1. Батыс түрк қағанатына тән ескерткіштер. Бұлар негізінен Орхон ескерткіші деп аталады да, оған: 1. Орхон өзенінің бойынын табылған ескерткіштер. 2.Алтай тауының арасынан табылған ескерткіштер енеді. Ғалымдарымыз бұл ескерткіштерді VII-VIII ғасырларда жазылған деп шамалайды. Тасқа жазылған сына жазулардың ішіндегі ең үлкені де, тілдік материалдары жағынан құндысы да осы дәуірге сай келеді.
2. Қырғыз қағанатына тән Енисей жазу ескерткіштері.Енисей жазу ескерткіштерінің қай кездерде жазылғандығы туралы түрлі пікір бар. Мысалы, бұл ескерткіш тілін Сергей Ефимович МаловV-VI ғасырдағы түріктер тіліне, В.Томсен мен Платон Михайлович Мелиоранскийлер VI-VII ғасырлар түркілер тіліне, Василий Васильевич Радловтың VII-VIII ғасыр түркілер тіліне тән деп көрсетеді. Ал, Л.Р.Қызласов бұл ескеркіштерді IX-X ғасырда жазылған деген пікір айтады. Енисей жазу ескерткіштерін Орхон жазу ескерткіштеріндей көлемі жағынан өте үлкен емес. Олардың ең үлкені Уйбат өзенінің бойынан табылған. Уйбат III деп аталатын ескерткіш 478 таңбадан тұрады.
3. VIII-X ғасырларда жазылып, Лена-Байкал өңірінен табылған ескерткіштер. Бұл ескерткіштер Құрыхан тайпалар одағына тиісті.
4. Талас және Ферғанадан табылған руникалық ескерткіштер. Бұл оғыз ескерткіштері батыс түрк тайпаларының ұрпақтарына тән, VI-VIII ғасыр аралығында жазылған.
5. VIII ғасырдың екінші жартысы мен IX ғасырларда жазылған Монғолиядағы ұйғыр қағанатына тиісті болған Семиги және Қараболғасұн ескерткіштері.
6. Шығыс түркстандағы ұйғыр мемлекетіне (IX-X) тән ескерткіштер мен турфан жатады.
7. Хазар қағанаты мен Печенек тайпаларына тиісті шығыс Еуропадан табылған ескерткіштер.
Соңғы кездерде көне түркі жазуымен жазылған ескерткіштер Жетісу өңірінен табылады.
Бұлардың ішіндегі ең көлемдісі де, тілдік материал тұрғысынан ең байы да, күні бүгінге дейін жан-жақты зерттеліп келе жатқан Орхон өзенінің бойында тасқа ойылып жазылған жазулар. Бұл жазулардың бәрінің де тіл жағынан бір-біріне жақындығы айқын сезіледі. Сонымен қатар оларда диалектілік ерекшеліктердің бар екендігі де айқын аңғарылады.
IX-X ғасыр жазба ескеркіштерін үш қағанаттың мұрасы ретінде қарастырамыз. Олар: 1. Түрк қағанаты. 2. Ұйғыр қағанаты. 3. Қырғыз қағанаты.
Осы үш қағанаттың үшеуі де түркі тілдес болғандықтар өзіндік тілдік ерекшеліктері, этникалық айырмашылықтарымен ерекшеленуі мүмкін. Егер тарихи деректерге сүйене сөз қозғайтын болсақ, олардың кезінде бір қағанаттың құрамына енгендігі де мәлім. Түрк қағанатының екіге бөлінуі, олардың бір тармағының батысқа қарай жылжып, Орта Азия мен Балқан жарты аралына дейінгі аралыққа таралу, сөзсіз тілдеріне де белгілі дәрежеде әсер еткен.
Осының нәтижесінде түркі тілдес бірнеше шағын топтар пайда бола бастады. Мәселен, IX ғасырда Монғолияда қырғыздардың, Жоңғарияда ұйғырлардың, Жетісу өңірінде қарлұқтардың мемлекеті пайда болады. Ал Бұхара, Самарқанд, Қашқар, Ферғана, Хорезмдерді түрктер парсы тілдес халықтармен араласып кетеді. Сырдарияның төменгі ағысы мен Каспий жағалауын тоғуз-гуздар, гуздар, түрктер деп аталып кеткен көшпенді оғыздар мекендеді. Орал мен Жайық аралығында печенектер, Ертіс жағасында қимақтар, Енисей бойында қырғыздар орналасты. Орыс жерімен шекаралас аймақтарда түрктердің Хазар және Бұлғар мемлекеттері көршілес жатты.
Бұл тайпалар бір жерде ұзақ уақыт тұрақтап тұра алған емес, өйткені олар сол дәуірде көшпенділіктің екінші сатысын өз бастарынан кешіруде болатын. Түрлі жағдайларға байланысты ауық-ауық қоныс ауыстырып та отырған. Яғни түркі тайпаларының аралас-құралас тұруы X ғасырларда әлі де тоқтамаған процесс болатын. Бірақ Сібірдегі түркі тайпалары мен Батыста қоныстанған түркі тайпаларының бір-бірімен араласуы өте сылбыр еді. Соның салдарынан Шығыстағы оғыздар, ұйғырлармен қырғыздар бастаған түркі тектес тайпалардың арасы батыстағы бұлғар, хазар, печенектерден бөлініп қалады. Түркі тілдерінің кейінгі кезеңдердегі даму барысы бұл жіктің бұрынғыдан да алшақтай түсуіне түрткі болды.
Шығыс түркі қағанатының құрамындағы тайпалар тілінің жазба ескерткіштері көбірек сақталғандықтан, олардың сол дәуірдегі түркі тілдерінде бар диалектілік ерекшеліктерді айқын байқауға болады. Ал, батыс түрк қағанатының құрамындағы түркі тайпаларының ондай жазба ескерткіштері қалмаған.
Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінін тілін салыстырып қарасақ, оларда дыбыстық өзгерістердің барлығы анық көзге түседі. Дауысты дыбыстардың алмасу ерекшеліктеріне қарай саралап: 1. А-тіл (ә,о,ө), 2. і-тіл(ы,у,ү) деп бөлу бар. Руникалық жазба ескерткіштерінде а дыбысы мен ы дыбысының орын алмастырып, қосарланатындығын: еч-іч («бол» мағынасында), ад-ід («ағу» мағынасында), те-ті («де» мағынасында), тас\дас-тыс\тыт («тысқары мағынасында») көп ғалымдарымыз да көрсеткен болатын. Дауыссыз дыбыстардың қолданылуында да айырмашылықтар бар. Мысалы, б және м дыбыстарының сөз басында бірінің орнына бірі ауысып қолданылуы жиі байқалады. Тіпті, бір ескерткіш тілінің өзінде-ақ бұл екі дыбыстың орын алмасып қолданылғаны кездеседі. Ман(мен), ваңа(маған) (Енисей), вäңкӥ (мәңгі) (Енисей).
Орхон-Енисей ескеркіштерінің тіліндегі ерекшеліктер толық зерттелмеген. Дегенмен де, ескерткіштер тіліндегі дауыссыздар дыбыстардың қолданылу ерекшелігіне қарай оларды бірнеше топқа бөлуше болады. А.Н.Баскаков оларды екі топқа бөледі.
Бірінші топқа көне оғыздар мен қырғыздардың тілінен дерек беретін Орхон-Енисей жазуы ескерткіштерінің тілін енгізуге болады. Бұл тілдің мынадай ерекшеліктері бар: 1. сөз ішінде, сөз соңында ң, н, й дыбыстары ауыстрып пайдаланылады: аңығ, анығ, айық (дурной, злой); көң, қон, қой (овца), йаң, йан, йай (рассеивать), чығаң,чыған, чығай (бедный), қытаң, қытан, қытай (қытай);2. сөз соңындағы ғ мен в-ның орнына б дыбысын қолдану. Суб(суғ, сув деудің орнына) -су, -аб, (-ав деудің орнына)–ау; 3. Сөзcоңындағы б мен м дыбысын ауыстырып қолдану: бен, мән («мен» мағынасында), биң, бың, мың («мың» мағынасында); 4.Көсемшенің –ып,-іп қосымшасының орнына –пан қосымшасын қолдану; 5.Екінші жақ өткен шақтық -тығ, -тығыз қосымшасының болуы. 6.III жақ бұйрық райы -суы, -чук формасының болуы. 7.етістіктің -сығ формалы рай қосымшасының болуы. 8. ғырынч демеулігінің қолданылуы.
Екінші топқа көне ұйғыр тілін жатқызуға болады. Бұлар өз ретінде екі топқа бөлінеді де, алғашқысына манихей жазу ескерткішінің тілі немесе көне ұйғыр тілініңн диалектісі жатады. Ал, екінші топқа манихей жазуынан кейінгі дәуірдегі жазба ескерткіштері (будда, брахма және христиан тәрізді діни сюжеттегі жазулардың тілі) немесе й диалектісі жатады. Н диалектісінің өзіндік белгілері мыналар: 1.ашық а/ә дыбыстарының орнына ы/і дыбыстарының қолданылуы. Мысалы: құралдық септігі -ан, -ән, қосымшасының орнына -ын,-ин; дерексіздік есімнің жұрнағы -лағ,-лэг орнына –лығ, -лиг қолданылады. 2. II шақ өткен шақтың –тығ\тығыз қосымшасы бар. 3. Көсемшенің -ып,-іп қосымшасымен бірге -пан қосымшасы да қолданылады. 4. Етістіктің -сығ қосымшасы да бар.
И диалектісінің негізгі ерекшеліктері мыналар: 1. ғ мен д дыбыстарының орнына в дыбысының қолданылуы: сув (суб, суғ орнына) «су» мағынасында, ав(аб орнына)-«ау» мағынасында. 2. Көне көсемшенің қосымшасы –пан орнына -ып,-ип көбірек қолданыла бастаған. 3. -сығ қосымшасының орнына –ғу, -луг қосарлана қолданылатын болған. 4. Бұйрық райының II жағын -зун қосымшасына ие болған. 5. Өткен шақтың –тың\-тыңыз қосымшасының орнына –тық\\-тығыз жарыса қолданыла бастаған.
IX-X ғасырлар жазба ескерткіштерінің тілінде р және д\т-с\з құбылысты тілдердің арасы ашық межелене бастаған. Р тілдерінде хазар, бұлғар (қазіргі чуваш) және оғыз тілдері жатады. Міне осы тілдерде д мен р дыбысының сәйкес келу заңдылықтары XII ғасырға дейін созылып келген. Мұны Еділ бұлғарларының құлпытастарына жазылған жазуларда шығыс септігінің -дан,-ден қосымшасының орнына -ран жалғауының (döjaran-дүниеден) қолданылғанынан көреміз. Сондай-ақ өткен шақтық–ды\ді қосымшасының қызметін –ры\-рі атқарған. Ал р мен з/c дыбыстарының жарыса, қатар қолданылуы осы тұста жиі кездеседі.
Бұл дәуірде түркі тілдерінің кейбіреулерінде й,ж/з,д дыбыстарымен сөйлеу ерекшелігі де жайлап байқала бастады. Академик Андрей Николаевич Кононов сол кездегі оғыздар мен қыпшақтардың тілін й, ұйғырлардың тілін д, қырғыздардың тілі з(z) деп топ-топқа бөліп көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |