№6 ДӘріс тақырыбы: Атеросклероз. Артериалды гипертензия. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру


Асқынулары. Гипертензивті криздер. (ГК)



бет11/12
Дата19.09.2022
өлшемі0.75 Mb.
#460933
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Атеросклероз. Артериалды гипертензия. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Асқынулары. Гипертензивті криздер. (ГК).

  • Асқынулары. Гипертензивті криздер. (ГК).
  • ГК – систолалық немесе диастолалық АҚ-ның кенет жоғарлауы. Сонымен қатар нысана мүшелер қанайналым бұзылыстарының дамуы. Гипертониялық криздер АҚ 160/95 мм.с.б. көтерілгенде де дамуы мүмкін, бірақ көбіне криз кезінде САҚ 190-270, ал ДАҚ 120-160 мм с.б. дейін биіктейді. Негізінде криздің ауырлығы қысымның биіктеу деңгейіне емес, ми мен жүрек жағынан болатын бұзылыстардың ауырлығына тәуелді.
  • Клиникалық көріністері: бастың қатты ауруы, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, көздің уақытша көрмей қалуы, қос көрінуі, көз алдының бұлдырлануы немесе шыбын – шіркей тәрізді көлеңкелер көрінуі.
  • Криздің 1- ші түрінде беті қызарады, жүрегі қағады, денесі дірілдеп жалпы қозумен білінеді. Мұндай жағдайдың ұзақтығы – минуттар, сағаттарға ғана созылады. Криз басылғаннан кейін көп мөлшерде зәр бөлінеді.
  • Криздің ІІ-ші түрінде мидің ісінуі басым болады. Сондықтан мидың өтпелі ошақты зақымдану белгілері байқалуы мүмкін: қолдардың, беттің жансыздануы; бет аймағында ерін мен тілдің ауырсыну сезімталдығының төмендеуі; қолдың әлсізденуі; кейде бір тәуліктің көлемінде сақталатын гемипарез, афазия, құрысулар болады.

Гипертензивті криздердің асқынулары:

  • Гипертензивті криздердің асқынулары:
  • Бас-ми қан айналымының өткінші бұзылыстары, инсульт, миокард инфарктісі, аритмиялар,
  • жүрек демікпесі.

Жедел көмек:

Жедел көмек:

Науқасты ыңғайлап жатқызып, басын көтеру.

Физикалық және психикалық тыныштық ұйымдастыру.

Қан қсымын өлшеп, ЖЖЖ, дем алу жиілігін санау.

І типті гипертензивті кризде:

– пропранолол 20-40 мг тіл астына

- 1% -5-10 мл дибазол көк тамырға,

- 0,5% -2 мл седуксен көк тамырға немесе бұлшық етке

ІІ типті гипертензивті кризде:

- нифедипин 10-20 мг немесе каптоприл 25-50 мг тіл астына

- 2 - 4 мл лазикс немесе фуросемид;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет