Реформа – қайта құру, өзгерту, қайта жасау.
Ру – өзінің шығу тегін бір желіден (аналық немесе аталық) алатын, көбінесе өздерін бір атаның ұрпағымыз
деп сезінетін, ортақ рулық атты алып жүретін, қандас туысқандар тобы.
Рубасы – ру билігін жүргізетін адам.
Руна жазуы – түркілердің көне жазуы.
Саба – қымыз ашытуға арнап жылқы терісінен жасалатын сыйымдылығы мол ыдыс
Сабау – жүнді сабап қопсытуға арналған таяқшалар.
Саботаж – өндірістік жұмысқа әдейі кедергі келтіру.
Сағанатам – діни құрылыс, төрт құлақты етіп тұрғызылатын мазардың бір түрі.
Садақ – жебе ататын қару. Оның адырнасы мықты қайыстан жасалып, жағына керіледі.
Сайлау құқығы – азаматтардың өкіметтің органдарын сайлау және оларға сайлану құқығы.
Салжұқтар – түрік-оғыздардың үрім-бұтағы. Оғыз тайпалық одағынан бөлініп шыққан кездегі басшы көсемі.
Салжұқтардың атымен аталған.
Сал-серілер – ақындық пен әншілік бойына туа дарыған өнер иесі.
Самодержавие – революцияға дейінгі Ресейдегі патшаның шектеусіз жоғарғы билігі мен осындай билікке
негізделген басқару жүйесі.
Саналы адам – ақыл-ой қабілеті мен дене құрылысы бойынша алғашқы жартылысынан әлдеқайда жетілген
адам. «Саналы адамның» түр-тұлғасы мен ойлау дәрежесі бүгінгі адамдармен теңдес келеді.
Сандық – киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы.
Сардарбек – сарбаздардың басшысы, қолбасы.
Сардоба – су сақтау әрі белгі мақсатымен тұрғызылған күмбезді құдық.
Сауыт – шар болаттан көз салып тоқыған, кеудеге киетін қорғаныс киімі.
Селекция – будандастыру арқылы малдың не өсімдіктің жаңа түрлерін шығару, джақсарту, сұрыптау алу
әдісі.
Семинария – мұғалімдер даярлайтын кәсіби оқу орындарының бір түрі.
Семсер – болаттың ең асылынан жасалатын ұрыс қаруы.
Сенат – 1) Ежелгі Римде жоғарғы мемлекеттік органдардың бірі; 2) Қазақстан Парламентінің жоғарғы
палатасы.