7-8 сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану- математикалық бағыттағы облыстық олимпиада Областная юниорская олимпиада естественно-математического цикла среди учащихся 7-8 классов Павлодар, 2013


Биология пәнінен жасөспірімдер арасындағы ІІ облыстық олимпиаданың тапсырмалары



бет2/12
Дата06.02.2024
өлшемі2.31 Mb.
#490982
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Биология пәнінен жасөспірімдер арасындағы ІІ облыстық олимпиаданың тапсырмалары
Задания II областной юниорской олимпиады по биологии
Жаттықтыру тапсырмалары/Тренировочные задания.......................................20
Нәтижеге дейінгі есептер/Задачи довывода.......................................................22
Нәтижеден кейінгі есептер/Задачи вывода.........................................................23


Химия пәнінен жасөспірімдер арасындағы ІІ облыстық олимпиаданың тапсырмалары
Задания II областной юниорской олимпиады по химии
Жаттықтыру тапсырмалары/Тренировочные задания.......................................26
Нәтижеге дейінгі есептер/Задачи довывода.......................................................27
Нәтижеден кейінгі есептер/Задачи вывода.........................................................29
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы
жасөспірімдердің облыстық олимпиадасы туралы
Ереже

1. Жалпы бөлім.


1.1.Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жасөспірімдер арасындағы облыстық олимпиада Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.
1.2. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жасөспірімдердің облыстық олимпиадасы туралы осы Ереже (ары қарай - Ереже) жаратылыстану-математикалық бағыттағы(ары қарай - Олимпиада) жасөспірімдердің облыстық олимпиадасын ұйымдастыру тәртібі мен өткізуін, ұйымдастырушылық-әдістемелік жағынан қамтылуын, Олимпиадаға қатысу тәртібі мен жеңімпаздарды анықтау тәртібін белгілейді. Олимпиада жыл бойында жекелеген тәртіппен келесі пәндер бойынша өткізіледі: математика, физика, биология, химия.
1.3. Олимпиаданы өткізудегі мақсат – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиадаға қатысушылардың резервін қалыптастыру.
1.4. Олимпиаданың міндеттері:

  • жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша оқушылардың қызығушылығын ынталандыру

  • шығармашылық қабілеттерін, ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетке деген қызығушылықтарын анықтау мен дамыту

  • жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдете оқытатын сыныптарды ұйымдастыруда мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы

  • үйірмелердің, арнайы курстардың, факультативтердің жұмысын белсендіру

  • дарынды балаларды қолдауға қажетті жағдай туғызу, жастар арасында ғылыми білімді тарату мен таныту.

2.Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу тәртібі


2.1. Олимпиада екі кезеңнен тұрады. Іріктеу кезеңі қашықтықта оқыту формасы арқылы үш күрделі деңгейдегі жаттықтыру тапсырмалары арқылы жүргізіледі. Қорытынды кезең іштей оқыту формасында Олимпиаданы өткізу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Олимпиаданы өткізу тәртібін Ұйымдастырушылар анықтайды.
2.2. Олимпиаданың Қорытынды кезеңіне іріктеу кезеңінде үш күрделілік деңгейіндегі тапсырманың әрқайсысын 50%-ын орындаған қатысушылар қатыса алады. Қатысушы оқушылары бар мектептер қазылар алқасының қарауына Олимпиадының қорытынды кезеңіне арналған 5 тапсырма ұсына алады.
2.3. Қорытынды кезеңнің өткізілу уақыты астрономиялық 4 сағат. Қазылар алқасы аяқ астынан туындаған жайттарға байланысты қорытынды кезеңнің уақытын ұзарта алады.
2.4. Тапсырманы орындау кезінде жеке жазбаларды, кез келген әдебиетті, ұялы байланыс құралдарын қолдануға тыйым салынады. Қатысушылар өзімен бірге ақ парақ пен жазу жазатын құраларды ғана ала алады.
2.5. Тапсырманы орындау кезінде қатысушылар тек қазылар алқасы өкілдерімен ғана қарым-қатынас жасай алады.
2.6. Тапсырманың шартына байланысты сұрақтар қазылар алқасына тапсырманы орындаудың бірінші сағатында жазбаша түрде беріледі.
2.7. Тапсырманы шешілу нұсқасымен қатысушылар қазылар алқасына екi реттен артық сұрақ қоя алмайды.
2.8. Олимпиада ережесін бұзған қатысушы Олимпиададан шығарылады.

3. Олимпиаданы ұйымдастырушылар мен қазылр алқасы


3.1. Олимпиаданы ұйымдастырушылар - «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен облыстық педагогтар Ассоциациясы.
3.2. Олимпиаданы ұйымдастырушылар өз құзіреттілігі аясында:

  • Олимпиаданы өткізу мерзімін, тәртібін, орнын келіседі

  • Жоғары оқу орындарының ғалымдарынан, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған, қалалық, ауылдық жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінен қазылар алқасының құрамын жасақтайды

  • Олимпиада кезеңдерін өткізу барысында туындаған даулы жағдайларды қарастырады

  • Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімін бекітеді

  • Олимпиада тапсырмалары мен оны бағалау өлшемдері әзірлейді

  • Олимпиадалық тапсырмалардың шешімін жариялайды және Олимпиада Ержесіне сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

3.3. Олимпиаданың қазылар алқасы:

  • Олимпиадаға қатысушылардың тексерілген жұмыстарын бағалайды және бақылайды

  • Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлер кандидатурасын анықтайды

  • Олимпиада тапсырмаларының әдістемелік және мазмұндық бірлігін бағалайды

  • Олимпиада туралы Ережеге сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

4. Олимпиада қатысушалары


4.1. Олимпиадаға орта (толық) жалпы білім берудің жалпы орта білім бағдарламаларын меңгеретін облыстық білім беру мекемелері мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 7-8 сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алады.
4.2. Тапсырыс саны көп болған жағдайда ұйымдастырушылар қазылар алқасына қосымша іріктеу кезеңін өткізуді жүктей алады.

5. Бағалау жүйесі


5.1. Ұсынылған тапсырмалардың күрделілік деңгейі белгілі шекте болуы керек. Тапсырмалардың күрделілігі білімді оқушылардың өз білімі мен қабілеттерін толық дәрежеде көрсете алатынындай, ал қатысушылардың басым көпшілігі берілген тапсырмаларды шешуге қол жеткізе алатындай болуы тиіс.
5.2. Қатысушылардың шешімін бағалау жүйесі дұрыс орындалған тапсырмалардың әрбіріне белгілі ұпай санын қоюды қарастырады.

6. Олимпиада қорытындысын шығару


6.1. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қорытынды кезең нәтижесі бойынша 60%-дан астам ұпай жинаған қатысушылар қатарынан анықталады. Олимпиада жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады.
6.2. Қорытынды кезеңнің қатысушылары Олимпиада қатысушысы Сертификатына ие болады.
6.3. Олимпиада өткізілгеннен кейін екі күн ішінде қорытынды кезеңге қатысқан оқушылардың рейтингісі www.ertisdaryn.kz сайтына шығарылады.
6.4. Олимпиада жеңімпаздары К.Сәтбаев атындағы халықаралық олимпиадаға, жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне, «Жалын» облыстық резерв мектебіне қатысу құқығына ие болады, «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында оқып, демала алады.
6.5. Олимпиаданың қорытындысы бойынша «Ертіс дарыны» АҒТО педагогтарды, әсіресе Олимпиада жүлдегерлерін дайындаған облыстық мектептердің мұғалімдерін белгіленген тәртіппен ынталандыра алады.

7. Олимпиаданы қаржылық қамтамасыз ету


Олимпиаданы өткізудің қаржылық қамтамасыз етілуі қаржылық ресурстардың қолайлылығы шеңберінде жүзеге асырылады. Олимпиадаға қатысушылардан ақша алуға тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет