6В01506 -информатика


Жас ерекшелігі психологиясының құрылымы



бет4/7
Дата03.01.2022
өлшемі50.26 Kb.
#451960
1   2   3   4   5   6   7
1Тапсырмаа

Жас ерекшелігі психологиясының құрылымы.

ХІХ ғасыр соңында балалар психикасы ретінде қалыптасқан жас ерекшелігі психологиясы жас ерекшелігі қазіргі кезде психология ғылымының дербес саласы болып табылады.



Оның құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: жас ерекшелігі пчихологиясының теориялық мәселелері, жеке тұлғаның психологиялық дамуының негізгі факторлары мен дамудың қозғаушы күштері, психикалық даму кезеңдерінің ауқымына кіретін нәрестелік, ерте сәбилік, мектепке дейінгі шақ, кіші оқушы, жеткіншек және жасөспірім кезең психологиясы, кемелдік жас және геронтопсихология(Кәрілік). Адамның психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес және көптеген ғалымдардың (Д.Б.эльконин, Л.С.Выготский, В.С.Мухина, А.А.Люблинская, т.б) зерттеулеріне негізделіп, жас кезеңдерін төмендегідей топтастыруға болады:

1

Нәрестелік кезең

Туғанна 1 жасқа дейін

2

Бөбек кезең

1 жастан 3 жасқа дейін

3

Мектепке дейінгі кезең

3 жастан 7 жасқа дейін

4

Бастауыш мектеп кезеңі

7 жастан 11 жасқа дейін

5

Жеткіншек кезеңі

11 жастан 15 жасқа дейін

6

Жоғары сынып кезеңі

16 жастан 17 жасқа дейін

7

Жасөспірімдік кезең

17 жастан 20-23 жасқа дейін

8

Жастық шақ

20 жастан 30 жасқа дейін

9

Кемелдік кезең

30 жастан 55-60 жасқа дейін

10

Қартаю кезеңі

60-70 жасқа дейін

11

Кәрілік кезең

70 жастан жоғары

Жас ерекшелігі психологиясының түсінік аймағы даму психологиясына қарағанда тар, өйткені жас ерекшелік даму адамның онтогенезінің белгілі жас этаптарының шегінде ғана қарастырылады. Ал даму психологиясы адамның және психика пайда болуының әр түрлі процестерін филогенез, онтогенез, микрогенез деңгейінде қарастырады. Сондықтан жас ерекшелігі психологиясы даму психологиясының бір бөлігі болуы мүмкін. Дегенмен, кейде осы екі ұғым синоним ретінде қолданылады.

Жас ерекшелік психологиясының міндеті –онтоногенезикезеңдерінің психологиялық мазмұнына түрлі мәдени-тарихи, этникалық, әлеуметтік-эканомикалық, сонымен қатар түрлі биологиялық, әлеуметтік факторлардың әсері қаншалықты екенін зерттеуге бағытталған.

Жас ерекшелік психологиясын пәнаралық аумағы кең; біріншіден, қазіргі психологияның түрлі бағыттары, екіншіден, адамды зерттейтін ғылымдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет