6M020100 – «философия» мамандығы бойынша магистратураның Қабылдау емтиханына дайындалуға арналған бағдарлама мазмұНЫ


Тақырып 4. Сыни ойлаудың негізгі элементтері мен көрсеткіштері



бет6/8
Дата19.02.2024
өлшемі37.14 Kb.
#492477
1   2   3   4   5   6   7   8
6М020100 Философия каз

Тақырып 4. Сыни ойлаудың негізгі элементтері мен көрсеткіштері.
Білім және пікір. Пікір, дәйекті пайым және фактілердің айырмашылығы. Метатаным білім жайлы білім. Дәлелдеме бір-бірімен байланысты пайымдар ретінде. Дәлелдемелер теориясының жалпы ерекшеліктері. Контрдәлелдеме. Дәлелдеменің графикалық жүйелі бейнелері. Жазбаша және ауызша тілдегі дәлелдеме құрылымы. Визуалды дәлелдеме. Қорытынды дәлелдеменің мақсаты ретінде. Валидтілік. Ақиқат пен валидтіліктің айырмашылығы.
Тақырып 5. Сыни ойлау құралдары.
Сыни ойлау дағдысын қалыптастыру үрдісіндегі әдістің көптүрлілігі. Сыни ойлаудың негізгі интеллектуалды икемдігі (Халперн Д.): сараптама, қорытынды, көтермелеу, тұжырымдау, болжам жасау; жасау және қондыру, ұқсастықты іздеу, метафор; бұрын алынған білімді активтендіру; себеп-салдарлық қатынасты активтендіру; маңыздылықты сараптау; салыстыру – салғастыру – қарсы қою; контрдәлелдеме; баға және оның анықтығы / валидтілік; идеяны жалпылау; өзге де көзқарастарды зерттеу. Сыни ойлауға қатысты дағдылар мен икемділік (П. Бонни): ақпараттар бөлігіндегі ұқсастықтар мен өзге де қатынастарды табу; Проблеманы шешу мен жүйелеуде ақпарат маңыздылығын анықтау; Ақпарат текстіне проблеманы қою. Жүйелі сұрақтарды қою арқылы сыни ойлау алгоритімін қалыптастыру.
Тақырып 6. Заманауи ақпараттық технологиялар мен медиасауаттылық ұғымының дамуы. Заманауи медиабілімнің мәні мен сыни ойлаудың рөлі. Медиабілім теориясы – Л.Мастерман концепциясындағы сыни ойлауды дамыту ретінде. Сыни шығармашылық ойлау медиа және медиамәтін жүйесіне қатысты алғанда – ассоциативті қабылдаудан, синтезден, медианың социумда қызмет ету механизмдері мен медиамәтіндерді сараптау мен бағалаудан тұратын күрделі рефлекситві ойлау үрдісі. Медиа мен медиамәтіндерге қатысты алғанда аудиторияның сыни ойлауын дамытудың педагогикалық технологиясының ерекшеліктері.
Тақырып 7. «Манипуляция» ұғымының мәні. Манипуляциялаудың объектілері: белгілік жүйелер, ойлау, сезім. Эмоционалды ықпал ету манипуляцияның алғышарты ретінде, үрей мәселесі. Назарды манипуляциялау. Қоғамдық сана мифтері. Сана арқылы манипуляциялау және әлеуметтік институттар. Бұқаралық ақпарат құралдары және бұқаралық мәдениет. Манипуляцияның негізгі ақпараттық ошағы. Постмодернистік философиядағы жарнама әлеуметтік феномен ретінде. Симуляция және симулякрлар (Ж.Бодрийяр). Жарнама мен саудадағы манипуляцияның негізгі әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет