«Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу»



жүктеу 108.72 Kb.
Дата13.06.2016
өлшемі108.72 Kb.


Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрлігінің

2014 жылғы « »

№ бұйрығына

3 - қосымша

«Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер
1. «Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасы 1996 жылдың 15 шілдедегі» Заңының 18-1 бабының негізінде, сондай-ақ «Автокөлік саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың «___»__________ № __ қаулысымен бекітілген, «Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметі стандартына сәйкес, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрілігі Көліктік бақылау комитетінің аймақтық органдарымен (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштер және басқа да құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері ХҚО және портал арқылы жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері: электронды түрде (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

1) қағаз немесе электронды түрдегі техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу туралы хабарламаны беру;

2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері нақ көрсетілген электронды немесе қағаз жүзінде жауапты беру болып саналады.



  1. Көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау

6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімін (әрекетін) бастау үшін негізі мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті өтінішті және басқа да құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің рәсімі (әрекеттері):


  1. көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері ХҚО-нан көрсетілетін қызметті алушының қызмет көрсету үшін қажетті өтінішті және басқа да құжаттарын төрт сағат ішінде кіріс құжаттарды тіркеу журналына тіркеп, оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарау үшін береді;

  2. көрсетілетін қызметті берушінің мекеме басшысы немесе оның орынбасары көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтінішін бір сағат ішінде қарап, көрсетілетін қызметті берушінің автокөлік құралын бақылау бөлімінің басшысына береді;

  3. көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігінде бақылау бөлімінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті өтінішін, олардың ұсынылған талаптары сәйкестігін бір сағат ішінде қарап, көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына береді;

  4. көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды екі жұмыс күн ішінде көріп шығып, рұқсат беру куәлігін немесе рұқсат беру картчокасын рәсімдейді, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері нақ көрсетілген жауап дайындап, көрсетілетін қызметті беруші мекеменің басшысына қол қоюға жібереді;

  5. көрсетілетін қызметті беруші мекеменің басшысы немесе оның орынбасары бір сағат ішінде хабарламаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері нақ көрсетілген жауаптарға қолын қойып, бұл құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші мекеменің кеңсесіне жібереді;

  6. көрсетілетін қызметті беруші мекеме кеңсесінің маманы төрт сағат ішінде дайын құжаттарды ресімдеп, қызмет көрсету нәтижелерін курьер арқылы ХҚО-на жібереді.

8. Мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (әрекеттер) нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде көрсетілетін қызметті алушының қызмет көрсету үшін қажетті өтінішті және басқа да құжаттарының тіркелуі және олардың көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсырылуы;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының бұрыштамасы көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөліміне қарастыру үшін беріледі;

3) көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысының бұрыштамасы автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына қарастыру үшін беріледі;

4) хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері нақ көрсетілген жауапты әзірлеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қол қойдыру үшін тапсырылады;

5) қол қойылған хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері нақ көрсетілген жауапты қызмет көрсетушінің кеңсесіне тапсыру;

6) хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері нақ көрсетілген жауапты курьер арқылы ХҚО-на тапсыру.



  1. Көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлерінің) құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) тартылған:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті беруші мекеменің басшысы немесе оның орынбасары;

3) көрсетілетін қызметті беруші мекеменің автокөлік құралын бақылау бөлімінің басшысы;

4) көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы;

10. Мемлекеттік қызмет көрсетуде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрекеттердің жалғасуы және ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері ХҚО-нан келіп түскен құжаттарды төрт сағат ішінде кіріс құжаттарды тіркеу журналына тіркеп, оны көрсетілетін қызметті беруші мекеменің басшысына немесе оның орынбасарына қарастыру үшін тапсырады;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті өтінішін және басқа құжаттарын бір сағат ішінде қарап, көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысына береді;

3) көрсетілетін қызметті берушінің автокөлік құралын бақылау бөлімінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті өтінішін және басқа құжаттарын бір сағат ішінде қарап, көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманына тапсырады;

4) көрсетілетін қызметті берушінің автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті өтінішін және басқа құжаттарын үш күн ішінде қарап, белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеріп, хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері нақ көрсетілген жауапты рәсімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қол қойдыру үшін жібереді;

5) көрсетілетін қызметті беруші мекеменің басшысы немесе оның орынбасары бір сағат ішінде хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері нақ көрсетілген жауапқа қолын қойып, бұл құжаттарды қызмет беруші мекеменің кеңсесіне жібереді;

6) көрсетілетін қызметті беруші мекеме кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін курьер арқылы ХҚО-на жіберілуі;

11. Мемлекеттік қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (әрекеттердің) жүйелігінің сипаттамасы «Техникалық байқау операторларына механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкілерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету Регламентінің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) өзара әрекеттесу блок-схемасында көрсетілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында ХҚО өзара іс-қимыл тәртібін сондай-ақ ақпараттық жүйені қолдану тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызмет алушы ХҚО-на өтініш және басқа мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін қажетті құжаттарды ұсынады.

13. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тарапынан ХҚО-на ұсынылатын қажетті құжаттардың тізімі:

1) белгіленген үлгідегі өтініш немесе көрсетілетін қызмет алушының электронды цифрлық қолтаңбасы қойылған, электронды құжат нысанында Порталда сұрау салу;

2) заңды тұлғаның – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі немесе анықтама – заңды тұлға үшін;

3) жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлік және тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке кәсіпкер үшін;

4) ҚР заңдарына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу жүргізілгені туралы мөртаңбасы қойылған, техникалық байқау операторының жылжымайтын мүлігіне иеленуге және иелік етуіне немесе мүлікке құқықты растайтын нотариалды куәландырылған құжат көшірмелері;

5) өлшеу құралдарын тексеру және сынау жабдықтарының аттестация сертификаттарының көшірмелері;

6) өлшеу құралдары және сынау жабдықтары туралы ақпарат;

Бұл жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы тарап ХҚО-на осы құжаттардың түбнұсқаларын салыстыру үшін ұсынуы қажет.

14. ХҚО-на құжаттарды берген соң ХҚО-ның жұмысшысы көрсетілетін қызмет алушыдан қажет құжаттарды қабылдап алғаны туралы құжаттардың тізімін көрсетіп, қолхат береді, қолхатта мыналар көрсетіледі:

1) өтініштің нөмірі және қабылданған күні;

2) талап етіліп жатқан мемлекеттік қызмет түрінің аталуы;

3) қосымша берілген құжаттардың атаулары және саны;

4) құжаттың берілу күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды рәсімдеу үшін өтінішті қабылдап алған ХҚО жұмысшысының толық жазылған тегі,аты,әкесінің аты.

15. Мемлекетік қызмет көрсетуде ХҚО әрекеттерінің жалғасуы және ұзақтығы:

1) қызмет алушы ХҚО-ға немесе Портал арқылы өтініш береді;

2) ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет өтінішті және басқа да құжаттарды 20 минут ішінде тіркеуді жүргізеді, сондай-ақ ХҚО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, құжаттардың электронды көшірмесі нысанында ақпараттық жүйе арқылы жолдайды;

3) көрсетілген мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдау және келіп түскен құжаттарды белгілеп отыру ХҚО тарапынан штрихкод сканеры арқылы жүзеге асырылады;

4) ХҚО қызметкері қызмет алушыдан өтініш келіп түскен кезден 20 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін береді.

16. ХҚО арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсетуде функционалды әрекеттесу диаграммасы осы  «Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет Регламентінің 2 қосымшасында көрсетілген.

17. ХҚО-на құжаттарды тапсыру үшін күту мерзімінің рұқсат ету ұзақтығы– 15 минут.

ХҚО-да қызмет алушыға қызмет көрсету мерзімінің рұқсат ету ұзақтығы – 20 минут.

18. ХҚО-да құжаттарды қабылдау портал арқылы электронды кезекті броньдау мүмкіндігімен, көрсетілетін қызметті беруді жеделдету тәртібісіз, «электронды» кезек тәртібінде операциялық залдарда жүзеге асырылады.

19. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сенімхат немесе тұлғаны куәландыратын құжатты көрсету бойынша және өзі келіп қол қойған, мерзімі көрсетілген, қолхаттың негізінде «бөгетсіз» қызмет көрсету арқылы ХҚО қызметкерімен жүзеге асырылады.

20. Портал арқылы электронды өтінішті беру кезінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке бөлмесінде» мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранысын қабылдау туралы белгі көрінеді.

21. Портал арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсетуде функционалды әрекеттесу диаграммасы осы  «Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет Регламентінің 3 қосымшасында көрсетілген.


«Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет Регламентіне 1 қосымша



Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

әрекеттестік блок-схемасы


Қызмет беруші кеңсесінің қызметкері

Қызмет берушінің басшысы

Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы

Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің маманы























_______________________

«Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу»электронды мемлекеттік қызмет Регламентіне 2 қосымша

  
ХҚО арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды әрекеттесу диаграммасы 

 

Шартты белгілер:


Бастапқы хабарлама

Аяқталған хабарлама

Аралық хабарлама

Аяқталған жай оқиға

Қате


Ақпараттық жүйе

Барысы


Шарты

Басқару ағыны

Хабарламалар ағыны

Соңғы қолданушыға ұсынылатын электронды құжат

«Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу»электронды мемлекеттік қызмет Регламентіне 3 қосымша

Портал арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды әрекеттесу

диаграммасы
Шартты белгілер:


Бастапқы хабарлама

Аяқталған хабарлама

Аралық хабарлама

Аяқталған жай оқиға

Қате


Ақпараттық жүйе

Барысы


Шарты

Басқару ағыны

Хабарламалар ағыны

Соңғы қолданушыға ұсынылатын электронды құжат





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет