6-сынып 1-нұсқа 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім: Қазақстандағы көрікті жерлер


«Ғылым мен технология жетістіктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет21/22
Дата17.10.2023
өлшемі152.57 Kb.
#480940
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
5-6 сынып БЖБ

«Ғылым мен технология жетістіктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаты
6.2.5.1- Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты көтерілген мәселені анықтауға
бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру
6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе
бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі)
6.4.5.1 - қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану
Тапсырма 1
Мәтінді түсініп оқыңыз. Тиісті жерлеріне тыныс белгілерін қойып, дәптеріңізге жазыңыз.
Телефондар мен планшеттер
Телефон планшет байланыс құралы. Барған сайын тұтынушылардың мобильдік құрылғылар мен сенсорлы экран мүмкіндіктеріне «тәбеті» артып барады Биыл планшеттер смартфондар нарығында сауда ерекше қыза түскен. Сарапшылар алдағы жылдар сатылу жағынан планшеттер дербес компьютерлерді артқа тастайды деп болжайды Осының салдарынан бағдарламалық жабдықтау компаниялары
өнімдердің смартфондар мен планшеттердің дизайнына қатты көңіл бөле бастады. Мысал ретінде биыл қазан айында таныстырылған «Windows-тің» жаңа түрін айтуға болады. Биыл «Facebook» компаниясының да тасы өрге домалады. Осы жылдың қазан айында компания өкілдері ай сайын желіге миллиардтан астам қолданушылар кіретінін мәлімдеді.
Тапсырма 2
1. Мәтінді оқыңыз. Жұпта мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды теріп жазып, мәтіннен іріктелген ақпараттарыңыз негізінде бірнеше сұрақтар құрастырыңыз.
Сұрақтарыңыз негізгі, қосымша ақпараттар мен көтерілген мәселені анықтауға бағытталуын ескеріңіз.
Ұлттық музей заманауи технологияларды таныстырды
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде аудиогид пен «QR-кодтың» және «оnline-ticket» жүйесінің таныстырылымы өтті. Ұлттық музей - заманауи жаңа технологиямен жабдықталған еліміздегі бірегей музей. Жақында ғана бір жылдығын атап өткен мәдениет ошағы әлемдік ірі музейлердің қатарына тек сәулеті жағынан ғана емес, сондай-ақ, мазмұндық және қызмет көрсету жағынан да енуді мақсат етеді.
Бүгінгі музей тарихи жәдігерлер сақталатын қойма емес, елдің арғы-бергі тарихын жаңа заман ағымына сай озық технологиялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, өз көрерменін жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ететін рухани орталық болуға тиіс. Бұл үшін қазіргі таңда Ұлттық музейде барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Музей арнайы контенті бар доғал экранмен, сондай-ақ, медиа-еден, қазіргі Астананың орталық бөлігінің серпінді макеті, голограммалар, диодты жарығы бар «Led-техникамен» және арнайы сенсорлық дүңгіршектермен жабдықталған.
Бұдан былай музейге келушілер тарихи жәдігерлермен арнайы экскурсовод мамансыз-ақ, аудиогидтің көмегімен өз бетінше экскурсия жасап, таныса алатын болады. Аудиогид қызметі үш тілде, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жүргізіледі.
Сондай-ақ, музей экспозициясындағы жәдігерлер мен макеттер тұсында олардың тарихы жайындағы жан-жақты мәліметтер жазылған «QR-кодтар» орналастырылған. Музейге келушілер «QR-кодтардағы» ақпараттарды арнайы планшеттер арқылы сканерлеп оқи алады. Немесе арнайы бағдарлама негізінде ұялы телефондар арқылы да танысуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, дәл осындай тәсілмен қызмет көрсету Қазақстанда тұңғыш рет Ұлттық музейде жүзеге асырылып отыр.
Сонымен қатар, музейде «оnline-ticket» жүйесі де іске қосылып отыр. Жаңа жүйе бойынша елорда тұрғындары мен қонақтары Ұлттық музейдің билеттеріне «astanamuseum.kz» веб-сайты арқылы онлайн-режимде алдын ала тапсырыс беру мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. Электрондық билетті рәсімдеуге небары екі-ақ минут кетеді. Ал билет иелері музейге өздеріне ыңғайлы уақытта келе алады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет