5В070200 «Автоматтандыру және басқару»


Тақырыбы: «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР заңы



бет5/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#131906
1   2   3   4   5   6   7

Тақырыбы: «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР заңы

Дәріс жоспары:

1 Селекциялық жетістікті құқықтық қорғау

2 Селекциялық жетістіктің патентке қабілеттік шарттары

3 Селекциялық жетістіктің атауы

4 Селекциялық жетістіктің басымдығы

5 Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы
Бұл заң селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы қызметтің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, селекциялық жетістіктерді жасауға, ашуға, шығаруға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүлікті, сондай-ақ олармен байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді.

Селекциялық жетістікті құқықтық қорғау

Селекциялық жетістікке құқық Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады жэне патентпен расталады. Патент селекциялық жетістікті пайдалануға патент иесінің айрықша құқығын, оның басымдығын және селекционердің авторлығын куаландырады.

Мемлекеттік патент ұйымы (Қазпатент) уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады, ол осы Заңға сәйкес селекциялық жетістіктерге Қазақстан Республикасының патенттерін беру жөніндегі өтінімдерді қарауға қабылдайды, оларға алдын ала сараптама өткізеді, селекциялық жетістіктерді мемлекеттік тізілімін жүргізеді, патенттер береді, селекциялық жетістіктер туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды және патент ведомствосының өзіне жүктелген өзге де міндеттерін жүзеге асырады.

Патент қабілеттігі мен шаруашылыққа пайдалылығы жөнінен селекциялық жетістіктерге сараптама жасауды және оларды сынақтан өткізуді мемлекеттік комиссиялар жүзеге асырады, олар өндірісте пайдалануға жіберілген тиісті селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімдерін жүргізеді.

Патент селекциялық жетістікке берілген құқықтық қорғау көлемі сорттың, тұқымның сипаттамасына енгізілген белгілердің жиынтығымен анықталады.

Өсімдіктердің сортына патенттің қолданылу мерзімі Қазпатентке өтінім берілген күннен бастап-25 жыл, мал тұқымдарына-30 жыл, жүзім, сәндік ағыш, жеміс және орман дақылдары сорттарына, оның ішінде олардың қалемшелеріне-35 жыл болады.

Патенттің қолданылу мерзімін патент иесінің өтініші бойынша Қазпатен ұзартады, бірақ ол 10 жылдан аспауы керек.

2 Селекциялық жетістіктің патентке қабілеттілігі

Селекциялық жетістіктің патенте қабілеттік шарттары

Патент жаңалыгы, ерекшелігі, біртектілігі және тұрақтылығы бар селекциялық жетістікке беріледі.

Егер патент беруге өтінім жасалған күнге дейін белгілі бір селекциялық жетістіктің ұрығы немесе басқа да отырғызылатын материалы, асыл тұқымдық материалы мына аумақта:

1) Қазақстан Республикасында-өтінім берілген күнге дейін бір жыл бұрыны;

2) кез келген басқа мемлекетте-өтінім берілген күнге дейін бір жылдық дақылда бойынша төрт жыл бүрын және көп жылдық дақылдар, тұқымдар бойынша алты жыл бүрын сатылмаса және автор немесе оның құқықтық мирасқоры сортты, тұқымды пайдалану үшін басқа адамдарға бермесе, сорт, тұқым жаңа деп есептеледі.

Селекциялық жетістіктерді мемлекеттік тізіліміне тиісті тек пен түр енгізілген күнге дейін пайдалануға рұқсат етілген Селециялық жетістіктерді мемлекеттік тізілімінде тіркелген сорт, тұқым сортқа, тұқымға жаңа болуы жөнінде талап қойылмай-ақ патенке қабілетті деп танылуы мүмін. Бұл орайда басымдық берілетін күн мемлекеттік комиссияға пайдалануға рұқсат ету жөнінде өтінім түскен күн бойынша бегіленеді.

Мұндай селекциялық жетістіктерге осы Заңның 3-бабында аталған патенттің қолданылу мерзімі пайдалануға рұқсат етілген жылдан бастап патент берілген жыл аралығындағы мерзімге қысқартылады. Осы Заңның 9-бабында көзделген уақытша құқықтық қорғау мұндай селекциялық жетістіктерге қатысты қолданылмайды.

Егер сорттың, тұқымның өтінім берілген кезде бар екені жалпыға мәлім кез келген басқа сорттан, тұқымнан анық өзгешелігі болса, олар ерекшелік өлшемдеріне сай келеді. Патент алуға өтінім беру немесе сорттың, тұқымның жаңа сорттардың, тұқымдардың ресми тізіліміне енгізілуі, осы өтінім беру нәтижесінде патент берілген немесе сорт, тұқым аталған тізілімге енгізілген жағдайда, сортты, тұқымды өтінім берілген күннен бастап кез келген елде жалпыға мәлім етеді.

Сорттардың, тұымдардың жалпыға мәімдігі өсіру, пайдалану жәе жариялау фактілері бойынша да белгіленуі мүмкін. Сорттың, тұқымның сипатталу және айрықша ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін белгілер қалпына келтірілетін және дәл сипаттауға ыңғайлы болуы тиіс.

Егер сорттың, тұқымның көбею ерекшеліктерін есепке алғанда осы сорт өсімдіктері немесе тұқым селекцияланатын белгілері бойынша біртекті болса, сол сорт пен тұқым біртекті деп есептеледі.

Егер сорттың, тұқымның негізгі белгілері-әрбір көбеюден кейін, ал көбеюдің ерекше циклы жағдайында көбеюдің әр циклының соңында өзгеріссіз қалса, олар тұрақтылық өлшеміне сай келеді.

3 Селекциялық жетістікке патент алуға өтінім

Патент алуға өтінім Қазпатентке беріледі.

Автордың немесе оның құқықтық мирасқорының патент алуға өтінім беруге құқығы бар.

Селекциялық жетістік қызмет тапсырмасын немесе қызметтік міндеттерді орындау кезінде жасалған, ашылған немесе шығарылған жағдайда, егер автор мен жұмыс берушінің арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, патент алуға өтінім беру құқығы жүмыс берушіге тиесілі болады.

Егер селекциялық жетістікті бірнеше адам жасаса, ашса немесе шығарса немесе олар авторларының құқықтық мирасқорлары болса, өтінімді сол өтініш жасаушылар беруі мүмкін.

Өтінім сенімхатқа негізделген өкілеттікке сүйеніп, патент алуға байланысты істі жүргізетін өкіл арқылы берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат жазысу мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттік сенім білдірілген өкілсіз патенттермен байланысты істерді жүргізе алады.

Патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттілігі оған өтінім беруші немесе патент иесі берген сенімхатпен куаландырылады.

Селекциялық жетістікке патент алуға өтінім өсімдіктің әрбір сортына, жануарлардың тұқымына ресімделеді және онда:

1) патент беру туралы өтініш;

2) селекциялық жетістік сауалнамасы;

3) іс өкіл арқылы жүргізілген жағдайда, сенімхат болуға тиіс. Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімге белгіленген мөлшерде өтінім беруге ақы төленгенін растайтын құжат және оның мөлшерін азайту үшін негіздемені растайтын құжат қоса тіркеледі, олар өтініммен бірге немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде табыс етілуі мүмкін, бірақ екі айдан аспауы керек.

Берілген мерзімде ақы төленгені туралы құжаттар табыс етілмеген жағдайда өтінім берілмеген деп танылады.

Патент алуға арналған өтінім мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде беріледі.

Өтінім құжаттарына қойылатын талаптарды және оларды қарау тәртібін Қазпатент белгілейді. Мәлімделген сортқа, тұқымға сараптама жасауға қажетті басқа құжаттар мен материалдар мемлекеттік комиссияның сауал салуы бойынша беріледі.

3 Селекциялық жетістіктің атауы

Селекциялық жетістіктің атауы селекциялық жетістікті бір ізге түсіруге мүмкіндік беруге, қысқа болуға, сол немесе соған жақын ботаниқалық немесе зоологиялық түрдің бар селекциялық жетістіктерінің атауларынан өзгеше болуға тиіс. Ол тек цифрлардан ғана тұрмауға, қасиеттеріне, шығу тегіне, селекциялық жетістіктің маңызына, селекционердің жеке басына қатысты жаңылыстырмауға тисі, адамгершілік пен мораль принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.

Селекциялық жетістікті пайдаланушыға кез келген адам, тіпті патенттің қолданылу мерзімі өтіп кеткен соң да, сорттың, тұқымның «Селекциялық жетістіктерді» мемлекеттік тізілімінде тіркелген атауын көрсетуге міндетті.

4 Селекциялық жетістіктің басымдығы

Сорттың, түқымның басымдығы Қазпатентке патент алуы туралы өтініш пен селекциялық жетістік сауал-сұрағынан тұратын өтінім берілген күн бойынша белгіленеді.

Басымдық Селекциялық жетістіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға қатысушы елде бірінші өтінімнің берілген күні бойынша белгіленуі мүмкін (конвенциялық басымдық). Өтініш беруші бірінші өтінімнің конвенциялық басымдық құқығын ол берілген күннен бастап 12 ай ішінде пайдаланады.

Конвенциялық басымдық құқығын пайдаланғысы келген өтініш беруші Қазпатентке жіберілетін өтінімде бірінші өтінімнің басымдық күнін және келесі өтінім берілген күннен бастап үш ай ішінде бірінші өтінімінің осы өтінім берілген орган куаландырған көшірмесін табыс етуге тиіс.

Осы шарттар орындалған жағдайда өтініш беруші бірінші өтінім берілген күннен бастап үш жыл ішінде қосымша құжаттама мен сынақ өткізуге қажетті материал бермеуге құқылы.

5 Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы

Алдын ала жүргізілген сараптама

Өтінім берілген күннен бастап екі ай мерзім өткен соң Қазпатент ол бойынша алдын ала сараптама жүргізеді. Алдын ала сараптама жүргізу барысында өтінімге басымдық берілген күн белгіленеді, қажетті құжаттардың бар-жоғы және оларға белгіленген талаптардың орындалуы тексеріледі. Патент беруге жасалған өтінімге алдын ала сараптама екі ай мерзімде жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда өтініш беруші өтінім берілген күннен бастап екі ай ішінде оған нактылау енгізе алады.

Сортқа, тұқымға жасалған өтінімге келіп түскен, өтінімнің алғашқы материалдарында келтірілмеген белгілері бар және өтінім берілген сорттың, тұқымның мәнін өзгертетін қосымша материалдар өтінім қаралған кезде назарға алынбайды.

Қазпатенттің алдын ала жүргізілген сараптамасының оң нәтиже алынған жағдайда өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылданады. Өтінімнің және селекциялық жетістік сауал-сұрақтарының көшірмелері мемлекеттік комиссияға жіберіледі.

Автордың өзі жасаған, ашқан немесе өсіріп шығарған селекциялық жетістікті патенттің қолданылу мерзімі ішінде пайдаланғаны үшін патент иесінің сыйақы алуға қүқығы бар. Сыйақы төлемінің мөлшері мен шарты патент иеленуші мен автор арасындағы жасасылған шартта белгіленеді.

Бұл орайда автор сыйақысының мөлшері патент иеленушінің селекциялық жетістіктерді пайдаланғаны үшін алатын жыл сайынғы түсімдері, соның ішінде лицензия сатудан алатын түсімдері сомасының бес процентінен кем болмауға тиіс.

Егер автордың патент иеленушімен шартында өзгеше көзделмесе, авторға сыйақы селекциялық жетістік пайдаланылған әрбір жыл біткенннен кейін алты ай ішінде төленеді.

Егер сортты, тұқымды бірнеше автор жасаса, ашса немесе өсіріп шығарса, сыйақы олардың арасындағы келісімге сәйкес бөлінеді.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Селекциялық жетістікті құқықтық қорғау қалай жүргізіледі?

2 Селекциялық жетістіктің патенте қабілеттік шарттарын атаңыз.

3 Селекциялық жетістіктің атауы қандай?

4 Селекциялық жетістіктің басымдығы дегеніміз не?

5 Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы қалай жүргізіледі?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР заңы (1999 жылдың 13 шілдесі)
№ 15 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: «Интегралдық микросхемалар топологияларын

қорғау туралы» ҚР заңы

Дәріс жоспары:

1 Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау

2 Интегралдық микросхемалар топологияларының патентке қабілеттік шарттары

«Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қоргау туралы» Заңы 2001 жылы 29 маусымда №217-11 бұйрығымен қабылданды. Бұл заң 16 баптан тұрады. Осы Заңмен интегралдық микросхемалар топологияларын жасауға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүліктік, сондай-ақ олармен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар реттеледі.

Осы Заңда берілетін құқықтық қорғау түпнұсқалық топологияға ғана қолданылады.

Авторды шығармашылық қызметінің нәтижесінде жасалған топология түпнұсқалық топология болып табылады. Топология түпнұсқа емес деп дәлелденбейінше, түпнұсқа деп танылады.

Топология элементтерінің жиынтығы интегралдық микросхемаларды әзірлеушілер мен дайындаушыларға ол жасалған күні жалпы мәлім болса, осы Заңмен құқықтық жағынан қорғалмайды.

Интегралдық микросхемаларды әзірлеушілер мен дайындаушыларға топология жасалған күні жалпы мәлім болған элементтерден тұратын топология осындай элементтердің жиынтығы тұтас алғанда талаптарын қанағаттандыратын жағдайда ғана құқықтық жағынан қорғалады.

Осы Заңда берілетін құқықтық қорғау топологияларда іске асырылуы мүмкін идеяларға, әдістерге, жүйелерге, технологияға немесе құпияландырылған ақпаратқа қолданылмайды.

Топологияны шығармашылық еңбегімен жасаған жеке адам оның авторы деп танылады.

Егер топология жасауға бірнеше жеке адам қатысса, олардың бәрі оның авторлары (тең авторлары) деп есептеледі. Тең авторларға тиесілі құқықтарды пайдалану тәртібі олардың арасындағы келісіммен белгіленеді.

Топология жасауға жеке шығармашылық үлес қоспаған, бірақ авторға тек техникалық, ұйымдастыру түрінде немесе материалдық көмек көрсеткен не оған құқықты ресімдеу мен оны пайдалануға жәрдемдескен жеке адамдар авторлар деп танылмайды.

Топологияға авторлық құқығы иеліктен алынбайтын жеке мүліктік емес құқық болып табылады және ол мерзімі белгіленбей қорғала береді.

Топологияға айрықша құқықты топологияның авторы не жұмыс беруші немесе тапсырыс беруші немесе олардың құқық мирасқорлары иеленеді.

Топологияның бірнеше авторы немесе өзге де құқық иеленушілер иеленетін айрықща құқықты пайдалану тәртібі олардың арасындағы шартта белгіленеді.

Мұндай шарт болмаған жағдайда, олардың әрқайсысы қорғалатын топологияны өз қалауына қарай пайдалана алады, бірақ басқа құқық иеленушілердің келісімінсіз оған лицензия беруге немесе айрықша құқығын басқа тұлғаға беруге құқығы жоқ.

Құқық иеленушінің рұқсатынсыз мынадай іс-әрекеттер жасау:

1) топологияның түпнұсқалық болып табылмайтын бөлігін ғана көшіруді қоспағанда, оны интегралдық микросхемаға енгізу арқылы немесе өзге де жолмен оны тұтастай немесе оның бір бөлігін көшіру;

2) топологияны, осы топологиямен бірге интегралдық микросхеманы немесе осындай интегралдық микросхемасы бар бұйымды қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату және азаматтық айналымға өзге де жолмен енгізу топологияға айрықша құқықты бұзу болып табылады.

Топологияға айрықша құқық басқа тұлғаға шарт бойынша толығымен немесе ішінара берілуі мүмкін, сондай-ақ мұрагерлік бойынша әмбебап құқық мирасқорлық тәртібімен және құқық иеленуші заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде өтеді.

Лицензиялық шарт бойынша құқық иеленуші (лицензиар) екінші тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді. Лицензиялық шартта лицензиатқа:

1) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігі мен лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығын сақтай отырып (жай, айрықша емес лицензия);

2) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігін сақтай отырып, бірақ лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз (айрықша лицензия);

3) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігін сақтамай және лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз (толық лицензия) беру көзделуі мүмкін.

Егер лицензиялық шартта лицензияның түрі көзделмесе, ол айрықша емес жай лицензия деп аталады.

Топологияны пайдалану құқығына айрықша емес лицензияны лицензиаттың басқа тұлғаға (қосалқы лицензиатқа) беруі туралы шарт (қосалқы лицензиялық шарт) лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасалуы мүмкін.

Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат лицензиардың алдында қосалқы лицензиаттың іс-әрекеттері үшін жауапты болады.

Топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шарт, лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады.

Тіркелген топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шарт, тіркелген топологияны пайдалануға лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар уәкілетті органда тіркелуі тиіс.

Тіркеуден өтпеген топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шарт, аталған топологияны пайдалануға лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар уәкілетті органда тараптардың келісімі бойынша тіркелуі тиіс.

Жазбаша нысанның немесе тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.

Егер жұмыс беруші мен автордың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған топологияға айрықша құқық жұмыс берушіге тиесілі болады.

Келісімге келе алмаған жағдайда шешімді сот қабылдайды. Егер автор мен жұмыс берушінің топология жасауға үлесін мөлшерлеу мүмкін болмаса, жұмыс беруші алған немесе алуға тиіс болған пайданың жартысына автордың құқығы танылады.

Автор шарт бойынша топология жасау және өзінің жұмыс берушісі болып табылмайтын тапсырыс берушіге топологияға айрықша құқықтар беруге міндеттеме қабылдай алады.

Мыналар:


1) топологияны пайда табусыз жеке мақсаттарына, сондай-ақ бағалау, талдау, зерттеу немесе оқыту мақсатында пайдалану;

2) қорғалатын топологияны оның өзін бағалау немесе талдау негізінде жасалған түпнұсқалық басқа топологияға енгізу мен іс-әрекеттерді осындай топологияға қатысты жасау;

3) аталған іс-әрекеттерді басқа автор жасаған топологияға тәуелсіз, ұқсас түпнұсқалық топологияға қатысты жасау құқық иеленушінің айрықша құқығын бұзу деп танылмайды. Топологияның авторы немесе өзге де құқық иеленуші тіркеуге өтінім беру арқылы топологияны уәкілетті органда тіркеуге құқылы.

Егер топология бұрын пайдаланылса, тіркеуге өтінім беру ол алғаш пайдаланылған күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін.

Тіркеуге өтінім бір топологияға қатысты болуга тиіс және онда:

1) тіркеуді сұраған автор мен тұлғалар аты, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, егер топология бұрын пайдаланылса, ол алғаш пайдаланылған күн көрсетілген топологияны тіркеуге өтініш;

2) рефератты қоса алғанда, топологияны нақтылайтын материалдар;

3) егер тіркеуге өтінім өкіл арқылы берілсе, сенімхат;

4) тіркеу үшін ақы төленгенін растайтын құжат болуға тиіс.

Тіркеуге өтінімді жасау мен ресімдеуге қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.

Тексеру оң нәтиже берген жағдайда уәкілетті орган топологияны Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізеді, өтініш берушіге топологияны тіркеу туралы куәлік береді және тіркелген топология туралы мәліметтерді бюллетеньде жарияланады.

Өтініш беруші мәліметтер бюллетеньде жарияланғанға дейін өтінім материалдарын уәкілетті органның сауал салуы бойынша немесе өз бастамасы бойынша толықтыруға, нақтылауға және түзетуге құқылы.

Тіркеу тәртібін, тіркеу туралы куәлік нысанын, онда көрсетілетін мәліметтер құрамын, сондай-ақ бюллетеньде жарияланатын мәліметтер тізбесін уәкілетті орган белгілейді.

Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізілген мәліметтер дұрыс емес деп дәлелденбейінше дұрыс деп есептеледі.

Аталған мәліметтердің дұрыстығы үшін өтініш беруші жауапты болады.

Құқық иеленушінің өз құқықтары туралы хабарлау үшін топологияны қамтитын бұйымдарда айшықталған Т бас әрпі, топологияға айрықша құқық қолданылатын мерзімнің басталған күні және құқық иеленушіні айқындауға мүмкіндік беретін ақпарат түріндегі ескерту таңбасын пайдалануға құқығы бар (12-бап).

Топологияға айрықша құқық топология тіркелген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.

Егер топология тіркеуден өтпесе, аталған он жылдық мерзім осы топологияның немесе осы топология бар интегралдық микросхемасының дүние жүзінің кез келген елінде алғаш пайдаланылуының құжатпен расталған күнінен бастап есептеледі.

Топологияға құқықтарды қорғауды сот:

1) құқықтарды тану;

2) құқық бүзылғанға дейін болған жағдайды қалпына келтіру;

3) құқықты бұзатын немесе оны бұзу қатерін төндіретін іс-әрекеттердің жолын кесу;

4) құқық бұзушының келтірілген залалдар орнын толтыруы және моральдық зиянды өтеуі;

5) залалдың орнын толтыру орнына айрықша құқықты бұзушы тапқан табысты өндіріп алу;

6) айрықша қүқықты бұзушының заңдарда белгіленген он мыңнан елу мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш сомасында өтем төлеуі. Өтем мөлшерін сот залалдың орнын толтыру немесе табысты өндіріп алу орнына белгілейді.

7) Азаматтық айналымға енгізілетін немесе осы мақсатпен сақталатын және айрықша құқықты бұзады деп танылған интегралдық микросхемалар мен осындай микросхемаларды қамтитын бұйымдарды, сондай-ақ арнайы оларды дайындауға арналған материалдар мен жабдықтарды жою немесе құқық иеленушінің пайдасына алып қою;

8) Бұзылған құқық кімге тиесілі екендігі туралы мәліметтерді енгізе отырып, орын алған бұзушылық туралы міндетті түрде жариялау;

9) Заң актілерінде көзделген, топологияға құқықтарды қорғауға байланысты өзге де шаралар қабылдау жолымен жүзеге асырады.

Егер лицензиялық шартта көзделсе, айрықша құқықты бұзушыға лицензиат та талап мәлімдеуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, біліктілік деңгейі қойылатын талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматты сенім білдірілген патентті өкіл бола алады. Сенім білдірілген патентті өкілдерге қойылатын біліктілік талаптарын, оларды аттестаттау және тіркеу тәртібін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен анықтайды.

Қазақстан Республикасының тыс жерлерде тұратын жеке адамдар немесе шетелдік заңды тұлғалар топологияларды тіркеу жөніндегі істерді уәкілетті органда тіркелген сенім білдірілген патентті өкілдер арқылы жүргізеді.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ одан тысқары жерлерде уақытша жүрген жеке адамдар Қазақстан Республикасының шегінде хат-хабар алысуға арналған мекен-жайды көрсеткен жағдайда, топологияларды тіркеуге байланысты істерді сенім білдірген патентті өкілсіз-ақ жүргізе алады.

Сенім білдірілген патентті өкілдің өкілеттігі оған өтініш беруші, құқық иеленуші берген сенімхатпен күәландырады.

Шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалар осы Заңда көзделген құқықтарды Қазақстан Республикасы қатысушы болап табылатын халықаралық шарттарға байланысты немесе өзара принцип негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.

Егер осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінен өзгеше туындамаса, Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда және топологияларды құқықтық қорғауға қатысты өзге де актілерде көзделген құқықтарды Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қоргау туралы» ҚР заңы қашан қабылданды?

2 Құқық иеленушінің рұқсатынсыз қандай іс-әрекеттерді жасауға болмайды?

3 Тіркеуге өтінімді жасау мен ресімдеуге қойылатын талаптарды қандай орган белгілейді?

4 Патентті сенім білдірілген өкілдер қандай жұмыстарды атқарады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 «Интегралдық микросхемаларды қорғау туралы» ҚР заңы (2001 жылы 29 маусымда №217-11 бұйрығымен қабылданды)



2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
1 тәжірибелік сабақ (1 сағат)

Тақырыбы: Өнеркәсіптік меншік нысандары

Материалдық қамтамасыз ету:

1. Қазақстан Республикасының Патент Заңы.

2. Қазақстан Республикасының Заңы «Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері мен тауарлардың шығу тегінің атаулары туралы».

3. Қазақстан Республикасының Заңы «Авторлық құқық және сабақтас құқытар туралы»



Әдістемелік нұсқау:

Иесі немесе меншіктеуші өз меншігін өз еркімен қолдануы және оның рұқсатынсыз заң жүзінде ешкім де қолдана алмауы меншіктің маңызды сипаттамасы болып табылады.

Меншіктің үш түрі кездеседі:

- жылжыйтын заттардан тұратын меншік;

- жылжымайтын меншік;

- санаткерлік меншік.

Санаткерлік меншік әдетте өнеркәсіптік меншікке және авторлық құқықпен қорғалатын шығармаларға бөлінеді.

Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Дүниежүзілік зерделік меншігі ұйымын (ДЗМҮ) құру туралы Конвенцияның екінші бабына сәйкес санаткерлік меншікке келесілерге қатысты құқықтар кіреді:

- әдебиеттік, ғылыми, көркем шығармаларға;

- артистердің орындаушылық қызметіне, дауыс жазуға, радио – телевизиялық бағдарламаларға;

- адам қызметінің барлық салаларындағы өнертабыстарға;

- ғылыми ашылуларға;

- өнеркәсіптік үлгілерге;

- тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атаулар мен коммерциялық белгіленулерге;

- әділетсіз бәсекелестіктен қорғау және өндіріс, ғылым, әдебиет және көркем сурет облыстарындағы санаткерлік қызметке қатысты барлық басқа құқықтар.

Санаткерлік меншіктің құқықтық нысандарына жатады:

1) санаткерлік қызмет нәтижелері;

2) таурлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтардің азаматтық айналымына қатысушыларды жекешелендіру құралдары;

3) санаткерлік қызметтің және таурлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтардің азаматтық айналымына қатысушыларды жекешелендіру құралдарының басқа, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен және басқа да заң актілерімен қарастырылатын нәтижелері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет