Жұмағали Сайн
Жоспар
Өмірі
Өлеңдері
(1912-1961) – қазақ ақыны, Отан соғысына қатысушы. 1930 жылы Петропавл педагогикалық техникумын, 1931 жылы Мәскеудегі түсті металдар және алтын институтының даярлық бөлімін, 1932 жылы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 1932-1957 ж. Қарағанды облыстық халық ағарту мекемесінде қызметкер, «Жас алаш» газетінде бөлім меңгерушісі, 1932-1941 ж. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет (қазіргі «Жазушы») баспасында редактор әрі Қазақстан Жазушылар одағының жастар мен балалар әдебиеті секциясының меңгерушісі, Қазақтың мемлекеттік филармониясының, Республикалық халық шығармашылық үйінің директоры, «Жаңа өмір» және «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналы редакторының орынбасары, 1960 жылдан «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған.
Жұмағали Саинның тұңғыш өлеңдер жинағы - «Бақыт жыры» (1937), «Жорық жылдары» (1944), «Айғақ» (1948), «Алтай» (1950), «Жылдар» атты өлең жинақтары мен «Құнарлы күз» очерктері . Сонымен қатар, жазушының орыс классиктері А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтовтың және т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған аудармалары көрмеден орын алды.
КСРО-ның Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
Ж.Сайн шығармалары әскери тақырыпты толықтыруға қызмет етті. Ол бұл тақырыпта «Есімде Айдар өзені», «Ұрыстан кейін», «Днепрге қарады» сияқты әдемі лирикалық өлеңдер тудырды. «Есімде Айдар өзені» - қазақтың әскери поэзиясының үздік өлеңдерінің бірі. Онда Айдар өзені бойындағы ұрыс пен неше түрлі сезім арпалысын басынан кешірген солдаттың жан дүниесі түгел көрінеді. Жауынгерлердің жеңімпаз қуаты, жараланғандар мен қаза тапқандар жайы, отан тәуелсіздігін қорғаған солдаттың ыза-намысы, халықтар достығы өлеңнен көрініс тапқан.
Маңдайында қос сызық,
Майдан жолы – оқ жолы.
Сәл қисықтау бітіпті
Сол иығы, сол қолы.
Бұл – майдан солдаты Тілеу бойындағы белгілер.
Мәлік Ғабдуллин
Жоспар
Өмірі
Шығармалары
Мәлік Ғабдуллин (15.11.1915, Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, —2.01.1973, Алматы) — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ҒА-ның академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Кедей шаруа отбасында туған. М.Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы
мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1936 ж. әскер қатарына барып, әскери борышын өтеп қайтқаннан кейін осы институттың аспирантурасында оқыды.
М.Ғабдуллиннің ғылыми-творчестволық жұмысы 1938 жылы КСРО ҒА-ның Қазақстандағы филиалында кіші ғылыми қызметкерліктен басталды. 1941- 1946 жылдары Кеңес әскерінің генерал И.Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Ғабдуллиннің Ұлы Отан соғысындағы ерлік даңқы бүкіл одаққа әйгілі. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың "Правдада" жарияланған "Эпостың тууы" атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындары Ғабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды. Соғыс аяқталып, армиядан қайтқаннан кейін Ғабдуллин республиканың ғылыми-педагогикалық мекемелерінде қызмет атқарды. Қазақ КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтының директоры (1946-51), Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (1951-63) болды. 1963-1973 жылдары Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушісі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |