70. Қиярдың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, сұрыптары Қияр (лат.Cucumis sativus)-асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы.Жарық,ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, бес қырлы, ұзындығы 1,5м-дей.Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі- қияр. Қиярды үзіп алысымен де, кейін тұздалған күйінде де жеуге болады. Жемісі – жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып келеді. Түріне байланысты көлемі әртүрлі болады. Бүгінгі күнге дейін осы аймақтарда қияр табиғи жағдайда өсіріледі.
Қиярдың сабағы жатаған, бұтақтанғыш келеді. Жапырақтары сағақты, солардың қолтығында мұртшалары, өркендері, жанама тамырлары және гүлдері қалыптасады. Аталық гүлдері гүл шоғырына қалқанға, аналықтары жалғыздан, кейдешоқпарбас тәрізді орналасқан
Жылыжайда өсірілетін қияр сорты мен гибридтерінің классификациясымен таныса отырып, қазіргі таңда ең кең қолданылатын: КуражF1, ЗозуляF1, Конни F1, Палех F1, Нерль F1, Кадриль F1, Капучино F1, Подмосковные вечера F1, Анюта F1, Охотный ряд F1, Балаган F1, Берендей F1, Календарь F1, Апрельский F1, Орфей F1, Парус F1, Марьина роща F1, Кузнечик F1, Первый класс F1, Букет F1, Колибри F1, Махоан F1, Лилипут F1, Луховицкий F1, Пикник F1, Пыжик F1 тағы басқа сорттарды атап өтуге болады.
73. Қиярды ашық жерде өсіру технологиясы Егістіктегі орыны. Қияр дақылы құнарлы борпылдақ құмдауыт, саздақ қара топырақтарда жақсы өсіп-өнеді. Ауыр топырақтарда тамыржүйелері бәсең өседі және қоректік тыңайтқыштар мен ылғалды сіңіретін өнімдерінің кешігіп пісіп, жетілуіне, өнімділігінің төмендеуіне көп әсерін тигізеді. Қияр дақылын солтүстікте көшетпен отырғызу және салқын желдерден сақтандыру өте қажет.Солтүстік Қазақстанда қиярды көшетпен отырғызғандықтан мамыр айының үшінші онкүндігінеде отырғызыла бастайды. Осы уақытта күннің жылуына байланысты көшеттердін жақсы өсуіне оң әсерін тигізеді және үлкен көмек болады.
Топырақтың қышқылдылығына бейтарап болуы (РН 5,9-6,1) аналық гүлдерінің қалыптасуын қөбейтеді, бұндай жағдайда өнімдері жоғары сапалы болады [20]. Қиярды жылыжайда өсіру ашық алаңда өсірумен салыстырғанда, жоғары ылғалдылық пен жарықтың жетіспеушілігімен ерекшеленеді. Әсіресе кеш күзде немесе қыс кездерінде өсіргенде, өсімдіктерде калий мен кальцийге кажеттілік туындайды. Жарықтың нашарлауы мен азотты қоректердің жетіспеушілігі туындаған кезде калийлі қоректендіргіштер бергенде, көкөніс дақылдарының жеміс салуы мен өсуін жақсартады
Қияр жеңіл, ауалануы (аэрациясы) жақсы, құнарлы, қарашіріндісі мол, әсіресе өзен-көл арналарының топырағын тәуір көреді. Ол басқа көкөніс дақылдарына қарағанда жас көңде жақсы өседі. Көкөніс ауыспалы егісінде қиярды ерте пісетін картоптан, қызанақтан, пияздан, асханалық тамыр жемістерінен кейін орналастырады. Қияр 100 ц өніммен топырақтан 30 кг азот, 10 кг фосфор, 33 кг калий ә.е.з. бойынша алып шығады.