№6 ДӘріс тақырыбы: Атеросклероз. Артериалды гипертензия. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру



бет10/12
Дата19.09.2022
өлшемі0.75 Mb.
#460933
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Атеросклероз. Артериалды гипертензия. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Дәрмектік ем.

  • Дәрмектік ем.
  • Емді бір дәрмектен және минимальді дозада бастайды.Бір бастаған емді үзбей, өмір бойы жұргізеді. Курстық үзбелі ем мүлдем қолданылмайды.
  • Қазіргі уақытта АГ-ның еміне қолданылатын негізгі препараттар тобы:
  • 1.Диуретиктер: АҚ-ны төмендету мақсатында ең жарамды болып табылған-тиазидтік диуретиктер.Гипертензияның емін егерде кері көрсеткіштер болмаса, (подагра, қант диабеті) көбіне осы препараттардан бастайды.Бұл препараттар ағзадан артық сулармен тұздарды шығарады. (гипотиазид, триампур, фуросемид, верошпирон).
  • 2.Бета-адреноблокатор: бұл препараттар жүректің жиырылу қуатын, соғу санын, шығару көлемін төмендетеді, осылайша жүрекке түсетін күшті кемітіп, оның оттегіге сұранысын азайтады (анаприлин, атенолол, бисопролол, метопролол).
  • Кальций антогонистері: Бұл топтың препараттары қан тамырларды кеңітетін әсерінен перифериялық тамырлардың көлемін кеңітеді (веропамил, нифедипин).
  • Ангиотензин айналдырушы ферменттің ингибиторлары: бүйрекке тигізетін әсерлері – бүйрек артериясын кеңітуі, шумақішілік перфузиялық қысымды төмендетуі арқылы гиперфильтрацияны азайтады.Сондықтан шумақтық гиперфильтрация болатын жағдайларда, мәселен қантты диабетте, қолданған ұтымды: (каптоприл, лизиноприл, эналаприл).
  • Ангиотензин –1 рецепторларының антогонистері. Бұл жаңа топ препараттары АҚ-ды көтеретін заттардың әсерін жояды. (козаар, лосартан, валсартан, теветен).
  • Альфа-адреноблокаторлар: бұлар инсулинге сезімталдықты арттырады және қанда тығыздығы жоғары липопротеиндердің мөлшерін көбейту арқылы антиатерогенді әсер етеді. Осы әсерлері қантты диабетпен сырқаттанған науқастарға жағымды болуы мүмкін және простатасы үлкейген ер адамдарға оң әсер береді.(пратенонол, празозин, клонедин, гуанобенз).
  • Егерде АГ науқаста бірінші рет анықталса, онда 4-12 апта дәрмексіз ем жүргізу керек: психикалық тыныштық, ұйқысының қануы, тұзды тәулігіне 5-6 граммға дейін төмендету, ол көмектеспесе дәрмекті емге көшу.
  • Болжам: емді ерте бастаса артериальды қысымды үнемі бақылап тұрса, болжамды жақсартады. Науқас өмір бойы үзбей емделу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет