6-сынып 1-нұсқа 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім: Қазақстандағы көрікті жерлер


«Астана – мәдениет пен өнер ордасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет10/22
Дата17.10.2023
өлшемі152.57 Kb.
#480940
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
5-6 сынып БЖБ

«Астана – мәдениет пен өнер ордасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
2-нұсқа


Оқу мақсаты 6.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге
бөліп оқу
6.4.3.1 неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну
және ажырата білу
Бағалау критерийі мәтіндегі тірек сөздерді табады,елеулі оқиғаларды іріктеп жазады.
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану


Тапсырма1
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен Астана қаласының абыройын асқақтатуға үлес қосқан елеулі оқиғаларды іріктеңіз.
Асқақтай бер, Астанам!
Қысқа уақыттың ішінде алаш жұртының ару Астанасы төрткүл дүние тамсанатын, әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарыстырып, бой таластыра алатын бас қаласы ретінде қалыптасты. Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы жұмыр жерді толғандырған тақырыптар талқыланатын, салиқалы саясат, тұғырлы экономика, дінаралық келісім кеңестері өтетін жаһандық орталық дәрежесіне жетті. Соның айқын дәлеліне келсек, 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, Астана
Саммитін өткізгелі бері Елорданың мерейлі мәжілістер өткізе алатын деңгейі қуаттала түскендей болды. Айбарымызды асқақтатқан Азиаданы қоспағанда халықаралық саяси һәм экономикалық маңызды мәселелер талқыға салынған жиындар, жоғары деңгейдегі халықаралық шешімдер қабылданған мәжілістер соның айғағы. Бір сөзбен айтқанда, Астана қазақ даласының ғана емес, күллі Орталық Азияның, Еуразияның да беделін алға сүйреп келеді. Ал ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі секілді жаһандық деңгейдегі шаралардың да Астанада өткізілуі Елорданың даңқын арттыра түскені сөзсіз. Расында, ЭКСПО халықаралық көрмесі байтақ қаламыздың көркін ғана емес, даңқын асыра түсті. Мұндай ауқымды
шараның өзі еліміздің ертеңін күрт өзгерткелі тұр десек артық айтқандық емес.


Тапсырма 2
Неологизмдерді бірінші бағанға, термин сөздерді екінші бағанға, кәсіби сөздерді үшінші бағанға,диалект сөздерді төртінші бағанға жазыңдар
Тұқым,күләсен,лексика,ықпал,елек ,шөже,бөлінді,жар,көбейту,шәугім,пұл,там,терімші, тарас балта,кесе,бөлгіш.

Бағалау критерийі

Тапсыр
ма

Дескриптор



балл


Мәтіннен қажетті ақпаратты іріктеп оқиды

1



мәтіндегі тірек сөздерді табады



1

елеулі оқиғаларды іріктеп жазады

1



Неологизм,кәсіби,термин,диалект сөздерді ажырата алады



2

Неологизмді табады

1

Кәсіби сөздерді біледі

1

Термин сөздерді біледі

1

Диалект сөздерді біледі

1

барлығы









6





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет