Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну , Қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы
Ауызекі сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін ажырата алады.
Ауызша, жазбаша мәтіндерде тілдік құралдар арқылы көрсете алады
Құрылымын ескеріп, қарапайым жоспар құрады
Бірге жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.
Орындау уақыты 15-20 минут
1-Тапсырма: Мәтіндерді оқыңдар, тілдік және стильдік ерекшеліктеріне сай мәтіндерді салыстырыңдар.
А мәтіні. Айт күндері
... Ауылдың адамының бәрі қыбырлап, ерсілі-қарсылы кезіп жүр. Бәрі де киінген. Жүздерінде әлденедей бір қуаныштың белгісі бар. Жер ошақ біткеннің көбінде асылған қазан, ақ көбігі бұрқылдап семіз ет қайнап жатыр... Кәрі-құртаң шалдар, кемпірлер екеу-екеу көлеңкеде отыр.
– Жарықтық-ай, бұл күнді де жұрттың көретін күні бар екен-ау!..
Ауылдың орта жеріндегі бір үйдің алдында үйме-жүйме болған кісі. Ішінде кәрілеу кемпірлер, бірен-саран шалдау адамдар да бар...
Біреуі пышақ қайрап, бір жігіт семіздеу қызыл өгізді ұстап тұр.
Шеттен келген адам:
– Құрбандық қабыл болсын, – дейді.
– Әмин, айтқаның келсін! – дейді шалдар.
– Неғып кеш қалып жатырсындар?
– Малдың табылғаны-ақ осы болды... шетінен ұстап соятын бұрынғы дәуір қайда...
Жұмағазы Зәйкүлмен шетте сөйлесіп тұр...
– Сен шалсайшы, мен кәйтейін.
– Қой, ойбай, өзің кір, мен ренжімеймін.
– Кір, кемпір, Жұмекең рұқсат берген соң, несіне тоқталасың.
– Ия, шын айтам. Шала ғой, мен бұрын да шалып жүрмін ғой... құдай қабыл қылса махрұм қылмас...
– Қой, мені әуре қылма...
– Неге?
– Соны қалай шалатынын да, намазын қалай оқитынын да білмеймін.
Ә мәтіні. Қонақ асы
Ерте заманнан-ақ қазақ даласында әрбір жолаушы кезіккен қазақ үйінен қонақ асын – «бөлінбеген еншім» деп талап етуге ерікті болған. Халық аңызында бұл дәстүр Алаша ханның атымен тығыз байланысты. Алаша хан өзінің барлық мал-мүлкін тең етіп төртке бөледі де үш бөлігін үш баласы – Ұлы, Орта, Кіші жүзге еншілікке береді, төртінші бөлікті қонақ сыбағасы болсын деп, үшеуіне ортақ меншік ретінде қалдырады. Қонақтардың қазақ үйінен қонақасын – «бөлінбеген еншім» деп талап етуге құқылы екендігінің сыры осы.
Қазақ үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, табақ тартады. Бұл – қонақ асы. Ол – жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі. Үйіне қонақ түскенін мәртебе, бақытқа балаған қазақтар семіз қойын, басқа да малдарының қадірлі мүшелерін, тәтті тағамдарын «қонаққа» деп әдейі сақтап қоятын-ды. Яғни, қонақ асы – қонаққа арналған дәм, мәзір. Дәстүрлі қазақ қоғамында үйге тосын келген құдайы қонаққа, қалап шақырылған арнайы қонаққа жас мөлшеріне, туыстық жақындығына, абырой-мәртебесіне қарай сойылған мүшелерінен сыбағалы табақ тартады.
Достарыңызбен бөлісу: |