6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы



Pdf көрінісі
бет275/308
Дата04.04.2023
өлшемі3.22 Mb.
#471670
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   308
Жұбанышев

Президенттік басқару – төтенше жағдай жарияланған аймақтардағы азаматттардың мүдделерін қамтамасыз 
ету үшін заңмен қарастырылған, президент енгізетін уақытша басқару (мысалы, Үндістанда, АҚШ-та). 
Президенттік басқару кезінде мемлекеттік билік пен басқару органдарының өкілеттілігі уақытша 
тоқтатылады, ал олардың міндеттерін атқару президент құрған органға немесе ол тағайындаған қызмет 
адамына тапсырылады. 
Президиум (лат. prfesidium, сөзбе-сөз – қорғаныс; ауыспалы мағынасында – төрағалық) – жиналысты
мәжілісті алқалы түрде жүргізу үшін сайланған адамдардың тобы; бірқатар саяси, қоғамдық т.б. ұйымдардың 
басшылық органы. 
Пристав – Ұлы жүз қазақтарын басқару үшін бекітілген лауазымды қызмет. 
Присяжный суд – сайланып қойылған қосшы билер қатысатын сот. 
Прогресс алға жылжу, даму үдерісіндегі жақсару, регреске қарама-қарсы құбылыс. Әлеуметтік прогресс
ғылыми-техникалық прогресс, ғылыми прогресс болып бөлінеді. 
Пролетариат – капиталистік қоғамдағы негізгі таптардың бірі, өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктеу 
құқығынан айырылған жалдамалы жұмысшылар табы; өмір сүруінің жалғыз қайнар көзі өзінің жұмыс күшін 
меншік иелеріне (капиталистерге) сату болып табылады. 
Протекторат – екі жақтың тең емес келісімі негізінде бекітілген және тәуелді елдің мемлекеттілігінің сыртқы 
белгілерін сақтай отырып, екінші бір елдің қол астына толық өтуімен сипатталатын үстемдік. 
Путч (нем. рutch) – шағын топтың мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатын көздеген бүлігі. 
Пұт – құдайдың адам, жануар және құс бейнесіндегі мүсіні. Адамзат тарихының ерте кезеңінде пұт жасауға 
тас, сүйек, ағаш қолданылса, кейіннен металдардан жасайтын болған. 
Пұт – салмағы 16,3 кг-ға тең ауырлық өлшемі. 
Рабад – ортағасырлық қаланың егін егушілер мен мал өсіруші қарапайым хлық тұратын сыртқы бөлігі. 
Радикализм – терең, батыл шаралар қолдану әрекеті. Мәмілеге келмейтін саяси ұйымдар тобы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   308




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет