6-тиаКәсіпкерлік ұйымды кадрмен қамтамасыз ету


Еңбек ұжымының қалыптасуы



бет2/4
Дата22.10.2022
өлшемі96.5 Kb.
#463256
1   2   3   4
Обсөж

Еңбек ұжымының қалыптасуы. Кәсіпорын персоналды ұйым мен қызметкерлер мүдделерін сәйкестендіру жолымен қалыптасады. Ұйымның мүддесі тұрғысынан алғанда персоналдың қалыптасуы қызметкерлердің қажеттіліктерін жеткілікті деңгейде қанағаттандыра отырып, кәсіпорынның дамуын инновациялық әдістермен жүргізуге септігін тигізуі керек. Сондықтан да кәсіпорын персоналының қалыптасу үрдісі оның ағымдық және болашақтағы атқаратын қызметін жүйелі түрде жоспарлауды кешенді түрде жүргізу керек.
Қызметкерлерді жалдау баламалары.
Жаңа қызметкерлерді таңдау жұмысы бойынша шешім қабылдамас бұрын кәсіпорында жалға алу баламасы бойынша барлық іс-шаралардың жүйесін пайдаланған ұтымды. Оларға мыналар жатады:
- жұмыстан тыс уақытта жұмыс істеу, еңбектің интенсивтілігін арттыру;
- құрылымдық қайта ұйымдастыру немесе өндірістің жаңа сұлбасын пайдалану.
Өркениетті елдерде персоналды іріктеумен әдетте рекрутингтік агенттіктер айналысады. Соңғы уақытта мұндай агенттіктер Қазақстан Республикасында да пайда болды. Рекрутингтік бизнес үш деңгейде дамиды:

  1. Төменгі деңгейде бала күтушілерді, жүргізушілерді, курьерлерді, аудармашыларды жұмысқа орналастырады.Жұмысқа қажетті кандидаттарды бұқаралық ақпарат құралдарының негізінен «Жұмыс» айдарында жарияланатын газеттердің көмегімен іздестіреді.

  2. Орта деңгейде рекрутингтік агенттіктер орташа және жоғары персоналмен жұмыс істейді. Мұнда, көбінесе агенттіктің базасында жинақталған ақпарат қолданылады.

  3. Ең жоғары деңгей – «элитарлы». Мұнда ең жоғары класты кәсіби мамандар іздестіріледі: көбінесе тек ірі компаниялар үшін топ-менеджерлер, жоғары буын басшылары. Мұндай деңгейдегі мамандар жұмыссыз қалмайтындықтан, өз резюмелерін агенттіктерге жібермейді. Сонымен қатар оларда әдетте қосымша екі-үш жұмысқа шығару туралы ұсыныстар болғандықтан, мұндай мамандарды іздестірудің жалғыз тәсілі «білікті мамандарды іздеу» қағидасы болып табылады.

Аталған іздеу тәсілінің ерекшелігі келесіде: «жаңа орынға келген үміткерлер» секілді, элитарлы іздеушілер де бұқаралық ақпарат құралдарына жарнама бермейді және мүдделі жұмыспен де ісі болмайды – оларға тек өте жоғары деңгейдегі, еңбекпен қамтылған эксклюзив керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет