6-сынып (бжб №2) 3-тоқсан «Қазақстан және ұлы жібек жолы» БӨлімі бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



Дата16.02.2023
өлшемі21.83 Kb.
#469649
6-сынып (бжб №2) 3-то сан « аза стан ж не лы жібек жолы»


6-СЫНЫП (БЖБ №2)
3-ТОҚСАН «ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» БӨЛІМІ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


Жұмыс әрекетінің түрлері Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 6.1.6.1. Мәтінді оқу арқылы тақырыпты және көтерілген
мәселені болжау.
6.5.1.5. Етістіктің шақтарының қызметін білу, жазба
жұмыстарда қолдану.
Бағалау критерийі Тақырыпқа қатысты сөйлем құрастыруда сөз әдебі мен сөйлеу
этикеті формаларын қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 – минут

Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.




Тыңдалым. Оқылым
Отырар, Тараз, Сайрам (Исфиджаб), Түркістан (Ясы), Суяб, Баласағұн тағы сондай сияқты көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.
Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасаған тұрмыстық бұйымдар мен қару – жарақтар, киім – кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін.
Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қала кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды.
Түркістан (Ясы) ертеден «Екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды.
Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әртүрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым – қатынасын орнататын.........

I. Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап беріңдер? 2 балл
1. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер қалай атаған?
А) Бұйымдар көрмесі
В) Сауда – саттық орталығы
С) Әлем айнасы


Жазылым'>2. Жыл сайын кең көлемде қандай қаладарда жәрмеңкелер өткізілетін?
А) Сайрам мен Түркістан
В) Суяб пен Баласағұн
С) Тараз бен Исфиджап
Жазылым
II. Берілген сөздердің синонимін жазыңдар. 2 балл
Аймақ –
Ел –
Жазылым
IІІ. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазыңдар. 3 балл
1. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына ..................................
2. Мыстан ......................тұрмыстық бұйымдар мен қару – жарақтар, киім – кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін
3.Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда ......................... өткізілетін..
Қажетті сөздер: жасаған, айналды, жәрмеңкелері


Жазылым
ІV. Сызба бойынша жауап беріңдер 3 балл

Жібек жолында саудагерлер нелер сататын ?

1.

2.

3




Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор
Білім алушы

Балл

Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап беру

1



Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап береді

2


Берілген сөздердің синонимін жазу

3

Берілген сөздердің синонимін жазады.

2

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазу

4

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазады

3

Сызба бойынша жауап беру

5

Сызба бойынша жауап береді

3

Барлық балл







10 балл


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет