5В071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар



бет6/25
Дата24.04.2016
өлшемі3.64 Mb.
#78878
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Пән мазмұны

Сөзжасам. Сөздің морфемалық құрылымы. Сөзді морфемалық талдау. Сөзжасамның негізгі тәсілдері. Сөзжасамның морфологиялық тәсілдері: префикстік, суффикстік, постфикстік, негіздерді біріктіру, аббревиация. Сөзжасамның морфологиялық емес тәсілдері: лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық, лексика-синтаксистік. Морфология. Негізгі сөз таптары. Грамматикалық категория ұғымы. Синтаксис. Синтаксистік бірліктер. Предикативтілік туралы ұғым. Предикативтілік категориясы синтаксистік модальділік пен синтаксистік темпоралдылық кешені ретінде. Сөз тіркесі. Сөз тіркестері классификациясы. Сөз тіркесінің жалпы сипаттамасы: жай/күрделі, лексикалық шектелген/ лексикалық шектелмеген, еркін/байлаулы сөз тіркестері. Сөз тіркестерінің басыңқы сөздің морфологиялық көрсетілімі бойынша классификациясы. Синтаксистік мағыналарды білдіру тәсілдері. Сөз тіркесіндегі синтаксистік қатынастар: атрибутивтік, объектілік, пысықтауыштық, комплетивтік, аппозитивтік. Жай сөйлем коммуникативтік бірлік ретінде. Жай сөйлемнің модальдік және формалық түрлері. Жай сөйлемді синтаксистік талдау. Құрмалас сөйлем. Салалас, сабақтас және жалғаулықсыз сөйлемдердегі тыныс белгілері. Контаминациялық типті сөйлемдер.



Бейнеөнім дайындау

Курс 4, семестр 7


Пән коды

ПД IVP 4707

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Студенттерді кинотүсірілім техникасы және заманауи технологиялармен жабдықталған кинотелетүсірілім аппаратурасы негіздері жөніндегі техникалық білімдермен, сондай-ақ шығармашылық жұмысты тиімді түрде ұйымдастыруға қажетті практикалық дағдылар мен техникалық тәсілдермен қамтамасыз ету.

Алдыңғы деректемелер


1.Композиция

2.Оператор шеберлігі

3.Кинотелетехника


Кейінгі деректемелер

1.Монтаж

2.Продюссерлеу



Тьюторлар

аға оқытушы, Задарновский В.А.,

профессор, Коренчук В.Д.



Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Практикалық сабақтар

Кеңестер, мастер-класстар

СӨЖ


СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

Бейнеролик

Бақылау түрлері

Реферат (Р1), Бейнеролик (Р2)

Емтихан (қорытынды)



Күтілетін нәтижелер

Кино және бейнеаппаратура құрылысының конструктивті элементтерін, кино- және бейнетехниканың даму тарихын білу, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу.


Курс мазмұны
Кинематографиядағы ойлап табулар. Кинематография әдістері.

Кинооператор ойлап табу құралдары. Кинооператорлық дыбыстық фильмдердегі ақ-қара түстегі өнер.

Фильм сапасын бейнелеу және оператордың бейнелеу құралдары.

Киностудияның технологиялық жарықтанғандығы.

Киноөндіріс талаптарына сай қазіргі заманғы кино түсіру аппараттары және олардың түсірілген фильм жоаспарлары мен репетицияларды тікелей көрсете алатын электронды-комппьютерлік технологиямен жабдықталғандығы.

Түсті фильмдердегі кинооператорлық өнер.

Кеңэкранды фильмдердегі кинооператорлық өнер.

Технологиялық прогресс және операторлық өнер.

Операторлық өнердегі сандық технология.

Бейнеөнім дайындаудағы технология таңдауға әсер ететін форматтар.


Шығармашылық ойды іске асыру стилистикасы

Курс 4, семестр 7

Пән коды

ПДSTZ40704

Жалпы сыйымдылығы

3 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

45 с.

Мақсаты

Студенттерді фильммен сауатты түрде жұмыс істеуге үйрету. Кинокартинаның түпкі ойына қатысты бастапқы жоспарды сауатты түрде құра білу, оның тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін анықтай білу. Түпкі ойды көбінесе сценарий жоспары (сценарий), жеткізу жанры, қатысушылар құрамы, түсірілім орны, монтаж сипаты мен түрлі көркемдік тәсілдердің қолданылуы анықтайды.

Алдыңғы деректемелер


1.Режиссура

2.Актер шеберлігі

3.Сахналық сөйлеу.


Кейінгі деректемелер

1.Қазіргі заманғы киноүрдіс

Тьюторлар

аға оқытушы, Соломонов Н.В.,

профессор, Коренчук В.Д.



Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер, семинарлар, кеңестер

СӨЖ, СОӨЖ



Өздік жұмыс формалары:


- режиссерлік сценарии жазу;

- рефераттар дайындау;

- презентация және т.б.


Бақылау түрлері

сценарий (Р 1), реферат (Р 2),

Емтихан (қорытынды)



Күтілетін нәтижелер

Болашақ туындының түпкі ойын анықтай білу. Фильмнің режиссер анықтаған түпкі ойы құрамына мыналар жатады: пьесаның, фильмнің идеялық түсіндірмесі (олардың шығармашылық интерпретациясы); жекелеген кейіпкерлердің мінездемесі; спектакльдің уақыт аясындағы шешімі (ырғақ және қарқын) т.б.


Курс мазмұны

Пәнге кіріспе. Кинокартина ойы.

Режиссер Де Сантистің «Дайте мужа Анне Дзаккео» сценасының финалын талдау.

Мизансахна. Мизансахна – өмірді көрсету бейнесі.

Киносуретшінің эстетикалық принциптері. Костюм – фильмнің маңызды бөлігі. Киносуретші жұмысындағы түс.

Суретші Н. Двигубскийдің «Зеркало» фильмінен үзінді («Автор пәтері» кешенді декорациясы ).

Кинодағы пейзаж. Натура және павильон.

Киноматографтағы дыбыс және музыка. Бейнені құрушы дыбыс. И.Бергманның «Прикосновение» фильмінен мысал.

Дыбыстау. Музыкалық фразалардың принциптері.

Артистизм. Оның эстетикасы. Сюжетті жеңу. Кино тілінің өзіндік ерекшелігі.

Кинодағы сөз, оның киноэстетикаға әсері.

Монтаж мәні. Кинобейне. Өнердегі моделдеу. Романтизм. Реализм. 1840-1880. Импрессионизм мен постимпрессионизм. Абстракция.



ТД-дағы продюсерлеу

Курс 4, семестр 7


Пән коды

ПДPTV40704


Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Медиа саласындағы менеджмент және медиаөнімді ТД-ға ендіру (сату) негіздері бойынша дағдыларды меңгеру



Алдыңғы деректемелер


1. Журналистикаға кіріспе

2. Тележурналистика

3. Операторлық шеберлік негіздері


Кейінгі деректемелер


1. Журналистика бойынша мастер-класс

2. Өндірістік практика



Тьюторлар

доцент Тастулекова С.И.

филол.ғ.к., доц. Султанбаева Г.С.



Кафедра

«Журналистика және аударма ісі »

Байланыстар

Тел. 387 32 35

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар

Практикалық сабақтар

Кеңестер


СӨЖ

СОӨЖ


Өздік жұмыс формалары:


- бейнероликтер түсіру және монтаждау;

- реферат дайындау;

- презентациялар т.б.


Бақылау түрлері

ролик монтажы (Р 1), минифильм (Р 2),

Ауызша емтихан (қорытынды)



Күтілетін нәтижелер

Студенттер алынған білімдері негізінде жаңа дағдыларын көрсетеді: белгілі бір тақырыпқа медиаөнім жасап, оны телеарнаға өткізеді.



Курс мазмұны
Қазақстанда нарықтық қатынастардың қарқынды дамуы, қоғам өмірінің барлық салаларында болған ауқымды реформа, оның ішінде мәдениет пен бұқаралық коммуникациялар салалары кәсіби қызметтің жаңа түрлерінің пайда болуына әкелді.

Отандық теледидарда нарықтық тетіктердің қалыптасуы кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі теледидардағы продюсерліктің қалыптасуыиен тығыз байланысты. Ол аудиовизуалды индустрияның дамуында негізгі роль атқарды.

Теледидардағы продюсерліктің мәні, оның телекомпаниялар жұмысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне ықпалы, аз шығын жұмсап барынша сапалы аудиовизуалды өнім алуға мүмкіндік беретін тиімді технологияны дайындау, дамушы отандық теленарық жағдайында продюсер жұмысын тиімді етіп ұйымдастырудың принциптері мен әдістерін ендіру оқылып-зерттеледі.

Фильм шешімін бейнелеу

Курс 3, семестр 5

Пән коды

БД IRF 3519

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Студенттерді кинофильм саласындағы шығармашылық, көркемдік қызметтерге дайындау. Көрермендер қабылдауы мен көлемдік-кеңістіктік ойлауды дамыту, алынған білімдерін фильмнің композициялық міндеттерін, кейіпкерлердің графикалық шешімдерін, декорациялардың кеңістіктік шешімдерін орындау барысында пайдалануға үйрету.

Алдыңғы деректемелер


1.Режиссура

2.Актер шеберлігі

3.Сценарилік сөз


Кейінгі деректемелер

1.Қазіргі заманғы киноүрдіс

2.Монтаж


Тьюторлар

профессор, Коренчук В.Д.,

аға оқытушы, Соломонов Н.В.,

доцент, Васильев М.И.


Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер, практикалық сабақтар, кеңестер

СӨЖ, СОӨЖ



Өздік жұмыс формалары:


- баяндама жазу;

- рефераттар дайындау;

- презентациялар және т.б.


Бақылау түрлері

Баяндама (Р 1), реферат (Р 2),

Емтихан (қорытынды)



Күтілетін нәтижелер

Бейнелеудің реалистік және басқа да жүйелерінің заңдарын білу; сурет тілі мәнерлілігі құралдарын білу; бейнелеу әрекеті тәсілдерін білу: кескіндеулерді, конструктивті бейнелеулерді салуды орындау, форманың жарықкөлеңкелі моделденуін, түрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдерін қолдану; шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру.


Курс мазмұны

Экран өнерінің спецификасына кіріспе. Аудиовизуалды ақпаратты қабылдаудың жалпы заңдылықтары. Экрандық бейнені тану үрдісі. Жарық – бейненің форма құрастырушы компоненті. Жарық алып жүретін ақпарат.

Кадр рамкалары. Бейне масштабы.

Композиция. Монтаж – кеңістіктік-уақыттық континуум құру әдісі.

Экрандық кеңістік құру әдістері. Кеңістіктік және уақыттық ығысулар мінездемесі. Шығармашылық және технология қосылысы.

Жаңа технологиялар – жаңа бейнелеу эстетикасы.



Қазіргі заман теледидарының бейнелеу құралдары.

Дэвид Линчаның «Дикие сердцем» фильмі (1990).

Алексей Германның «Тексеруа на дорогах» эпизоды (1985).

А. Учительдің «Гарпастумы».



Көшбасшылық

Курс 3, семестр 5

Пән коды

ПДLid30505

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Топтың жекелеген мүшелерінің мінез-құлқын және топтағы қатынастарды зерттеу саласына қатысты теориялық білім мен практикалық дағдылар қалыптастыру

Алдыңғы деректемелер

Психология, Маркетинг, Менеджмент, Мәдениеттану, Self-менеджмент

Кейінгі деректемелер

Ұйымдық мінез-құлық, Персоналды басқару, Статегиялық менеджмент

Тьюторлар

Доц.Букейханова Т.К., аға оқытушы. Мейманкулова Ж.Ж., аға оқытушы .Алешина Л.С.

Кафедра

«Менеджмент»

Байланыстар

Тел. 387 36 38, turanmanegement@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар

Практикалық сабақтар

Кеңестер


СӨЖ

СОӨЖ


Өздік жұмыс формалары:


- реферат дайындау;

- презентациялар т.б.



Бақылау түрлері

Тест, есептер шығару, реферат (Р 1), тест, есептер шығару, реферат (Р 2), компьютерде тестілеу (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

Бұл курсты меңгеру көшбасшылық пен көшбасшылық қасиеттердің теориялық негіздерін білуге және ұйымдасқан топтардағы көшбасшының практикалық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Курс мазмұны

Көшбасшылық дегеніміз – топтағы өзарақатынастар жүйесі, онда бір адам (көшбасшы) бастама көтеріп, топтың әрекеттері және оның ықтимал салдарлары үшін жауапкершілікті өзіне алады, ал өзгелері (қостаушылары) ұсыныс жасалған бастаманы қолдауға, оны орындау үшін үлкен күш салуға дайын болады.

Көшбасшылық – көпқырлы әлеуметтік құбылыс. Көшбасшылық феномені қандай да бір ортақ мақсатқа ұмтылатын кез келген ұйымдасқан топта көрініс табады. Көшбасшылық үнемі және барлық жерде адамдар тобында топ мүшелерінің бәрінің немесе көпшілігінің мүддесіне қатысты қандай да бір проблемаларды шешу қажет болғанда көрініс береді. Көшбасшылық қатынастар әсіресе топ алдында бір күйден екіншісіне өтуге қатысты міндет қойылғанда немесе топ ресурстарды бөлумен айналысатын кезде ерекше байқалады.

Көшбасшылық пән ретінде топтың жекелеген мүшелері мінез-құлқының немесе топтағы қатынастардың психологиялық сипаттамасын зерттейді.



БАҚ-тағы интернет-технологиялар

Курс 3, семестр 5


Пән коды

ПДITe30505

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Журналистік тәжірибеде қолданылатын Интернет-технологияларды тереңдете оқу

Алдыңғы деректемелер

1. Интернет-журналистика

2. Қоғаммен байланыстың қазіргі технологиялары



Кейінгі деректемелер


1. Конвергентті журналистика

2. Бұқаралық коммуникациялардың заманауи ғылыми концепциялары



Тьюторлар

филол.ғ.к., доцент Алтаева А.К.

филол.ғ.к., доцент Султанбаева Г.С.



Кафедра

«Журналистика және аударма ісі »

Байланыстар

Тел. 387 32 35

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар және Практикалық сабақтар

СӨЖ

СОӨЖ


Өздік жұмыс формалары:

- презентациялар;

- ғылыми жоба т.б.;



Бақылау түрлері

ауызша сауалнама (Р 1), жобаны қорғау (Р 2),

ауызша емтихан (қорытынды)



Күтілетін нәтижелер

Студенттер мультимедиялық Интернет-жобалар жасауға қатысты техникалық дағдыларды меңгереді; республика масс-медиа глобалды құрылымындағы электронды журналистика проблемалары бойынша білім алады

  

Курс мазмұны

Интернет журналист үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды. Қазіргі БАҚ қызметкері уақыт талабына сай болу үшін көптеген технологияларды пайдалана білуі тиіс. Жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру үшін журналист веб-браузерлер мүмкіндіктерін пайдалана білуі тиіс. Сайттарды оңтайландыру мен жылжытудың қандай принциптер бойынша жүзеге асырылатынын білуі қажет; веб-верстка жасаудың базалық дағдыларын меңгеруі тиіс т.б. Интернет-технологиялар журналистке ақпарат алудың жаңа тәсілдерінің, сұхбат берушілермен де, оқырмандармен де қатысым жасау әдістерінің үлкен жиынтығын ұсынады.

New Media - жаңа ақпараттық орта. New Media ұғымы. Web-кеңістік типологиясы. Жасырын Web. SEO – Search Engine Optimization. Ізденіс рангіне ықпал ететін факторлар. Ізденіс рангіне айыппұл салу. Ақпараттық ізденіс модельдері. Булев моделі, Векторлық модель, Ықтималдық моделі, Гибридтік модельдер. Text Mining – мәтінді терең талдау. Корпоративтік желілерге арналған семантикалық ИПС. Корпоративтік білім порталдары. Динамикалық жаңалықтар ортасындағы ізденіс. Web-қызметтер. Web-қызметтер хаттамалары. Web-қызметтер архитектурасы. Internet платформа ретінде. Wikipedia, BitTorrent, Блогтар, RSS, Web-қызметтер. Семантикалық тор.  


Кино және телетехника

Курс 4, семестр 7,8


Пән коды

ПД KVT 4711

Жалпы сыйымдылығы

4 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

60 с.

Мақсаты

Кино және бейнеаппаратура құрылысының конструктивті элементтерін, кино- және бейнетехниканың даму тарихын оқып-білу. Кино және бейнеаппаратураның перспективті форматтарын жоғары технологиялы зерттемелер негізінде меңгеру.


Алдыңғы деректемелер


1.Режиссура

2.Монтаж


3.Сызықтық емес монтаж

Кейінгі деректемелер

1. 3D моделдеу

2. Операторлық шеберлік



Тьюторлар

аға оқытушы, Хатимуллин С.В.,

доцент, Махмут С.С.



Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер, зертханалық жұмыстар, кеңестер

СӨЖ, СОӨЖ



Өздік жұмыс формалары:

Зертханалық жұмыстар


Бақылау түрлері

Зертханалық жұмыстар (Р1, Р2)

Емтихан (қорытынды)



Күтілетін нәтижелер

Студент кино және бейнеаппаратураны пайдаланудың әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ қосалқы операторлық техниканы іс жүзінде қолдана білуі тиіс. Бейнелеу жұмыстарының нәтижелерін жүзеге асыра білуі, қосымша пәндер бойынша алған білімдерімен ұштастыра білуі, өз шығармашылық түпкі ойына қол жеткізу үшін кино және бейнеаппаратураның түрлі форматтарын сауатты түрде қолдана білуі тиіс.



Курс мазмұны
Негізгі кезеңдер; Леон Були (патенттер 1892 және 1893 гг.) «Синематограф»; бірінші чех физиологы Я. Луи және Огюста Люмьер (патент 13 февраль 1895 ж.) грейферлік секіргіш механизмінің аппараты француз ағалы-інілі кісілермен ойлап табылған және бірі ондаған қысқа фильмдерді Париждегі Гран – кафеде 14 ақпан 1895 ж. көрсеткен.

Дыбыстық кино: бірінші әрекет – француз Гомон (1900 ж.); дыбыстың фотографиялық жазылуын ұсынған («фонограммалар») орыс ғалымы А. Виксцемски (1899 ж.) және фонограмма позитивін құруды ұсынған И. Поляков (1900 ж.); дыбысты жарықтың көмегімен жазу француз Ю. Лоостом (1906 ж.). Бірінші түрлі-түсті бейнелерді алу әрекет 1915 жылы құрылған «Техниколор» фирмасымен ойлап табылды, онда гидротипті әдіспен 1928ж. Бірінші рет екі түсті фильм шығарылды, содан кейін 1933 ж.- үш түсті. Арнайы түсірілім үшін аппараттар; оператордың қолғабыс техникасының дамуы; комбинацияланған түсірілімдерге арналған аппараттар; дистанционды түсірілім аппарттарын басқару; түсірілім аппараттарындағы түсталшықты технология; «Вертикаль», «Стэдикам», «Горизонт» жүйелері және олардың қызметі; кинодағы электронды-компьютерлік технология.



Редакциялау негіздері

Курс 4, семестр 7,8


Пән коды

ПДORe40706

Жалпы сыйымдылығы

4 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

60 с.

Мақсаты

Ағылшын тіліндегі мәтінді кемшіліктерін анықтап, қателерді жөндеу жолдарын таба отырып, талдау және бағалауды үйрену

Алдыңғы деректемелер

1. Шет тілі

Кейінгі деректемелер


1. Стилистика және редакциялау

2. Публицистің шығармашылық шеберханасы



Тьюторлар

пед.ғ.к., аға оқытушы. Головчун А.А.

магистр, аға оқытушы. Жаханова З.Р.

магистр, оқытушы. Жагыпарова Д.М.


Кафедра

«Журналистика және аударма ісі »

Байланыстар

Тел. 387 32 35

Оқу жұмыстарының түрлері

Семинарлар

Практикалық сабақтар

Кеңестер

СӨЖ


СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

- тест жазу; - жазба жұмыстарын жазу (task-based writing, independent writing);

Бақылау түрлері

тест жазу (Р 1), тест жазу (Р 2),

компьютерде тестілеу (қорытынды)



Күтілетін нәтижелер

Ағылшын тіліндегі мәтіндерді редакциялаудың негізгі тәсілдері мен әдістері



Курс мазмұны
Редакциялау мәтінмен жұмыстың негізгі түрлерінің (тәсілдерінің) бірі, оны жетілдіру. Жазылғанды жетілдіру. Түзету тәсілдері. «Бір тақырыпты» лексиканы қолданудың, синонимдерді (оның ішінде контекстуалды да), сөздерді қайталаудың лексикалық құралдары. Фразааралық байланыстардың лексика-грамматикалық құралдары, есімдіктер. Үстеу. Сан есім. Жалғаулықтар. Демеуліктер. Фразааралық байланыстардың құралы ретіндегі етістік-баяндауыштардың түр-шақ формаларының тұтастығы. Сөздердің орын тәртібі. Синтаксистік параллелизм. Фразааралық байланыстардың құралы ретіндегі қыстырма сөздер. Құрмалас сөйлемдердің мәтіндегі ролі. Логикалық қателер мен оларды түзету тәсілдері.

Композициялық қателер (мәтіннің жоспарға сәйкес келмеуі, дәйектіліктің бұзылуы, мәтіннің басқы немесе соңғы бөлігінің сәтсіз құрылуы, пайымдау-мәтінде қорытынды тұжырымның болмауы

Синонимдер (лексикалық және грамматикалық) және олардың мәтінді ұйымдастырудағы ролі. Синонимдік алмасым тәсілі мәтінді түзету тәсілі ретінде. Грамматикалық (морфологиялық, синтаксистік). Грамматикалық тіркесімділік нормаларының бұзылуы: қиысу, меңгеру тәсілдерінің бұзылуы. Құрмалас сөйлем құрудағы қателер. Сөйлемдер шегінің бұзылуы.

Интернет - маркетинг

Курс 4, семестр 7,8


Пән коды

ПДIMr40706

Жалпы сыйымдылығы

4 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

60 с.

Мақсаты

Кейінгі курстарды оқу барысында қажет болатын кешенді теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру


Алдыңғы деректемелер


Заманауи коммуникациялар менеджменті мен маркетингі, жарнама өнері, ПР-дағы маркетингтік зерттеулер, заманауи бұқаралық коммуникациялар құралдары


Кейінгі деректемелер


Саяси коммуникациялар жүйесі, ПР жобалау, ел брендингі, ПР консалтинг

Тьюторлар

Доцент Баранов В.В.,

Доцент Курбатова И.В.,

Магистр Иркитбаева Ж.Б.


Кафедра

Маркетинг және сервис

Байланыстар

387-36-46

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар

СӨЖ

СОӨЖ


Өздік жұмыс формалары:


- эссе жазу

- реферат жазу

- презентациялар т.б.


Бақылау түрлері

Эссе (Р 1), реферат (2), компьютерде тестілеу

Күтілетін нәтижелер

Бұл курсты оқу қазіргі заманғы маманның базалық және кәсіби біліктілігі дағдыларын қалыптастырады




Курс мазмұны
Интернет-маркетинг мәні. Интернет–маркетинг пәні және құралдары. Интернет-маркетинг принциптері. Іскери байланыстар жасау. Нарықты зерттеу. Интернет арқылы сату және сатып алу. Тауарларды Желіде жарнамалау. Сервис және сатудан кейінгі қызмет көрсету. Интернет-маркетинг артықшылықтары мен кемшіліктері. Интернет желісінің сипаттамасы, тарихы және құрылымы. Интернет құрылымы және оның пайдаланушыға әсері. Интернеттегі ауқымды маркетинг ерекшеліктері. Web-promotion: Internet-тегі жарнама. Маркетинг концепцияларының эволюциясы.

Интернет-маркетинг және дәстүрлі маркетинг: ұқсастығы мен айырмашылықтары. ҚР-дағы Интернет-маркетинг ерекшеліктері және проблемалары. Қазіргі жарнамадағы партизандық маркетинг және интернет. Жарнамадағы партизандық маркетинг ұғымы. Интернет-брендинг мәні мен мағынасы. Елдегі Интернет аудитория құрамы мен ауқымын зерттеу әдістері. Ықтимал ақпарат көздері тізімінің кесімділігі мен шынайылығы. Мақсатты топпен қатысым жасау принциптері.


Түстік техника және ЭФВА

Курс 3, семестр 6


Пән коды

ПД ZTe 1213

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Студенттерді санды фотокамерамен жұмыс істеу барысында болатын физикалық процестерді түсінуге үйрету. Фотоаппаратураны таңдау, санды фотокамераның барлық қызметтері мен жабдықтарын қолдану дағдыларына үйрету.

Алдыңғы деректемелер

1.Киножарықтандыру

2.Кинокомпозиция



Кейінгі деректемелер

1.Оператор шеберлігі

2.Фотография теориясы



Тьюторлар

доцент, Мищенко А.В.,

аға оқытушы, Хатимуллин С.В.



Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар

Практикалық сабақтар

Кеңестер


СӨЖ

СОӨЖ


Өздік жұмыс формалары:

- Баяндама жазу;

- рефераттар дайындау;



Бақылау түрлері

Баяндама (Р 1), реферат (Р 2),

Емтихан (қорытынды)



Күтілетін нәтижелер

Санды кодировка принциптерін, аналогті және санды дабылдарды білу, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу.


Курс мазмұны
Сандық кодировка принциптері. Бейне датчигі. Объектив. Жады. Фотокамера электроқоректенуі. Бейнеіздегіштер. Объективтің үлкейткіш қасиеті. Тұтану. Қосыша мүмкіндіктер. Түсірілім үрдісін басқару. Сандық түсірілім. Гистограмма.

Аналогты және сандық дабылдар. Дабылдың сандық ауысуы. Түрлі-түсті бейне алу. Биттік. Пикселдік. ПЗС және КМОП матрицалар, мінездемесі мен құрылғылары. Матрица таңдау. Құрылғы, фокустық арақашықтық, диафрагма және ұстаным, түстік күш, ашықтық тереңдігі. Обьектив таңдау бойыгша ұсыныстар. JPEG, RAW, TIFF форматындағы файлдар. Жады карталарының түрлері. Жады қанша керек. Батарейкалармен аккумуляторлар. NiCa, NiMH, Li-Ion мінездемелері. Оптикалық, айналық, сұйықкристалдық дисплей күйлері. Оптикалық және сандық зум.

Қоса салынған тұтану. «Ыстық башмак». Автожіберу таймері және ДУ. Бейне түсірілімі. Штатив үшін бекітпе. Макротүсірілім. Теледидардан фото көру. Компьютерге қосылу. Экспозиция құру, ISO реттеу, автофокус және фокусты қолдан басқару, кеңістік тереңдігін анықтау, қарама-қарсылық және қанғандықты өзгерту. Түсірілім сапасын басқару, жан-жақтық арақатынасты таңдау, қ/а фотография алу. Ақтық балансын қою. Файл форматы және түсірілім өлшемін анықтау. Түсірілім сапасын анықтау.

Қарама-қарсылық және ашықтық аймақтарын анықтау.


Телеөндіріс

Курс 3, семестр 6


Пән коды

ПДTPr30607


Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Студенттерді теледидарға арналған медиаконтент жасау ісіне үйрету

Алдыңғы деректемелер


1. Журналистикаға кіріспе

2. Тележурналистика

3. Операторлық шеберлік негіздері


Кейінгі деректемелер


1. ТД-дағы продюсерлік

2. Журналистика бойынша мастер-класс



Тьюторлар

доцент Тастулекова С.И.

филол.ғ.к., доц. Султанбаева Г.С.



Кафедра

«Журналистика және аударма ісі »

Байланыстар

Тел. 387 32 35

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар

Практикалық сабақтар

Кеңестер


СӨЖ

СОӨЖ


Өздік жұмыс формалары:


- эссе жазу;

- реферат дайындау;

- презентациялар т.б.


Бақылау түрлері

Эссе (Р 1), реферат (Р 2),

компьютерде тестілеу (қорытынды)



Күтілетін нәтижелер

Студенттер түсірілім, монтаждау, дыбыс жазу және басқа да аппаратурамен жұмыс істеу дағдыларын, креативті бейнелі ойлауды меңгеруі тиіс



Курс мазмұны

Теледидар бұқаралық ақпарат құралы ретінде. Теледидар өндірісі ерекшеліктері. Тележурналистиканың өзіндік ерекшеліктері. Телерадиокомпаниялар коммерциялық қызметінің ерекшеліктері. Теледидардағы жаңалықтардың орны мен ролі. Ақпараттық бағдарламаның негізгі міндеттері мен қызметтері. Теледидардағы сценарий. Сценарлық шеберлік. Блиц-интервью сценарийімен жұмыс. Бағдарлама сценарийімен жұмыс. Репортаждың композициялық құрылысы. Ақпараттық жанрлар. Тапсырысты коммерциялық бейнесюжетпен жұмыс. Телережиссура негіздері. Тікелей эфир режиссурасы. Тікелей эфирдегі жұмыс. Студиядағы және ПТС түсірілімдер. Тележурналистиканың аналитикалық жанрларымен жүргізілетін жұмыс ерекшеліктері. Коммерциялық фильммен жасалатын жұмыс ерекшеліктері. Тележурналистиканың көркемдік жанрларымен жүргізілетін жұмыс ерекшеліктері.. Блиц-интервью бейнетүсірілімі. Тақырыптық сюжет бейнетүсірілімі. Телебағдарлама өндірісін ұйымдастыру. Жарнама және спонсорлық.


Персоналды басқару

Курс 3, семестр 6


Пән коды

ПДUPe30607


Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Ұйым персоналымен жұмыс істеу барысында қажетті кешенді теориялық білім мен практикалық дағдылар қалыптастыру

Алдыңғы деректемелер


Бакалавриаттық білім беру бағдарламасының пәндері

Кейінгі деректемелер


  1. Өндірістік практика

  2. Қоғаммен байланыс жасаудың заманауи технологиялары

Тьюторлар

доц. Букейханова Т.К.,

проф. Куватов М.Р.

проф. Бекназарова А.Т.,


Кафедра

«Менеджмент»:

Байланыстар

Тел. 387 36 38, Turanmanagement@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар

Практикалық сабақтар

Кеңестер


СӨЖ

СОӨЖ


Өздік жұмыс формалары:


- реферат дайындау;

- презентациялар т.б.




Бақылау түрлері

реферат (Р 1), ауызша сауалнама (Р 2),

жазбаша түрде (емтихан)



Күтілетін нәтижелер

Бұл курсты меңгеру қазіргі заманғы менеджерге ұйым персоналын басқару саласына қажетті білім мен дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі



Курс мазмұны
Қазіргі кезде персоналды кез келген ұйымның негізгі байлығы ретінде қарастырған жөн. Бұл шаруашылық жүйенің маңызды әлеуеті. Оның сапасы мен барынша толық жүзеге асырылуы ұйымның алға қойылған мақсаттарының орындалуына едәуір дәрежеде әсер етеді. Персоналды орынды басқара білу оны әлеует ретінде барынша тиімді пайдалануға бағытталуы тиіс.

Персоналды басқару  — ұйымды «сапалы» (өзіне жүктелген еңбек қызметін дұрыс атқаруға қабілетті) мамандармен қамтамасыз етуге және оны барынша тиімді пайдалануға бағытталған білімдер мен практикалық қызметі.

Персоналды тиімді пайдалану ұйымдағы топтар мен индивидуумдардың оң және теріс уәждерін айқындап, оң уәждерді ынталандырып, теріс уәждерді жою, сондай-ақ ондай әсерлерді талдау есебінен жүзеге асырылады. Персоналды басқару басқарудың (менеджмент) сапалық жүйелерінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Бейнелерді компьютерлік өңдеу

Курс 4, семестр 8

Пән коды

ПД 4815

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Мультимедиялық ақпаратты жеткізуде қолданылатын негізгі әдістерді, жүйелер мен технологияларды зерттеу.

Алдыңғы деректемелер

1.Режиссура

Кейінгі деректемелер

1.Монтаж

2.Сызықтық емес монтаж



Тьюторлар

аға оқытушы, Утегенова А.У.,

аға оқытушы, Альпеисова А.



Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Практикалық сабақтар

Кеңестер, мастер-класстар

СӨЖ


СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

Тестілік сұрақтар (Р1, Р2)


Бақылау түрлері

Тестілік сұрақтар (Р1, Р2)

Емтихан (қорытынды)



Күтілетін нәтижелер

Компьютерлік жүйе әлеуетін мультимедиялық қосымшалардың бірі тұрғысынан бағалай білу. Мультимедиялық жүйенің желілік технологияларға қатысты талаптарын қоса алғанда бағалай білу.

Берілген мультимедиялық қосымшаны орындауға қажетті компьютерлік жүйенің сипаттамасын (қолдаудың инструменталды құралдары мен сәйкес стандарттарын қоса алып) суреттеу.

Шағын мультимедиялық қосымшаны жүзеге асыру.



Курс мазмұны

Векторлық графика. Дисплей құрылғыларындағы аппараттық шектеулерді жеңу. Мониторлар. Анимация. Бағдарламалық қамтама. Анимация классификациясы. Виртуальды шындық. Виртуалды шындық көзілдірігі. Виртуальды биноклдер. VR-шлем (Head-Mounted-Display, HMD). 3D панелдер. 3D дыбыс. Vr – қолғаптар. Білек датчиктері. VR-костюмдер. ВР креслосы. ВР үшін манипуляторлар.

Перспективалы құрылғылар. Виртуалды шындықты аппаратты қолдау. Macromedia Flash. SwishMAX бағдарламаларының көмегімен flash-анимациялар құру. Flash технологиясының негізгі мүкіндіктеріне шолу. Flash жұмыс ортасын ұсыну. Кітапхана (Library).

Аспаптық панелдерді қолдану (Windows). Монтажды сызғышты қолдану (Timeline). Сценаларийлерді қолдану. Негізгі батырмаларды күйге келтіру. Параметрлерді қою.

PC сандық Бейне. Сандық Бейненің негізгі сипаттамалары. Бейнені сығу. Сандық бейне параметрлерін бақылау. MPEG-тізбегі. MPEG-тізбегінің құрылымы. Сандық бейне тасығыштар. Сызықтық емес бейнемонтаж жүйесі.

Мультимедиа технологиясы. Технологияның негізгі мүкіндкері. Мультимедиа технологиясы арқылы құрылған өнімді пайдаланудың негізгі мақсаттары. Мультимедиа деректерінің түрлері. Қазіргі заман технологиялары. Техника жаңалықтары. Кітаптар интерактивті болуда. Роботтар.



Мәдениет және өркениет әлемі

Курс 4, семестр 8


Пән коды

ПДMKC40808

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Студенттерді адамзаттың бүкіл тарихи даму барысындағы мәдени жетістіктерімен таныстыру, түрлі дәуірлердегі мәдени өмірдің құбылыстарын өз бетімен талдауға үйрету, қоғамның қазіргі кезеңдегі рухани және материалдық мәдениеті дамуындағы құбылыстар мен үрдістерді оқу барысында объективті межелеуіштер мен құндылықты бағдарларды қалыптастыру.

Алдыңғы деректемелер

1. Социология

2. Қазақстан тарихы



Кейінгі деректемелер

1. Әлем әдебиеті тарихы

2. Қазақ әдебиеті тарихы



Тьюторлар

проф. Габитов Т.Х.

доц. Калпетходжаева С.К.

доц. Зырянов В.И.


Кафедра

«Аймақтану және халықаралық қатынастар»

Байланыстар

Тел. 387 32 24

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар

Кеңестер

СӨЖ


СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:


- эссе жазу;

- реферат дайындау;

- презентациялар т.б.


Бақылау түрлері

Эссе (Р 1), реферат (Р 2), компьютерде тестілеу (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

- адамзаттың мәдени жетістіктерін тану мен бағалауда өзіндік ұстанымын айқындау;

- зерттелетін проблеманың мәнін түсіну, талдау, өз бетімен және сындарлы ойлау;

- мәдениеттанымдық білімнің түрлі қырларын бөліп көрсете білу, оларды күнделікті және кәсіби салада практикалық шешімдерді негіздеу үшін қолдана білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет