Болыс – әкімшілік-аумақтық бөлік, сондай-ақ осы бөлікті басқарушы лауазымды қызмет иесі.
Большевизм – В.И.Ленин бастаған саяси қозғалыс пен саяси ойдың ағымы. РСДЖП ІІ съезінде (1903 ж.)
басқарушы органдарды сайлау кезінде В.И.Лениннің жақтастары көпшілік дауысқа ие болып, большевиктер
деп атала бастады.
Боз – мақта матадан тоқылған кездеме.
Бөрі – ежелгі түрік қағанатының дербес жасағының атағы.
Буржуазиялық революция – негізгі міндеті феодалдық құрылыс пен оның сарқыншақтарын жою, буржуазия
билігін орнату, буржуазиялық мемлекет құру болатын әлеуметтік революция.
Бұйда – түйенің мұрындығына тағылатын бас жіп.
Бұлақ – түрік тілдес тайпа.
Бұратана – бодан, бағынышты, кіріптер жұрт, халық.
Білікшілер – іс-қағазын жүргізушілер, хатшылар.
Бюрократия – қоғам мүшелеріне белгілі бір артықшылықтары бар үкімет аппаратының көмегімен іске
асырылатын басқару жүйесі, шенеуніктердің билігі.
Вақф, Вакуф – мұсылман елдеріндегі діни немесе қайырымдылық ұғымдарының сыйға тартқан ие болмаса
өсиет еткен түрде ұсынылған, салық салынбайтын, тартып алынбайтын мүлік (тиісті жер)
Вақф – мешіттер мен медселердің жер иелігі.
Валюта – бір мемлекеттің тұрақты ақша бірлігі.
Ведомство – нақты бір мемлекетте қоғамдық өмірдің бір саласын немесе аясын басқаратын жіне мемлекеттік
басқару органдары жүйесіне кіретін орталық мекеме.
Волюнтаризм (лат. voluntas – ерік) – 1) ерікті болмыстың жоғарғы қағидасы ретінде
қарастыратынфилософиялық бағыт; 2) объективті шарттарды ескермейтін, ерікті шешімдермен сипатталатын
әрекет.
Гарпун – ұшы сүйектен жасалған, аңға қадалғанда шықпай қалатын ілмек кертігі бар сүңгі найза.
Геноцид – халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай жою.
Геосаясат – мемлекеттердің немесе мемлекет блоктарының аумақтық-кеңістік ерекше жағдайларының
жергілікті, аймақтық, құрлықтық және әлемдік халықаралық үдерістердегі орны мен нақты тарихи ықпалын
түсіндіретін теория.
Геосаясат – мемлекеттің сыртқы саясатының географиялық факторларға – аумағына, ауа райына, қазба
байлықтарына, т.б тәуелділігі мен байланысын көрсететін тұжырымдама.
Достарыңызбен бөлісу: |