Қадақ – 0,5 кг-ға жуық салмақ өлшемі.
Қазақ АКСР-і, Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы 1920-1936 жылдардағы Кеңестік
автономиялық мемлекеттік құрылым.
Қазақ газеті – 1913-1918 жылдар аралығында Орынборда аптасына бір рет шығып тұрған қоғамдық, саяси
және әдеби газет.
Қазақ революциялық комитеті (Қазревком) – Кеңес өкіметінің қазақ өлкесін уақытша басқару үшін 1919
жылы 13 шілдеде құрған органы.
Қазы – билік айтушы, төреші. Мұсылмандық сот, мұсылман құқығын жақсы білетін адам.
Қазына – түрлі бағалы заттар, дүние-мүлік; материалдық байлық.
Қайта құру – ХХ ғасырдың 80-жылдарының ортасында пайда болған саяси-экономикалық атау.
Қалан – монғолдар билігі орнаған жерлерде егіншілерге салынатын салық.
Қалқан – арнайы металл мен қалың теріден жасалатын қорғаныс құралы, батырлардың бес қаруының бірі.
Қамбар ата – жылқы малының пірі.
Қаңқаш – Оғыз мемлекетіндегі шонжарлардан құрылған кеңес.
Қара бұдундар – қағанатты қарапайым халық
Қара металлургия – руда және руда емес шикізат өндіретін және байытатын, отқа төзімді материалдарды,
кокс химия өнеркәсәбінің өнімдерін, шойын, болат, прокат, темір қорытпаларын өндіретін ауыр өнеркәсіптің
саласы.
Қара шығын – алдын ала көзделмеген, төтенше шығындар жұмсауға тура келген жағдайда халықтан тез
жинап алынатын салықтың түрі.
Қаражүздіктер – патшалық Ресейдегі барып тұрған реакционер, шовинист әрі монархистер тобы.
Қарақол – туғанына 1-3 күн болған қаракөл тұқымдас қозылардан алынған елтірі. Қаракөл әртүрлі пішін мен
мөлшерде бұйраланған қалың, жібек тәріздес түгімен ерекшеленеді.
Қарақалпақтар – Оңтүстік Арал аймағында көшіп-қонып жүретін түркі тектес халық. Қазір қарақалпақтар
Өзбекстан Республикасының аумағында тұрады.
Қарақытай – монғол тектес қидандардың атауы.
Достарыңызбен бөлісу: |