19. Соғыс кезіндегі драматургия
Соғыс кезіндегі пьесалардың тақырыптары
Халықтың майдан мен тылдағы екі жақты жұмысын суреттеуде драматургия да қызмет етті. Бұл тақырыптағы алғашқы
шағын шығармалар колхоз, совхоз театрларында қойылды. Олардың ішінде Ш.Хұсайыновтың, Ә.Әбішевтің, Ғ.Мұстафиннің шағын пьесалары бар еді.М.Әуезовтің «Сын сағатта», М.Әуезов пен Ғ.Мүсіреповтің «Қынаптан қылыш», М.Әуезов пен Ә.Әбішевтің «Намыс гвардиясы», Ә.Тәжібаев пен Ш.Хұсайыновтың «Мәншүк» , С.Мұқановтың «Жеңіс жыры», «Гвардия, алға!», Ә.Әбішевтің «Қырағылық» сияқты пьесалары жазылды. Осы кезде туған пьесалар ішінде қазақ тарихының мәселелеріне арналған және фольклорлық сюжетке құрылған пьесалар да болды. М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды», Ш.Құсайыновтың «Амангелді», Ә.Тәжібаевтың «Жомарттың кілемі», «Біз де қазақпыз», Ш.Құсайынов пен Қ.Қуанышбаевтың «Алдар көсе»
сияқты пьесалары ел қорғау, бостандық идеяларын ескі материалдармен жаңғыртты.