6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


АЛЖИР (Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері)



Pdf көрінісі
бет255/308
Дата04.04.2023
өлшемі3.22 Mb.
#471670
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   308
Жұбанышев

АЛЖИР (Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) – Сталиндік тоталитарлық жүйе кезінде «халық 
жаулары» саналып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлері мен қарапайым 
адамдардың әйелдері мен қыздары жазықсыз жазасын өтеген Ақмола облысындағы лагерь. 
Алмас қылыш – болаттың ең асылынан соғылатын батырлардың бес қаруының бірі. 
Аманат – кепілдікке берілген адам. Көрші мемлекеттің басшылары жасалған шартқа адалдық белгісі ретінде 
қазақ хандарының, сұлтиандарының, билері мен батырларының беделді отбасынан балаларының біреуін 
кепілге алатын болған. 
Анимизм – жануарлар мен заттарда және табиғи құбылыстарда мекен ететін ғажайып, тылсым мақұлұқтар 
кейіпіндегі жан мен рухқа байланысты ең ежелгі діни сенім. Анимизм ата-баба әруағына табынудан, жанның 
мәні өмір сүретіне сенуден айқын көрініс тапқан. 
Аннексия – бір елді немесе оның бір бөлігін екінші күшпен қосып алуы. 
Антрапология – адамның шығу тегі мен даму эволюциясын, адам нәсіпелдерінің пайда болуымен сыртқы 
биологиялық қасеттерін зерттейтін ғылым. 
Аң стилі – негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздардағы қиял-ғажайыптарды бейнелеу болып табылатын, 
б.з.б. VIII-II ғасырларда далалы аймақтарда сәндік сипатқа қолданылған өнер түрі. 
Аңыз – халықтың қиялынан туған таңғажайып оқиға. 
Арба – көлікке жегілетін тасымал құралы. 
Арқан – мықтылық үшін арнайы қыл қосылып жүннен есілетін ұзын жіп. Негізінен көші-қон, мал 
шаруашылығына қолданылған.
Арсенал – қару-жарақ, оқ-дәрі, әскери жабдық қоймасы. 
Археология – заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым. Археология 
атауы грекше «архео» - көне, «логос» - зерттеймін деген мағынаны білдіреді. Алғаш рет бұл атауды ежелгі 
грек философы Платон қолданған. 
Арыс – бірнеше рудың бірлестігі. Оны би басқарған.
Асар – маусымдық жұмыстарды жүзеге асырудағы тұрмыстардың өзара көмегі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   308




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет