5В071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар



бет2/25
Дата24.04.2016
өлшемі3.64 Mb.
#78878
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Курс пәні, құрылымы мен міндеттері. Қазақстанның қысқаша экономикалық тарихы. Нарықтық экономиканың негізгі бағыттары мен кезеңдері. Қазіргі Қазақстанның экономикалық әлеуеті. Қазақстан экономикасының салалық деңгейі. Отын-энергетика кешені. Металлургиялық кешен. Машина жасау кешені. Химиялық-орман шаруашылығы кешені. Құрылыс кешені. Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешені (АӨК). Материалдық-өндірістік инфрақұрылым экономикасы. Сауда және қызмет көрсету салалары экономикасы. Әлеуметтік-рухани инфрақұрылым экономикасы. Аймақтық экономика негіздері. Аймақтар мен әкімшілік-аумақтық жасалымдардың жалпыэкономикалық сипаттамасы. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын қалыптастыру және дамыту.




Бейнелеу өнерінің тарихы

Курс 3, семестр 5, 6


Пән коды

БД III 3501

Жалпы сыйымдылығы

4 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

60 с.

Мақсаты

Студенттерді кинофильм саласындағы шығармашылық, көркемдік қызметтерге дайындау. Көрермендер қабылдауы мен көлемдік-кеңістіктік ойлауды дамыту, алынған білімдерін фильмнің композициялық міндеттерін, кейіпкерлердің графикалық шешімдерін, декорациялардың кеңістіктік шешімдерін орындау барысында пайдалануға үйрету.

Алдыңғы деректемелер

1.Режиссура

2.Әлемдік кино тарихы



Кейінгі деректемелер

1.Қазіргі заманғы киноүрдіс

Тьюторлар

аға оқытушы, Соломонов Н.В.

профессор, Коренчук В.Д.

доцент м.а., Васильев М.И.


Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер, семинарлар, кеңестер

СӨЖ, СОӨЖ



Өздік жұмыс формалары:

- баяндама жазу;

- реферат дайындау;



Бақылау түрлері

Баяндама (Р 1), реферат (Р 2),

Емтихан (қорытынды)



Күтілетін нәтижелер

Бейнелеу өнерінің негізгі кезеңдерін білу,

Білімдерін кинокадр түзуде, фильмнің композициялық міндеттерін, кейіпкерлердің графикалық шешімдерін т.б. орындау барысында пайдалана білу.




Курс мазмұны

Бейнелеу өнерінің шығу тарихы. Ерте замандағы кезеңдері: ежелгі өнер – таудағы суреттер. Ежелгі Мысыр сағаналары, Ежелгі Грекиядағы бейнелеу өнерінің гүлденуі. Рим империясының өнері.

Орта ғасырлардағы Европаның бейнелеу өнері. Орта ғасырлардағы реформалық қозғалыстар. Францискандық және доминикандық өнерлер. Корольдік және папалық биліктер. Готика – декоративті стиль. Миниатюра өнері. Ойдан шығару және ақиқат. 18 ғасырдағы Италия өнері. Флоренциядағы көпестік және өнер. Ертедегі қайта өрлеу. Гуманизм. Антикалық қайта өрлеу. Антикалық және Италиялық сарайлар. Өктемдік бейнелері.

Рим және Барокко өнері. Франция және Англия 17 ғасыр. Жаулап алғанға дейінгі Америка. Ежелгі Американдық өнер. Өнер және испан иеліктері. Голландия кескіндемелерінің алтын ғасыры. Стилдер, сюжеттер, тапсырыс берушілер. 17 ғасырдың жаңа үрдістері. Жеңіл ойлылық және астамдық. Рококо өнері.

Қытай және Жапония. Антикалық таңғажайып. Неоклассицизм бастаулары. Неоклассицизмнен романтизмге. Реализм. 1840-1880. Импрессионизм және постимпрессионизм. Абстракция.

Сахналық қозғалыс негіздері

Курс 3, семестр 5, 6


Пән коды

БД OSD 1111

Жалпы сыйымдылығы

4 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

60 с.

Мақсаты

Уақыт пен кеңістікті толтыру; актерлерде сәйкес қозғалыстарды дәйекті, логикалық тұрғыдан дұрыс орындау білігін тәрбиелеу; сыртқы және ішкі техникалар тұтастығына, бірлігіне қол жеткізу .

Актердің пластикалық мәдениетін тәрбиелеу – бұл әрекеттің сыртқы бөлігі ретіндегі қозғалысты тәрбиелеу, ол актердің қозғалыстық мәдениетінің ең негізгі қасиеті болып табылады.



Алдыңғы деректемелер

1.Әлемдік кино тарихы

Кейінгі деректемелер

1.Актер шеберлігі, сахна тілі

Тьюторлар

аға оқытушы, Умирзаков А.Т.,

доцент, Абенов К.Т.



Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Практикалық сабақтар

Кеңестер

СӨЖ

СОӨЖ


Өздік жұмыс формалары:

-этюдтер; пластикалық этюдтер, сахналық суретшелер

Бақылау түрлері

Этюдтер (Р1), сахналық суретшелер (Р2)

Емтихан (қорытынды)



Күтілетін нәтижелер

Жылдам жауап қайыру, бейімделу білігі. Бақылау жаттығуларын тұлғаны тексеру және дамыту құралы ретінде қолдану. Қиялдағы серіктеспен жасалатын жаттығуларды орындау. Сабақтарға сырттан бақылаушыларды тарту. Мінез-құлықтың этикалық және эстетикалық нормаларын тәрбиелеуді бүкіл оқыту курсы бойында жалғастыру.


Курс мазмұны
Дайындық-жаттығулық бөлім (демді қалыптастыру, корпусты, қол, аяқ, басты орнатып қою).

Назар мен жадты дамыту, координациялау.

Акробатика. Құрау түрлері. Тасымалдау. Жонглирлеу.

Психофизикалық аппаратты дамытуға арналған жаттығулар.

Қозғалысты ұйымдастыру және сөйлеу.

Стильдік дағды: тағзым ету, иілу: ер адамдарша, әйелдерше.

Променад. Жесттер: сілтеуіш, бейнелеуіш.

Мимика. Көзқарас.



Бизнес-жоспарлау

Курс 3, семестр 5,6



Пән коды

БДBPl30505

Жалпы сыйымдылығы

4 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

60 с.

Мақсаты

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің коммерциялық қызметін жоспарлау бойынша бизнес-жоспар құру жолымен теориялық білімдер беру және практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Алдыңғы деректемелер

Менеджмент, Қаржы, Кәсіпорындағы экономика, Маркетинг

Кейінгі деректемелер

Инвестициялық менеджмент, Инновациялық менеджмент, басқару шешімдерін дайындау.

Тьюторлар

доцент Букейханова Т.К.

профессор Куватов М.Р.

магистр МВА Мейманкулова.


Кафедра

«Менеджмент»

Байланыстар

Тел. 387 36 38, turanmanegement@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар

Практикалық сабақтар

Студиялық сабақтар

Зертханалық жұмыстар

Кеңестер


СӨЖ

СОӨЖ


Өздік жұмыс формалары:


- жоба құру;

- жоба презентациялар.




Бақылау түрлері

жоба (Р 1), (Р 2),

компьютерде тестілеу (қорытынды)



Күтілетін нәтижелер

Курсты оқып-үйрену шаруашылық жүргізуші субъектілердің коммерциялық қызметін жоспарлау саласында теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.


Курс мазмұны
Бизнес жоспар өткізу және шикізат базасы нарығы мен инвестицияларын негіздеудің ең алғашқы жалпылаушы құжаттарының бірі болып табылады. Онда өндірістің жер, энергетика және еңбек ресурстарына деген қажеттілігі көрініс табады. Онда сондай-ақ қарастырылып отырған жобаның коммерциялық, бюджеттік және экономикалық тиімділігі жөнінде түсініктер беретін, сонымен бірге, ең бірінші кезекте жобаға қатысушы-инвесторлардың мүдделерін көздейтін бірқатар көрсеткіштер қамтылады.

Пәнді оқытудағы мақсат: шаруашылық жүргізуші субъектілердің коммерциялық қызметін жоспарлау бойынша бизнес-жоспарлар құру және нарықтық жағдаят пен бәсекелестік ортаны бағалау негізінде сәйкес басқарушылық шешімдерін қабылдау жолымен теориялық білімдер беру және практикалық дағдыларын қалыптастыру.



Фотожурналистика практикасы және теориясы

Курс 4 , семестр 7

Пән коды

ПД TPF 4711

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Студенттерді фотожурналистикаға қатысты толық мәліметтермен қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарының теориялық және практикалық нормаларын түсіндіру.

Алдыңғы деректемелер

1.Монтаж

2.Режиссура



Кейінгі деректемелер

1.ТД және киноның жаңа технологиялары

2.Монтаж режиссурасы



Тьюторлар

профессор, Коренчук В.Д.

аға оқытушы, Задарновский В.А.



Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер, практикалық сабақтар, кеңестер, мастер-класстар

СӨЖ, СОӨЖ



Өздік жұмыс формалары:

Фотографиялар

Слайдтар



Бақылау түрлері

Фотография (Р1), слайд (Р2)

Емтихан (қорытынды)



Күтілетін нәтижелер

Студенттің, болашақ маманның санасында фотожурналистика тарихындағы алдыңғы буындардың жылдар бойы жинақталған тәжірибесіне негізделген шеберлігі мен қалыптасқан шығармашылығына дұрыс көзқарасын қалыптастыру.


Курс мазмұны

Фотографияның деректі құраушысы. Фотожурналистика – бұл бұқаралық ақпарат құралының бір бөлігі ретінде. Фотожурналистика жанрлары – репортаж, очерк, фотосерия. Сахнаға жарамды және репортажды жұмыс жасау әдістері. Уақиғалық түсірілім. Дайындық – аппаратура таңдау, объективтер, пленкалар; түсірілім түріне байланысты түсірілім жоспарының үлгілі жоспары – политикалық, өндірістік немесе мәдени уақиғалар. Отырыстар, пресс-конференциялар түсірілімінің ерекшеліктері.

Мәдени уақиғалар түсірілімі – театралды премьералар, концерттер, кітап презентациясы және т.б. Қалған кадрлар санын бақылау. Өндірістік түсірілім. Техника қауіпсізідігінің шараларын сақтау, тексеру немесе алып жүруші тұлғалармен кеңесу. Жарықтандыру шарттары алдын ала болжамсыз.

Политикалық түсірілім уақиғалары – митингтер, пикеттер, жиналыстар. Бекітілмеген жағдайлардан сақ болу, кейін полицияның шырмауына түспеу үшін. Күтпеген апат уақиғаларның түсірілімдері – жер сілкіну, өрт, су басу. Өте сақ болу. Міндетті немесе қажетті серіктеспен бірге жұмыс жүргізу.

Журналистикадағы объективтілік және субъективтілік. Ақпарат немесе талдау. Публицистика бұл авторлық позиция. Фотоочеркпен жұмыс. Бақылау әдістері. Фотосерия, циклдық фотография. Фотожурналистиканың заңдық аспектілері. Бөлме ішіндегі түсірілімдерге администрация немесе қожайындарынан рұқсат алу. Рұқсатсыз түсіруге болатын көшелердегі түсірілімдер. Кез-келген тиым салуды қажет етпейтін түсірілімдер.

Жасырын түсірілім – объект оның бейнесі түсіріліп жатқанын білмейді. Жасырын камера этикасы. Жеке фотокөрме ұйымдастыру және дайындау.



Тұлға теориясы

Курс 4 , семестр 7



Пән коды

БДTLi40706

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Алдыңғы деректемелер

  1. Жалпы психология

  2. Мамандыққа кіріспе

  3. Зоо психология

Кейінгі деректемелер

  1. Адам ресурстарын басқару психологиясы

  2. Интегративті психология

  3. Клиникалық психология

  4. Практикалық психология

  5. Жас ерекшеліктері психологиясы

Тьюторлар

Психол.ғ.к., доцент Ли Е.П.

Психол.ғ.д., профессор Аймаганбетова А.Х.

Пед.ғ.к., доцент Линчевская Т.А.


Кафедра

Психология

Байланыстар

Тел. 387 36 47

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар

Практикалық сабақтар

Кеңестер


СӨЖ

СОӨЖ


Өздік жұмыс формалары:

- эссе жазу;

- реферат дайындау;

- презентациялар т.б.


Бақылау түрлері

Эссе (Р 1), реферат (Р 2),

компьютерде тестілеу (қорытынды)




Курс мазмұны
Тұлға теориясы дегеніміз – адамдар жөнінде, олардың өздерін ұстауы, мінез-құлқы туралы тыңғылықты жасалған болжалдар мен тұжырымдар. Мұнда тұлға теорияларының бірқатары, олардың негізінде жатқан қағидалар сындарлы түрде талданған, әрбір ілім аясындағы эксперименталды зерттеулер сипатталған. Сондай-ақ адам мінез-құлқының нақты қырларына қатысты теорялық принциптер қосымшасы ұсынылған

Тұлға теориясын зерделеу арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Біздің пәніміз – адам табиғаты, мақсатымыз – ақиқат өмірдегі тұтас адам қызметінің бірегейлігі мен күрделілігін түсіну.

Теориялар негізгі екі қызметті атқарады: олар мінез-құлықты түсіндіреді және болжалдайды.

Тұлға теориясы мінез-құлықты белгілі бір ретпен ұйымдастырылған, сондықтан да түсінікті нәрсе ретінде талдап-зерделейді. Басқаша айтқанда, бұл ілім оқиғалардың сәйкес класы жөнінде бізге белгілі болғанның бәрін қарапайымдандыруға және зерделеуге мүмкіндік беретін мәнді сызбаны қамтамасыз етеді.




Шешендік өнер

Курс 4 , семестр 7


Пән коды

БДRit40706

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Пәннің заманауи ғылыми моделін меңгеру.

Алдыңғы деректемелер


1. Журналистикаға кіріспе

2. Тележурналистика

3. Радиожурналистика


Кейінгі деректемелер


1. БАҚ тілі мен стилі

2. БАҚ-тағы жарнама

3. Стилистика және редакциялау


Тьюторлар

филол.ғ.к., проф. Салагаев В.Г.

филол.ғ.к., доц. Султанбаева Г.С.

филол.ғ.к., доц. Алтаева А.К.


Кафедра

«Журналистика және аударма ісі »

Байланыстар

Тел. 387 32 35

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар мен практикалық сабақтар

СӨЖ

СОӨЖ


Өздік жұмыс формалары:


- шешендік өнер бойынша классикалық еңбектерді оқу

- реферат дайындау;

- шаршысөздер дайындау


Бақылау түрлері

- шаршысөз (АБ 1);

- деловая игра по публичной жарыссөздер (АБ 2);

- компьютерде тестілеу (ҚБ).


Күтілетін нәтижелер

Медиамәтіндерді сындарлы және біліктілікпен талдау және бағалай білу

 

Курс мазмұны
Шешендік өнер ілімі - қазіргі ақпараттық қоғамның реалияларына қатысты ұғымдар жүйесін көрсететін классикалық пән.

Риторика тиімді де табысты сөзжұмсам қызметі жөніндегі ілім ретінде түсініледі. Сөзжұмсамның ережелері мен әлеуметтік жағдайлары оның бір жағын ғана құрайды. Сөзжұмсамның тұлғалық және психологиялық уәждемесі (мотивировка) мен оның эмоционалды-еріктік қосымшалары сөйлеу пафосын құрайды.

Тиімді де әсерлі сөйлеудің үшінші бір маңызды жағы оның логикалық-лингвистикалық дәйектелуі. Ол риторикада логос деп аталады. Бұл – ойдан сендіруші сөзге қарай бастайтын жол.

Сөз өнерінің толыққанды туындысын жасау үшін белгілі бір жағдайда не айту керек (ойлап табу), сөзжұмсамның дәйектілігі мен өзге элементтерін мақсатты түрде жинақтай алу (орналастыру), ойды және оның сезімдік-еріктік мазмұнын тұжырымдап алу (стилистикалық жеткізілуі), мәтін мазмұнын еске сақтау және көпшілік алдында дұрыс айта білу.

Бұл жалпы білім беру пәні бойынша алынатын білім мен біліктер студенттерге кәсіби журналистік шеберлігін шыңдауға, маркетинг және жарнама, жұртшылықпен байланыс, саяхаттану және іскери риторика бойынша, сондай-ақ мамандыққа қатысты шығармашылық зерттемелер дайындауға көмектеседі.
Мәдениеттану

Курс 3, семестр 6


Пән коды


БД Kul 3615

Жалпы сыйымдылығы


2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Гуманитарлық және нақ мәдениеттанымдық білімдердің жалпы заңдылықтарын меңгерген, мәдениет, оның тарихы, перспективалары жөніндегі заманауи ғылыми түсініктермен таныс, қазіргі социомәдени жағдаяттағы күрделі мәселелер жайынан хабардар маман даярлау.


Алдыңғы деректемелер


1.Философия

2. Әлеуметтану

3. Саясаттану


Кейінгі деректемелер


1. Әлемдік театр тарихы

Тьюторлар

аға оқытушы, Бастаубаев Е.К.

аға оқытушы, Бимолданова А.А.

ф.ғ.д., Хасанов М.Ш.


Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар

Кеңестер

СӨЖ


СОӨЖ СРСП

Өздік жұмыс формалары:

- рефераттар дайындау;

- баяндамалар, презентациялар және т.б.



Бақылау түрлері

Реферат (Р 1), баяндама (Р 2),

Емтихан (қорытынды)



Күтілетін нәтижелер

Мәдениеттің маңыздылығы, оның адамның тіршілік әрекетіндегі ролі, мәдениеттің базистік құндылықтары жөнінде түсінік қалыптастыру. Студент мәдениет теориясының негізгі категорияларын, мәдениеттер типологиясын білуі тиіс.



Курс мазмұны
Мәдениет, оның пайда болуы мен мәні. Адам мәдениет контекстінде. Мәдениет болмысы: формалары, кеңістік және уақыт, динамика. Мәдениет және өркениет. Мәдениет типологиясы. Ежелгі мәдениет және өркениеттер. Антикалық әлем мәдениеті. Ислам мәдениетінің әлемі. Батыс ортағасырлық мәдениеті. Қайта өрлеу мәдениеті және жаңа заман мәдениеті. Қазіргі заман мәдениеті және оның негізгі проблемалары. Номадизм – мәдениет түрі. Ежелгі Қазақстан мәдениеті.

Ортағасырлық қазақ мәдениеті. Қазақстан мәдениеті: проблемалары және перспективалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет