Онтогенез –туғаннан басталып, өмірдің соңымен аяқталынатын адамның жеке дамуы.
Антропогенез –Homo Sapiens-тің пайда болуымен басталып ос ыкүнге дейін адамзаттың барлық аспектілері бойынша, соның ішінде мәдени дамуы, филогенездің бөлімі.
Микрогенез –актуалды генез, жас ерекшелік кезеңді қамтитын, қысқа мерзімді психикалық процестердің барысында өтетін ең қысқа уақыттық ұғым.
Бұл жерде дамудың типтері жайында айтып өту орынды. Психолог Л.С.Выготский дамудың екі типін атаған болатын, олар:
Дамудың преформалы (Преформированный) және преформалы емес типтері.
Преформалы типке алдын-ала анықталған, болжамдалған процестер (басынан соңғы нәтижесіне дейін) жасады. Мысалы, эмбиронның дамуы. Дамудың преформалы емес типі –алдын-ала анықталмаған даму мәселелерін қарастырады. Бұл дүниеде кеңінен тараған даму түрі. Мысалы, дамудың бұл түріне галактиканың дамуы, биологиялық эволюция процестері, қоғамның дамуы және адамның психикалық дамуы жатады. Л.С.Выготский баланың психикалық даму жолын дамудың екінші типіне жатқызған.
Достарыңызбен бөлісу: |