6-тақырып. Түркі тілдерінің дамуындағы көне түркі, орта ғасыр дәуірлері Жоспары


Түркі тілдерінің дамуындағы орта ғасыр дәуірі



бет3/4
Дата04.01.2023
өлшемі41.67 Kb.
#468105
1   2   3   4
6-лекция

Түркі тілдерінің дамуындағы орта ғасыр дәуірі.X-XV ғасырлар түркі халықтары үшін өте маңызды әлеуметтік оқиғаларға толы, олардың әрқайсысының жеке-жеке халық ретінде қалыптасып, өз алдына отау тіккен дәуірі болды. Басқа сатылардан гөрі бұл дәуірдің басты ерекшелігі жалпы түркі тілдеріненбөлініп шығып, дербес тілдердің қалыптаса бастауында жатыр. Халықтардың жеке отау тігіп, бір ортадан бөлініп шығу жолы бір оңдаған жылдармен ғана шектелінбейді, қайта бірнеше ондаған жылдар бойына созылатындығы белгілі.Сондықтан да әр халық белгілі бір тайпалар одағының ықпалында болып, өзара ұзақ уақыт бойы бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Уақыт озған сайын біртіндеп жайлап бірі екіншісінен іргесін алшақ салып, даралана бастайды. Бұған, әрине, халықтардың әлеуметтік даму дәрежесі, орналасқан географиялық ортасы, тіл дербестігі, діни нанымдары т.б. қозғаушы күштер себепші болады. Орта ғасыр түркі тайпаларының дамуына да осындай факторлардың үлкен әсері болды.
X-XV ғасырларда түркі тайпалары жасаған өлке өте кеңейген және бірнеше мемлекетке бөлінген болатын. Олардың тілдерінде де, діндерінде де алшақтық анық байқала бастады. Орта Азиядағы түркі тайпалары ислам дінін қабылдап, араб тілінің ықпалына түссе, Сібір түркі тайпалары монғол тайпаларымен, угро-фин тайпаларымен байланысты. Чуваш, саха (якут) сияқты халықтардың ата тегі өзінің тілдес тайпаларынан қол үзіп, чуваштар угро-финн, сахалар монғол тайпаларының қоршауында қалды. Орта Азия мен Жетісуда жасайтын түркі тайпаларында да тілдік, этнографиялық ерекшеліктер байқалына бастады. Бір топ түркі тайпалары отырықшы, жерге таңылған болса, екінші бір топ тайпалар көшіп-қонып, көшпенді өмір сүрді. Отырықшы тайпалар жергілікті парсы-тәжік тілдес халықтармен араласып, қостілділік пайда болды. Кавказ өңіріндегі жағдай мен Кіші Азиядағы жағдай да бірдей емес еді. Тілдік ерекшелігі жағынан да олардың бөліне бастауы заңды болды. Бірақ монғолдардың шабуылы бұған теріс ықпал жасады. Қалыптасып келе жатқан жаңа этникалық, тілдік топтарды араластырып жіберді. Жалпы Ұйғыр қағанаты мен Қырғыз қағанатының ыдырауы, Сібір түркі тайпаларының батысқа қарай көшуі Қазақстан мен Орта Азияда жасайтын түркілердің өміріне өзгеріс енгізеді. Бұл кезде Орта Азияда Саманнидтер династиясы билік құрып тұрған болатын. Ал түрктер болса, бұл кезде соғдылармен аралас тұрған. Тіпті, саманилер өздерінің таңдамалы әскерлерін де осы түрктерден жасақтағаны бізге тарихтан белгілі. Соғды халқы өте жоғары мәдениетті, егіншілікпен және сауда-саттық істерімен айналысқан. Тіпті VI-VIII ғасырлардың өзінде-ақ олар түркі тайпалары мекендеген Жетісу өлкесіне дейін қоныс аударып, жергілікті халықпен тығыз араласа бастаған. Соның нәтижесінде олар сол кездегі өзге елдермен қатынасудың арнасы болған Ұлы Жібек жолын өз қолдарынан шығармай ұстап отырған.
Жетісу өлкесінде X ғасырда айналасына күшті ықпал жасап, алыс-жақынды билеп-төстеп отырған оғыздар өмір сүрген. Оларға дейін болған қарлұқтар туралы алғашқы дерек V ғасырдың ортасынан бастап кездеседі. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінде де қарлұқтар жайында мәліметтер бар. Олардың Жетісуда ірі-ірі Құлан, Меркіт сияқты қалалар да болған. Қарлұқтар құрамы жағынан алғанда бір тайпа емес, бірнеше тайпаның бірігуіне барып құралған үлкен одақ болатын. Қарлұқтар өте кең аймақты иемденді. Олар Шаш өлкесі мен Балқаш, Ыстықкөлайналасына дейінгі аралықты мекендеген. Жер көлемінің алшақтығынан ба, әйтеуір, екі орталығы болған: оның бірі-Баласағұн қаласы, екіншісі-Қашғар қаласы. Қарлұқтар түркі тілдерінің әр түрлі диалектісінде сөйлеген. Солай бола тұрса да олардың й және ж тілдермен сөйлеген екі тобы болғандығы анық. Олардың тілі, әдет-ғұрпы туралы М.Қашғаридың сөздігінен толық мәлімет алуға болады. Осы қарлұқтардың айналасына шоғырланған түркі тайпалары Жетісуда қараханидтер деген атпен белгілі болған мемлекет құрады.
Қараханидтер құрамына кірген, қарлұқтардан кейінгі үлкен тайпаның бірі-шігілдер. Бұлар Тараз бен Ыстықкөл айналасындағы далада көшіп-қонып жүрген. Араб тарихшыларының деректеріне қарағанда, шігілдер киіз үйлерде тұрған, бастарына киізден істелген қалпақ киетін болған, баққан малдары-сиыр,қой, жылқы, ал өздері күн, жұлдыз сияқты т.б. пірлерге табынатын болған. М.Қашқаридің айтуынша, шігілдер тобы түркі тілінде сөйлеген. Олардың құрамын қоныстарына қарай ол 3 топқа бөлген:1. Барсаған қаласынан сәл арырақтағы Кум қаласын мекендеген шігілдер, 2. Тараз айналасындағы қалаларда тұратын шігілдер, 3. Қашғарды мекен еткен шігілдер.
Қараханидтер құрамына кірген үшінші тайпа-яғмалар. Бұлар да өздерінің тілін таза сақтап келгендердің бірі. Олар Ыстықкөлден Қашқарға дейінгі жерлерде көшіп-қонып жүрген, негізгі тұрағы- Шығыс Түркістан. Өзге көршілес тайпаларға қарағанда бұлардың жауынгершілікпен аты шыққан. Осы үш тайпа қараханидтер әулетінің тұрмыс тіршілігінде үлкен рөл атқарғаны анық, бірақ оларменен терезесі тең басқа да тайпалардың болғандығы шек келтіруге негіз жоқ. М.Қашғари таза тілдердің қатарына ең жақыны оғыз, ең жақсысы деп тухси, яғма тілдерін де қосқан. Оғыздар қарлұқ бірлестігінің құрамына енгені болмаса, билеуші тайпа дәрежесіне көтеріле алмаған. Ал аргулар мен тухсилардың қарлұқтарға ықпалы болғанымен, билік қолдарына тимеген. Олар Испиджаб, Тараз, Баласағұн, Суябты мекен еткенімен, тегі жағынан түргештерге барып тіреледі.
3.Қараханидтер дәуірінің жазба ескерткіштерінің тілінде ең құндысы да, көлемдісі де Юсуф хас Хажибтің «Құдатғу білігі» мен М.Қашқаридің «Диуани лұғат-ит түрк» деген еңбектері. Әрине, ол дәуірде түркілер біршама мәдениетті мемлекет болғандығы аян. Егер қарлұқтар бірлестігінен кірген тайпалар Турфан ойпатындағы ұйғыр мәдениеті мен Орта Азиядағы соғды, араб мәдениетінен нәр алғандығын, Баласағұн, Қашғар, Самарқанд, Бұқара сияқты мәдени орталықтары болғандығын ескеретін болсақ, қараханид түрктерінің жоғары мәдениетті мемлекет болғандығын дәлелдеудің қажеті болмас. Оның үстіне қарлұқтар VIII ғасырда, өз кезіндегі көп діннен гөрі бір саты ілгерілеу тұрған ислам дінін қабылдаған. Бұл жағдай араб мәдениетінің қараханидтер ортасына тосқауылсыз жетуіне мүмкіндік туғызған.
Қараханидтер дәуіріндегі түрктер арасында үлкен бір тайпалар одағы-оғыздар болды. Оғыздар да өзінің бірлестігін Жетісудан құрған болатын. Бірақ олар батысқа қарай жылжу барысында өздерінің құрамын толықтырып отырған.
XI ғасырда батыс жағынан қозғалған қыпшақтардың қысымымен оғыздар Арал, Каспий жағалауларынан ірге көтеріп, оңтүстікке қарай ығыса бастайды да, Түрікменстан мен Хорезм жеріне келіп жетеді. Бұл кезде Әмударияға дейінгі жерлер қараханидтердің қол астында еді де, Әмударияның батысы Ауғанстанмен бірге газнауилерге тәуелді болатын. Бұл жерлерді ол заманда бүгінгі түрікмен әулеті (оғыздар) жайлайтын. Олардың бір бөлігін Микаил ибн Селжук басқарып, Зарафшан айналасында көшіп-қонып жүрген. Селжуктер жекелеген рулар одағынан біріккендігі белгілі, алайда кейбір түрікмен тарихшылары оны түрікмендердің ең үлкен руы қанықтан таратады. М.Қашғари да селжүктердің арғы тегі-кіпік деп көрсетіп, оның басшылары қақан (хан) болғанын ескертеді. Бірақ Селжүк оғыз атағын алмаған, үнемі сюбашы (қолбасшы) атағында жүрген. Дегенмен де олар көптеген руларды айналасына топтап, іргелеріндегі газнауилерге де, қараханидтерге де жайсыз бола бастады. 1025 жылы түркімендер Махмуд Газнауидің келісімімен Әмудариядан ары Хорасан жеріне өтеді. Бірақ түрікмендер мен жергілікті халық арасында үздіксіз қақтығыс болып тұрады. Сондай ұрыс-керістен ашынған М.Газнауи түрікмендерге қалың қолмен қарсы көтеріліп, оларды ойсырата жеңеді.
Қараханидтер Орта Азияға үстемдік құрған кезінде Қазақстанның солтүстік және солтүстік батыс өлкелерінде қыпшақтар күшейе бастаған болатын. VIII-IX ғасырларда қыпшақтар Қимақ мемлекетінің құрамында, соған бағынышты болған. X ғасырда олар өз алдына отау тігіп, қимақтардың бір бөлегін өзіне қаратып, күшейе бастады. Ал XI ғасырда болса өте кең өлкені (Ертістен Еділге дейінгі) иемденіп, бір жағынан орыстармен, екінші жағынан Орта Азия мемлекеттерімен күш сынаса бастайды. Орыстар оларды половецтер деп атаса, византиялықтар кумандар деп атаған. Қыпшақтардың Арал, Каспий және Еділ бойларына келуі бірқатар түркі тайпаларның өз жерінен кетуіне мәжбүр етті. Мысалы, печенектер қыпшақтардан ығысып, Донның екінші жағына не орыс князьдіктерінің қол астына өтуіне, оғыздардың Арал мен Каспийдің солтүстігінен ығысып, Әмудың жоғарғы ағымына қарай көшуіне мәжбүр болды. Осы дәуірде оғыздар мен шығыс печенектердің қосылуынан Киев мемлекетінің оңтүстігінде, Рось дариясының бойларында жаңа этникалық топ қара бөріктілер пайда болды. Қыпшақтар этникалық құрамы жағынан бір текті болмаған, бірнеше тайпалардан құралған. Мысалы, Ан-Нувери мен Ибн Халдунның көрсетуінше, қыпшақтар құрамында токсаба, йета, буржоглы, бурлы, канг-оғлы, анджоғлы, дурут, карабароғлы, джузан, карабирикли (қарабөрікті), котян сияқты тайпалар енген.
Қыпшақтар XIII ғасырға дейін өз үстемдігін Кавказ етектеріндегі халықтарға, оңтүстігінде Хорезм мемлекетіне дейінгі, шығысында Тонас өзенінің бойларына дейінгі өлкеге жүргізіп тұрды. XV ғасырда жеке халық болып бөлініп шыққан қазақ, қарақалпақ, ноғай, құмық, қарашай, малқар, татар, башқұрт, өзбек халықтарының этникалық құрамына енді, халық ретінде қалыптасуында негізгі қызмет атқарады. Қыпшақтар монғол шапқыншылығын да, Алтын Орда үстемдігін де, орыстардың қыспағын да, өз билеушілерінің тақ таласын да көрді, бірақ өз ерекшелігін сақтапқалды.
Қыпшақ тілінің материалдары Әбу Хаян, М.Замахшари, Жамалад-Дин ат-Турки, Ибн-Муханна сияқты тілші ғалымдардың еңбегіне арқау болды. Алтын Орда дәуірінде Сырдың төменгі ағымында қыпшақ-оғыз не оғыз-қыпшақ аралас тілдік әдеби орта пайда болды. Оның негізі Алтын Орда да болса да, екінші шеті мамлюк қыпшақтарында, мамлюк елінде жиналды. Осы аралас тілде Құтыб, М.Хорезми, С.Сараи, Әли сияқты ақындар шығарма жазды.
«Кодекс-Куманикус» таза қыпшақ тілінде жазылған шығарма болып саналады. Қыпшақ тілінің материалдарын армян тілінде жазылған ескерткіштерден көруге болады. XIII ғ басында монғолдар шабуылы басталғаны белгілі. Шыңғысхан және оның нөкерлері Түркістан, Сырдария мен Әмудария, Хорезм т.б. жерлердегі гүлденген мәдениет ошақтарын, қалаларды қиратып, жермен-жексен етті.Сондықтан да академик В.В.Бартольд: «Монғол шапқыншылығы монғолдарға қарағанда түріктердің тағдырына көп ықпал етті»,-деп дұрыс бағалаған болатын.
Шығыстағы түрк тайпаларының ішінен монғолдардың үлкен мән бере қарағандарының біріқырғыздар болатын. Қырғыздардың Енисей бойынан алғашқы қозғалуы IX ғасырға сай келеді. XV-XVI ғасыр олардың Тянь-Шаньға келіп орналасқан кезі болатын. Егер көне қырғыз тілі тува тіліне жақын болса, қазіргі қырғыз тілінің ұқсас жақтары да көп. Фонетикалық құрылым тұрғысынан тува тіліне қарағанда алтай тілдеріне жақын тұрған тіл. Шығыстағы түркі тайпалары тілдерінің даму тағдырына көз жүгіртсек, мұнда өзара жақындасқан үлкен екі топтың қалыптасқанын көреміз. Сөйтіп қырғыздар мен алтай тілдері, сондай-ақ якут, тува, хакас т.б. тілдері өзара туыстығын, жақындығын сақтап қалды.
Түркі тілдерінің дамуындағы X-XV ғасырлар аралығындағы тарихи жағдайларды жинақтап, тайпалардың бір-бірімен араласу деңгейін, ескерткіштердің жазылу ортасы мен тіл ерекшеліктерін ескере отырып, бір дәуірдің өзін ерекше қарап, бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Олар 1. Қараханидтер дәуіріндегі түркі тілдері және сол тұстағы жазба ескерткіштер; 2. Алтын Орда заманының ескерткіштері; 3. Орта Азия жазба ескерткіштер. 4. Мамлюк түркілерінің тілінде жазылған ескерткіштер.
Қараханидтер дәуіріндегі түркі тайпаларының жазба ескерткіштері көп сақталынбаған. Олардың ішінен біздің заманымызға жеткені өте көлемді де, құндылығы жағынан теңдесі жоқ ескерткіш. Юсуф Хас Хажибтің «Құдатғу білігі» мен М.Қашқаридің «Диуани лұғат-ит түрк» деп аталатын екі еңбек. «Құдатғу білігі» өлеңмен жазылған дидактикалық дастан. Юсуф дастанды Қашғарда 1069-1070 жылдары жазып бітіреді. Дастанның бір нұсқасы Гератта көшірілсе де, қазіргі уақытта Венада сақтаулы. Көшірме сапасы жағынан өте нашар орындалған, көшіруші-Хасан қара Соиль Шаме, ал үшінші нұсқа Наманганда сақталғандықтан 1913 жылы А.З.Валидов Наманган қаласының тұрғыны Мухаммед хожа эмал Лоляриктің кітапханасынан тапқан. Қазір бұл нұсқа Ташкенттегі Шығыстану институтының кітапханасында сақтаулы. Дастанның тілі, түркі тілдес халықтар әдебиетінің қалыптасуында орын алатын орны туралы көптеген зерттеулер жүргізіліп, сан алуан пікірлер айтылды.
4.Екінші үлкен ескерткіш-М.Қашғаридың сөздігі. Автордың толық аты-Махмуд ибн ал-Хусейн ибн Мухаммед. Ол 1029-1038 жылдар шамасында Қашғарда туған. Сондықтан туған жерінің құрметіне Қашғари атанып кеткен. «Диуани лұғат ит-турк» (кейін «Диуан») бізге дейін 1266 жылы 1-тамыз деп мерзімі көрсетіліп, бізге көшірме күйіндегі нұсқада жеткен. Дегенмен сөздік кейбір деректерге қарағанда 4 рет өңделіп, 1073 жылы біржолата аяқталған.
Сөздік араб тіл білімі негізінде жазылған. Түркі сөздерін араб тіліне аударып, түсіндірме берген. М.Қашғари – түркі тілдерінің фонетикалық жүйесін де, грамматикалық құрылысын да жете меңгере білген ғалым. Бірақ «Диуанда» морфология туралы там-тұмдап қана пікір айтылады да, синтаксис жайы мүлдем сөз болмайды. Грамматикаға байланысты (Синтаксис) ойларын ол өзінің екінші кітабы –«Жавохирун ноқви фи лұғат ат-түрк» (Түркі тілдерінің синтаксисіне тиісті гаухарлар) дегенде бергенмін деп сілтеме жасаған. Бірақ бұл кітап бізің заманымызға келіп жетпеген. М.Қашғаридың екі кітабы болғандығын ғалымдар да айтады.
М.Қашқари түркі тілдерін ең алғаш рет жіктеме (классификация) жасаған ғалым. Ол түркі тілдерін таза және аралас тілдер деп екіге бөледі:1. басқа тілдердің ықпалына түспеген, тек түркі тілдерінде ғана сөйлейтін тілдер. Таза түркіше сөйлейтін тайпалар қатарына яғма, тухси, қырғыз, қыпшақ, оғыз,шігіл, ырғақ, парук тайпаларын жатқызады.
Басқа тілдермен қарым-қатынасқа түсіп, бұзылған тілдерді де Қашғари үшке бөледі. Мұндағы бірінші топ түркі тілдеріне сұғдақ, қанжақ, арғу тайпалары мен Баласағұн, Тараз, Мадинат-улбайза қалалары тұрғындарының тілін қосады. Екінші топқа худондықтар, тибеттіктер және танғуттар тілін жатқызады. Үшінші топқа қай, ябаку, татар, басмық тайпаларының тілін енгізеді де, олардың тілі өзгеше, бірақ түркіше сөйлейді деп көрсетеді.
XI ғ. түркі тілдерін М.Қашқари фоно-морфологиялық ерекушеліктері мен сол тіл иелерінің орналасқан орындарына қарай екіге бөледі: 1. шігіл, яғма, тухси, ұйғырдан бастап Қытайға дейінгі аралықты алып жатқан тайпалар, яғни шығыста орналасқан түркі тайпаларының тілі. 2. Оғыз, қыпшақ, суварлардан Римге дейінгі территорияда жайғасқан, яғни батыста орналасқан түркі тайпаларының тілі. Бұл екі топтың бір-бірінен фонетикалық және морфологиялық ерекшеліктері де ашып көрсетілген. Мысалы, түркі тілдерінің шығыс тобындағы тілдерде з дыбысы сақталып айтылса, батыс түркі тобындағы тілдерде ол дыбысқа й не жай з дыбысы сәйкес келеді. Мысаы, азақ-айақ-азақ.Сөз басындағы шығс түркі тайпаларының тілінде кездесетін у дыбысына батыс тобында дж аффрикат дыбысы сәйкес келеді, не мүлде түсіп қалады: йылығ-ылығ, йинджу-джинджу (інжу). Батыс топтағы сөз басындағы м дыбысына шығыста б дыбысы сәйкес келеді: мэн-бэн (мен). Сондай-ақ шығыс түркі тілдер тобындағы етістіктің өткен шақ формасы -дук,-дүк орнына: батыста -ды,-ді формасы қолданылады.
5.Шағатай тілі деген термин Орта Азияда XIV-XV ғасырда қалыптасқан әдеби тілге байланысты қолданылатын атау. Шағатай тілі тарихқа Сакаки, Лутфи, Гадайи сияқты ақындар атымен байланысты енген болса, оның ең шарықтаған дәуірі - Алишер Науайы дәуірі деп есептеледі. А.Науайы (1441-1501) өзбек халқының ұлы ақыны, ағартушысы. Сол дәурдің барлық ақындары сияқты А.Науайы өз шығармаларын әрі парсы-тәжікше, әрі түркше жазған. Науайы түркі тілдерін араб тілімен қатар қойып, түркі тілдерінде де өте жақсы өлең жыр жазуға болатындығын айтты және іс жүзінде оны өзі де көрсете білді.
Ә.Науаи өте көрнекті мемлекет қайраткері, данышпан ақын болумен бірге, ол тіл білімі мәселесіне байланысты еңбектер жазған. Әсіресе оның толық жинағының 14 томына енген «Мухокаматул-луғатаин» («Екі тіл ») атты еңбегін ерекше атап айтуға болады. Бұл еңбек негізінен парсы, тәжік тілі мен түркі тілдерін салыстыра зерттеуге арналған. Түркі тілдерінің парсы-тәжік тілінен ешбір кем түспейтіндігін дәлелдей отырып, парсы-тәжік тілдерінің құрамында түркі тілдерінің ауысқан көптеген атаулардың барлығын ашып айтады. А.Науаи түркі тілдерінің синонимдерін, сөз мағынасының өзгеруіне, омонимдер мен омофондарға кең тоқталып, олардың поэтикалық тілдегі қызметіне талдау жасаған. Ә.Науаиының көркем шығармаларның тілі XV ғ. түркі тілдерінің ең болмағанда Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген тайпалардың әдеби тілінің қалыптасуына өзінің игілікті әсерін тигізіп, үлкен роль атқарғаны даусыз. Оның шығармаларының тілін лингвистикалық тұрғыдан талдау жасап көретін болсақ, онда олардың тілінде қарлұқ және қыпшақ элементтерінің басым екендігіне бірден көз жеткізуге болады. Ә.Науаидан кейін жасап, шағатай тілінде шығармалар жазғандардан З.М.Бабыр, М.Салықты ерекше бөліп көрсетуге болады. Захрриддин Бабыр-темурилерден тарқаған, Андижанның әміршісі, Ұлы Моғұл империясының негізін салушы.Оның түркітану тарихында «Бабурнама» деген мемуарлық шығармасы мен өлеңдер жинағы бар.
Түркітанушылар, негізінен, Бабырды тарихшылардың, әдебиетшілердің көзқарасымен зерттеген. Шындығында оның «Бабурнамасында» әдебиетке де, тарихқа да, гографиға да, тіл біліміне де, заң ғылымына да, дипломатияға да тиісті материалдар берілген, оларды өз дәуірі деңгейінде сөз еткен. Бабыр шығармаларының дені қара сөзбен жазылған. Онда шағатай тілінің нормасына сай келетін сөз қолданыстары, грамматикалық, фонетикалық белгілер сақталған. Ә.Науаи тілімен салыстырғанда Бабыр шығармаларында араб-парс сөзі аздау, бірақ қажетті жерлерінде олардан толық пайдаланған. Сондықтан да «Бабурнамада» араб тіліндегі сөйлем құрау нормалары да, көне түркі тілдеріне де тиісті болған грамматикалық формалар да көп кездеседі. Дегенмен де, «Бабурнаманы» Науаи шығармаларына қарағанда оңай түсінуге болады.
XV ғасырда шағатай тілінде жазылған көлемді дастанның бірі М.Салихтың «Шайбанинама» дастаны болып саналады. «Шайбанинама» дастаны шағатай жазба әдеби дәстүрі негізінде жазылса да, қазіргі өзбек тіліне тән сөз қолданыстар көп кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет