5В070200 «Автоматтандыру және басқару»


Өнеркәсіптік меншік объектісінің басымдығы



бет3/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#131906
1   2   3   4   5   6   7

Өнеркәсіптік меншік объектісінің басымдығы

Өнеркәсіптік меншік объектісінің өнеркәсіптік меншіктің тиісті объектісіне өтінім берілген күн бойынша белгіленеді.

Басымдық, егер өтінім өнертабысқа, пайдалы модельге сараптама жасау ұйымына аталған күннен бастап он екі айдың ішінде, ал өнеркәсіп үлгісіне алты айдың ішінде берілсе, Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке, сондай-ак онда көзделген халықаралық немесе аймақтық ұйымдарда (конвенциялық басымдық) берілген бірінші өтінім күні бойынша белгіленуі мүмкін. Егер өтінім берушіге байланысты емес мән-жаймен конвенциялық басымдық сұраған өтінім аталған мерзімде беріле алмай қалса, соңғысы ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы керек.

Конвенциялық басымдықтың құқығын пайдаланғысы келетін өтініш беруші өтінім берген кезде немесе сараптама жасау ұйымына өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде мұны көрсетуге және бірінші өтінімнің куәландырылған көшірмесін қоса беруге немесе оны сараптама жасау ұйымына өтінім- түскен күннен бастап алты айдан кешіктірмей табыс етуге тиіс. Көрсетілген құжатты тапсырмаған жағдайда өтінім беруші конвенциялық басымдыққа құқығын жоғалтады. Бұл жағдайда басымдық өтінімнің сараптама жасау ұйымына келіп түскен күнімен белгіленеді.



Егер өтініш берушіге қосымша материалдар шешімнің мәнін өзгертеді және оны берген күні көрсетілген қосымша материалдар сол бойынша табыс етілген өтінім қайтарылып алынбаған және қайтарылып алынды деп саналмаған деп танылуына байланысты оларды назарға алу мүмкін еместігі туралы сараптама жасау ұйымының хабарламасы жіберілген күннен бастап үш ай мерзім өткенге дейін өтініш беруші дербес өтінім ретінде ресімдеген болса, басымдық қосымша материалдар түскен күн бойынша белгіленуі мүмкін.

Егер мұндай басымдық сұралып отырған өтінім неғұрлым бұрын берілген өнертабысқа өтінім берілген күннен бастап кем дегенде он екі айда және неғұрлым бұрын берілген пайдалы модельге, өнеркәсіп үлгісіне өтінім - алты айда түссе, басымдық осы өтінім берушінің өтінімнің берілген күнге қайтарып алынбаған және қайтарып алынды деп саналмайтын өнеркәсіптік меншік объектісін ашып көрсететін неғұрлым бұрынғы өтінімі сараптама жасау ұйымына берілген күн бойынша белгіленуі мүмкін. Бұл орайда неғұрлым бұрын берілген өтінім қайтарып алынды деп есептеледі.

Басымдықты оған дейін басымдық сұралған өтінімнің берілген күнінен белгілеуге болмайды.

Өнеркәсіптік меншік объектісінің бөлектенген өтінім бойынша басымдығы - сол өтінім берушінің сараптама жасау ұйымына берген басымдықтың мәнін ашатын бастапқы өтінімінің күні бойынша, ал бастапқы өтінім бойынша басымдықты неғұрлым ерте белгілеу құқығы болған жағдайда, егер бөлектенген өтінім шағым жасауға мүмкіндігі таусылған сараптама жасау ұйымының бастапқы өтінім бойынша теріс қорытындысы шыққанға дейін берілсе, бастапқы өтінім бойынша - оның басымдық күні бойынша, ал аталған өтінім бойынша сараптама жасау ұйымы оң қорытынды шығарған жағдайда уәкілетті орган қорғау құжатын беру туралы шешім қабылдаған күнге дейін белгіленеді.

Басымдық бұрын берілген бірнеше өтінімдердің немесе оларға қосымша материалдардың негізінде, тиісінше осы баптың 2-5 тармақтарында аталған жағдайлар сақтала отырып белгіленуі мүмкін.

Егер ұқсас өнеркәсіптік меншік объектілері бір күнде басымдыққа ие болғаны анықталса, басымдық өтінімнің сараптама жасау ұйымына неғұрлым ертерек жіберілген күнін дәлелденген сол өтінім бойынша, ал бұл күндер сәйкес келгенде - сараптама жасау ұйымында неғұрлым бұрынырақ тіркеу нөміріне ие болған өтінім бойынша белгіленеді.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтінімді қандай өнертабысқа береді?

2 Өнертабыска өтінімде қандай құжаттар кіреді?

3 Өнертабысқа өтінімді жасауға, ресімдеуге және қарауға қойылатын талаптарды қандай ұйым белгілейді?

4 Пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгісіне өтінімді жасауға, ресімдеуге және қарауға қойылатын талаптарды қандай орган белгілейді?

5 Өнеркәсіп үлгісіне өтінімде қандай құжаттар енгізілуі керек?

6 Өнеркәсіптік меншік объектісінің басымдығы дегенді қалай түсінесіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 ҚР патент заңы (1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданды)
№ 8 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Патенттік-ақпараттық зерттеулер

Дәріс жоспары:

1 Патенттік зерттеулер жөнінде анықтамалар

2 Патенттік зерттеулердің мазмұны

3 Патенттік ізденістердің жүргізілу тәртібі
Патенттік зерттеулердің мазмұны және өткізу тәртібі МЕСТ Р 15.011-96 сәйкес жүргізіледі. Бұл стандарт шаруашылық субъектілерінің қызметіне таралады. Ол меншік түріне, мемлекеттік тапсырыстарды орындауға, шаруашылық келісімшарттарға, инициативті жұмыстарға тәуелсіз болып табылады және ұйымға бірыңғай талаптар бекітеді, патенттік зерттеулер нәтижелерін қолдануға, ресімдеуге және жүргізуге бірыңғай талаптар бекітеді және халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылады.

Патенттік зерттеулер – шаруашылық қызметі нысандарының техникалық деңгейін және даму тенденциясын, патенттік және тағы басқа ақпараттар негізінде патенттік қабілеттілігін, патенттік тазалығын, бәсекелестігін (белгіленуі бойынша қолдану тиімділігін) зерттеу.

Зерттеу нысаны - шаруашылық қызмет нысаны және субъектінің шаруашылық қызметі.

Шаруашылық қызмет нысаны – техника нысаны, соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша құрылған нысандар, ноу-хау, шаруашылық субъектісіне көрсетілетін қызметтер.

Шаруашылық субъектісі – халықшаруашылығы қызметінің кез-келген мүшесі.

Бәсекегеқабілеттілік – шаруашылық қызмет нысанының қандай-да бір кезеңде, нақты нарыққа бәсекелестік немесе қарама-қарсы әсер ету жағдайында коммерциялық немесе басқа табысқа жетуін қамтамасыз ету.

Инжиниринг – әртүрлі инженерлік жұмыстарды орындау, коммерциялық негізінде кеңесші қызмет атқару.

Патенттік зерттеулер мазмұны мен сипаты жағынан негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарына жатады және шаруашылық субъектісінің шаруашылық қызмет нысанын құру, өндіру, тұтыну, дамыту, қолдану, жөндеу және өндірістен алу туралы шешім қабылдауда негізгі бөлігі болып табылады.

Патенттік зерттеулер жеке ғылыми-зерттеу жұмыстар түрінде, шаруашылық субъектісі құрамында болады.

Патенттік зерттеулерді шаруашылық субъектісі жүргізеді:



  • құру бағдарламасын орындаушылар; өндірістің дамуы және техника объектісін құру;

  • өнімнің тәжірибеде шығуын іргелі зерттеу және қосымша сипаттағы зерттеулер орындаушылары;

  • ҒЗЖ орындаушылары;

  • тапсырыс берушілер;

  • дайындаушылар.

Тәжірибелік тұтынылуына байланысты патенттік зерттеулерді жүргізеді:

  • тапсырыс беруші (негізгі тұтынушы) – болжау, ағымдағы жоспарлау, бағыттағы анықтау кезінде, зерттеулік жобаны, өнімді тұтыну кезінде.

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындаушы – болжау кезінде, келешекте және ағымдағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау, техника және технико-экономикалық негіздегі жаңа нысандарын құру және енгізуде бағыттарды таңдау; инжинирингті қызметті анықтау кезінде; ғылыми-зерттеу жұмыстарын және кезеңдерін орындау кезінде; ғылыми-техникалық бірлестік құру кезінде.

  • орындаушы (әзірлеуші, жобалаушы) өз қызметін келешекте және ағымда жоспарлау және жобалау кезінде; нақты жұмыстарды орындау қажеттілігі негізі кезінде; тәжірибелік-конструкторлық, жобалық-конструкторлық, жобалық, технологиялық және тағы басқа жұмыстар және олардың кезеңдерін орындау процесінде; тұтыну түрін таңдау және өнімді тұтыну жағдайын қамтамасыз ету негізі кезінде; басқа ұйымдар мен фирмалардың білімі мен тәжірибесін қолдану сұрақтарын шешу кезінде.

  • дайындаушы (жеткізуші) кәсіпорынды жаңарту және оны дамыту кезінде, өнімдерді жеткізуде, өнім сапасын көтеру мәселесін шешу кезінде, технологияны дамытуда, кәсіпорынды материалдық және технологиялық қамтамасыз етуде, лицинзиялау және шетелден қоңдырғылармен қамтылған кезде, өнімді жақсартуда, өнімдерді жеткізу туралы мәселелерді шешу және оларға қолайлы жағдай жасау, сонымен қатар, жеткізілген өнімдердің сервистік қызметтері және тағы басқалары.

  • барлық шаруашылық субъектілер – санаткерлік жеке меншіктің құқықтық күзет нысандарының мәселелерін шешуде.

Патенттік ізденістердің жүргізілуі және олардың шешімін көрсету, келісім немесе жоспарлы-техникалық құжаттарда қарастырады.

Жұмыстарды жүргізудің келісім құжаттарында екі жақтардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді, сондай-ақ патенттік зерттеулердің шешімдерін, шарттары, сонымен қатар екі жақтың жауапкершілігін қарастырады.

Басқа мекемелерді патенттік зерттеуге қатыстыру бойынша жұмыс орындаушы шешеді. Егер басқа мекемелер қатысатын болса, онда келісім мен контракт толтырылады.

Патенттік зерттеулердің шешімдерін құжаттарды жасау кезінде қолданады, олар шаруашылық субъектілерге және қабылдаған шешімдерге байланысты болады, сондай-ақ:



  • болжамдар, бағдарламалар, бизнес-жоспар және кәсіпорын дамуы және қызмет көрсету;

  • келісім құжаттары;

  • есептік ғылыми-техникалық, конструкторлық, технологиялық, жобалық құжаттама, техникалық шарт, өндірілген өнімге стандарттар, сонымен қатар, ғылыми-техникалық өнімге жеткізу-қабылдау актілері;

  • елдегі жеке меншік нысандарының күзетпен қамтамасыз етуге байланысты құжаттамалар;

  • шаруашылық субъектілердің формалауға және ғылыми-техникалық жеткізушілер, патенттік және коммерциялық саясатқа байланысты құжаттамалар;

  • шаруашылық субъектілердің салық жеңілдіктеріне құқығын дәлелдейтін құжаттама;

  • басқа құжаттамалар, құрамында патенттік зерттеудің шешімі болуы мүмкін.

Патенттік зерттеудің шешімін шаруашылық субъектіде көрсетілгендей қарастырады және белгілі бір тәртіпте қолданады.

Патенттік зерттеу шешімін келісімде көрсетілмесе оны шет елге шығаруға болмайды.

Патенттік зерттеулердің мазмұны төмендегідей болады:


  • шаруашылықтың техникалық нысандарын зерттеу, тенденциясын таңдау және олардың дамуының болжамы;

  • белгілі бір өнімнің жағдайын зерттеу, зерттеліп жатқан ел кәсіпорынның мінездемесі;

  • өнімге және қызметке тұтынушылардың талаптарын зерттеу.

Патенттік ізденістердің жүргізілу тәртібі мыналарды қарастырады:

- патенттік ізденістердің тапсырмаларын анықтау, ізденістердің түрлері мен олардың жүргізілу әдістерін және патенттік ізденістерді жүргізу тапсырмаларын өңдеу;

- патенттік және басқа да құжаттардың талаптарын іздеуді анықтау, регламенттік ізденісті өңдеу;

- талқыланған регламентке сай патенттік таңдау, ізденіс пен ізденіс есептерін әзірлеу;

- талқыланған құжаттарды жүйелеу мен талдау;

- патенттік ізденістермен берілген тапсырмаларды растау, иеленген субъектінің ұсыныстарын растау, қорытынды жасау;

- ізденістердің нәтижелерін әзірлеу патенттік ізденістердің есебі түрінде.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Патенттік зерттеулердің мазмұны және өткізу тәртібі қандай стандартқа сай жүргізіледі?

2 Патенттік зерттеулер жөнінде қандай анықтамаларды білесіз?

3 Тәжірибелік тұтынылуына байланысты патенттік зерттеулерді кімдер жүргізеді?

4 Патенттік зерттеулердің мазмұны қандай?

5 Патенттік ізденістердің жүргізілу тәртібі нені қарастырады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны»
№ 9 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Өнертабыс формуласы
Дәріс жоспары:

1 Өнертабыс формуласының құрылымы

2 Әртүрлі нысандарға жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері
Өнертабыс формуласы инновациялық патент пен патент беретін құқықтық қорғау көлемін анықтау үшін арналады.

Өнертабыс формуласы толығымен анықтамада негізделу керек, яғни өнертабысты оның анықтамасында берілген ұғымдармен сипаттау керек.

Өнертабыс формуласы, егер онда өтініш беруші мен көрсетілген техникалық нәтижеге жету үшін жеткілікті оның елеулі белгілері толығымен берілсе, оның мәнін көрсететін болып саналады.

Өнертабыс формуласында өнертабыс белгілері олардың сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету түрінде көрінеді, яғни олардың мәндік мазмұнының белгілі техникалық деңгейі негізінде маманның біртекті ұғымында болады.

1 Өнертабыс формуласының құрылымы

Формула біртізбекті және көп тізбекті болуы немесе бір немесе бірнеше тармақты құрауы мүмкін.

Біртізбекті өнертабыс формуласы орындау немесе пайдалану жағдайына қатысты дамыту және анық атауы жоқ бір өнертабыстың маңызды белгілер жиынтығын сипаттауға қолданылады.

Көптізбекті өнертабыс формуласы өнертабысты орындау немесе пайдаланудың жеке жағдайларына немесе өнертабыстар тобын сипаттауға қатысты оның белгілер жиынтығын дамыту және анықтау мен бір өнертабысты сипаттау үшін қолданылады.

Бір өнертабысты сипаттайтын көп тізбекті формуланың бір тәуелсіз тармағы және оған тәуелді тармағы (тармақтары) болуы мүмкін.

Өнертабыстар тобын сипаттайтын көп тізбекті формуланың бірнеше тәуелсіз тармақтары болады, олардың әрқайсысы өнертабыстар тобының біреуіне ғана сипаттайды. Мұндайда топтың әрбір өнертабысы тиісті тәуелсізге бағынышты тәуелді тармақтар келтірілуімен сипатталуға тиіс.

Көп тізбекті формула тармақтары бірден бастап, орналасу тәртібімен араб сандарымен нөмірленуге тиіс.

Өнертабыстар тобын сипаттайтын формулаларды орналастырған кезде келесі ережелер сақталады:

- жекелеген өнертабыстарды сипаттайтын тәуелсіз тармақтарда, әдетте, формуланың басқа тармақтарына сілтемелер болмайды (мұндай сілтемеге тек осы тәуелсіз тармақты ондағы басқа тармақпен толық қайталанбаған жағдайда ғана жол беріледі);

- түрлі өнертабыстар топтарын сипаттау үшін бір ғана мазмұнды тәуелді тармақтар келтірілетін жағдайдалардаы қоса отырып, тәуелді тармақтар өздері бағынышты тәуелсіз тармақтар мен топтасады.

Формула тармағы, әдетте неғұрлым жақын ұқсас белгілері сәйкес келетін өнертабыс белгілерінен тұратын шектеу бөлімінен, оның ішінде формула баяндалуы басталатын бағыттағы тектік ұғымнан және өнертабысты неғұрлым жақын баламасынан ажыратын белгілер кіретін ерекшелік бөлімінен тұрады.

Формула тармағын құрастыру кезінде шектеу бөлімі баяндалған соң «былайша ерекшеленетін» деген сөз тіркесі келтіріліп, бұдан кейін тікелей ерекшелік бөлімі келтіріледі.

Өнертабыс формуласы:

- дербес химиялық қосылыстар;

- микроорганизімдер тегі, өсімдіктер мен жануарлар жасушалары;

- бұрыннан белгілі құрылғы, тәсіл, зат, тектерді жаңа мақсатта қолдану;

- баламасы жоқ өнертабыстар ретінде сипатталса, шектеулі және ерекшелік бөлімдері тармақтарынан бөлінбей құрастырылады.

Формула тармағы бір сөйлем ретінде баяндалады.

Өнертабыс формуласының тәуелсіз тармағы бір ғана өнертабысқа қатысты болуға тиіс. Ол өнертабысты құқықтық қорғау сұралып отырған көлемін анықтайтын оның белгілер жиынтығымен сипаттайды және өнертабыс объектісін логикалық анықтау түрінде көрінеді.

Өнертабыс формуласының тәуелді тармағы тек оны орындау немесе пайдаланудың жеке жағдайларын сипаттайтын тәуелсіз тармақта, белгілерде келтірілген өнертабыс белгілері жиынтығының дамуын және/немесе анықталуын қарастырады.

Формуланың тәуелді тармағының шектеулі бөлігі әдетте тәуелсіз тармақта келтірілгенімен салыстырғанда қысқаша мазмұндалған өнертабыс мақсатын көрсететін тектік ұғымнан және осы тәуелді тармақ жататын тәуелсіз тармақ немесе тәуелді тармақтан тұрады. Тәуелді тармақ формуланың бірнеше тармағына бағынысты болғанда оларға сілтемелер баламаларды пайдаланумен көрсетіледі.

Формуланың тәуелді тармағы ол бағынысты формуланың сол тармағында сипатталған өнертабыс белгілері алмастырылмай немесе алып тасталмай баяндалуға тиіс.

2 Әртүрлі нысандарға жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері

Құрылғы белгілері формулада оның статистикалық жағдайын сипаттайтындай баяндалады. Құрылғының конструкциялық элементін орындауды сипаттау кезінде оның жылжымалығын, оның белгілі функцияны іске асыру мүмкіндігін (мысалы, бекіту мүмкіндігімен тежеу мүмкіндігі) және т.б. көрсетуге болады.

Материалдық объектіге іс-әрекеттерді сипаттайтын тәсіл белгілері осы мақсаттарға етістіктерді пайдаланумен, үшінші жақта, көпше түрде баяндалады (қыздырып жатыр, ылғалдап жатыр, тесіп жатыр және т.б.)

Композицияны сипаттайтын өнертабыс формуласына оған кіретін ингредиенттер және қажет болған жағдайларда ингредиенттердің сандық мазмұнына жататын белгілер енгізіледі.

Егер композицияны сипаттайтын формуланың ингредиенттердің сандық мазмұнына жататын белгілері болса, онда олар мазмұнның (төменгі және жоғарғы) ең аз және ең көп шегін сипаттайтын кез келген бір маңызды, әдетте, екі маңызды бірлікте көрінеді.

Композиция ингредиенттерінің бірінің мазмұны бір маңызда көрсетілуіне болады, ал қалған ингредиенттер мазмұны – осы жалғыз маңызды хақындағы маңыздылар аралығы түрінде көрінеді (мысалы, ингредиенттер мазмұны композицияның негізгі ингредиентіне 100 мас.с. немесе ерітіндінің 1л. келтіріледі).

Егер композицияға жататын өнертабыс қосымша ингредиент енгізілуімен сипатталса, формулаға тиісті ерекшелік белгілерінің алдынан «қосымша болады» деген сөз тіркесі енгізіледі.

Мақсаты белсенді бастаумен айқындалатын, ал басқа компонеттері осы мақсаттағы композицияларда дәстүрлі қолданылатын шеңбердің бейтарап тасығыштары болып табылатын композициялар үшін формулада тек осы белсенді бастау және композиция құрамындағы оның сандық мазмұны, оның ішінде «тиімді саны» нысанында көрсетуге болады.

Мұндай композиция сипатының басқа нұсқасында белсенді бастаудан өзге, «мақсаттық қосымша» жиынтықты ұғымы нысанында басқа компоненттер көрсетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда белсенді бастау мен мақсаттық қосымшаның сандық қатынасы көрсетіледі.

Егер өнертабыс белгісі ретінде күрделі құрамды белгілі зат көрсетілсе, оның арнаулы атауын функциясын немесе осы заттың қасиетін және оның негізін көрсетіп пайдалануға жол беріледі. Мұндай жағдайда өнертабыс сипаттамасына осы зат сипатталған ақпарат көзі келтіріледі.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Өнертабыс формуласы не үшін қажет?

2 Өнертабыс формуласының құрылымы қандай?

3 Өнертабыстар тобын сипаттайтын формулаларды орналастырған кезде қандай ережелер сақталады?

4 Біртізбекті және көптізбекті өнертабыс формулалары немен ерекшеленеді?

5 Құрылғыға жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері неде?

6 Тәсілге жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері қандай?

7 Затқа жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері бар ма?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 ҚР патент заңы (1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданды)


№ 10 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Өтініш материалдарына сараптама жүргізу
Дәріс жоспары:

1 Өнертабысқа патент беруге өтiнiмге жасалатын сараптама

2 Өнертабысқа инновациялық патент беруге арналған өтiнiмге сараптама
1 Өнертабысқа патент беруге өтiнiмге жасалатын сараптама

Сараптама жасау ұйымына келiп түскен өтiнiм бойынша Патент заңның 17-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген өтiнiм құжаттарының бар екендiгi және оларға қойылатын талаптардың сақталуы тексерiледi; өтiнiм берiлген күн анықталады. Егер өтiнiм Патент заңның 17-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларының талаптарын және осы құжаттарға қойылған талаптарды қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiге бұл туралы хабарлайды және жетiспейтiн және (немесе) түзетiлген құжаттарды (мәлiметтердi) осындай хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде табыс етудi ұсынады. Өтiнiм берушi сұратылған және (немесе) түзетiлген құжаттарды (мәлiметтердi) белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, өтiнiм берiлмеген болып есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi.

Өнертабысқа патент беруге өтiнiм берiлген күн белгiленгеннен кейiн сараптама жасау ұйымы ол бойынша ресми сараптама жүргiзедi.

Ресми сараптама жүргiзу барысында Патент заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың бар екендiгi және оларға қойылатын талаптардың сақталуы тексерiледi.

Егер өтiнiм берушi өтiнiм бойынша Патент заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдарды табыс еткен болса, сараптама процесiнде олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертпейтiнi тексерiледi.

Егер қосымша материалдарда өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ, өнертабыс формуласына енгiзуге жататын белгiлер болса, олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертедi. Қосымша материалдар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертетiн бөлiгiнде өтiнiмдi қарау кезiнде назарға алынбайды және оны өтiнiш берушi дербес өтiнiм ретiнде ресiмдеуi мүмкiн, бұл жөнiнде өтiнiм берушiге хабарланады.

Оның құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып берiлген өтiнiм жөнiнде өтiнiш берушiге оны жiберген күннен бастап үш ай мерзiмде түзетiлген немесе жоқ құжаттарды табыс ету ұсынылған сауал жiберiледi.

Егер өтiнiм берушi аталған мерзiмде сұратылған құжаттарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi табыс етпесе, өтiнiм қайтарып алған болып есептеледi.

Өнертабыс бiрлiгi талабын бұза отырып берiлген өтiнiм бойынша өтiнiм берушiге оған тиiстi хабарлама жiберген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысы қаралуға тиiс екенiн хабарлау және қажет болған жағдайларда өтiнiм құжаттарына нақтылау енгiзу ұсынылады. Бастапқы өтiнiм материалдарына енген басқа өнертабыстар бөлектелген өтiнiмдермен ресiмделуi мүмкiн. Белгiленген өтiнiмдер басымдығы Патент заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес белгiленедi.

Егер өтiнiм берушi өзiне бiрлiк талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысын қарау қажет екенiн хабарламаса және нақтыланған құжаттарды табыс етпесе, формулада бiрiншi көрсетiлген, сондай-ақ алғашқысымен байланыстылығы соншалықты, олар өнертабыс бiрлiгi талаптарын қанағаттандыратын басқа да өнертабыстар объектiсi қаралады.

Ресми сараптама аяқталғаннан кейiн өтiнiм берушiге оның нәтижесi туралы хабарланады.

Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейiн сараптама жасау ұйымы өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi.

Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама мәлiмделген ұсынысты өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгiн белгiлеудi, техника деңгейiн анықтау үшiн мәлiмделген өнертабысқа қатысты ақпараттық iздестiру жүргiзудi, мәлiмделген объектiнiң (oбъектiлердiң) өнертабыс бiрлiгiнiң талабына және Патент заңның 6-бабында белгiленген патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкестiгiне тексеру жүргiзудi қамтиды және өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленген жағдайда жүзеге асырылады.

Мәнi бойынша сараптамаға ақы төлеу ресми сараптаманың нәтижесi туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде сараптама жасау ұйымына өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленгендiгiн растайтын құжатты берген жағдайда жүргiзiледi.

Мәнi бойынша сараптамаға ақы төленбеген жағдайда өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi.

Мәнi бойынша өтiнiм сараптамасын жүргiзу кезеңiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiден онсыз сараптама өткiзу мүмкiн болмайтын қосымша материалдарды, оның iшiнде өнертабыстың өзгертiлген формуласын сұратып алуға құқылы.

Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар, сұратуға немесе өтiнiмге қарсы қойылатын материалдардың көшiрмелерiн өтiнiм берушi оған сараптама жасау ұйымының сұратуы жiберiлген күннен бастап екi ай iшiнде сұратқан жағдайда, аталған көшiрмелер жiберiлген күннен бастап өнертабыстың мәнi өзгертiлмей үш ай мерзiмде табыс етiлуге тиiс.

Қосымша материалдарға өнертабыстың мәнiн өзгерткен бөлiгiнде осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiп қолданылады. Егер өтiнiм берушi сұрау салынған материалдарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi белгiленген мерзiмде табыс етпесе, өтiнiм қайтарып алынған болып есептеледi.

Егер өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жасау нәтижесiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiндегi мәлiмделген ұсыныс Патент заңның 6-бабында айқындалған өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келетiнiн анықтаса, онда сараптама жасау ұйымы белгiленген басымдықты көрсете отырып патентке өтiнiм берушiмен келiсiлген өнертабыс формуласымен оң қорытынды бередi.

Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган өнертабысқа патент беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешiм шығарады.

Өтiнiм берiлген өнертабыс өтiнiш берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi.

Сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы мына жағдайларда:

1) егер өтiнiм өнертабыс ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болса;

2) егер өтiнiм берушi ұсынылған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлердiң болуы туралы немесе өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын болса немесе оған қатысты өнертабыс бiрлiгi талаптары бұзылуына байланысты қарау өткiзiлмегенi туралы хабарланғаннан кейiн өнертабыс формуласын өзгертпесе берiледi.

Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Қарсылықты шағым кеңесi ол түскен күннен бастап төрт ай мерзiмде қарауға тиiс.

Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының тиiстi қорытындысы берiлгенге дейiн өтiнiмдi қараудың кез келген сатысында инновациялық патент беру туралы өтiнiшхат бере алады. Бұл жағдайда сараптама Патент заңның 22-1-бабына сәйкес жүргiзiледi.

Өтiнiм берушi сараптаманың қарсы қойған барлық материалдарымен таныстырылуы мүмкiн. Өтiнiм берушi сұратқан материалдарды сараптама жасау ұйымы оған сұрау салынған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жiбередi.

Осы баптың 3, 4, 7, 8, 10-тармақтарында көзделген және өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiмдердi дәлелдi себептерiнiң болғаны және өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру ақысының төленгенi туралы құжат тапсырылған жағдайда сараптама жасау ұйымы қалпына келтiруi мүмкiн.

Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiм бiткен күннен бастап он екi айдан кешiктiрмей беруi мүмкiн. Мұндай өтiнiш сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған құжаттарымен немесе шағым кеңесiне жасалған қарсылықпен бiрге тапсырылады.

Егер өтiнiмдi қарау кезiнде онда мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтер анықталса, өтiнiм Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңдарында белгiленген тәртiппен құпияландырылады.

2 Өнертабысқа инновациялық патент беруге арналған өтiнiмге сараптама

Сараптама жасау ұйымына келiп түскен өтiнiм бойынша Патент заңның 17-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген өтiнiм құжаттарының бар екендiгi тексерiледi, өтiнiм берiлген күн анықталады. Егер өтiнiм Патент заңның 17-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларының талаптарын қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiге бұл туралы хабарлайды және жетiспейтiн құжаттарды (мәлiметтердi) осындай хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде табыс етудi ұсынады. Өтiнiм берушi сұратылған құжаттарды (мәлiметтердi) белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, өтiнiм берiлмеген болып есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi.

Өнертабысқа инновациялық патент беруге өтiнiм берiлген күн белгiленгеннен кейiн сараптама жасау ұйымы ол бойынша сараптама жүргiзедi, оның процесiнде Патент заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың бар екендiгi, оларға қойылатын белгiленген талаптардың сақталуы, өнертабыс бiрлiгi талабының сақталуы тексерiледi, мәлiмделген шешiмнiң өнертабыс ретiнде қорғалатын oбъектiге жататындығы туралы мәселе қаралады, сондай-ақ басымдық күнi белгiленедi және мәлiмделген шешiмнiң Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың негiзiнде берiлген патенттерге, жарияланған еуразиялық өтiнiмдерге, қаралатын өтiнiмнiң басымдық күнiне дейiн сараптама жасау ұйымына берiлген басқа өтiнiм берушiлердiң керi қайтарып алынбаған өтiнiмдерiне қатысты жергiлiктi жаңалығына тексеру, сондай-ақ өнеркәсiпте қолданылымдығына тексеру жүргiзiледi.

Егер өтiнiм берушi өтiнiм бойынша Патент заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдар ұсынған болса, сараптама процесiнде олардың мәлiмделген өнертабыстың мәнiн өзгертпейтiнi тексерiледi.

Егер қосымша материалдарда өнертабыс формуласына енгiзiлуге тиiс және өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлер болса, олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертедi. Өтiнiмдi қарау кезiнде қосымша материалдардың өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертетiн бөлiгi назарға алынбайды және өтiнiм берушi оны дербес өтiнiм ретiнде ресiмдеуi мүмкiн, бұл жөнiнде өтiнiм берушiге хабарланады.

Өтiнiм құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып берiлген өтiнiм бойынша өтiнiм берушiге сауал жiберiлiп, онда ол жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде түзетiлген немесе жоқ құжаттарды табыс ету ұсынылады.

Егер, өтiнiм берушi көрсетiлген мерзiмде сұратылған құжаттарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiш хатты табыс етпесе, өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi.

Өнертабыс бiрлiгi талаптарын бұза отырып берiлген өтiнiм бойынша өтiнiм берушiге оған тиiстi хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде өнертабыстың қайсысы қаралуға тиiс екенiн хабарлау және қажет болған жағдайда, өтiнiм құжаттарына нақтылаулар енгiзу ұсынылады. Бастапқы өтiнiм материалдарына енген басқа өнертабыстар бөлектелген өтiнiмдермен ресiмделуi мүмкiн. Бөлектелген өтiнiмдердiң басымдығы Патент заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес белгiленедi.

Егер өтiнiм берушi өзiне өнертабыс бiрлiгi талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысын қарау қажет екенiн хабарламаса және нақтыланған құжаттарды табыс етпесе, формулада бiрiншi көрсетiлген объектiнi, сондай-ақ онымен өнертабыс бiрлiгi талаптарын қанағаттандыратындай байланыстағы басқа да өнертабыстарды қарау жүргiзiледi.

Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң өнертабыстар ретiнде қорғалатын oбъектiлерге жататыны, құжаттардың белгiленген талаптарға сәйкес келетiнi анықталса және өтiнiм осы баптың 1-тармағына сәйкес жергiлiктi жаңалық және өнеркәсiптiк қолданымдылық шартына жауап беретiн ұсынысты сипаттайтын болса, өтiнiм берушiмен келiсiлген формуладағы инновациялық патентке сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы берiледi.

Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган өнертабысқа инновациялық патент беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешiм шығарады.

Сараптама жасау ұйымының инновациялық патентке терiс қорытындысы:

1) егер өтiнiм өнертабыс ретiнде қорғалмайтын объектiге қатысты;

2) егер өтiнiм берушi ұсынылған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлердiң болуы туралы немесе өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын немесе өнертабыс бiрлiгi талаптары бұзылуына байланысты оған қатысты қарау өткiзiлмегенi туралы хабарланғаннан кейiн өнертабыс формуласын өзгертпеген;

3) егер өтiнiм осы баптың 1-тармағына сәйкес жергiлiктi жаңалыққа және өнеркәсiптiк қолданылымдық шартына жауап бермейтiн ұсынысты қамтыған жағдайларда берiледi.

Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы жiберiлген күннен бастап алты ай мерзiмде оған қарсылығын уәкiлеттi органға бере алады. Қарсылықты апелляциялық кеңес ол түскен күннен бастап екi ай мерзiмде қарауға тиiс.

Өтiнiм берушi өтiнiмдi қараудың кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленушi және үшiншi тұлғалар инновациялық патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн техника деңгейiн айқындау үшiн ақпараттық iздестiру жүргiзу туралы өтiнiшхат бере алады, өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiн бағалау онымен салыстырыла отырып жүзеге асырылуы мүмкiн. Сараптама жасау ұйымы Патент заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес өнертабыстар болып танылмайтын oбъектiлерге қатысты ақпараттық iздестiру жүргiзбейдi, бұл туралы ақпараттық iздестiру туралы өтiнiшхат берушi адам хабарланады.

Сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiнiң өтiнiмдi қараудың кез келген сатысында берiлген немесе үшiншi тұлғалардың инновациялық патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн берiлген өтiнiш хаты бойынша, бiрақ Патент заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес инновациялық патенттiң қолданылу мерзiмi ұзартылған жағдайда өтiнiм берiлген күннен бастап үш жылдан кешiктiрмей өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi. Мәнi бойынша сараптама өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға тиiстi ақысы төленген жағдайда, сондай-ақ егер өтiнiш хатты өтiнiм берушi жасаған болса, инновациялық патенттiң күшiнде болуын қолдау кезiнде жүзеге асырылады.

Мәнi бойынша сараптама Патент заңның 22-бабының 7-10 және 13-тармақтарында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Өнертабысқа патент беруге өтiнiмге жасалатын сараптама қалай жүргізіледі?

2 Ресми сараптаманы қалай жүргізеді?

3 Мәнi бойынша сараптама дегеніміз не?

4 Өнертабысқа инновациялық патент беруге арналған өтiнiмге сараптаманың патент беруге өтiнiмге жасалатын сараптамадан өзгешеліктері бар ма және қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 ҚР патент заңы (1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданды)


№ 11 дәріс (1 сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет