6M020100 – «философия» мамандығы бойынша магистратураның Қабылдау емтиханына дайындалуға арналған бағдарлама мазмұНЫ


Тақырып 12. Қоғамның саяси болмысы



бет5/8
Дата19.02.2024
өлшемі37.14 Kb.
#492477
1   2   3   4   5   6   7   8
6М020100 Философия каз

Тақырып 12. Қоғамның саяси болмысы
Қоғам «саяси ағза» ретінде: саяси жүйенің ұғымы мен элементтері. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның философиялық қырлары. Саясат және құқық философиясы әлеуметтік философия контексінде. Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет және азаматтық қоғам. Азаматтық қоғамның құрылымы. Саяси партиялар.
Тақырып 13. Әлеуметтік таным
Әлеуметтік танымның эмпирикалық деңгейі. Қоғамтанудағы бақылау. Әлеуметтік эксперимент. Әлеуметтік танымның теориялық деңгейі. Әлеуметтік болжам мен жоба негізі. Әлеуметтік болжам. Ғылыми болжамның мәні. Адамзат жаһандық мәселелермен бетпе-бет. Планетарлық сананың қажеттілігі.


«Сыни ойлау» пәні

Тақырып 1. Сыни ойлау объективті ақиқатқа жеткізетін ойлау ретінде.
Сыни ойлаудың анықтамасы: салыстырмалы талдау. Сын және сыни ойлау. Білім және ойлау. Мән және аналитикалық ойлау. Сыни шығармашылық ойлау түрлі пікірлерді бағалауға ұмтылу және қабілет ретінде және нақты дәлел негізінде объективті пікір жасау болып табылады.
Тақырып 2. Сыни ойлаудың тарихи-философиялық және методологиялық даму принциптерінің негізі.
Антикалық философиядағы дәлелдеу мен айғақтамалардың теориялық бастаулары. Таным туралы ілімдегі айқындық моделі. Ортағасырлық философиядағы логика. Екіжақты ақиқаттың теологиясы мен идеясы. Аристотельдің «Органоны» мен Ф.Бэконның «Жаңа Органоны». Таным туралы классикалық ілім: интеллектуализм және эмпиризм. Догматизмнен арылу: сыни тексеру принципі. Диалектикалық ойлау: қарама-қайшылықтарды іздеу. Рационалды ұғымы сыни ойлау теориясы контекстінде. Ғылыми танымның әдістемесін позитивизмде негіздеу.
Тақырып 3. Сыни ойлау психологиясы.
Сыни ойлау – ойлау үдерісінде айқындық, дәлдік, мақсатқа талпынушылыққа ұмтылу. Сыни ойлау технологиясының негізгі моделін қалыптастыруда адам психологиясын, оның таным ерекшеліктерін ескеру. Ойлау және білім. Ойлау биологиялық процесс ретінде. Ойлау – бейнелер топтамасы мен ішкі сөз. Ойлау ақпаратты қайта өңдеу үрдісі ретінде. Ойлаудың интеллектісі мен машығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет