6- сынып Қазақстан тарихы (сыныптан тыс сабақ) Тақырыбы: Сен өз еліңнің қаншалықты патриотысың? Мақсаты



бет2/4
Дата08.11.2023
өлшемі148.76 Kb.
#482633
түріСабақ
1   2   3   4
Сен өз елінің патриотысың

Мұғалім:«Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады»
Ал, кәне, сайысымызды бастайық.
2. Сен білесің бе? (Конвертке салынған сұрақтарды таңдап алады)
1-топ: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туына сипаттама бер. Қазақстан қай жылы тәуелсіздікке қол жеткізді? Ел ордасы Ақмола қаласына қай жылы көшірілді?
2-топ: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасына сипаттама бер. Ұлттық валюта-теңге қай жылы айналымға енді? Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
3-топ: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимне сипаттама бер.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қашан қабылданды?
Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?


3. «Өлең-сөздің патшасы»
1-топ: Отаным Қазақстан туған елім,
Кең екен ғой қаншама дархан жерің.
Қасиетті қара жерді қалың жаудан
Қорғап қалды ұрпағы үшін батыр, ерің
Қазағым, тілің қандай, дінің қандай,
Табиғат та тербелед тірі жандай
Көкірегіңде тізілген тауларыңның
Арасынан батқан түн, атар таңдай
Кіндік қан тамған жерім Қазақстан,
Мендей ұрпақ саған арнап жазар дастан.
Елін сүйген ержүрек ұрпақтары,
Тәуелсіз деп соқсын жүрек бала жастан.
Туған жұртым, туған халқым, туған ұлым,
Сақтайық, жоғалтпайық қазақ салтын.
Тік ұстап туымызды, еңселі боп,
Орындайық бабалардың аманатын.


2-топ: Қазақ жері- қонақжай, төрдің жері,
Қазақ жері- қас сақтай елдің елі.
Елі кедей болмаған- жері байтақ,
Едігедей, Бабырдай ерлер жері.
Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ елі өнерлі, өсиетті.
Египетті билеген Бейбарыстың
Елі текті, киелі, қасиетті.
Құзырына қол сұқпаймыз көптің біз,
Тұнжыраған түн емеспіз, тек Күнбіз.
Елдігіміз кең әлемге танылып,
Желбіреген аспан түстес Көк тумыз.
Талай зұлмат сорды бастан кештік біз,
Ақ ниетпен келгенге де, кеткенге
Айнымастан қолын созған достықпыз.


3-топ: Тілім менің тірегім, дінім менің,
Тілсіз қандай болады күнім менің.
Өз халқыма жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің.
Тілім менің- қуатым, күшім менің,
Күшім кетсе не болар ісім менің.
Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,
Тілімменен тірлікті мүсіндедім.
Тілім менің- асылым, арым менің,
Арым кетсе не пайда барым менің.
Бас кескендер тілімді кесе алмаған,
Тілден бұрын кетеді жалын демім.
Тілім менің- қазынам, қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас иетін.
Тілі жоқтың, түгі жоқ, түбірі жоқ,
Бола көрме, Ана тіл қасіретім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет