық сипатты кондиденциалды мәлімет алынады. Кейде ноу-хау деп басқару немесе ұйымдастырушы сипаттағы мәліметтер алынады.

Лицензиялық келісімнің басқа келісімдерден айырықша негізгі ерекшеліктері болып табылады:

1. Лицензияны сатушы - лицензиярдың келісім затына меншік құқығын сақтап қалуы;

2. Лицензиялық келісімнің мерзімдік сипаты;

3. Лицензиялық келісім әрекетінің аумақтық сипаты;

4. Лицензияны сатушы мен сатып алушы арасындағы есептесудің ерекшелігі;

5. Лицензиялық келісімнің ноу-хауға жасалуы;

6. Лицензиялық келісім объектісін жақсарту бойынша ғылыми- техникалық жетістіктермен өзара алмасу.

Лицензиялық келісім ұзақ ғылыми-техникалық қарым-қатынастық туралы келісім болып табылады.

Лицензиялық келісімнің мынадай түрлері кездеседі:

- қарапайым лицензия;

- ерекше лицензия;

- толық лицензия;

- сублицензия.

Әртүрлі лицензиялық келісімдер арасындағы айырмашылық лицензиардың лицензиатқа берген құқықтың көлеміне байланысты.

Қарапайым лицензия келісімі бойынша лицензиар лицензиатқа келісімде көрсетілген көлемде келісім объектісін қолдануға ерекше құқығын берумен қатар келісім объектісін өзі қолдану құқығын және үшінші жаққа лицензия беру құқығын қалтырып береді.

Ерекше лицензия келісімі бойынша лицензиар лицензиатқа келісімде көрсетілген шекте лицензия объектісін қолдануға ерекше құқық береді. Лицензиялық келісімнің күшінде болу аумағында лицензиар лицензия объектісін өз бетінше қолдан және үшінші жаққа лицензия беру құқығынаң айрылады. Бұл әрекеттерді лицензиар тек қана бірінші келесімді бұзбайтын жағдайда жүзеге асыра алады.

Толық лицензия келісімі бойынша лицензиар лицензия объектісін қолдануға өзінің ерекше құқығын лицензиатқа толығынан береді және лицензиялық келісімнің күшінде болу мерзімі ішінде өзі сол құқықтан айырылады. Бұндай жағдайда лицензиялық келісімнің күшінде болу мерзімі патенттің күшінде болу мерзімінен аспайды немесе оған тең болады. Лицензиялық келісімге отыру бұл жерде патентті сату мен бірдей болады.

Сублицензия болып өнеркәсіптік меншік объектісінің иесі беретін емес, толық немесе шексіз лицензия бойынша лицензиат беретін лицензия болып табылады. Сублицензия берілетін құқықтың көлемі бойынша қарапайым лицензия болып табылады.

Лицензиялық (негізгі) келісімге отыру алдында опциялық (алдын ала) келісім жасалады.

2 Лицензиялық кампанияны жүргізу кестесі

1. Лицензия объектісін айқындау. Жарнама – техникалық іс-әрекеттер жүргізу.

2. Маркентинг зерттеулерін жүргізу. Жарнамалық кампания жүргізу.

3. Лицензияны сатып алушыны табу.

4. Лицензиялық келісімге қатысатын жақтарды және олардың өкілдерін айқындау.

5. Лицензияны сатып алушы мен сатушының қызығушылығын белгілеу. Хаттама толдтыру.

6. Опциялық келісім шартты дайындау.

7. Опциялық келісім шартқа қол қою.

8. Опциялық келісімнің шарттарының лицензиар мен лицензиатпен орындалуы.

9. Лицензиялық келісім шарттың жобасын дайындау.

10. Лицензияның бағасын есептеу.

11. Лицензиялық келісімге қол қою .

12. Лицензиялық келісімді тіркеу үшін патенттік төлемдерді өтеу.

13. Лицензиялық келісімді патенттік ведомствода тіркеу.

14. Лицензиар мен лицензиатпен лицензиялық келісім шарттарының орындалуы.

3 Лицензияланған келісім тек жеке болады. Ол жазылған күйінде көбінесе қорытындыланады және контрагент елдерінде ішікі сауда операциялары мен лицензияланған құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік актілерге сәйкес рәсімделеді. Лицензияланған келісім шарт рөлі әсіресе ерекше. Дұрыс лицензяланған келісімнің мазмұнына байланысты оның орындалуы жақсарады, яғни, нақты лицензияланған келісімнің тиімділігі жоғарлайды.

Лицензияның халықаралық сауда тәжірибесінде лицензияланған келісім шарттарына, мазмұнына, формасына белгілі бір талаптар бар.

Лицензияланған келісімнің контрагенттері үшін оның жеке мағыналары мен жағдайлары дұрыс талқылаудың үлкен мәні бар. Лицензияланған келісімнің әрекет ету жүйелігінде мүмкін болатын дауларды болдырмау үшін, контрагенттер онда қолданылатын ұғымдарды нақтылап, екі ұғымды сөз болмайтындай қылып анықтама береді.

Лицензияның халықаралық сауда тәжірбиесінде шексіз құқық ноу- хауға қатысты қолданылады. Сонда лицензиар басқа лицензиатқа келісіммен берілген территорияда ноу-хауды қолдануға аналогиялық құқықтарды бермейді. Себебі ноу-хау патентпен қорғалмайды, лицензиар лицензиатқа шексіз қолдануды кепілдік бере алмайды, тек жеке жарияламауды кепілдік етеді. Бір мезгілде ол лицензиат ноу-хаудың конфиденциалдылығын кепілдік етіп, тек қана өндірістік қызметті іске асыруға қажет ететіндер ғана таныстыруды талап етеді.

Лицензияланған келісімнің шарттары жақтардың міндеттері мен құқықтарын анықтайды, лицензиар мен лицензиаттардың мақсаттарын көрсетеді. Лицензиардың негізгі міндеті өз уақытында барлық қажетті материалдарды беріп, лицензиатқа өндірісті жақсартуда көмек көрсету, мамандарды оқыту, лицензия бойынша өнімді шығару және лицензияны неғұрлым тиімділігін қолдануда көмек көрсету. Лицензиат осы кезде келісіммен бекітілген мерзімде өнеркәсіптік өндірісті жеңілдетіп, лицензия бойынша өнімді тапсыру және келісіммен бекітілген төлемдерді лицензиармен төлеу міндетті болады.

Лицензиялық тәуекел лицензиарға поушальды төлем ақы сомма түрінде бір уақытта берілетін немесе 2-3 қабылдауда төленеді және де роялти түрінде-лицензияланған келісімнің әрекеті мерзіміндегі жиілікті пайыздық төлеу төленеді. Ақырғы жағдайда лицензиарға төленетің төлем мөлшерін өнім бірлігінен сату мөлшерін пайыз түрінде немесе оның бағасынан пайыз мөлшерінде тіркелген төлем түрінде бекітіледі.

Лицензияланған төлем тек қана ақша күйінде ғана төлембей, шикізат пен басқа тауарлардың лицензия бойынша өнімді жеткізу түрінде де төленеді келісімді міндетті түрде лицензияланған төлемдердің төлеу түрі көрсетіледі.

Негізінде ғылыми техникалық жетістіктердің құны, бағасы жататын, тауарлардың құнына қарағанда қолдануға құқық лицензия бойынша беріледі және оны қолдануда пайда болатын пайда мөлшеріне тәуелді болады. Бірақ лицензияланған төлем мөлшері лицензиаттың пайда мөлшері мен анықталмайды. Лицензиат пен лицензиар арасында пайданы бөлу реализацияланған және шығарылған өнім бағасынан лицензиармен белгілі бір процент белгіленіп төленеді.

Сол кезде лицензиардың мөлшері барлық пайдадан бөлінбей, тек лицензия қолданған бөлігінен ғана бөлініп төленеді.

Лицензия құның есептегенде әдетте өндірістің белгісіз көрсеткіштерінің бағалау әдісі қолданылады және елімізде осы салада белгіленген бағалардың құны негізінде есептейді.

Лицензия құны – лицензиаттың пайдасындағы лицензия объектісін қолдану нәтижесінде алынатын лицензиардың төлем мөлшері.

Пайданың мөлшерін есептеу үшін лицензиат лицензияланатын өнім бойынша өндіріс шығындарының нақты соммасын есептеп және өнім бірлігінің өз бағасын анықтау. Пайда сатылатын баға мен өнімнің өз бағасының айырмасымен анықталады.

Лицензиар үшін бұл әдіс қолайсыз, себебі өндірістің шығындары туралы мәләмет – кәсіпкердің құпиясы. Лицензия құнын бағалаудың бұл түрі лицензияны сатып алушы үшін жаңа тауарды шығаруды жоспарлағанда қолайсыз болады. Бұл кезде лицензияның төлем бағасын анықтау үшін сол салады қабылданған релизациялық бағаның жуық шамалы құрылымының негізінде өндірістік өндірудің белгісіз көрсеткіштерін анықтау әдісі қолданылады.

Бірақ тәжірбиеде көп жағдайларда лицензиармен есептеу үшін ағымды төлемдер түрі – роялти қолданылады. Бұл жағдайда ең негізгі сұрақ болып роялтидің әділ мөлшерін анықтау табылады.

4 Лицензияланған келісім-шарттың құрылымы

Преамбула



  1. Терминдердің анықтамасы.

  2. Келісім заты.

  3. Техникалық құжаттама.

  4. Жетілдірулер мен жақсартулар.

  5. Міндеттер мен жауаптылық.

  6. Лицензия бойынша өнімді меңгеруде техникалық көмек.

  7. Төлемдер.

  8. Ақпарат және есеп берушілік.

  9. Конфенденциалдықты қамтамасыз ету.

  10. Берілетін құқықты қорғау.

  11. Жарнама.

  12. Дауларды шешу.

  13. Келісім шарттың күшінің мерзімі.

  14. Басқа шарттар. Жақтардың заңды мекен жайлары мен реквизиттері. Қосымшалар.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Лицензияланған келісім қайда тіркелуі қажет?

2 Лицензияның объектісі болып не табылады?

3 Лицензиялық келісімнің қандай түрлері кездеседі?

4 Лицензиялық кампанияны жүргізу кестесін айтып беріңіз.

5 Лицензияланған келісімнің шарттары қандай?

6 Лицензия құны дегеніміз не?

7 Төлемдердің қандай түрлерін білесіз?

8 Лицензияланған келісім-шарттың құрылымы қандай болады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 ҚР патент заңы (1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданды)

2 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР заңы (1996 жылдың 10 маусымында қабылданды)


№ 13 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымы
Дәріс жоспары:

1 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымы және оның міндеттері

2 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымының функциялары

3 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымының құрылымы


Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымы (ДСМҰ) – халықаралық ұйым болып табылады. Оның міндеттеріне келесідей кіреді, бұл:

- өнертабыс құқығы және санаткерлік меншіктің иеленушісі дүниежүзінде құқығы қорғалатындай кепілдік береді;

- өнертабыс пен автор дүниежүзінде танымал және өз шеберлігіне марапатталатындай жұмыстар атқарады.

ДСМҰ-ң тамыры негізінде 1883 жылы болды. Бұл жылы Париж конвенциясының пайда болу жылы, ол өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы – ең бірінші, маңызды халықаралық келісім-шарт болып табылады, бір мемлекеттегі адамдарға көмектесу болса, ал өнеркәсіптік меншігінің құқығы түрінде өздерінің санаткерлік өнертабыстары жөнінде, басқа мемлекеттен қорғаушылық жұмыстарын алу. 1884 жылы Париж конвенциясы 14 мемлекеттік – мүшелермен бірігіп, басқарушылық тапсырмаларды орындау үшін халықаралық бюро құрды.1886 жылы әдеби және шығармашыылқ туындылары жөніндегі Берн конвенция көмегімен халықаралық аренаға Копирайт шықты. Париж конвенция сияқты Берн конвенциясы басқарушылық тапсырмаларды орындау үшін халықаралық бюро құрды. 1893 жылы бұл екі кіші бюролар бірігіп, санаткерлік меншікті қорғау жөнінде «Біріккен халықаралық бюро» атты халықаралық ұйым құрды. Штаты Бернде (Швейцария) орналасқан және штат 7 адамнан тұралы, бұл кіші ұйым қазіргі уақытта Дүниежүзінен 650 адам, 170 мемлекеттік-мүше және аппараттардан тұратын ең мықты құрылым болып табылады.

Санаткерлік меншік өскен сайын, оның құрылымы және формасы да өзгереді. 1960 жылы БИРПИ Берннан Женеваға көшті, Біріккен Ұлттар Ұйымы және бұл қалада орналасқан халықаралық ұйымдарға жақын болу үшін. 10 жыл өткеннен кейін ДСМҰ жөнінде Конвенция күшіне енгеннен кейін БИРПИ ДСМҰ өзгерді, мемлекеттік-мүше алдында жауапты болатын хатшыға ие болды.

1974 жылы ДСМҰ БҰҰ мемлекеттік-мүшенің келісімімен санаткерлік меншіктің басқаруы бойынша, мандатпен бірге БҰҰ жүйесінде мамандандырылған ұйым болып табылады. ДСМҰ өзінің рөлін кеңейтті және 1996 жылы жаңа күшпен Бүкіләлемдік Сауда ұйымымен байланысқа түсу туралы келісімге отырады.

1898 жылы БИРПИ 4 халықаралық келісім-шарт орындалса, ал жүз жылдан кейін ДСМҰ 21 келісім орындайды (екеуін басқа халықаралық ұйыммен бірге) және әртүрлі жұмыстық бағдарламаларды және қамтылған жұмыстарды атқарады.

ДСМҰ өзінің мемлекеттік мүше арқылы және хатшысы арқылы келесілерге жетуге тырысады:

- санаткерлік меншік бойынша процедура және ұлттық заңнамаларды үйлестіру;

- өнеркәсіптік меншіктік құқығына халықаралық өтініші жөнінде қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

- санаткерлік меншік жөнінде ақпараттармен алмасу;

- басқа мемлекеттер және дамудағы мемлекеттерге құқықтық және техникалық көмек көрсету;

- санаткерлік меншіктегі дауларды шешу;

- санаткерлік меншік жөнінде құнды ақпараттарды қолдану және рұқсат ету, құрал-жабдықтарды сақтау сияқты ақпараттық технологияны меңгеру.

Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымы органдардың басқармасы арқылы келесі функциялар атқарады:

- дүниежүзінде санаткерлік меншікті қорғау жұмыстарын жақсарту және бұл салада Ұлттық заңнамаларды үйлестіретін шараларды әзірлеуге қатысады;

- Париж Одағы, бұл одақпен пайда болатын және Берн одақтарына байланысты арнайы одақтардың басқарушылық функцияларын атқарады;

- санаткерлік меншік қорғауға қатысты шақырылған, халықаралық келісім-шарт қорытындысын шығаруға қатысады;

- санаткерлік меншікті қорғауға қатысты ақпараттарды жинайды және ақпараттарды таратады, бұл саладағы зерттеулерді жүргізеді және зерттеулерді мадақтайды және бұл зерттеулердің нәтижелерін басылымға шығарады;

- санаткерлік меншік саласында заңды-техникалық көмек бойынша сұраныстарды басқа мемлекеттермен байланысуға ұсынады;

- санаткерлік меншіктің халықаралық қорғауды орындайтын қызмет көрсету қамтамасыз ету және кей жағдайда бұл салада тіркеу жұмыстарын орындайды, сонымен қатар берілген тіркеуге қатысты мағлуматтарды басып шығарады;

- кез-келген сәйкес басқа қызметтерді атқарады.

Бұл функциялар ДСМҰ бекіткен Конвенцияның 4 бабында жазылған, бұл халықаралық ұйымдарының қызметтері жан-жақты болып табылады.

Қазіргі уақытта ДСМҰ өнеркәсіптік меншікті қорғаумен байланысты басқа Одақтармен басқару жұмыстарын атқарады:



  • өнеркәсіптік меншікті қорғау жөнінде Париж Одағы;

  • Таңбаларды тіркеу үшін қызмет көрсету және тауарларды халықаралық жіктеу жөніндегі Ниц Одағы;

  • Халықаралық патенттік жіктеу жөніндегі Страсбург Одағы;

  • Тауарлық таңбаларды халықаралық тіркеу жөніндегі Одақ;

  • Халықаралық тіркеу және болған жердің атауын қорғау жөніндегі Лиссабон Одағы;

  • Олимпиадалық нышанды қорғау жөніндегі Найробты Одақ;

ДСМҰ құрылымы келесі:

  1. 3 басқарушылық кеңес:

  • Бас Ассамблея;

  • Конференция;

  • Координациялау жөнінде Комитет.

  1. Басқа органдар:

  • Өнеркәсіптік меншік жөніндегі ақпарат бойынша ДСМҰ-ң тұрақты комитеті;

  • Халықаралық бюро.

Бас Ассамблея – ДСМҰ мүшелерінен тұратын мемлекеттерден құралады, сонымен қатар Париж және Берн конвенцияның мүшелері болып табылады. Олар бір жылда бір рет жиналады және төтенше жағдайларында сессияға шақырылуы мүмкін. Әр мемлекет бір, не одан да көп одақтың мүшесінде болуына қарамастан, Бас Ассамблея да бір дауысқа ие болады. Бас Ассамблея барлық Одақтар үшін 2 жылға бірлескен бюджет қабылдайды.

Конференция – одаққа жатпайтына қарамастан, ДСМҰ барлық мүшелерін қосады. Ол екі жылдық бюджетті бекітеді, санаткерлік меншіктің барлығына қызығушылық танытатын сұрақтарын қарастырады және Одақтың байланысын емес және компенциясын ескеріп кепілдеме бере алады. Конференция бақылаушы ретінде болады және ДСМҰ мүшелері конференцияда бір дауысқа ие.

Координациялау жөніндегі комитетіне – ДСМҰ мүшелеріне 51 мемлекет кіреді, олар Берн одақтар, сонымен қатар Швейцария атқарушы комитет мүшесі болып табылады. Комитеттің мүшелері басқарушылық және қаржылық сұрақтарын шешеді, конференцияның күн тәртібін және оның бюджетін жобалауын дайындайды, Бас Ассамблеяға бас директордың орнына кандидатын ұсынады және басқа тапсырмаларды орындайды.

Халықаралық бюро – ДСМҰ және одақтың хатшысы болып табылады және мемлекет мүшелерінің бақылауымен іс жүргізеді. Ол конференцияны және жиналыстарды дайындайды, баяндама дайындайды, халықаралық байланысты тереңдету бойынша жоспар және құжаттарды дайындайды, жобалауды құрастырады, ақпараттарды жинайды және тарайды, сонымен қатар бес халықаралық тіркеу қызметін ұйымдастырады. Бюроны бас директоры басқарады. Оны Бас Ассамблея таңдайды, 6 жыл, не одан да көп уәкілеттілігін ұзартуға болады.

ДСМҰ өнеркәсіптік меншік аймағында кеңес жүргізеді, кадрларды даярлайды, өнертабысты дамытуды мадақтау мақсатында дамушы мемлекеттерді материал мен ақпараттармен қамтамасыз етеді, патенттелген технологияларды қолға алу үшін жағымды жағдайларды құрайды, тауар белгілерді қорғауды жақсартады.

ДСМҰ мерзімдік басылым шығарады, ол «Industrial Properti», «Copiright» (ағылшын, француз және испандық басылым болып шығады), сонымен қатар ғылыми зерттеулер және семинар мәтініне басып шығарады, техникалық сұрақтарды «PCT Gazette» (аптасына 2 рет), «Les Margues Internationales» (әр ай сайын) және «International Designs Bullation» (әр ай сайын) ақпараттандырады.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымының міндеттері қандай?

2 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымы қашан пайда болды?

3 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымы қандай функцияларды атқарады?

4 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымының құрылымы қандай?

5 Бас Ассамблея қандай жұмыстарды атқарады?

6 Конференция не үшін шақырылады?

7 Координациялау жөніндегі комитеттің функциясы неде?

8 Халықаралық бюро не істейді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Патентоведение. Учебник для вузов. / Под ред. В.А. Рясенцева. - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: Машиностроение , 1984. -352 с.

2 Патентное законодательство зарубежных стран. В 2-х т. : Переводы / Сост. Н.К. Финкель. М.: Прогресс. 1987. .- Т.1 - 656 с., Т.2 - 526 с.

3 Патентное право: Сборник нормативно-правовых актов// Составитель Т.Е. Каудыров, Э.З. Фаизова .- Алматы: Жетi-Жарғы. 1996
№ 14 дәріс (1 сағат)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет