6M020100 – «философия» мамандығы бойынша магистратураның Қабылдау емтиханына дайындалуға арналған бағдарлама мазмұНЫ



бет2/8
Дата19.02.2024
өлшемі37.14 Kb.
#492477
1   2   3   4   5   6   7   8
6М020100 Философия каз

4. Емтихан тақырыптарының тізімі


Бағдарлама мамандық бойынша түсу емтиханын тапсыру үшін дайындалуға арналған. Емтихан билеттеріндегі сұрақтардың нақты түрлері бағдарламада берілген тақырыптардан өзгеше түрде болуы мүмкін.


«Отандық философиясының тарихы» пәні

1 тақырып. Түркі өркениеті және оның ерекшеліктері.


Әлемдік өркениеттегі түркі мәдениетінің маңызы. Көшпелі және жартылай көшпелі халықтардың материалдық мәдениеті. «Орхон-Енисей» ескерткіштері және олардың түркі халықтарының жазба мәдениетінің қалыптасуындағы маңызы. «Қорқыт ата кітабы» − түркі мәдениетінің көрнекті ескерткіші.
2 тақырып. Қазақ философиясының қалыптасуы мен даму ерекшеліктері.
Қазақ философиясының қалыптасуы мен даму ерекшеліктері. Қазақ философиясының тарихын кезеңдерге бөлу. Арғықазақтардың дүниетанымдық бағдарлары мен алғашқы категориялары және олардың арақатынасы.
3 тақырып. Тәңіршілдік және шаманизм.
Қазақтардың дәстүрлі наным-сенімдері. Тәңірі, Жер-Су, Ұмайға табыну. Түркі және қазақ шаманизміндегі Зороастрлік негіз. Тәңіршілдік және оның қазақ дүниетанымындағы орны.
4 тақырып. Көшпелі түркі мемлекеттерінің философиясы.
Түркі халықтарының этногенезінің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері. Түркі халықтары мәдениетінің дамуының мемлекеттік кезеңі. Түркі халықтарының көршілес елдермен мәдени өзара қарым-қатынасы. Түркі халықтарының діні мен наным-сенімдері. Көшпелілердің космологиялық түсініктері. Түркі халықтарының тілі, жазу мәдениеті, халық медицинасы. Түркі халықтарының музыкалық мәдениеті.
5 тақырып. Қазақстан территориясындағы Мұсылман Ренессансы Қазақстанға ислам дінінің таралуы және оның қазақ халқының рухани болмысын қалыптастырудағы ықпалы. Мұсылман Ренессансы және Түркі өркениеті.
6 тақырып. әл-Фараби философиясы.
Әл-Фарабидің шығармашылық өмірбаяны. Әл-Фараби философиясы. Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси көзқарастары. Ғылымдарды жіктеу.
7 тақырып. Ж.Баласағұнның философиясы және Махмұд Қашқаридің әлеуметтік-философиялық көзқарастары
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегіндегі негізгі ойлар. Махмұд Қашқари және оның «Диуани-лұғат-ат-түрк» / «Түркі тілдерінің сөздігі» шығармасы.
8 тақырып. Йассауи философиясы
Сопылық – исламдағы діни-философиялық ағым ретінде. Қожа Ахмет Йассауи және оның «Диуани Хикмет» еңбегі. Қазақстан территориясындағы сопылықтың дамуы.
9 тақырып. 15-18 ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының философиялық идеялары.
Қазақ фольклорының дүниетанымдық мазмұны. 15-18 ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының философиясы. Шалкиіз. Ақтамберді жырау. Доспамбет. Бұқар жырау.
10 тақырып. Қазақ Ағартушылығы
Қазақ ағартушылығының қалыптасуы. Қазақ ағартушылығының негізгі ерекшеліктері және оның тарихи негіздері.
11 тақырып. Ш. Уәлихановтың философиялық көзқарастары.
Ш.Уәлихановтың философиялық және ғылыми-жаратылыстанулық көзқарастары. Ш.Уәлихановтың әлеуметтанулық концепциясы, этикалық және эстетикалық көзқарастары.
12 тақырып. Ы. Алтынсариннің философиялық көзқарастары.
Ы.Алтынсариннің философиялық көзқарастары, дінге қатысты ойлары. Ы. Алтынсариннің педагогикасы.
13 тақырып. Абай мен Шәкәрім философиясы.
Абай Құнанбаев, оның философиялық ойлауының ерекшеліктері. Адамшылық-этикалық концепциясы. Абайдық ағартушылық исламы және қазақ халқы туралы ойлары. Шәкәрім. «Үш анық».
14 тақырып. ХХ ғасыр басындағы қазақ философиясы
Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық ілімі. Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан және қазақ халқының ұлттық ояну философиясы. Міржақып Дулатұлы және оның қазақ халықының тарихы философиясы. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың философиялық дүниетанымының негізгі белгілері. Қазіргі кездегі қазақ философиясының өзекті мәселелері мен даму үрдістері.
15 тақырып. Қазақстандағы марксистік философия
Қазақстандағы маркстік-лениндік философияның ерекшеліктері. Қазақстанда марксизмнің таралуы. Қазақстанда кәсіби философияның қалыптасуы. Диалектикалық логиканың Алматылық мектебі. Қазақстандағы марксистік философияның жетістіктері мен қарама-қайшылықтары.
16 тақырып. Қазақстан Республикасы философиясының ерекшеліктері
Қазақстандағы постмарксистік философия. Қазақ философиясының тарихын зерттеудің тарихи-философиялық принциптерін негіздеу. Арғытүркілер мен түркілердің философиялық мұрасын зерттеу. Дәстүрлі қазақ философиясын зерделеу. Қазақ халқының рухани мәдениеті мен эстетикасын зерттеу.


«Философияны оқыту әдістемесі» пәні

1 тақырып. Философияны оқыту әдістемесі.


Философияны оқытудың мәні. «Философияны оқыту әдістемесі» ұғымы: объектісі, пәні, құрылымы, қызметтері, мақсат, міндеттері және принциптері. Педа­гогика – әдістеме − дидактика: ұғымдары, ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Оқыту – пропедевтика , ағартушылық, білім беру және дүниетанымдық мәдениетті және философиялық талғамды қалыптастыру құралы ретінде. Зерттеу университетіне өту жағдайындағы «философияны оқыту әдістемесінің» ерекшеліктері.
2 тақырып. Қазіргі заманғы білім беру мәселелік оқыту ретінде.
Қазіргі заманғы білім беру философиясы. Дәстүрлі білім берудің дағдарысы. Қоғамдық сананың, философиялық және педагогикалық білімнің трансформациясы. Білім беру мәселелері жөніндегі әлемдік ғылыми пікірталасқа қосылу. Философиялық білім берудің ұғымы, мазмұны, мақсаттары мен мәні. Философияны оқыту үдерісінде философиялық принциптерді өзектендіру. Философия мен философиялық пәндерді оқыту үдерісінде ойлаудың философиялық мәдениетін қалыптастыру.
3 тақырып. Орта білім беру жүйесіндегі дәріс.
Дәрістер: мақсаттары міндеттері, қызметтері. Дәрістерді өткізу түрлері. Дәрістің әдістемелік құрылуы; жалпы міндетті элементтер мен шығармашылық бастаудың бірлігі. Дәрісті классикалық әдістемелік құру: жоспар, уақыт есебі, кіріспе, мақсаттар, міндеттер, негізгі ұрандар, қорытынды. Философияның жалпы курсы, философия тарихы, мәдениет философиясы, ғылым философиясы, дін философиясынан дәріс оқудың ерекшеліктері: мақсат-міндеттері мен қызметтері.
4 тақырып. Орта білім беру жүйесіндегі семинар
Seminarium: семинар жүргізудегі дәстүрлі және инновациялық негіздер. Семинарлар: мақсат-міндеттері мен қызметтері. Семинарларды әдістемелік құру: жалпыға міндетті элементтер мен шығармашылық бастаулар. Семинарды әдістемелік құрастыру. Семинарлардың негізгі пункттері мен кезеңдері, белгілі бір формада жүргізідетін семинарларға «технологиялық» және әдістемелік тұрғыда дайындалудың ерекшеліктері. Әртүрлі әдістемелердің мүмкіндіктері мен кемшіліктері.
5 тақырып. Өзіндік жұмыс және білім алушылардың білімін бақылау формалары
Қазіргі заманғы білім берудегі өзіндік жұмыстың орны мен рөлі. Білім беру және білімді өз бетінше жетілдіру. СӨЖ ұғымы, мақсат-міндеттері, түрлері мен өткізу мерзімдері және оғани арналған бағдарламалар мен тапсырмаларды құрастырудың ерекшеліктері. СӨЖ-дің түрлері. Оқушылардың, гимназистердің, лицеистердің, колледж студенттерінің өзіндік жұмыстары: ерекшеліктері, формалары, жоспарлау, ұйымдастыру мен өткізу мәселелері.
6 тақырып. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы сабақтан тыс жұмыс
Факультативті және қосымша сабақтар түсінігі, мақсат-міндеттері мен қызметтері. Сабақтан тыс білім жүйесіндегі үйірмелер мен клубтардың орны. Философиялық пәндер бойынша сабақтан тыс жұмыстардың тиімді түрлерінің әдістемесі. Киноклуб, оқырмандар клубтары мен конференциялары, көрмелерді бару, т.б. және олардың білім алудағы, ағартушылық, тәрбиелік, эвристикалық қуаты және қоғамтанушы педагогтың, ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысының ерекшеліктері. Философияны оқытудағы дәстүрлер мен жаңашылдықтар.


«Әлеуметтік философия» пәні




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет